Шерубай Құрманбайұлы:
– Қазақстанда қазақтардан өзге басқа да ұлт өкілдері тұрып жатыр ғой. Осы ұлт өкілдерінің көпшілігі, әсіресе, түрік тілдес ағайындардың барлығы да еш қарсылықсыз бірден қабылдайтынына күмән жоқ. Славян тектес украин, орыс сияқты ағайындар шет тілін оқып жүргендіктен, латын графикасы былай ешкімге жат емес, таңсық емес – негізінен дұрыс қабылдайды деп ойлаймын.
Ал, жалпы, осы жазуды ауыстыруды қабылдамайтын топ болатын болса, олар славян ұлты өкілдерінің ішінен болуы мүмкін. Өйткені қалай болғанда да ресейшіл, орысшыл ағайындардың төл жазуы деп, сол жағына қарай бүйрегі бұратындар болатынын міндетті түрде ескеруіміз керек. Тіпті осы қазақ ұлтының орыс мектебінде, басқа жерде оқып жүргенде жазуды ауыстырудың тиімсіздігін қолдайтындар да бар екендігін жоққа шығармауымыз керек.
Бұл ондай үлкен фактор болмауға тиіс. Өйткені латын жазуы – қазақтың төл жазуы емес. Біз көне түркі жазуына, руна жазуына көшіп жатқан жоқпыз. Әлем қабылдап отырған, әлем тұтынып отырған, әлем танитын таңдауға көшіп отырғандықтан сондай бір көзге жат көрінетіндей болмауы мүмкін.
Айдос Сарым:
– Қазақтың латын графикасына көшуі – тікелей қазақтың өзінің шаруасы. Ол орыс тілді азаматтардың немесе басқа ұлттардың құқығын таптап жатқан жоқ.
Екіншіден, қазақ тілін үйренгісі келмегендер жетпіс жыл бойы кириллицадағы нұсқасын да үйренбеген. Латын графикасына өтіп кеткеннен кейін, бәлкім, осыған бір назар аударатын шығар «осы не деп жазып жатыр екен» деп ең болмағанда.
Әрине, бірінші қабылдаған кезде жұрт шулайды, әңгіме қылады. Орыстың газеттері жазар, айтар. Бірақ Әзербайжан да дәл осындайды басынан өткізді, Өзбекстан да өткізді. Яғни «ит үреді – керуен көшед» дегеннің әңгімесі ғой. Әркім өз тағдырын өзі таңдайды. Біреудің ақылымен, біреудің жазғанымен жүре беру енді бізге қиянат болатын шығар!
Жүргізуші:
– Құрметті қонақтар, Азаттық радиосы осымен өзінің дөңгелек үстелін аяқтайды. Редакция пікірталасқа қатысқандарыңыз үшін сіздерге алғыс айтады.
Айдос Жұқанұлы (Алматы) 05.07.2011 13:34
Әрине, бірінші қабылдаған кезде жұрт шулайды, әңгіме қылады. Орыстың газеттері жазар, айтар. Бірақ Әзербайжан да дәл осындайды басынан өткізді, Өзбекстан да өткізді. Яғни «ит үреді – керуен көшед» дегеннің әңгімесі ғой. Әркім өз тағдырын өзі таңдайды. Біреудің ақылымен, біреудің жазғанымен жүре беру енді бізге қиянат болатын шығар!
Бұған алып қосарым жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |