Лабораториялық сабақтар жоспары



бет8/27
Дата21.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#51557
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Бақылау сұрақтары
1. Кедергілерді өлшеудегі қателер құралдардың ішкі кедергілеріне қалайша тәуелді?
2. (10) мен (11) формулаларды қорытып шығарыңыздар.
3. Мектепте оқушыларды кедергілерді вольт-ампер әдісімен өлшеу кезіндегі өлшеу дәлдігін бағалаумен қалай таныстыруға болады?
4. Толық тізбек үшін Ом заңы деген не?
Лабораториялық жұмыс №4.


АЛМАСТЫРУ, ОММЕТР ЖӘНЕ ВОЛЬТМЕТР ӘДІСТЕРІМЕН
КЕДЕРГІНІ ӨЛШЕУ


Құралдар мен жабдықтар: гальванометр, реостат, кедергілер магазині, ток көзі, өлшенетін кедергілер, кілт, омметр, вольтметр.
Жұмыстың мақсаты: алмастыру әдісімен кедергіні өлшеуге үйрету; гальванометрден омметр дайындау үшін, оның шкаласын оммен градуирлеуге үйрету; заводтық омметрдің техникалық сипаттамалары арқылы оны пайдалануды меңгеру; кедергіні вольтметр әдісімен өлшеуге үйрету.


Жұмысқа жіберілер алдында студенттердің білуге тиісті сұрақтары:
1. Алмастыру әдісінің мазмұны неде?
2. Омметр қалай құрылған?
3. Гальванометрден қалай омметр дайындауға болады?
4. Вольтметрмен кедергіні қалай өлшейді?


Теориядан қысқаша мағлұматтар

1. Өткізгіштердің кедергісін тез өлшеу үшін алмастыру және омметр әдістерін қолдануға болады. Алмастыру әдісінде өлшеу дәлдігі өлшеуіш құралдардың дәлдік класымен анықталады. Әдетте, омметрдің өлшеу дәлдігі (1,5-4) % шамасында. Алмас­тыру әдісінің мазмұны мынадай: электр қозғаушы күші, ток күші және шектеуші кедергісі Ro болатын электр тізбегінің (28-сурет) а және b нүктелерінде өлшенетін Rx кедергіні қосады да, гальванометрдін көрсетуін белгілеп алады; содан кейін өлшенетін кедергінің орнына тізбектің сол нүктелерінің арасына кедергілер магазинін (эталондық кедергі) қосып, оның шамасын біртіндеп өзгерту арқылы гальванометрдің көрсетуін алдыңғы мәніне дәл келтіреді.





28-сурет
Эксперименттің шарты бойынша бірінші және екінші жағдайларда электр тізбегіндегі ток бірдей болады. Ом заңы бойынша:


(1)


мұндағы тізбектің ab аралығынан басқа аралықтардың жалпы кедергісі. +Rх =+Rэт. Осыдан Rх=Rэт, (1) теңдеулерден және екені көрініп тұр. Сондықтан ток шамасы ab аралығының кедергісіне ғана тәуелді. Олай болса, схеманың ab аралығына белгілі кедергілерді қосып гальванометрдің шкаласын тікелей оммен градуирлеуге болады. Осындай әдіспен дайындаған құрал омметр деп аталады. Шектеуші кедергі тізбектің ab аралығын қысқаша (Rx=0) қосқанда галь­ванометр стрелкасы шкаланың түгел бойына ауытқитындай етіп таңдап алынады. Градуирленген шкаланың осы жеріне нөл қойылады. Тізбектегі ток (10) жоқ кездегі гальванометр стрелка-сының тұсына «шексіз» (Rx=) деген белгі қойылады. Қалған нүктелерді кедергілер эталонының көмегімен градуирлейді.
3. 29-суретте қарапайым омметрдің схемасы берілген. Осындай омметрдің градуирлеуінің дұрыстығын тексеру үшін тізбектің ab аралығын К1 кілт арқылы қысқаша тұйықтайды.


29-сурет
Сонда гальванометр стрелкасы шкаланың нөліне тура келу керек, себебі К кілтті тұйықтағанда аралығының кедергісі нөлге тең. Бұл омметрдің кемшілігі мынада: кедергілерді өлшегенде тізбекке үнемі омметрді бастапқы градуирлеу кезінде алынған батареяның ЭҚҚ-іне тең ток көздері жалғану керек.


4. Техникалық омметрлер тұрақты ток пен актив кедергілерді тікелей шкаладан өлшеп алуға арналады. Омметрдің дәлдік класы 1,5. Стрелканы «» таңбасына келтіру үшін омметрдің бетінде корректор бар. Құралдың көрсетуінің дәлдігі схеманы қоректендіретін ток көзінің кернеуіне тәуелді. Сондықтан құралдарда тұтқасы қораптың оң жағына шығып тұрған реттеуші кедергі болады. Шығып тұрған тұтқа арқылы гальванометрдің стрелкасы «0» таңбасына келтіріледі. Егер құралдың қысқыштарына түсірілген кернеу омметрді градуирлеу кезіндегі кернеуге тең болса, онда құралдың қысқыштарын немесе кнопкасын тұйықтағанда стрелка «0» не «» таңбасына тура келеді. Ал, егер кернеу градуирлеу кезіндегіден өзгеше болса, онда қысқыштарды немесе кнопканы тұйықтағанда стрелка «0» не «» таңбаларына тура келмейді. Бұл жағдайда реттеуші кедергілердің көмегімен құралдың стрелкасын «0» таңбасына келтіру керек. Құралдың шкаласы айналық шағылумен жабдықталған. Өлшеулердің барлық шектері үшін құралдың жалғыз ғана шка­ласы бар.
5. rv ішкі кедергісі белгілі вольтметрмен кедергіні өлшеуді былайша жүргізеді:
а) Ток көзінің полюстеріндегі Uo кернеуді вольтметрмен өлшейді (30-сурет).

30-сурет 31-сурет


ә) Вольтметрді белгісіз кедергімен тізбектеп жалғап, оны қайтадан сол ток көзінің полюстеріне қосады (31-сурет). Сондағы вольтметрдің көрсетуі U1 (U1>U0) болады. Сонда:




(2)

Бұл әдіс үлкен кедергілерді өлшеуде дәлірек нәтиже береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет