Жүргізуші: – 20 жылдай құр сөз болып келген латын әліпбиіне көшу туралы нақты шешім қабылданатын болса, түркітілдес Өзбекстанның, Әзірбайжан мен Түркияның тәжірибелері ескеріле ме?
Фирудин Жалилов: – Жаңа әліпбиге бірден көшуде кедергіге жолығасыздар. Бұған лингвист ғалымдар ғана емес, саяси жігер, парламенттің, мемлекет басшысының ерігі де керек. Біз де кирилден латын әліпбиіне көшкенде қарсы адамдар көп болған. Біз латыншаға көшкенде алғашқы жылы мектеп оқулықтарын қайта басамыз, екінші жылы газеттерді ауыстырамыз, үшінші жылы хабарландыру, көшедегі жазуларды латыншалаймыз деп жоспар жасағанбыз. Бес жылда латын әліпбиіне еркін көшудің бағдарын сызғанбыз.