Лабораториялық сабақтар жоспары


Жұмыстың орындалу әдістемесі



бет3/27
Дата21.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#51557
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар

Жұмыстың орындалу әдістемесі

1. Берілген жұмыста өлшейтін тоғының шектік мәні Ig миллиамперметрден, өлшеу шегі I болатын амперметр дайындап, оны градуирлеу ұсынылады. Ол үшін берілген I, Ig және Rg (Rg - миллиамперметрдің паспортында берілген немесе оның қорабында көрсетілген) бойынша Rш-ны есептеу керек.


(1) өрнектен


(2)
Rш шамасын тапқаннан кейін шунт жасайтын өткізгіштің ұзындығы есептеледі.
теңдеуінен (3)
мұндағы - өткізгіштің меншікті кедергісі (меншікті кедергілердің кестесінен алынады); S — өткізгіштің көлденең қимасының ауданы:
(4)


D - өткізгіштің диаметрі (микрометрмен өлшенеді). (2), (3), (4) теңдеулерін біріктіріп шешіп, шунттың ұзындығын былайша есептеуге болады:
(5)

2. Берілген өткізгіштен -дан ұзынырақ (жалғанатын ұшын ескеріп) етіп қиып алып, екі шетін тазартып, жұмыр қаламға спираль түрінде орайды да, осы спиральды миллиамперметрдің клеммаларына 55-суретте көрсетілгендей етіп жалғайды. М мен N клеммалары енді амперметрдің клеммалары болады.


Ескерту: егер шунттың ұштары нашар тазартылса, не дұрыс жалғанбай қалса, миллиамперметрдің жанып кетуі мүмкін.
3. Енді өзіміз дайындаған амперметрді градиурлеу керек.
1 - әдіс. Дайындалған амперметрдің көрсетуін дәлдік класы жоғары амперметрмен салыстыру керек. Ол үшін төмендегідей (18-сурет) схема құрылады. Мұндағы Rm - кедергілер ма­газині, А - дәлдік класы жоғары амперметр.

18-сурет 19-сурет




Rm кедергілер магазинінің барлық кедергілерін түгел қосады да, кілтті тұйықтайды. Содан кейін шунтталған миллиамперметрдің стрелкасы шкаланың 1-бөлігіне келгенше кедергіні біртіндеп тізбектен шығара бастайды. Стрелка 1-бөлікке келген кезде дәлдік класы жоғары амперметрдің көрсетуі жазып алынады. Одан әрі кедергіні кеміте отырып, стрелка шкаланың 2, 3, 4, ... бөліктеріне келген кездеріне сәйкес ток күшінің мәндерін жазады. Осылайша шкаланы түгел өтеді. Алынған мәндері бойынша Ох өсіне миллиамперметр шкаласы бөліктерінің нөмерін, ал Оу өсіне сол нөмірлерге сәйкес ток күшінің мәндерін салып градуирлеу графигі салынады (19-сурет).
ІІ -әдіс. Егер дәлдік класы жоғары амперметр жоқ болса, онда дәлдік класы жоғары вольтметр қолданылады. Ол үшін төмендегідей (20-сурет) схема құрастырылады.

20-сурет



Кедергілер магазиніндегі барлық кедергіні қосады да, К кілтті тұйықтайды. Со­дан кейін миллиамперметр стрелкасы шкаланың 1-бөлігіне келгенше кедергіні біртіндеп азайтады. Стрелка 1-ге жеткенде шкала бөлігінің нөмірі, кедергінің шамасы және вольтметрдің көрсетуі жазылады. Вольтметрдің көрсетуі U1-ді алынған кедергінің шамасы R1-ді тапқаннан кейін, миллиамперметрдің шкаласының бір бөлігіне сәйкес келетін ток күшін мына формуламен есептейді:
мұндағы rv - вольтметрдің ішкі кедергісі.
Әрі қарай, кедергіні кемітіп стрелканы екінші бөлікке қойып, U2, R2-лepдi тапқаннан кейін, оған сәйкес келетін ток күші мына формуламен есептеледі:
Осылайша шкаланы түгел өтеді. Алынған мәндері бойынша, 1-әдістегі сияқты, градуирлеу графигі құрылады.
Ескерту: егер дәлдік класы жоғары құралдар болмаса, онда градуирлеуді ЭҚК және ішкі кедергісі белгілі ток көзімен де жүргізуге болады. Бұл жағдайда шкаланың әрбір бөлігіне сәйкес ток күшінің мәні мына формуламен есептеледі:

мұндағы Rі - миллиамперметр шкаласының нөмірлеріне сәйкес кедергілер магазинінен алынған кедергілер, r - ток көзінің ішкі кедергісі, ал RА мына теңдеуден алынады:







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет