Жұмыстың орындалу әдістемесі:
1. (43)-суреттегі тізбекті жинау керек. n ауыстырып қосқыштың ортаңғы қысқыштарына, сыйымдылығы белгілі С0 конденсаторды қосамыз.
43-сурет
2. К кілтті қосамыз. R потенциометрі мен конденсатор астарларының арасына кернеудің белгілі мәнін қоямыз да, оны өзгертпей ұстап тұрамыз. Кернеудің қажетті мәнін оқытушы ұсынады.
3. n1 ауыстырып қосқышты 1-жағдайға қойып, гальванометрді тізбекке қосамыз.
4. n ауыстырып қосқышты 1-жағдайға қойып, конденсаторды зарядтаймыз.
5. n-ны тез арада 2-жағдайға ауыстырып, гальванометр жарық ебелегінің ең үлкен ауытқуын (n0) жазып аламыз. Сонан кейін гальванометрдің жарық ебелегі нөлге келген кезде n1 ауыстырып қосқышты 2-жағдайға қайта ауыстырып, жүйені тыныштандырады, яғни индукциялық токты мүлдем жоямыз.
6. Енді сыйымдылығы белгілі конденсатордың орнына, сыйымдылығы белгісіз С1 конденсаторын қосамыз. 3-5 тармақтарында көрсетілген өлшеулерді орындап, ауытқудың мәнін анықтаймыз. 7 формуламен сыйымдылығын есептейміз.
7. Бұдан кейін 6-шы тармақта көрсетілген тәсілмен басқа конденсатордың сыйымдылығы анықталады.
8. және шамаларын біліп, осы конденсаторларды тізбектей және параллель жалғап, алынған конденсаторлар батареясының сыйымдылығын мына формулалармен есептейміз:
(8)
(9)
9. Сыйымдылықтары және шамаларын біле отырып, осы конденсаторларды тізбектей жалғайды.
10. Сыйымдылықтары және конденсаторларын бір-бірімен тізбектей жалғаймыз да, 6-шы тармақты пайдаланып, оларды тізбектей жалғағандағы жалпы сыйымдылықты табамыз. Осы табылған сыйымдылықтың шамасын (8) формула бойынша анықталған сыйымдылықтың шамасымен салыстырамыз.
11. және конденсаторларын бір-бірімен параллель жалғайды да, 6-шы тармақты пайдаланып, шамасын анықтаймыз. Осы табылған сыйымдылықтың шамасын (8,9) формуласы бойынша есептелген сыйымдылықтың шамасымен салыстырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |