ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІ
Жүргізуші:
– Рахмет, Шерубай мырза! Юлия ханым, Конституцияда көрсетілген мемлекеттік тіл мәртебесіне жете алмай келе жатқан қазақ тіліне енді латын тіліне көшу кесірін тигізбей ме?
Юлия Маркова:
– Әрине, бұл қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал тигізеді. Оның мәртебесі көтеріледі, өйткені тіліміз басқа мемлекеттермен бір қатарда тұрады. Басқа мемлекеттермен қарым-қатынасымыз оңайырақ болады.
Икрам Хасимжанов:
– Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстанның тәжірибелерін үйрену керек. Біздің қазақ әдебиетіміз кириллицада жазылған, оның бәрі қайта жазыла ма, әйтпесе сол күйінде қала ма? Қазір да қарсы шығатындар болады, бірақ біз саяси шешімді қабылдаудан бұрын халықтың пікірімен ақылдасып, солармен бірге келіскен соң қабылдауымыз қажет.
Икрам Хасимжанов, Шымкенттегі «Жануби Қозогистан» газеті редакторының орынбасары.
Айдос Сарым:
– Егер бүгінгі халыққа салатын болсаңыз, тіпті референдум өткізсеңіз, халықтың көбі өзінің баяғы консервативтік дағдысынан «осы менен кейін болсыншы» деген әңгімені айтады да, бұған қарсы шығатыны анық. Сондықтан саяси элита, саяси басшымыз, депутаттар осыған ең алдымен дайын болу керек.
Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің мәртебесіне дем береді. Себебі барлық кітаптарды жаңадан шығару керек болады. Бүгінгідей екі мың немесе бір мың таралымдай емес, кәдімгідей он мыңдап, жүз мыңдап, бүкіл мектепке, бүкіл аудандық кітапханаға, бәріне жететіндей етіп шығару мәселесі шығады.
Яғни, бұл бірнеше саланың экономикалық дамуына да үлкен ықпалын тигізеді, және осыған дейін көп жылдар бойы шықпай қалған қаншама әдебиет бар, қаншама тарих кітаптары бар, басқасы бар – осының бәрін жаңартып, қайтадан рухани айналымға түсуі, қайтадан оқыла басталуы үлкен ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |