Лабораториялық сабақтың тақырыбы №7



бет2/5
Дата10.03.2023
өлшемі191,59 Kb.
#72914
түріСабақ
1   2   3   4   5
16-сурет. Ашытқы клеткаларының пішіндері: а оқ тəрізді, б орақша тəрізді, в цилиндр тəрізді


Аэрация жəне қоректік ортамен үздіксіз қамтамасыз ету кезінде толық құнды шикізатты қолдану арқылы ашытқы клеткасы тек бір ғана жас клетка түзеді. Бұл бүршік өсіп, бөлінген соң аналық клетка бетінде басқа шоғыр пайда болып, басқа бүршіктер түзіледі. Егер қоректік ортада белгілі зат жеткіліксіз болса, онда клеткалардың өсу процесі нашарлайды, клетка бірнеше бүршіктер ғана түзеді, олар өте баяу өседі, ұсақ клеткалардың саны көбейеді. Қолайсыз жағдайлардан арылу, ашытқылардың өсу жəне бүршіктену процесін қалыпқа келтіреді. Беттік ашытқылардың спораларды жиі түзетіні белгілі. Споралар (2-4 клеткада) 24-48 сағаттан кейін пайда болады. Споралар жыныссыз жолмен түзіледі, ядродағы хромосомалардың саны екі есе- ге дейін азаяды (мейоз). Кейде споралардан клеткалар өсіп шығып, вегетативті жолмен көбейеді (бүршіктену арқылы) – хромосомала- ры біркелкі, гаплойдты болып табылады. Бірақ көбінесе споралар жетіліп, клеткадан ажырап шыққан соң, олар өзара əрекеттеседі (жынысты жолмен). Бұл кезде хромосомалары əртүрлі (диплоидты) клеткалар пайда болады жəне əрі қарай вегетативті жолмен – бүршіктену арқылы көбейеді. Гаплоидты клеткалардың ұрпағы əлсіз; дипло- идты клеткалардың ұрпағы – қалыпты болады. Ашытқылардың бұл қасиетін гибридизация жолымен жаңа өндірістік расаларды алуға қолданады. Ол үшін екі əртүрлі расалардың спораларын ар- найы қондырғы – микроманипулятордың көмегімен бөліп алып, құйылысуын қамтамасыз етеді, нəтижесінде өндіріске қажетті, пай- далы қасиеттерге ие, гибрид алады.
Жаңа, белсенді ашытқылардың расаларын бөліп алу жұмыстарын ғылыми-зерттеу институттарымен қатар, ашытқы өндіретін зауыт- тарда да жүргізеді.
Қазіргі кезде зауыттар екі өндірістік расаны пайдаланады: 14-раса жəне 196-6-гибрид. 14-раса 1978 жылы салыстырмалы түрде бірдей уақытта Одесса жəне Воронеж зауыттарының микробиологтарымен құрғақ ашытқы үлгілерінен ашытқылардың биохимиясы жəне тех- нологиясы лабораториясында бөлініп алынған. Клеткалары доғал немесе аздап эллипсоид тəріздес, мөлшері ірі: 5,6×7,0-8,4×11,0 мкм. Вакуольдері айқындалған; глюкоза, сахароза, мальтоза, галактоза- ны ыдратады. Дайын өнім (престелген) жақсы сақталады, кептіруге төзімді. Ылғалдылығы 74-75 пайызда морт сынғыш консистенцияға ие. Белсенді ферменттер жүйесіне ие: мальтоза белсенділігі 80-90 минут, яғни жоғары; зимозанікі 45минут – өте жоғары.
№196-6 гибрид 1963 жылы К. В. Косиков зертханасында алынған. Клеткаларының пішіні домалақ немесе созылмалы, тегіс емес, көлемі: 6,2×6,2-8,7×12,5 мкм.
Мальтозалық белсенділігі 65 минут, зимозанікі – 45 минут, яғни өзінің ата-аналық культурасымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. №196-6-гибрид аэрацияда жəне мелассалы қоректік ортада жақсы көбейеді. Қазіргі таңда өндірісте кең қолданыс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет