ҚҰлажанов қ. С., Таусарова б. Р



бет103/118
Дата07.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#72359
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   118
Байланысты:
??ëàæàíîâ ?. Ñ., Òàóñàðîâà á. Ð

Ингибиторлар – химиялық реакциялардың жылдамдығын төмендететін заттар.
Ерітіндінің иондық күші – иондар зарядының квадратына концентрация көбейтіндісінің жартылай қосындысы.
Күйдің интенсивті параметрлері – жүйедегі зат мөлшеріне тәуелсіз параметрлер (қысым, температура және т.б.)
Катализ – химиялық реакцияға қатысып, реакциялар жылдамдығын өзгертетін, бірақ соңында өзгеріссіз қалатын заттар.
Катализаторлар – химиялық реакциялардың жылдамдығын жоғарылататын заттар.
Кванттық шығым – әрекеттескен молекулалар санының сіңірілген жарық кванты санына қатынасы.
Кинетикалық теңдеу – химиялық реакциялардың кинетикалық теңдеуі химиялық реакциялардың жылдамдығының бастапқы заттар концентрациясына тәуелділігін белгілейді.
Коллигативті ерітінділердің қасиеттері берілген еріткіш үшін еріген заттың бөлшектер санымен шартталады және оның табиғатына тәуелсіз.
Компонент – жүйеден бөлініп, жеке өздігінен бола алатын зат.
Диссоциациялану константасы – әлсіз электролиттердің диссоциациясының тепе-теңдік константасы – диссоциация өнімі ретінде иондардың концентрациясының көбейтіндісінің диссоциацияланбаған молекулалар концентрациясына қатынасы.
Тепе-теңдік константасы – берілген температурада тепе-теңдік жағыдайда тұрақты шама, реакция өнімдерінің тепе-теңдік концентрациясының (парциал қысымдардың) көбейтіндісінің химиялық реакция теңдеуіндегі стехиометриялық коэффициенттері дәрежеленген бастапқы заттардың концентрациясының (парциал қысымдардың) көбейтіндісінің қатынасына тең.
Жылдамдық константасы химиялық реакциялардың жылдамдық константасы – кинетикалық теңдеулердегі пропорционалдық коэффициенті әрекеттесетін заттар концентрациялары бірге тең болғанда химиялық реакцияның жылдамдығына сандық жағынан тең.
Активтілік (белсенділік) коэффициенті бірге тең болатын шын ерітінділер қасиетінің идеал ерітінділерден ауытқу дәрежесін сипаттайды.
Криоскопия – таза еріткіштің қату температурасымен салыстырғанда ерітіндінің қату температурасының төмендеуін өлшеуге негізделген ұшқыш емес сұйық ерітінділердің физико-химиялық зерттеу әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет