Ауруға шалдыққан иттердің тәбеті төмендейді, олар өсуден қалады. Көз және ауыз қуысының кілегейлі қабаттары бозғылт түсті болады. Ауру қояндарда тәбеті нашарлайды, олар жиі жатады, арқаларын бүгеді, көздің және ауыздың шырышты қабаттары анемияланған. Қояндардың өлімі көбінесе инфекциядан кейін 13 тен 23 күнге дейін байқалады.
Қой ценурозы «айналма»
Қой ценурозы «айналма» «тентек» «миқұрт»- жіті түрде өтетін, мидың және жұлынның зақымдануымен сипатталатын үй және күйіс қайыратын малдардың ауруы.Айналманы тудыратын құрттың жыныстық жетілген сатысы иттің, кейде қасқырдың, түлкінің ащы ішегін, ал көпіршік ларвоциста кезі қойдың,сирегірек ешкінің, бұзаудың, кейбір тақтұяқтылардыі орталық жүйке жүйесі ұлпаларын мекендейді.
Ақтық иелері- ет қоректілер «ит, қасқыр, шибөрі, түлкі»
Аралық иелері- қой, ешкі, бұзаулар, тұяқтылар.
Індеттік деректері- Ценуроз Қазақстанда қой өсіретін шаруашылықтарда кездеседі. Ценурозбен көбінесе екі жасқа дейінгі малдар ауырады. Мезгілі- жаз бен күз.
Аурудың сырт белгілері
2- кезең
16-23 күн өткен соң байқалады. Мал дірілдейді, тремор, тістерін шықырлатады, аяқтары салданады және тырысып-құрысады
1- кезең
Жасырын кезең. 7-10 күнге созылады.
3- кезең
Аурудың екінші жасырын кезеңі. 2-6 айға созылады
4- кезең
Ауру белгілері айқын білінетін кезең. Малдың бір орында тұрып қалуы, бір орында шыр айналуы. Ауырған мал басын қисайтады. Мал жүдейді және көп жатады. Мұндай күйде 1-2 ай болып, сосын өледі.