Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жшс «Мемлекеттік тілді дамыту институты»


Узбекский язык: взрослым – кириллица, детям – латиница. http://www.stanradar.com. 23.04.2014



бет19/37
Дата16.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#43427
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
treatise110635

24. Узбекский язык: взрослым – кириллица, детям – латиница. http://www.stanradar.com. 23.04.2014.


25. Шарипов О. Латинизация алфавита. Узбекски опыт.-С-6. 28.04.2007. http://www.fergananews.com.


Түрікменстаннңң жазу реформасы

Ф.ғ.к., доцент Матбек Н.


Қазіргі уақытта Түрікменстан түрікмендері – латынға негізделген әліпбиді, ал Таяу және Орта Шығыс елдердеріндегі түрікмендер парсы стиліндегі араб алфавитін қолданады.


Түрікмен жазба тілі XIII-XIV ғасырларда қалыптасты. Ол уақытта жазу үшін араб алфавиті қолданылды. XVIII ғасырдың өзінде түрікмен тілінде бай әдебиет болды. Соған қарамастан тұрғындардың ана тіліндегі сауаттылығы тіпті XIX ғасырдың аяғында 1 %-дан төмен болды. Кітап басып шығару шектеулі болды, түрікмен тіліндегі тұңғыш әліппе тек 1913 жылы, ал тұңғыш газет "Закаспийская туземная газета" 1914 жылы жарық көрді.
1920 жылға дейін түрікмендер тек қана араб жазуын қолданды. Бұл жазу түркі тілдеріне бейімделмеген болатын. Онда түрікмен тіліне тән арнайы дыбыстарды белгілейтін белгілер болмады әрі араб тілінде түрікмен тілінде жоқ көптеген әріптер болды.
Кеңес үкіметі орнаған алғашқы жылдары КСРО түрікмендерінің араб әліпбиі екі рет: 1922 және 1925 жылдары реформаланды. Реформа барысында түркі фонемасын белгілеу үшін дәйекші белгісі бар әріптер енгізіліп, түрікмен тілінде жоқ дыбыстардың әріптері алынылып тасталды. Қазіргі таңда да Ауғанстан, Ирак пен Ирандағы түрікмендер бұрынғыша араб графикасына негізделген жазуды қолданып келеді.
1925 жылы шілдеде "Түрікменстан" республикалық газеті беттерінде жаңа латын алфавитіне көшу туралы мәселе көтерілді. 1926 жылдың ақпан-наурыз айларында Бакуде өткен І Бүкілодақтық түркологиялық съезден соң Түрікмен КСР-і Халық ағарту комитеті жанындағы Мемлекеттік Ғылыми кеңес жаңа алфавит жобасын жасады. 1927 жылдың басында бұл алфавит баспасөз беттерінде жарияланды. 1928 жылдың 3 қаңтарында Түрікмен КСР-і Орталық атқару комитеті жаңа латын алфавитін бекітті. БАҚ материалдарының бір бөлігі сол алфавитпен бірден жариялана бастады және 1928 жылдың қыркүйегінен оқу орындарына енгізіле бастады. Барлық ресми салаларда жаңа алфавитке тұтастай көшу 1929 мамырында жүзеге асырылды. Бастапқыда жаңа алфавитте 40 әріп болды: A a, Aa aa, B в, C c, Ç ç, D d, E e, Ə ә, F f, G g, Ƣ ƣ, H h, I i, Ii ii, J j, K k, L ʟ, M m, N n, Ŋ ŋ, O o, Oo oo, Ɵɵ ɵɵ, P p, Q q, R r, S s, Ş ş, T t, U u, Uu uu, V v, X x, Y y, Yy yy, Z z, Ƶ ƶ, Ь ь, Ьь ьь.
1930 жылы І ғылыми лингвистикалық конференцияда созылыңқы дауысты дыбыстарды белгілейтін диграфтар ресми түрде алфавиттен алынылып тасталынды. 1934 жылы орфографиялық комиссия шешімімен ƣ және q әріптері, ал 2 жылдан соң x әрпі алынылып тасталынды. Алынылып тасталынған әріптердің орнына сәйкесінше g, k және h әріптері қолданыла бастады. Алфавиттегі ъ әрпінің орны өзгертілді: ол бастапқыда я-дан кейін орналасса, 1954 жылдан бастап щ мен ы-ның арасына орналастырылды.
