ұл тапсырманы орындауда кеңейтілген фильтрден басқа тәсілді қолдану тиімді емес. Записи–Фильтр–Расширенный фильтр бұйрығын орындаңыз (курсордың орналасу позициясына мән берілмейді). Нәтижесінде 2.1 суреттегідей терезе ашылады. Поле қатарының әрбір бағанына курсорды орналастырып, өріс тұсындағы тізімнен Фамилия, Имя, Специальность өрістерін көрсетіңіз. Фамилия бағаны мен Сортировка қатарының қиылысуында по возрастанию параметрін бекітіңіз. Имя бағанының Условие отбора қатарына *бек* сөзін енгізіңіз (Like сөзі мен тырнақшалар автоматты түрде өзі кірістіріледі). Фильтр-Применить фильтр бұйрығын орындаңыз. Экранда шартты қанағаттандыратын жазбалар пайда болуы керек. Кестені бастапқы қалпына келтіру үшін Записи– Удалить фильтр бұйрығы орындалады.
2.1 сурет
Вид обучения өрісі бойынша Условие отбора қатарына Not(“кредит”) шарты енгізілуі тиіс. Фильтр-Применить фильтр бұйрығын орындаңыз.
Фамилия өрісіне Like "[А-Д]*" шарты енгізілуі керек.
Год рождения өрісіне Between #01.02.85# And #30.06.85# шарты енгізіледі. # белгісін енгізбесе де болады, оларды программа автоматты түрде өзі кірістіреді.
Өзіндік жұмыс Студенты кестесіне Увлечения өрісін кірістіріп, өрісті толтырыңыз (жазбалар театр, спорт, музыка, бальные танцы, филателия және т.б. болуы мүмкін).
Телефон нөмірінің алғашқы цифры бойынша керекті студент телефонын анықтаңыз.
Студенттің тек пәтерінің (үйінің) нөмірі бойынша іздеу процесін жүргізіңіз.
Студенттер фамилиясының алғашқы әрпі бойынша іздеп табыңыз.
Пәтерінің (үйінің) және телефон нөмірлерінде 7 цифры кездесетін студенттер туралы жазбаларды іздеңіз.
Фильтр көмегімен студенттер ішінен есімдері “а” әрпіне аяқталатын тізімді алыңыз.
Фильтр көмегімен телефон нөмірлері 7 цифрынан басталатын студенттер тізімін алыңыз.
Оценки кестесінен екі пәннен екілік алған студенттер тізімін алыңыз.
Оценки кестесінен тек жақсы оқитын студенттер тізімін алыңыз.
Сұрақтар
1. Мәліметтерді електен өткізудің қандай тәсілдері бар?
2. Кестеден мәліметті іздеу және алмастыру қалай жүргізіледі?
3. Өрістерді кему/өсу реті бойынша реттеу қалай жүргізіледі?
Кесте құрылымын қалай өзгертеді?
Өріс атауын, орнын өзгерту қалай жүргізіледі?
Кеңейтілген фильтр тәсілінің ерекшелігі неде?
Мәліметтерді таңдауда қандай логикалық операторлар қолданылады?