Лабораториялық сабақтар жоспары


Жұмыстың орындалу әдістемесі



бет7/27
Дата21.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#51557
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар

Жұмыстың орындалу әдістемесі
1. Құралдарды тізбекке қосқанда полюстерінің таңбасын сақтай отырып, 1-схеманы құру. Реостаттың жылжығышын максималь кедергіге қою керек. Егер құралдың өлшеу шегі бірнешеу болса, өлшеудің ең үлкен шегіне қойып, кілтпен тұйықтайды.
2. Реостаттың жылжығышының орнын ауыстыру арқылы құралдардың барынша қолайлы шегі таңдап алынады.
3. Вольтметрдің rv кедергісін есептеу. Вольтметрдің кейбір түрлерінде бұл кедергі құралдың өзінде жазылған. Өлшеу шегі көбірек вольтметрлерде Imax ток көрсетіледі. Мұндай құралдың кедергісі:

формуласымен есептеледі, мұндағы Uo - кернеудің тандап алынған мәні.
4. Вольтметр мен амперметрдің көрсетуін жазып алып (12) формуламен Rx мәні есептелінеді.
5. 2-схеманы кұру.
6. Амперметрдің rА кедергісін есептеу. Амперметрлердің кейбір түрлерінде rА тікелей көрсетіледі. Бірнеше өлшеу шегі бар құралдарда потенциалдардың айырымы Umax көрсетілген. Ондай құралдарда кедергі мына формуламен есептеледі:

мұндағы Іо - токтың сайлап алынған шегі.
7. Вольтметр мен амперметрдің көрсетуін жазып алып, (13) формуламен Rx мәнін есептейді.


Жұмыстың орындалу тәртібі

1-тапсырма. а) Вольтметр мен амперметрдің ішкі кедергілерін табыңыздар. ә) (10) және (11) формулалар бойынша қандай кедергілер үшін 1-схема, қайсылары үшін 2-схема қолайлы екенін бағалаңыздар.


2-тапсырма. а) 1-схема бойынша әр түрлі өткізгіштердің кедергілерін өлшеңіздер. Кедергілердің есептеуін (1) және (12) формулалармен жүргізіңіздер. ә) (5) формула бойынша қатесін бағалаңыздар. Ондағы R (12) формуламен есептеп табылған мәні.
3-тапсырма. а) Сол өткізгіштердің кедергілерін 2-схема бойынша өлшеңіздер. Қедергілерді (1) және (13) теңдеулермен есептеңіздер. ә) (9) формула бойынша қатесін бағалаңыздар. Ондағы R (13) формуламен есептеп табылған мәні.
4-тапсырма. 1 және 2-тапсырмалардан шыққан нәтижелерден қорытынды жасаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет