Лабораториялық сабақтар жоспары


Әдістің теориясы мен қондырғының сипаттамасы



бет20/27
Дата21.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#51557
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Әдістің теориясы мен қондырғының сипаттамасы.
Жердің магнит өрісінің горизонталь құраушысын тангенс-гальванометр деп аталатын прибордың көмегімен анықтауға болады.
Тангенс-гальванометр (ТГ) шкаласы бар таянышқа бекітілген және вертикаль орналасқан радиусы - R, орамдар саны – N катушкадан тұрады. Таяныш өз өсінен айналып тұрады. Катушканың центріндегі горизонталь жазықтықта градустарға бөлінген шкаласы бар компас орналасқан. Шкала компас өсінің маңында еркін айналып тұрады. Сондықтан оның магнит тілін нөлдік бөлікке сәйкестендіріп қоюға болады. Магнит тілі мен шкала үстіңгі жағынан дөңгелек мөлдір қақпақпен жабылған. Катушка 45-суретте кескінделген схема бойынша тұрақты ток көзіне жалғанады.

45-сурет

Катушкадан өтетін ток реостатпен реттеліп, миллиамперметрмен (мА) өлшенеді. К ауыстырып-қосқышпен катушкадағы токтың бағытын өзгертуге болады. Тангенс-гальванометрдің үш қысқышы бар. 1 және 2-қысқыштар N1 орамнан тұратын катушканың ұштарына, ал 1 және 3-қысқыштар N2 орамнан тұратын катушканың ұштарына жалғанған. Катушкада ток болмаса, компастың тілі Жердің магниттік меридианының бағыты бойынша орналасады. Катушканы вертикаль өстің маңайында айналдырып, катушка жазықтығын жердің магниттік меридиан жазықтығымен (46-сурет) беттестіруге болады.

46-сурет
Катушканы осылай орналастырғаннан кейін ол арқылы ток жіберсек, магнит тілі бұрышқа бұрылады. Өйткені, магнит тілі өзара перпендикуляр бағытталған екі өріс (Жердің магнит өрісі мен дөңгелек токтың өрісі) әсер етеді. Дөңгелек токтың магнит өрісінің кернеулік векторы оның өсін бойлай Жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонталь құраушысына перпендикуляр, яғни Жердің магниттік меридианына перпендикуляр бағытталады (47-сурет).




47-сурет
Дөңгелек ток тудырған магнит өрісінің кернеулік векторының () бағыты бұранда ережесімен анықталады: дөңгелек жазықтығына перпендикуляр болып, ток сағат тілі жөнімен жүргенде, ол сурет жазықтығының ар жағына қарай бағытталған.


Тіл тұрған жерде дөңгелек орамдарының магнит өрісінің кернеулігі тұрақты және орам центріндегі кернеулікке тең деп аларлықтай, тіл өте қысқа тілдің ұзындығы ток орамдарының диаметрімен салыстырғанда әлдеқайда қысқа. Осылайша, біртекті магнит өрісінде магнит тіліне қос күш әсер етеді. Катушкамен ток жібергенде компас тілі () және () векторларының қорытқы векторы () кернеулігінің бойымен орналасады. 4-суреттен мынаны табамыз:
(1)
Тангенс-гальванометр катушкасының центріндегі магнит өрісінің кернеулігі мынаған тең:
(2)
(2) формуланы (1) теңдікке қойып
(3)
өрнегін аламыз. Бұл формуланың көмегімен Жердің магнит өрісінің горизонталь құраушысы анықталады. Мұндағы - белгілі шамалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет