Бақылау сұрақтары 1. Өткізгіштің сыйымдылығы деген не?
2. Конденсатордың сыйымдылығы дегеніміз не?
3. Баллистикалық әдістің мәні неде?
Лабораториялық жұмыс №9.
ЖЕРДІҢ МАГНИТ ӨРІСІ КЕРНЕУЛІГІНІҢ ГОРИЗОНТАЛЬ ҚҰРАУШЫСЫН АНЫҚТАУ
Құралдар мен жабдықтар: тангенс-гальванометр, миллиамперметр, реостат, тұрақты ток көзі, ауыстырып-қосқыш.
Жұмыстың мақсаты: Жер магнетизмі элементтерімен танысу және жердің магнит өрісінің токтың магнит өрісіне тигізетін ықпалын зерттеу.
Теориядан қысқаша мағлұматтар Жер аса үлкен шар тәрізді магнит болып табылады. Сондықтан Жердің беті мен оны қоршаған кеңістіктің кез келген нүктесінде магниттік күштердің әсері байқалады. Жердің магниттік полюстері оның географиялық полюстерімен сәйкес келмейді. Жердің магнит өрісінің оңтүстік полюсі (Американың солтүстік жалғауларында) шамамен 760солтүстік ендікте, 1200 батыс бойлықта, ал солтүстік полюсі (Антрактидада) 650 оңтүстік ендікте және 1400 шығыс бойлықта орналасқан. Жердің магнит өрісі күш сызықтарының схемасы 44-суретте келтірілген (үзік сызықпен Жердің айналу өсінің бағыты көрсетілген).
44-сурет.
Жердің магнит өрісі күш сызықтарының бағыты магнит тілімен анықталады. Егер тілді іліну нүктесі ауырлық центрімен дәл келетіндей етіп жіпке іліп қойса, онда тіл Жердің магнит өрісінің күш сызықтарына жүргізілген жанамаға бағыттас орналасады. Жердің магнит өрісін центрінде орналасқан дипольдің магнит өрісімен бірдей деп ұйғаруға болады. Ол экваторда горизонталь (В – нүктесі), ал магнит полюстерінде тік (А – нүктесі) бағытталған. Жердің магнит өрісі оның полюстерінен басқа нүктелерінде бұрыш жасай бағытталған. Солтүстік жарты шарда оңтүстік магнит полюсі горизонталь бұрыш жасай орналасады (К – нүктесі). Тіл орналасқан вертикаль жазықты магниттік меридиан жазықтығы деп атаймыз.
Магниттік және географиялық меридиан арасындағы бұрыш (В) магниттік бұрылу деп аталады. Кернеулік векторы () магнит өрісінің сипаттамасы болып табылады. Жердің магнит өрісі кернеулігінің (Н) мәні шамалы ғана. Кернеуліктің мәні экваторда 33,4 А/м-ден магнит полюстерінде 55,7 А/м-ге дейінгі аралықта өзгереді. Магнит өрісінің кернеулігі () индукция () векторымен бағыттас болады.
Ал олардың арасындағы байланыс теңдігімен өрнектеледі. Жердің магнит өрісінің кернеулік векторын () горизонталь () және вертикаль () бағытталған екі құраушыға жіктеуге болады. Вертикаль өстің маңайында ғана айнала алатын магнит тілі Жердің магнит өрісінің горизонталь құраушысының әсерінен горизонталь жазықтықтан ауытқиды да, магниттік меридиан жазықтығына орналасады. Магниттік көлбеулік - , магниттік бұрылу және магнит өрісінің горизонталь құраушысы - Жердің магнит өрісінің негізгі параметрлері болып табылады.