1930 жылдардың соңында барлық КСРО-да жазуды кириллшелендіру үдерісі басталды. 1939 жылдың қаңтарында «Sovet Tųrқmenistanь» газетінде Ашхабадтың және Ашхабад ауданы мұғалімдерінің түрікмен жазуын кириллше негізге көшіру туралы бастама көтерген хаты жарияланды. Түрікмен КСР-і Жоғары Кеңесі Президиумы Тіл және әдебиет ғылыми-зерттеу институтына жаңа алфавит жобасын жасауды тапсырды. Ашхабад пединституты оқытушылары мен баспасөз қызметкерлері жаңа жазу жасауға қатыстырылды. 1940 жылы сәуірінде алфавит жобасы жарияланды.
1940 мамырында Түрікмен КСР-інде 1940 жылдың 1 шілдесінен барлық мемлекеттік және қоғамдық мекемелерді жаңа алфавитке көшіру және сол жылдың 1 қыркүйегінен мектептерде жаңа алфавитпен оқытуды бастау туралы қаулы қабылданды. Кириллше түрікмен алфавиті: А а, Ə ә, Б б, В в, Г г, Ғ ғ, Д д, Е е, Ё ё, Ж ж, З з, И и, Й й, К к, Қ қ, Л л, М м, Н н, Ң ң, О о, Ө ө, П п, Р р, С с, Т т, У у, Ү ү, Ұ ұ, Ф ф, Х х, Һ һ, Ц ц, Ч ч, Ҷ ҷ, Ш ш, Ы ы, Э э, Ю ю, Я я.
1990 жылдардың басында, КСРО ыдырағаннан соң, Түрікмения президенті С.Ниязовтың жарлығымен түрікмен орфографиясын оқуды жеңілдету мақсатында түрікмен жазуы латын графикалық негізіне көшіру басталды.
М. Соегов басқарған Тіл білімі институтының бір топ ғалымдары жаңа алфавиттің алғашқы нұсқасын дайындап шықты. Бұл жоба 1992 жылы 19 тамызда «Түрікменстан» газетінде жарияланды. Сонымен қатар осы жылы бірнеше жоба ұсынылды. 1992 жылғы түрікмен алфавиті құрамы төмендегідей болды: A a, B b, C c, D d, E e, Ea ea, F f, G g, H h, I i, J j, Jh jh, K k, L l, M m, N n, Ng ng, O o, Q q, P p, R r, S s, Sh sh, T t, Ts ts, U u, V v, W w, X x, Y y, Z z.
1993 жылдың қаңтарында Түрікмения Ғылым академиясында жаңа алфавит туралы мәжіліс болып өтті. Мәжілісте С.А. Ниязов төрағасы болып сайланған алфавит жасау бойынша сарапшылар құрылды. 1993 жылы 12 сәуірде Мәжіліс жаңа алфавит туралы президент жарлығын бекітті. Жаңа түрікмен алфавитінің әріптері: Aa, Bb, Çç, Dd, Ee, Ää, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, £ſ, Kk, Ll, Mm, Nn, Ññ, Oo, Öö, Pp, Rr, Ss, $¢, Tt, Uu, Üü, Ww, Yy, ¥ÿ, Zz. Бұл алфавтиттің ерекшелігі кейбір түрікмен тіліне тән арнайы дыбыстардың валюта белгілерімен (доллар, йен, фунтпен) таңбалануы болды.
Жаңа түрікмен латыншасының 1930 жылдардағы яналифтен едәуір айырмасы болды. Қыпшақ тілдерінен келген деп саналатын Ғғ, Ққ, Һһ, Ұұ әріптері алынып, әдеттегі латынның Gg, Kk, Hh, Uu әріптеріне алмастырылды. "Ниязовтың" жаңа түрікмен алфавиті: A a, B b, Ç ç, D d, E e, Ä ä, F f, G g, H h, I i, J j, Ž ž, K k, L l, M m, N n, Ň ň, O o, Ö ö, P p, R r, S s, Ş ş, T t, U u, Ü ü, W w, Y y, Ý ý, Z z.
Көп ұзамай бұл алфавит орнына осы күні де қолданыстағы басқа нұсқасы енгізілді. 2000 жылдан осы алфавит Түрікменияның барлық ресми салаларында рұқсат етілген нұсқа болып табылады.
Қазіргі түрікмен алфавиті: a, b, ç, d, e, ä, f, g, h, i, j, ž, k, l, m, n, ň, o, ö, p, r, s, ş, t, u, ü, w, y, ý, z.
Кез келген тілдің жазуын латын графикасына көшіруде үш негізгі: әлеуметтік-мәдени, экономикалық және саяси фактор маңызды рөл атқарады. Әзірбайжан мен Өзбекстан сияқты Түрікменстан да тәуелсіздік алғаннан кейін жаңғырту жолына түсуге бел байлады және латын әліпбиіне көшу арқылы кеңестік дәуірді артқа тастағысы келді. Латын әліпбиіне көшу үдерісі, негізінен, 1990 жылдарда өтті. 1993 жылы 21 қаңтарда үкімет президенттің өзі төрағалық еткен өкілеттігі зор комитетті құрды. Комитеттің жұмысына Түрікменстан Ғылымдары академиясы Мақтымқұлы атындағы Тіл және әдебиет институты басшылық етуге тиіс болды.
Комитет өз жұмысын әдетте компьютерлік бағдарламаларда пайдаланылатын латын белгілерін іріктеуден бастады, алайда нәтижесінде мәтін өңдеуге арналған бағдарламаларда өте сирек кездесетін бірнеше арнайы белгілер таңдалып алынды. Көп өтпей-ақ президенттің 1993 жылғы 12 сәуірдегі жарлығы шықты, оны дәл сол күні Парламент қабылдады да, латын әліпбиіне көшу туралы заң жарияланды. Латын әліпбиіне толығымен көшу 1996 жылдың 1 қаңтарында жүзеге асуы тиіс болды. Комитет 30 әріптен тұратын латын әліпбиін дайындады және оны баспасөзде жариялауды ұсынды. Комитет латын графикасын көшедегі хабарламаларда және газет беттерінде пайдалануды қатаң тапсырды.
Жыл сайын мектепте бір сынып негізінде латындануды енгізген Әзірбайжан мен Өзбекстаннан айырмашылығы сол: Түрікменстанда уақытты үнемдеу мақсатында бірден бірнеше қатарлас сыныптарда латын графикасын енгізу жоспарланды. Қолға алынған бағдарламаны 1995-1996 оқу жылынан бастау жоспарланып, оны орындауды 2000 жылы аяқтау керек болды. Сол уақыт ішінде латын әрпімен жаңа мектеп оқулықтары дайындалып шығарылуы тиіс болды. Бағдарлама аса таңғаларлық жылдамдықпен жүзеге асырылды: латын графикасы 1993 жылы 12 сәуірдегі жарлықпен енгізілді, ал 1993-94 оқу жылы латын әліпбиін үйрететін мұғалімдерді даярлауға арналуы тиіс болды. Кейбір филологтер кириллицаны араб графикасына ауыстыру туралы ұсыныс айтты, бірақ олардың пікіріне ешкім құлақ аспады.
Барлық сыныптарға арналған оқулықтарды құрастыру және басып шығаруға көптеген күш жұмсалды, алайда шығарылған оқулықтар саны жеткіліксіз болып шықты. Үкімет мекемелері де жаңа графикаға көшуі тиіс болды. Латындандыру кампаниясына баспасөз бен теледидар да жұмылдырылды. Ниязов парламент мүшелеріне компьютер сияқты ақпараттық технологияларды қолданудың мәнін атап өте отыра, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндірді. Латын графикасы пайдаланылған алғашқы кітап 1995 жылдың басында жарық көрді. Кітап мемлекет президентінің қызметін сипаттауға арналды. 1995 және 1996 жылдары әліпбиді оңайлату мақсатында, оған өзгерістер енгізілді. Алайда жаңа әріптер әліпбиді одан да әрі қиындатып жіберді. Мысалы, "щ" әрпі басында "хг" арқылы берілсе, соңынан "г" болып ауыстырылды.
Жаңа әліпбиді енгізудегі кідірістер қымбатқа түсті. Дегенмен сол кезде де, кейінгі уақытта да, 2010 жылдың сәуірінде жан басына шаққандағы ЖІӨ 5 439 АҚШ долларына бағаланған газға бай Түрікменстанда бұл басты мәселе емес еді. Газды сатудан түскен табыстарға қарамастан, өкімет талап етілген уақытта латын графикасы пайдаланылған оқулықтардың жеткілікті санын шығара алмады. Сондықтан да 2009 жылы ауылдық жерлерде әлі де болса 1988 жылы шығарылған геометрия, биология, химия және алгебра пәндері бойынша кеңес дәуірі оқулықтары пайдаланылды.
Латын графикасын мемлекеттік басқаруға және қоғамдық өмірге енгізуді жылдамдату мақсатында 1999 жылы желтоқсанның аяғында Халық Кеңесі, Ақсақалдар кеңесі және "Галкыныш" Жалпы ұлттық қозғалысы "Түрікмен тілі мен түрікмен ұлттық әрпін тәуелсіз Түрікменстанның мемлекеттік органдары жұмыстары мен өмірдің сан салаларында ұтымды пайдалану" бойынша шешім қабылдады.
Шешім 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енуі тиіс болды, және оны орындауды бақылау 23 мүшеден тұратын комитетке тапсырылды. Шынымен де, 2000 жылдың 2 қаңтарынан бастап газеттер ұдайы түрде Ниязовтың айрықша авторитарлық басқару үлгісінде латындандырылған түрікмен тілінде мақалалар жариялай бастады. 1999 жылдың желтоқсан айының аяғынан бастап барлық оқулықтар мен түрікмен тілін зерттеуге арналған материалдарда латын белгілері қолданыла бастады. 2008 жылы басып шығарылған және қолжетімді кітаптар саны аз болғанмен де, латындандырылған түрікмен тілі барлық жерде пайдаланылды.
Кейбір зерттеушілер атап көрсеткендей, әліпбиді ауыстыру халықтың ересек бөлігі арасында сауатсыздықтың ерекше өсуіне алып келді.
Түрікмен алфавитін латын графикасы негізіне көшіруде елдің шынайы мүмкіндіктері ескерілмей жүзеге асырылды, сондықтан ол білім беру сапасына кері әсер етті. Мәселен, 2-сыныпқа жаңа оқулықтар шығарылмағандықтан, бірінші сынып оқушылары жаңа латынша алфавитпен оқығанымен, келесі жылы кириллше оқуға да мәжбүр болды. Мұндай жағдай реформа басталғаннан кейін 5-6 жыл бойы қайталанды.
"КСРО ыдырағаннан кейін түркілік идеяның қайта жаңғырғаны жасырын емес. Түркияның бастамасымен 1991 жылы Стамбул қаласында халықаралық ғылыми симпозиум өтіп, түркітілдес елдерге ортақ әліпбидің жобасы ұсынылған-ды. Бірақ атал­ған әліпби, негізінен, Түркияның қолданыстағы әріптерінен жасалды. Нәтиже­сінде 34 әріптен тұратын әліпбидің 29-ы түріктердің әріптерінен тұрды. Бұл жобаны бірінші болып 1991 жылдың желтоқсан айында Әзірбайжан қабылдады. 1993 жыл­дың сәуірінде Түрікменстан және сол жылдың қыркүйегінде Өзбекстан мақұлдады. Десе де 1992 жылы Әзірбайжан өзі­нің әліпбиін реформалап, кириллицадан әріптер алып қосады. Ал 1995 жылдың ма­мыр айында Өзбекстан 1993 жылы қа­был­даған әліпбиінен басы бүтін бас тартып, 26 латын әрпінен жасақталған жаңа әліпбиді қабылдайды. Әлбетте, бұл нұсқа Қара­қалпақстанға да енгізіледі. 1995 жы­лы Түрікменстан да Түркия ұсынған бастап­қы әліпбиге өзгерістер енгізіп, әріп­тік реформа жасады. Татар латын әліпбиі 1999 жылы қабылданып, 2005 жылы қолданыс­тан шығарылды. Яғни латын әріптерін қол­да­натын түркітіл­дес елдердің әліпбилерінің өзінде бірізділік жоқ. Бұл жерде асығыстық танытпаған Қазақстанның ұтқаны мол сияқты. Себебі қазір Өзбекстан­дағы кішкентай жарна­маның өзі өзбек тілінде екі рет (латын, кириллица) және орыс тілінде жазылады. Өзбекстанның жіберген ең басты кемшілі­гіне – жаңа әліп­биді әзірлеу жө­ніндегі комиссия құрамын­да лингвист ға­лым­дар­дың аз болуы салдарынан жаңа әліпбидің дұрыс жасалмауы, соған байланысты әліпби мен орфогра­фиялық ере­женің төрт рет өзгеруін атап өтуге болады" [1].
Түркі тілдері жазуын латыншаға көшірудің едәуір тарихы бар. Латын графикасына көшу түрік тілінде 1928 жылы жүзеге асты. 1929 жылы КСРО-да түркітілдерін жаңа латын әліпбиіне көшіру туралы қаулы қабылданды. Бірнеше жылдардан соң олардды кирилл алфавитіне ауыстыру басталды.
КСРО ыдыраған соң 1991 жылы көптеген түркі халықтары өз жазуларын латын графикасына көшіру жайлы мәселе көтере бастады. Бүгінгі таңда латын жазуына көшкендер: Түрікменстан (1993), Өзбекстан (1993, 1996), Әзірбайжан (2004). 
"Түркітілдес мемлекеттердің латын гра­фи­касына көшудегі саяси-лингвисти­калық ұстанымдары: генезисі және эволю­ция­сы" атты тақырыпта зерттеу жасаған жас ғалым Айдос Сәдуақасов диссертация­сында түркітілдес елдердің латын графика­сына көшу реформаларына зерттеу жүргізу арқылы Қазақстан үшін осы елдердің әліпби реформасының жағымды жақтарын алып, латын графикалы әліпбиге көшудің қазақстандық моделін жасаудың болашағы зор дегенді айтады. Оның зерттеулеріне қарағанда, іріктеп қолданатын тәжірибе ретінде Түркияның халықты жаңа жазуға үйрету әдістемесі мен тілді үйренудегі патриоттық сананы тәрбиелеу идеология­сын, Әзірбайжанның мемлекеттік тіл мен әліпбиді ұлттық рәміздер қатарына қосу саясатын, латын графикасын білім жүйесі мен баспа ісінде қолдану технологиясын, жаңа жазуда классикалық әдебиеттерді көп данамен шығару тәжірибесін, Өзбекс­танның әліпби реформасы кезінде жүзеге асыратын іс-шараларды анықтауы мен қаржыландыру көлемін белгілеу тәжірибе­сін қолданған жөн. Ал Түрікменстанның ла­тын графикасына көшу реформасынан "бір дыбысқа – бір әріп" қағидатын қатаң ұстану тәжірибесін алудың лингвистикалық маңызы зор. Сонымен қатар 1920-1940 жылдардағы қазақ әліпбиін латын графи­касына көшіру тәжірибесінің оң жақтарын да ескерген абзал" [1].
Ғалым А. Шәріпбай жазбасын латын әліпбиіне көшіруді жүргізген түркітілдес елдердің (Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан) тәжірибелерін қарастыра келе: "1928 жылы қабылданған түрік тілінің әліпбиі 29 әріптен тұрады, олардың ішінде базалық латын әліпбиінен тыс 6 әріп ğ, ü, ş, ı, ö, ç бар.
1990 жылдары бірнеше рет өзгерген түрікмен тілінің әліпбиі 30 әріптен тұрады, олардың ішінде базалық латын әліпбиінен тыс 8 әріп ç, ä, ž, ň, ö, ş, ü, ẏ бар.
1993 жылы қабылданған өзбек тілінің әліпбиі базалық латын әліпбиінен тыс 6 әріп ç, ş, ğ, ö, ñ, ɉ қамтыды, ал 1995 жылы оларды әліпбиден алып тастап, орфографиялық ережелерді қайта жазды: аталған әріптер ch, sh, g’, o’, ng және j-ға сәйкес ауыстырылды.
2004 жылы қабылданған әзірбайжан тілінің әліпбиі 32 әріптен тұрады, онда латын әліпбиінен тыс 8 әріп ç, ә, ğ, ı, İ, ö, ş, ü бар.
Осылардың ішінде тек қана өзбек әліпбиін компьютер мен телефондарда жұмыс істету үшін қосымша шрифтер мен драйверлерді жасауды талап етпейді" [2], – деген салыстырулар жасайды.
Түрікменстанда ресми қабылданған жазу жүйесі – Täze Elipbiý («Жаңа алфавит») – латын алфавитіне негізделген. Әйтсе де ескі «кеңестік» кирилл әліпбиі де кеңінен қолданылады. Ішінара оны жаңа үкіметтің әрекетіне қарсылық белгісі ретінде, оған латын алфавитіне көшу де жатады, саяси оппозиция өкілдері қолданады.
Түрікменстан Конституциясына сәйкес ресми мемлекеттік тіл – түрікмен тілі. Іс жүзінде барлық тұрғындар ұлтаралық қарым-қатынас тілі – орыс тілін біледі. Түрікменстанда 1999 жылдан бастап орыс тілі мен орыстілді ақпараттық кеңістікті тарату қысқартылды: орыстілді мектептер, ЖОО-лар жабылды, 2000 жылдың 1 қаңтарынан іс жүргізу түрікмен тіліне көшірілді, соңғы 10 жылда берілген кеңестік және ресейлік дипломдар жарамсыз саналды, ресейлік газеттерге жазылуға, ресейлік радиостансыларды таратуға тыйым салынды.
1990 жылы орыс тілі заңды түрде «ұлтаралық қарым-қатынас тілі» болып жарияланса, 1992 жылы тәуелсіз Түрікменстан Конституциясында орыс тілі туралы ескерілмеді.
1990 жылдың 24 мамырындағы Заңға сәйкес түрікмен тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатысым тілі болып жарияланды.
Орыс тіліндегі географиялық атаулар мен әкімшілік терминдерді түрікмендендіруге қатысты 1992 жылғы мамырда қабылданған шешім орындалды, уақыт өте келе көптеген көшелер, мекемелер, ғимараттар мен ұжымшарлардың атауы түрікмен батырлары есімдері мен мәдени оқиғалар атауына өзгертілді. Алты қала мен бір облыс атауы, сондай-ақ басқа да бірқатар атаулардың жазылуы ауыстырылды, тіпті кейбіреулері бірнеше рет өзгертілді. Көптеген қалалар мен аудандар атауы оларға түрікмен сөздерінің дыбысталуын беру үшін ғана өзгертіліп жатты.
Географиялық атауларды түрікмендендіру 1990 жылдарда қарқынды басталып, 2000 жылдарға жалғасты. Түрікмендендірілген қала атауларына мысал келтіретін болсақ: Ташауз – Дашогузге, Небит-Даг – Балканабатқа, Чарджоу – Түрікменабадқа, Красноводск президент Ниязовтың лауазымы бойынша Түрікменбашыға өзгертілді. Ұлттық өзіндік пайымдаудың басты белгісі орыс терминдері мен атауларын түрікмен атауларына мақсатты түрде ауыстыруға негізділді. Осындай өзгертулер бүкіл елді қамтыды.
Мемлекеттік қызметпен байланысты, сондай-ақ техникалық терминдер де орыс тілінен түрікмен тіліне аударылды. Мысалы, орыс тілінен енген "поезд" сөзі түрікмен тілінің "оtlу" сөзімен алмастырылды, ол сөз "отты орамал" деген мағынаны білдіреді. Дерусификация үдерісінде түрікмен тілінде кең таралған араб және парсы сөздері пайдаланылды.
Мамандар тілді өзгертуге ерекше күш салды, орыс терминдері мен сөздерін ығыстыра отырып, оларды жергілікті баламалармен ауыстырды. Жаңа сөздер туралы ақпаратты тарату мақсатында 5000 дана таралыммен Tuгkmen TILI (Түрікмен тілі ) апталығы жарыққа шығарылды. 1992 жылғы Конституция түрікмен (немесе түркі) түбірлері негізінде жаңа әкімшілік және саяси терминдерді енгізуге қолайлы жағдай туғызды.
Осы үдеріс Конституция жарияланғаннан кейін де жалғасын тапты. Түрікменстан халық кеңесі "Мәжіліске" (Халық Ассамблеясы "Халд Маслахатына") ауыстырылды. "Облыс" "чуекуаг" болды, ал "колхоз" "сІауЬапқа" айналды. Әкімшілік органдарға араб тіліндегі түрікмен атаулары берілді.
1990 жылдардың басында латын графикасына көшкен түркітілдес елдердің бірі – Түрікменстан. Кеңес үкіметі тұсында түрікмен тілі мен жазуы түркі халықтары тәрізді орыс тілі мен жазуының ықпалында болды. Біраз жыл басқа кеңес үкіметі құрамындағы халықтар сияқты Түрікменстандағы ресми іс қағаздар мен мемлекеттік органдардың жұмысы орыс тілінде жүргізіліп, бұл жағдай түрікмен тілінің қолданыс аясының тарылуына алып келді.
Кеңестік биліктің орыс тілінің үстемдігіне негіздеп қалыптастырған жағдайды түзету Түрікменстанда 1990 жылдан бастау алды. Дәл осы жылы Түрікменстан Жоғары Кеңесінің "Тіл туралы" Заңына сәйкес елде түрікмен тілі – мемлекеттік тіл болып жарияланды. "Түркі тілдері" хрестоматиясында: "Түрікмен тілі – түрікмен халқының ұлттық тілі және Түрікмен Республикасының мемлекеттік тілі. Түрікмен тілі оғыздардың батыс тайпа тілдері негізінде қалыптасқанымен, өзінің даму барысында қыпшақ тілдерінің кейбір белгілерін қабылдаған. Негізгі диалектілері теке, жаумыт, ерсары, салыр, сарық, чаудор т.б. Ставрополь өлкесіндегі түрікмен диалек-тісін "трухмен тілі" деп атау дәстүрі бар. Көне түрікмен әдеби тілі, негізінен, поэзия тілі болды. Қазіргі түрікмен әдеби тілі текин (теке) диалектісі негізінде қалыптасқан" [3, 75], – деген мәлімет берілген.
1991 жылғы 27 қазанда Түрікменстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдағаннан кейін елде тіл саясатын жүргізудің жаңа ұлттық қағидаттары белгіленді. Туысқан түрік және әзірбайжан халықтары жазуларының латын графикасына көшуі түрікмендердің де әліпби реформасын жүргізуіне түрткі болды. Оның үстіне кириллица түрікмен тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне толық жауап бермейтін. Түркияда 1990 жылдардың басында түркітілдес халықтардың жазуларын латын графикасы негізіндегі ортақ түркі әліпбиіне көшіру жөнінде бастама Сапармұрат Ниязов басқаратын Түрікменстан мемлекетінің әліпби өзгерту туралы шешім қабылдауына ықпал етті. Қоғамдық-саяси ортадағы бұл жағдай мерзімді баспасөз бетінде әліпби жөніндегі жарияланымдардың негізгі тақырыбына айналды. Елде латын графикасына көшу және кириллицада қалу ұстанымдарының айналасында түрлі көзқарастар орын алды. Латын графикасына көшкен өзге түркітілдес елдермен салыстырғанда байқалған бір ерекшелікке Түрікменстанның латын графикасына көшуде араб жазуын жақтаушылардың болмауын айтуға болады. Ресми билік тәуелсіз Түрікменстанның ұлттық жазуын Сталиндік тоталитарлық жүйе енгізген орыс жазуынан тазартып, түркі халықтарымен бір жазу кеңістігінде болуды қалады.
Осы кезеңдегі жағдай туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің бастамасымен құрылған экспедициялық топ мүшелері: "Кириллицаға қарағанда латын жазуының артықшылықтары туралы айтыс пен түрікмен тілінің төл дыбыстарын қандай әріппен таңбалау жөніндегі пікірталастар болды.
1993 жылы 12 сәуір күні Түркия Президенті Тұрғұт Озал Ашхабадқа ресми сапармен келген кезде Ниязов оған ерекше сыйлық – республикада латын әліпбиін енгізу туралы Жарлықты ұсынды. Мұнда "Тазе Түрікмен Әліпбийі" ("Жаңа түрікмен әліпбиі") деп аталатын латын жазуы осылайша түрікмен тілінің графикалық негізіне айналды. Түрікменстан Парламенті бұл жарлықты 1993 жылдың мамырында бекітіп, 32 әріптен тұратын латын әліпбиіне көшуді аяқтау мерзімін 1996 жылдың 1 қаңтарына дейін белгіледі.
Келесі президенттік Жарлық 1993 жылы 25 маусымда қабылданып, оған сәйкес алға қойылған мақсатқа қол жеткізудің кең көлемді бағдарламасын жүзеге асыру басталды" [4, 120], – деп баяндайды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Түрікменстанда орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесін беру жөніндегі идеяны орыс диаспорасы өкілдері қозғағанымен, бұл мәселе Түрікменстан билігі тарапынан қолдау таппады.
Түрікменстанның ұлттық саясатындағы идеологиялық жұмыстар, оның ішінде тіл саясатындағы әліпби реформасы елдегі орыстілді диаспора өкілдерінің алаңдатушылығын тудырды. Оған қоса, тоқсаныншы жылдардың басында орыс тілінде білім беретін мектептер саны күрт қысқарды. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен қатар елдегі авторитарлық режим мен білім саласындағы тілдік шектеулер салдарынан көптеген диаспора өкілдері өздерінің тарихи отандарына кетулеріне мәжбүр болды. Әсіресе елде славян ұлтының өкілдері үдере көшті. 1992 жылдан бастап Түрікменстанда өмір сүретін өзге этнос өкілдерінің ұлттық мәдени орталықтарын құруға тыйым салына бастады. Бұл жағдай елдегі этносаралық ахуалды тіпті күрделендіріп жібереді. Түрікмен басшылық идеология мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталды. Елде шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына тыйым салынып, ғылым мен техниканың жетістіктері, атап айтқанда, интернетті қолдану халықтық қолдауға ие болмады.
1993 жылдың 23 сәуірде Түрікменстан Президенті Сапармұрад Ниязовтың Жарлығымен жаңа түрікмен әліпбиіне көшу жұмыстарымен айналысқанының негізінде Мемлекеттік ұйымдастыру комитеті кұрылды. Оның құрамына лингивист-ғалымдар мен мемлекеттік орган өкілдерінен тұратын 14 адам мүше болды. Комитет жұмысына Президенттің өзі төрағалық етті. Ұйымдастыру комитеті елде латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің жобасы мен оған қатысты пікірлерді баспасөзде жариялап отырды. 1994 жылдың 29 қыркүйегінде Түрікменбасшының "Түрікменстандағы білім беру мекемелерінің жаңа әліпбиге көшуі туралы" Жарлығына сәйкес барлық буындағы оқу орындары латын графикасы негізіндегі Түрікмен тілінің жаңа әліпбиін үйренуге және осы әліпбимен жазылған оқулықтарды пайдалануға кірісті. Барлық мемлекеттік мекемелелер мен бұқаралық ақпарат құралдары жаңа әліпбиге тездетіп көше бастады. Себебі 1993 жылы жарияланған Президент жарлығына сәйкес латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшу мерзімі 1996 жылы аяқталуы тиіс болатын. Алайда, елде орын алған қаржылық дағдарысқа байланысты әліпби реформасы белгіленген мерзімде аяқталмады. Соған қарамастан Түрікменстан үкіметі жаңа әліпбиге көшу реформасын жалғастыра берді.
