Лабораториялық жұмыс тапсырмаларын орындауға арналған
әдiстемелiк нұсқаулар
Лабораториялық жұмыс тапсырмасы 1 лабораториялық жұмыс тапсырмасы негізінде құрылған кестелерге сүйеніп орындалады, сондықтан мақсатқа толық жету үшін алдыңғы тапсырманы орындағаннан кейін келесі тапсырмаға өту қажет. Тапсырманы орындау негiзiнде студенттер құрған ДҚ кестелерiнен керектi мәлiметтердi жылдам iздеп табу, оларды басқа мәлiметтермен алмастыру, ДҚ реттеу және мәлiмет алуда фильтр мүмкiндiктерiн пайдалану жұмыстарын жүргiзiп, машықтанады және ДҚБЖ-мен жұмыс теориясын пысықтайды.
Тапсырма
Кестеден студент фамилиясы бойынша iздеу жүргiзу керек.
Год рождения өрісін кему реті бойынша реттеу қажет.
ИСЭ мамандығында кредитке оқитын студенттер тізімін алу керек.
Студент есімінде “ бек ” тіркесі кездесетін жазбаларды таңдап, оларды фамилиялаларын өсуі бойынша реттеу қажет. Және фильтр терезесінде тек студент фамилиясы, аты және мамандығы ғана бейнеленуі тиіс.
Кеңейтілген фильтр көмегімен кредитке оқымайтын студенттер тізімін алыңыз.
Фамилиясы А және Д әріптері аралығындығы әріптерден басталатын студенттер тізімін алу керек.
Туылған күндері ақпан айы мен маусым айы аралығында болатын студенттер тізімін алыңыз.
Тапсырманы орындау технологиясы
Фамилиясы Нурланов болатын студентті іздеп табу керек болсын делік, ол үшін курсорды Фамилия өрісінің бірінші қатарына орналастырып, Правка–Найти бұйрығын орындаңыз. Образец параметріне Нурланов сөзін енгізу керек, Просмотр параметрінің мәні Все, Совпадение параметрінің мәні С любой частью поля, Только в текущем поле параметрінде жалауша қойылуы керек. Найти түймесін басыңыз. Нәтижесінде фамилия өрісіндегі Нурланов фамилиялы студентті табады, егер фамилиясы осындай тағы басқа студент бар екендігін тексеру керек болса, Найти далее арқылы іздеу процесін жалғастыруға болады. Іздеу режимінен шығу үшін Закрыть түймесін басу керек.
Год рождения өрісінің кез келген жазбасына курсорды орналастырып, құралдар панелінен
түймесін немесе Записи–Сортировка–Сортировать по убыванию бұйрығын орындаңыз.
Ол үшін Специальность және Вид обучения өрістерін електен (фильтр) өткізу керек. Специальность өрісіндегі ИСЭ жазбасына батырманы басып, түймесін немесе Записи–Фильтр–Фильтр по выделенному бұйрығын орындаңыз. Нәтижесінде тек ИСЭ мамандығының студенттері тізімі ғана қалады. Енді курсорды Вид обучения өрісінің кредит жазбасына орналастырып Записи–Фильтр–Фильтр по выделенному бұйрығын қайта орындаңыз. Экранда ИСЭ мамандығында кредитке оқитын студенттер тізімінен тұратын кесте пайда болады. Кестені бастапқы қалпына келтіру үшін Записи–Удалить фильтр орындаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |