Шерубай Құрманбайұлы:
– Жалпы, бұл латын тіліне көшу мәселесі бүгін көтеріліп отырған мәселе емес екенін өздеріңіз айтып жатырсыздар ғой. Осыған дейін бізде білім және ғылым министрлігінің тікелей ұйымдастыруымен ғалымдардан тұратын тілші, тарихшы, әдебиетші және социолог мамандардан тұратын осындай топ құралған болатын. Бұл топ Әзірбайжанның, Өзбекстанның, Түркияның тәжірибесін зерттеп қайтқан болатын. Осының негізінде, латын графикасының негіздерінде «Қазақ әліпбиінің тарихы, тағылымы және болашағы» деген тақырыбына үлкен кітап та шығарды осы институт.
Латын әліпбиіне көше қалған жағдайда ертең қандай әліпбиді тұтынуымыз керек, қанша ол әліпбилік жүйемізде қанша таңба болатына шейін көптеген жобалар ұсынылды. Мамандардың тарапынан, басқа қаланың мамандардын тарапынан, тіл мамандарының тарапынан солардың ішінен негізгі төрт жоба таңдалып алды. Бұл біздің осы институттың ғалымдардың талқысынан өтіп дайын тұр. Енді тек қана сол саяси шешім қабылданып жатқан жағдайда, біз оны тиісті жаңадан құрылатын мемлекеттік комиссия болса, соның құрамына шығаруға дайынбыз.
Достарыңызбен бөлісу: |