ТУЫСҚАН ТҮРКІ ТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ
Тілдік жоспарлау әдетте көптілділік жағдайында және әртүрлі мәдениет кезінде орын алады. Осыған байланысты, бір тілге қатысты жоспарлау басқа тілдерді пайдалануға және сәйкес этникалық топтарға әсер етеді. Белсенді пайдаланылатын тілді немесе тілдерді таңдау, әдетте өкіметтің қарым-қатынасы мен әлеуметтік-саяси мүддесін бейнелейді. Тіл саясатымен байланысты көптеген дау-дамайлардың негізінде саяси бірегейлік жатыр, әсіресе, бұрын атап көрсеткендей, ұлттық бірегейлік мәселесі жаңа мемлекеттерде ашық жарыссөз алаңына айналған. Тіл саласындағы әртүрлі пікірлер ең бірінші кезекте «теңдік» және «теңсіздік» ұғымдарына қатысты. Кейбір айырмашылықтармен осы айтылғандар әр мемлекеттердің тілдері арасындағы бәсекелестікке де қатысты. Қайта құруды жүргізудегі қиындықтар барлық қажеттіліктер мен сұраныстарды саралай отырып, тілдердің өзара бәсекелестігіне қатысты да пайда болды, сонымен қатар басты тілдің ұлттық бірегейлігін сақтап қалуға тырысты. Ғылыми зерттеулер негізінде әзірленген қайта құрулар, мемлекеттік мекемелер және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ ел басшылығы пайдаланатын тілді байытуға және білім беру құрылымына өзгерістер енгізуге бағытталған. Жоспарлау әдетте екі тілге - басты және орыс тіліне қатысты болды. Республикалардың әрқайсысында басты тіл мемлекеттік болып табылды, ал орыс тілі кейбір республикаларда ресми мәртебеге ие болды және мемлекеттік мәртебе алуға ұмтылады. Әр мемлекеттің үкіметі басты тілге жаңа бағыт берді, мұның өзі орыс тілінің бұрынғы мәртебесіне айтарлықтай әсер етпей қоймады. Кеңес басқаруында 25 жыл жұмыс атқарған және бекітілген орыс тіліне негізделген тіл саясатын орыс тілінен алшақтауды көздейтін саясатқа өзгерту қажеттігі туындады. Кейбір жағдайларда бұл басты тілді меңгерудегі ережелерді енгізуден тұрды, мемлекеттік секторда жұмыс істеудің міндетті шарты ретінде қолданылды, білім беру ісі мен топонимикада басты тілдің рөлі артты, сондай-ақ тілдің құрылымына өзгерістер енгізу арқылы лексиканы өзгерту, және, ең бастысы, Әзірбайжанда, Өзбекстанда және Түрікменстанда жазба тілді кириллицадан латын графикасына көшіру арқылы өтті. Жоғарыда айтылғандарды саралай келе, тілге байланысты мәселелер, аталған мемлекеттен славян халқының эмиграциясының негізгі себептерінің бірі болуы да мүмкін (негізінен Ресей Федерациясына). 10 жыл бойына (1992 жылдан бастап 2002 жыл аралығында) орыс халқының жарты бөлігі Әзірбайжан мен Тәжікстаннан, шамамен төрттен бірі - Өзбекстаннан, Қырғызстан мен Түркіменстаннан, және 20 пайызға жуығы - Қазақстаннан көшіп кеткен. Жалпы алғанда барлығы екі миллионнан аса адам эмиграцияға ұшыраған. Тіл саласындағы заңдар мен нұсқаулықтар тәуелсіз республикаларда ерекше мәнге ие болғанымен, мүмкін, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қоғамдық толқулар басылған соң, аталған мемлекеттің тілді зерттеу жоспарындағы күнделікті өмірінде не болғаны туралы мәселелерге тоқталған дұрысырақ болар. Білім беру саласында тілді меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған жаңа шешімдерді іздестіру жүріп жатты. Алғашқы кезде кеңестік дәуір үлгісімен жүру үрдістері басым болды - төрт жыл бастауыш және бес жыл аралық орта мектепте білім беру, содан кейін екі жыл орта мектеп немесе кәсіби оқыту керек болды. Бітірушілер оқуды университеттерде, институттарда немесе арнайы колледждерде жалғастыра алатын болды. Осындай оқу орны саны, мемлекеттік, сондай-ақ жеке оқу орындары, едәуір көбейді. Олардың көбісінде оқыту тілі ретіндегі басты тіл мен орыс тілі арасындағы бәсекелестік жалғасуда; аса сирек жағдайда басқа тілдер де пайдаланылды. Жаңа жағдайдың Кеңестер Одағындағы орын алған жағдайдан тағы бір айырмашылығын атап айтқан жөн. Кеңестер Одағында қаржыландыру және білім беру мәселелері Москвада шешілді. Тәуелсіз мемлекетте әр кезеңдерде оқу орындарындағы оқыту тілін таңдау туралы мәселе әрқалай шешілді, ол қойылған міндеттерге және оны атқару кезіндегі құралдардың қол жетімділігіне байланысты болды. Сонымен, мектептер мен университеттерде тілдерді оқытудың жаңа бағдарламалары енгізілді, олар әуелгіде кеңес дәуірі үлгісімен жүрді, ал содан соң оларға көбінесе европалық және американдық үлгілерге сәйкес өзгерістер енгізілді. Алайда халықтың ересек бөлігіне тілді үйретуге назар аударылған жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тіл комиссиялары құрылды, олардың міндеттеріне лексиканы өзгерту кірді, ол негізінен орыс сөздері мен техникалық терминдерді басты тілге аудару есебінен жүргізілді. Бұл аса оңай міндет емес еді. Сөздердің баламаларын іздеу үшін әдетте түркі тілдері, сондай-ақ парсы және араб тілдері пайдаланылды. Одан басқа, аздаған дәрежеде, сондай мақсатта ағылшын және латын тілдеріне жүгінді. Лексикадағы негізгі өзгерістер саяси терминологияны да қамтыды. Дегенмен тәуелсіздік жылдарында жүргізілген тілдік қайта құрудың аса көлемдісі, сөзсіз, алфавитті өзгерту еді. Алфавитті құру барлық жерде аса маңызды оқиғаға айналды, және тілдік реформа кезінде осындай оқиғаның қарастырылып отырған аймақтағы рөлі артты. Алайда қазіргі уақытта бұл феномен әзірше іс жүзінде зерттелген жоқ. 1995 жылы, бірінші рет латын алфавиті енгізілген кезде, барлық мемлекетте халықтың ересек бөлігі арасында сауатсыздықтың ең төменгі деңгейі анықталған болатын: ЮНЕСКО білім беру ісі жөніндегі Бүкіләлемдік баяндама мәліметтері бойынша 0,3 және 0,4% арасында. Алфавитті латындандыру жүзеге асырылған елдердегі сауатсыздық деңгейі қаншалықты өскені туралы дәл мәліметтер алған және оны басқа үш елдегі сәйкес көрсеткіштермен салыстырған жөн болар еді.
Тіл саясатын жүргізудің қиындықтары да болды. Бәрін қамтитын тілдік реформалар оны жүргізудегі жоғары белсенділіктен әлдеқайда артығырақ екені мәлім. Басты тілге қатысты қандай да бір мемлекеттік реформалар алты мемлекетте жүргізілсе де қажетті статистикалық мәліметтер әлі де жоқтың қасы.
Кейбір елдерде олар сәйкес топтардың қарсылығына қарамастан іс жүзінде басқа да көптеген этникалық тілдерге қатысты болған жоқ. Ресми тілдік саясат барған сайын басты емес этникалық топтардың мәнін кемсітіп отыр. Сипатталған мемлекеттердегі аймақтағы көптеген этникалық және тілі жағынан аз ұлыстар мекендейді. Біріншіден, осы азшылық, бұрын құрылған байырғы халыққа қатысты болып отыр, бәлкім бүгінгі басты көпшілік туралы айтып та керегі жоқ шығар. Әр жаңа республиканың басты элиталары өз мемлекеті мен мемлекеттігін құруға үлкен күш салғандықтан, оларда, шамасы, барлық этникалық топтардың теңдігі туралы үнемі ресми түрде мәлімдеме жасағандарына қарамастан іс жүзінде басқа этникалық топтармен бірге қызмет ұйымдастыруға уақыт та қалмаған сияқты. Сонымен бірге, әр мемлекетте басты тіл үстем болғандықтан, орыс тілін ішінара ығыстыру сезіліп қалды.
Шынында да, аздаған ұлттардың тілдерін дамытуға қатысты мемлекеттік қандай да бір әрекеттің мүлдем болмауы немесе бірқалыпты жүргізілуі жағдайында көбінесе осы тілдерге екінші жанама орын берілді. Осындай үдеріс, басқалары сияқты, ерекше назар басты тілге аударылатынымен түсіндіріледі. Мысалы, кириллицаны пайдалануды жалғастыру аздаған ұлттар өкілдерінің тілдерді үйренуіне жағдай жасағаннан гөрі кедергі келтірді, оларға енді басты тілдің жақында енгізілген латын графикасын меңгеру қажет болды. Шынында да, мұндай жағдай, егер мемлекет қолдаған қолайлы ахуал болмаса, аздаған ұлттар өкілдері тілдері мәртебесін бұрынғыдан да түсіріп жіберуі мүмкін еді және егер ол тілде сөйлейтін адамдар саны, өте аз болғанда, олардың кейбіреулерінің тіршілік етуіне қауіп төндірген болар еді. Мемлекеттік тілде сөйлей алатындардың артықшылығы өзінен өзі түсінікті болса да, ол аздаған ұлттар өкілдеріне таралған жоқ. Сондықтан да осы жағдайға қатысты мемлекеттерге талдау жасаған дұрыс болар еді. Тілге деген қарым-қатынас және тіл саласындағы қызмет этникалық жағынан көп ұлт өкілдері мен этникалық жағынан аз ұлт өкілдерінің әртүрлі салдары бар. Бірінші жағдайда әңгіме ұлттық қайта жаңғыру туралы болып отыр, ал екіншісінде – табысты түрде аяғынан тұрып кету туралы. Бұл барлық мемлекеттерде, әртүрлі дәрежеде болса да, президент пен оның кеңесшілерінің мемлекеттік басымдықтары мен ресми стратегияларына толық тәуелі бола тұра саяси сипатқа ие болды. Қазіргі және алдағы болатын тілдік қайта құрулардың жетістіктерін дұрыс бағалау үшін, тілдік жағдаят пен онымен байланысты мәселелерді шешудегі ең жақсы тәсілдерді талдау жасау, қабылданатын шешімдерді үнемі реттеуге бағытталған белгілі бір анық мақсаттар мен стратегияларды алға қою, әлеуметтік, экономикалық және саяси қиындықтарды есепке алу және жасалатын қадамдарды талқылау және сынап отыру қажет. Бұл қоғам үшін оңай міндет емес, өйткені онда көп жылдар бойына еліктеуге рұқсат етілді де, бастамашылдыққа жол берілмеді.