Ларвалды цестодоздарды балау тенуиколды цистицеркоз, ценуроз «айналма»



бет2/4
Дата28.11.2022
өлшемі1,03 Mb.
#53258
1   2   3   4

Аурудың сырт белгілері

  • Аурудың жіті түрінде - төл тынышсызданады, жем-шөпке қарамайды, ауызы сілекейленеді, іші өтеді, кейде дене қызуы көтеріледі, капсуланың үстінде майда, тарының дәніндей көптеген цистицерктер байқалады.
  • Созылмалы түрінде - Құрсақ қуысын көмкерген сірлі қабықтың үстіне, шарбы, шажырқайға, бауырға жабысқан жылауықтарды жай көзбен көріп, табуға болады.

Балау

  • Диагноз көбінесе малды сойып зерттегенде немесе етке сойған кезде құрсақ қуысынан жылауықтарды тапқанда нақты қойылады.
  • Жылауықтарды эхинококктардың көпіршіктерінен ажырата білу керек.
  • Алдын-ала сақтандыру шаралары

    Аурудың алдын алу шаралары басқа иттер арқылы тарайтын ларвалдық цестодоздардағыдай өткізіледі.

Пизиформды цистицеркоз

  • Пизиформды цистицеркоз- қоянның, үй қоянның гельминтоз ауруы. Бауыр қызметінің бұзылуымен сипатталады.
  • Taenia pisiformis цестоданың Cysticercus pisiformis личинка сатысымен шақырылған. Цистицерктер құрсақ қуысында- іш майында, шажырқайда тіршілік етеді.
  • Қоздырғышы- Cysticercus pisiformis сопақша пішінді көпіршіктер, ұзындығы 6-12 мм, ені 4-6 мм. Көпіршіктің ішінде мөлдір сұйықтық бар, ол арқылы сколекс тары дәнінің өлшеміндегі дақ түрінде жарқырайды.

Даму айналымы-биогельминт

  • Аралық иелері- қояндар, үй қояндары, тиіндер, тышқандар.
  • Ақтық иелері- иттер, қасқырлар, түлкілер, көк түлкілер, күзендер, мысықтар.

Өсіп-өнуі

  • Ақтық иелер нәжісімен бірге паразиттің жұмыртқаларын сыртқы ортаға бөледі, олар азықпен, сумен қояндардың ас қорыту жүйесіне түседі. Жұмыртқалар және онкосфералар қабықтарынан босалып, ұрықтары ішектің кілегей қабығына енеді, содан кейін қан және лимфа арқылы организмге әсіресе бауырға, оның капиллярларын, паренхимасын бұзып, капсуласын тесіп құрсақ қуысына шығады. Іш майына, шажырқайға жабысып, грек жаңғағындай мөлшерлі көпіршікке дамиды. Иттер және басқа етқоректілер зақымдалған қоянның, үй қоянның ішкі мүшелерін жеп ауырады. Иттің ішегінде 35 күн, ал түлкіде-70 күн арасында дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет