Лабораториялық сабақтар жоспары


Лабораториялық жұмыстар тізімі



бет2/27
Дата21.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#51557
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Лабораториялық жұмыстар тізімі

  1. Ток күшін өлшеу.

  2. Көпірлер схемасы әдісімен кедергілерді өлшеу.

  3. Вольтметр және амперметр әдісімен кедергілерді өлшеу.

  4. Алмастыру,Омметр және Вольтметр әдістерімен кедергіні өлшеу.

  5. ЭҚК-ін және потенциальдар айрымын электродинамикалық

әдіспен өлшеу.

  1. ЭҚК-ін және кернеулерді компенсация әдісімен өлшеу.

  2. Электрохимиялық эквивалентті, Фарадей санын және бірвалентті

ионның зарядын табу.

  1. Конденсатордың сыйымдылығын балластикалық әдіспен анықта

  2. Жердің магнит өрісі кенеулігінің горизонталь құраушысын анықтау.

  3. Осцилографтың көмегімен магниттелу қисық сызығын және гестерезис

тұзағын салу.

  1. Айнымалы ток үшін Ом заңын тексеру



Лабораториялық жұмыстар


Лабораториялық жұмыс №1.


ТОК КҮШІН ӨЛШЕУ.
Құралдар мен жабдықтар: гальванометр, кедергілер магазині, ток көзі, микрометр, кілт, шунт (өткізгіш сым), дәлдік класы жоғары вольтметр мен амперметр.
Жұмыстың мақсаты: ток өлшеуіш құралдардан кез келген мәндегі токқа жарамды амперметр жасап үйрену.
Жұмысқа жіберілер алдында студенттердің білуге тиісті сұрақтары:
1. Құралдың өлшеу шегі, шунт деген не?
2. Шунт кедергісі қалай есептеледі?
3. (4) формуланы қорытып шығарыңдар.


Теориядан қысқаша мағлұматтар

1. Ток шамасын өлшеу үшін амперметрлер, миллиамперметрлер және микроамперметрлер қолданылады. Электр тізбегіндегі токты өлшегенде ток өлшеуіш құралдар тізбектей қосылады.


Сондықтан оларды тізбекке қосқанда тізбектің кедергісі артады да, ондағы ток өзгереді. Осыдан мынандай талап туады: токты өлшеуге арналған құралдардың ішкі кедергісі оларды тізбекке қосқанда тізбектегі ток күші өзгермейтіндей аз болуға тиіс. Егер ток өлшеуіштің шкаласы амперге, миллиамперге (1 mA=10-3 A), микроамперге (1 mA=10-6 А) градуирленсе, онда олар ампер­метр, миллиамперметр, микроамперметр деп аталады. Өте аз токтарды, кернеулерді және электр мөлшерлерін (10-6 А, В, Кл-нан аз) өлшеуге арналған сезгіш ток өлшеуіштер гальванометрлер деп аталады.
2. Әрбір ток өлшеуіштің өлшеу шегі болады. Өлшеу шегі деп құралдың, стрелканың шкаланы бойлай толық ауытқу қалпына сәйкес келетін көрсетуін атайды. Ток өлшеуіштердің өлшеу шегін арттыру үшін, оларға параллель шунт деп аталатын кедергі қосылады (17-сурет).


17-сурет.


Өлшеу шегі Ig кедергісі Rg миллиамперметрге кедергісі Rш шунт параллель қосылғанда, стрелка шкаланың түгел бойына ауытқыса, онда шунттан өтетін ток мынаған тең: Іш=І - Іg , мұндағы I - миллиамперметрдің немесе амперметрдің шунтпен коса алғандағы тоғының шектік мәні. Гальванометр мен шунттың UMN кернеуі бірдей, ол мынаған тең:


Осыдан
(1)
деп белгілесек, онда n- шунттың еселігі деп аталады. Еселік - миллиамперметрге шунт қосылғанда, оның әуелгі көрсетуін қандай шамаға көбейту керек екенін көрсететін сан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет