Кітап жайлы қысқаша мәлімет
Орыстар мен шведтердің отаршылдығында болған Финляндия қазіргі таңда бәсекелес елу елдің алдында шығып, өз тілін, мәдениетін сақтап, өркениетті ел болып отыр. Жерінде мұнай, газ сынды өзге де табиғи қазба байлықтары жоқ бұл елдің адамдары өздерінің еңбекқорлығы мен терең білімділігінің арқасында әлемді таң қалдырып жатқаны белгілі. 1923 жылдары бұл елдің халқының ынтасы мен талпынысын байқаған священик Григорий Петров «Ақ лалагүлдер өлкесі» атты кітабын жазды. В.И. Ленин Петровты «демагог» деп атаса, Ататүрік оның шығармаларын оқып, танысқан соң, кітапты оқушылар мен әскери сарбаздарға оқуды міндеттеді. Бұл кітап Ататүрік заманында Түркияда Құраннан кейін ең көп оқылған кітап болған. Кеңес дәуірінде оқылуға тыйым салынған бұл кітап 2004 жылы тұңғыш рет орыс тіліне аударылды.
Достарыңызбен бөлісу: |