Лабораториялық сабақтың тақырыбы №7 Ашытқылардың таза культураларын сақтау əдістері
Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері: 1.Ашытқылар өндірісінде қолданылатын қалталы саңырауқұлақтар түрлерімен танысады. 2. Ашытқылардың таза культураларын сақтау əдістері туралы білім қалыптастырады. 3. Сұйық ашытқыларды дайындау жəне қолдану жоспарын әзірлейді, сұйық ашытқыларды дайындаудың тиімді тəсілдерімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Лабораториялық сабақтың мазмұны: Тығыздалған ашытқылар өндірісінде қолданылатын ашытқылар расасы қалталы саңырауқұлақтар Ascomycetesкласына, protoascales катарына, яғни қарапайым қалталы саңырауқұлақтар Endomycetaceaeтуысына, Saccharomyces cerevisiae түріне жатады. Ашу қасиетіне қарай – беттік ашытқылар, ашу кезінде түбіне бірден түспей, ашитын сұйықтықтың бетіне көбікке оқтын-оқтын көтеріледі.
М орфологиялық қасиеттері. Клеткаларының пішіні ж ё ұмыртқа тəрізді немесе доғал, кейде тіпті домалақ шеңбер тəріздес. Бұл қасиеттері тұрақсыз, себебі клеткалар пішіні культивирлеу жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін. Орташа өлшемі 8-10×4- 6 мкм. Бұл бөлімде ашытқылардың өсіп көбеюі барысында, ішкі құрылымында жүретін өзгерістері қарастырылады. Вакуольде жүретін өзгерістер ерекше байқалады. Вакуоль – құрамында фер- менттер, көмірсулар, майлар, ақуыздар жəне электролиттер болатын клетка сұйықтығымен толтырылған, клетканың ішкі бөлігі. Вакуоль дерде əртүрлі көмірсулардың ыдырауы сияқты күрделі биологиялық процестер жүреді. Вакуольдердің көлемі клетка жасына жəне куль- тивирлеу жағдайларына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Жас клеткаларда вакуольдер кейде байқалмайды, ал ересек не ескірген клеткаларда олар кей жағдайларда клетка қуысының 80 пайызына дейінгі көлемін алады.
Өз бетінше клеткалардағы қор заттарының жинақталуы жəне жұмсалуы жүреді: осылайша гликоген (крах- мал тəрізді зат) көмірсулы қоректену кезінде вакуоль- дерде түзіледі. Қоректенуді шектеп, қарқынды түрде аэрациялағанда, тез өсіп көбейіп жатқан гликоген жо- йылады. Нан ашытқыларының дұрыс көбейіп жатқан клеткаларында май қосындылары байқалмаған. Волютин (ме- тахроматин) де вакуоль- дерде кездеседі, сондай ақ оның мөлшері ауытқымалы. Валютиннің түзілуі ортада фосфаттардың болуына байланысты деген болжам бар.
Бүршіктенусипаты. Ашытқылардың бүршіктену сипаты үшінші бөлімде толығымен қарастырылған, бірақ күшті аэрациялау кезінде жəне күшті механикалық əсер ету кезінде көбінесе жас клетка аналық клеткадан толық өсіп-жетілмей жатып ажырайды. Көптеген əдебиеттерде аналық клетка жəне жас клеткалардың физиологиялық мүмкіндіктері бойынша əр түрлі пікір болып келді. Жас клетка аналық клетка деңгейіне жеткен кезде ғана бүршіктене бастайды.