ҚҰлажанов қ. С., Таусарова б. Р



бет81/118
Дата07.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#72359
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   118
§7.3 Күрделі реакциялар
Бір стадиядан көп жүретін химиялық реакцияларды күрделі реакциялар деп атайды. Мысал ретінде кинетикасы мен механизмі толық зерттелген күрделі реакциялардың бірін қарастырайық:
2НI + Н2О2 ––> I2 + 2Н2О
Берілген реакция екінші ретті реакция болып табылады, оның кинетикалық теңдеуі келесі түрде болады:
(7.19)
Реакция механизмінің зерттеуі оның екі стадиялы (екі стадияда өтеді) екенін көрсетті:

  1. НI + Н2О2 ––> НIО + Н2О

  2. НIО + НI ––> I2 + Н2О

Бірінші стадияның жылдамдығы V1 екінші стадияның жылдамдығынан V2 біршама көпжәне реакцияның жалпы жылдамдығы анықталатын немесе лимиттелген деп аталатын неғұрлым аз стадиясының жылдамдығымен анықталады.
Реакция қарапайым немесе күрделі екендігі туралы қорытындыны оның кинетикасын зерттеу нәтижелері негізінде жасауға болады. Егер реакцияның тәжірибе жүзінде жеке анықталған реті реакцияның стехиометриялық теңдеуінде бастапқы заттар кезіндегі коэффициенттерімен сәйкес келмеген жағыдайда, реакция күрделі болып саналады; күрделі реакциялардың жеке реті бөлшектік немесе теріс болуы мүмкін, күрделі реакцияның кинетикалық теңдеуіне бастапқы заттардың концентрациялары ғана емес, реакция өнімдері де кіреді.
Күрделі реакциялардың жіктелуі
Тізбекті реакциялар.
Тізбекті күрделі реакциялар дегеніміз бір стадия нәтижесінде түзілген заттар (яғни, осы стадияның өнімдері) басқа стадия үшін бастапқы
заттар болып табылатын жағыдайда жүретін реакциялар. Тізбекті реакцияны сызба түрінде келесі түрде көрсетуге болады:
А → В → С → ...
Стадиялардың әрқайсысына қатысатын, стадиялар мен заттардың саны әртүрлі болуы мүмкін.
Параллель реакциялар.
Бірдей бастапқы заттар біруақытта әр түрлі реакция өнімдерін түзе алатын, мысалы, екі немесе одан да көп изомерлері бар химиялық реакцияларды параллель деп атайды:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет