Лабораториялық сабақтың тақырыбы №7


Ашытқылардың таза культураларын сақтау əдістері



бет3/5
Дата10.03.2023
өлшемі191,59 Kb.
#72914
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
QNGQPJYUQWCC09032023214301

Ашытқылардың таза культураларын сақтау əдістері. Ашытқылар арнайы таза культуралар мұражайында, зауыт зертханаларында, қажетті жағдайлар қамтамасыз етілгенде, белсенді күйде сақталады.
Бұл сақтау əдістері ашытқы расаларының культуралды жəне морфологиялық қасиеттерін өзгеріссіз сақтауға бағытталған. ё
Сұйық қоректік орта. Ашытқыларды жаңа қоректік ортаға көшіру алдында, міндетті түрде белсендендіру үшін сұйық қоректік орта қолданылады. Жаңа қоректік ортаға көшіру уақытын қатаң қадағаламаған жағдайда, агарлы ортаның бетіндегі ашытқы клет- каларында споралар пайда болып, культураның қасиеттері өзгеруі мүмкін, əсіресе ол гибрид болса.
Екінші тəсіл – вакуум астындағы мұздатылған күйде кептіру – лиофилизация. Ашытқылардың қою суспензиясын зарарсыздандырылған пробирка-ампулаға құйып, минус 40°С тем- пературада, вакуум астында кептіреді, жабады, тоңазытқышта неме- се бөлме температурасында сақтайды. Осылайша культураларды 3 жылға дейін сақтауға болады.
Үшінші тəсіл – 10%-дық сахароза ерітіндісінде консервациялау. Сахарозаның зарарсыздандырылған ертіндісіне бактериологиялық петлямен агарлы қоректік ортада өсірілген, екі күндік ашытқы культураларын егіп, ауызын жауып, бөлме температурасында сақтайды. Бұл кезде ашытқы культуралары көбеймейді, яғни анабиоз күйінде болады. Сахароза ертіндісі құрғап қалмаса, олар 6-12 айға дейін сақталады.
Əрі қарай өндіріске бұл ашытқыларды пайдалану үшін, сахаро- залы ерітіндісі бар флаконнан (ілгішпен не залалсыздандырылған пипеткамен) ашытқылар культурасын асептикалық жағдайларды сақтай отырып, сұйық қоректік ортаға егіп, белсендендіреді.
Төртінші тəсіл – вазелин майы қабатының астында сақтау. Агар- лы қоректік орта бетіндегі 2-3 тəуліктік культураларды, май толық жауып тұратындай етіп, вазелин майын құяды. Май ортаны құрғап кетуден сақтайды, бірақ ашытқылардың біртіндеп дамуына кедергі бола алмайды. Осы əдіс арқылы ашытқыларды 6 айдан 2 жылға дейін сақтауға болады.
Агарлы қоректік ортаға майды құю үшін, тығыздығы – 0,8- 0,9, медициналық вазелин майын қолдануға ұсынады. Май- ды алдын ала автоклавта залалсыздандырып, кептіргіш шкафта ылғалдыдылығынан айырады. Барлық асептика ережелерін сақтап, маймен орта бетін жабады. Май қалыңдығы 1 см-ден аспауы керек. Маймен жабылған культуралар бөлме температурасында немесе тоңазытқышта 4-6°С температурада сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет