Ларвалды цестодоздарды балау тенуиколды цистицеркоз, ценуроз «айналма»



бет1/4
Дата28.11.2022
өлшемі1,03 Mb.
#53258
  1   2   3   4
Байланысты:
Тұрғынбек Сандуғаш Төлекешова Жаннұр ВМ-408 топ Паразит 5 зертхана

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Ветеринария факультеті» «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы

Ларвалды цестодоздарды балау - тенуиколды цистицеркоз, ценуроз «айналма»


Орындаған-Тұрғынбек С.Т
Төлекешова Ж Т
ВМ-408
Қабылдаған-Жантелиева Л
»

Жоспар

  • 1. Тенуиколды цистицеркоз
  • 2. Пизиформды цистицеркоз
  • 3. Ценуроз «айналма».

Мазмұны

  • Тенуиколды цистицеркоз- созылмалы немесе жасырын түрде өтетін, бурса қабықтарының, шарбы-шажырқайдың, іш майдың зақымдануымен, малдың арықтауымен сипатталатын гельминтоз ауруы.
  • Бұл гельминтозға қой, ешкі, шошқа, жабайы күйіс қайыратындар, өте сирек болса да ірі қара мен түйе шалдығады. Цистицеркоз малға, әсіресе төлге үлкен әсер етіп, шығын болуына да әкеп соғады.

Қоздырғышы

  • Құрттың имагосын, яғни жынысы жетілгенін Taenia hydatigena- деп атайды. Ұзын, қарулы таспа құрт, оның тұрқы 5 м-ге жуық, бунақ денесі жүздеген буылтықтардан құралған. Ішінде жатыр жұмыртқаларға толы. Жатырда 5-16 тармақтары бар.
  • Ларвоцистасы- Cysticercus tenuicollis- қылмойынды цистерк, жылауық. Бұл көпіршік, оның көлемі әр түрлі - бұршақ дәнінен, көгершін, тауық жұмыртқасына дейін болады. Көпіршіктің ішінде сұйық және бір қарулы сколекс бар, сол сколекстің мойыны өте ұзын және жіңішке болып келеді. Сондықтан бұл көпіршікті «қылмойынды» финна деп атайды.

Орналасатын жері

  • Имагосы иттің , қасқырдың , түлкінің ащы ішегінде өмір сүреді , ал көпіршіктері тұяқтылардың құрсақ қабықтарында шарбы шажырқайда , іш майында және бауырдың сыртқы қабығында тіршілік етеді.
  • Даму айналымы жұмыртқа немесе пісіп жетілген бунақ балаң көпіршік имаго.

    2 иесі бар

    Ақтық Аралық

Өсіп-өнуі

  • Аралық иелерінің , яғни тұяқтылардың бұл гельминтозға шалдығуы құрт жұмыртқаларымен ластанған жем шөпті пайдаланудан болады. Малдың асқорыту жүйесінде жұмыртқадан бөлінген онкосфера ішекті тесіп, қанға өтіп, қан ағынымен бауырға жетеді. Содан кейін цистицерк өзінің толық даму сатысына жету үшін бауыр үлпершегі арқылы, оның сыртқы қабығына шығып жайласуы немесе құрсақ қуысына өтуі қажет. Өздерінің тұрақты мекеніне жеткен цистицерктер 1-2 ай өткен соң ауру жұқтыра алатын ларвоцистаға- жылауыққа айналады. Құрттың ақтық иелері ит. Олар аралық иелерінің зарарланған ішкі органдарын жеп, ішқұрт ауруын жұқтырады. Ит ішегінде гельминт 2 ай шамасында өсіп жетіліп, онда 4-11 ай өмір сүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет