Ағындысудыаэробтыжолментазалаукезіндеқолданылатынреакторлар I.Биофильтрлер – ағын суларды тазартуда кеңінен қолданылатын қозғалмайтын биопленкасы бар биореактор. Сүзгіш биоқабық тасмалдаушы бетінде түзіледі. Көп жағдайда тасмалдаушы материал ретінде ұсақталған тас, таулы ұсақ жұмыр тас, керамзит, шлак пайдаланылады. Тасмалдаушы бетінде биомасса өседі (0,5-1 мм). Барлық биофильтрлердің төменгі қабығы биофильтрлеуші материалдың ірі бөлшектерінен (мөлшері 60-100мм) құралған.
Биофильтрдіңбеткіфильтрлеушіқабатындағыбиопленкакүрделіэкологиялықжүйеболып табылады:бактериялар, саңырауқұлақтар; бактериальды компоненттер жүйесімен қоректенетін қарапайымдар, сорғыштар мен айналма құрттар, биопленкалар атқарады.
Биофильтрде биопленканың үздіксіз өсуі мен өлуі бірдей жүреді. Өлген биопленка тазаланған су тоғымен шайылып, биофильтрден шығады. Тазаланған су тұндырғышқа түсіп, онда биопленканың бөлігі бөлінеді де, су ары қарай суқоймасына түседі.
Ағындысудыаэробтыжолментазалаукезіндеқолданылатынреакторлар Аэротенк/окситенк
Биофильтрлер
Аэротенктерден биофильтрлердің айырмашылығы, биофильтрлерде микроорганизмдер клеткалары қимылсыз жағдайда, саңылаулы тасымалдағыштардың бетіне бекітілген, яғни, қалыптасатын биоқабықшаны иммобилизденген клеткаларға жатқызуға болады. Тазартылып жатқан су клеткалар бекітілген қимылсыз тасымалдағышпен байланысады және олардың тіршілік әрекетінің есебінен ластағыш концентрациясының төмендеуі іске асады.