Ерітінді– құрамы ерігіштік шегіне дейін өзгеруі мүмкін, екі немесе одан да көп компонент санынан тұратын гомогенді термодинамикалық тұрақты жүйе.
Ерітінділер үш агрегаттық күйде болуы мүмкін: газ тәрізді (газдардың қоспасы), қатты (қатты ерітінділер) және сұйық.
Еріткіш басқа компоненттермен салыстырғанда артық болатын ерітіндінің сұйық компоненті. Ерітіндіде аз мөлшерде болатын компоненттерді ерігензаттар деп атайды. Ерітінділер: идеалды, шекті сұйытылған, идеалды емес ерітінділер деп бөлінеді.
Идеалдыерітінділер– бірдей агрегаттық жағыдайда кез-келген қатынаста алынған компоненттерден түзілген ерітінділер жылу эффектісімен және көлем өзгерісімен бірге жүрмейтін, ал энтропия өзгерісі идеал газдарды араластырғанда энтропия өзгерісіне тең болатын ерітінділер.
∆Н = 0; ∆U=0; ∆S=∆Sид
Шекті сұйытылған ерітінділер- еріген зат концентрациясы шексіз аз ерітінділер.
Барлық ерітінділер идеалды ерітінділердің және шекті еріген ерітінділердің термодинамикалық заңдылықтарына бағынбайтын ерітінділер идеалдыемес деп аталады.
§ 5.2Ертінділер концентрацияларының бейнелену жолдарыПроценттікконцентрация (салмақ %) 100 г. (100 кг) ерітіндіде еріген
заттың грамм (кг) санымен көрсетіледі.
Молярлықконцентрация(молярлық) 1 л ерітіндіде еріген заттың моль санымен анықталады.