1995 жылы Түрікменстанда жүргізілген халық санағы түрікмендердің елдегі негізгі мемлекет құраушы ұлт екендігін айқындап берді. Бұл Түрікменстанның ұлттық саясаттағы іргелі реформаларды жүргізуге демографиялық ахуалдың жағымды болып табылатынын көрсетті. Соған қарамастан елдегі орыс диаспорасының орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесін сұрау талабы тоқтамады. Дегенмен бұл саяси талап үкімет тарапынан бірнеше рет қанағаттандырылмады. 1996 жылдың маусымынан бастап Түрікменстан басшылығы географиялық атаулар мен адам есімдерін жазудағы түрікмен тілінің орфографиясын орыс тілді БАҚ мәтіндері мен ресми құжаттарда қолданудан бас тартты. Түрікменстанда орыс тілінде шығатын газеттерде астана атауы Ашгабад емес, қайтадан Ашхабад болып жазыла бастады. Зерттеуші Б.Сахариев түрікмен әліпбиі туралы: "Мұнда қосымша белгілер қолданылады. Дегенмен латынның Q, X, V әріптері пайдаланылмаған. Бұл әліпбиде 30 әріп бар. Бұл іс жүзінде пратикалылығымен бізге тиімді болып келеді" [4, 244] – деген тұжырым жасайды.
1997 жылы 1 қаңтардағы Түрікменстан президентінің жаңа әліпбиге көшу жұмыстарын аяқтау туралы Жарлығы латын графикасына көшу мәселесінің тек қана лингвистикалық емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси сипаты зор мәселе екендігін аңғартты. Жалпы алғанда, Түрікменстандағы әліпби реформасын жүргізуге қатысты мынадай шаралар жүргізілді:
1) Ұйымдастырушылық іс-шаралар: жаңа әліпбиді зерделеу мен насихаттау жөніндегі ұйымдастыру комитеттері мен комиссияларын құру; жаңа әліпбиді насихаттау; әліпбиді үйрету жөніндегі курстар ұйымдастыру; жаңа әліпбидің әріптері бейнеленген күнтізбелер шығару; ресми бланкілер, кестелер мен өзге де құжаттарды жаңа әліпбиге көшіру; көрнекі ақпаратты, қала, көше және т.б. атауларын жаңа әліпбиге көшіру; жарнамалық ақпараттарды жаңа әліпбиге көшіру.
2) Ғылыми-әдістемелік және оқыту базасын құру іс-шаралары: әріптердің үлгілерін әзірлеу мен жариялау; баспаханалық техниканы әзірлеу; оқу, қалталық сөздіктерді шығару; оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу; фонетика, лингвистика, терминология, синтаксис және т.б. бойынша көптомдық материалдар құрастыру.
3) Материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету іс-шаралары [4, 121]. Яғни жоғарыда көрсетілген іс-шаралардың барлығы түрікмен халқының жазуын латын әліпбиіне ауыстыруға негізделген.
Сонымен қатар осы ұстанымның барлығы "түрікмен тілінің дамуы дамуы – түрікмен ұлтының дамуы" деген идеологиялық қағидаға сәйкес жасалған сияқты. Соның айқын көрінісі ретінде ұлттық фонетикалық жүйесі орыс тіліне негізделінген әліпбиді түрікмен тілінің дыбыстық және жазу ерекшеліктеріне сәйкес қайта жасақтап, оның графикалық негізі ретінде кириллицадан бас тартып, түркі халықтарының тілдерін бейнелеуге жақын келетін латын графикасына көшуі.
1990 жылдардан бастап түрікмендердің ұлттық сана-сезімінің күшеюі Түрікменстан мемлекетінің ұлттық тарихи дамуын мақсатты түрде кеңестік сәйкестіліктен түркілік сәйкестілік арнасына ауыстырды. Жаһандану дәуіріндегі түрікмендердің ұлттық идеология саласындағы іс-әрекеттері, негізінен, қоғамдық қатынастардың барлық саласында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және әліпбиді реформалауға бағытталды. Ал бұл реформалар өз кезегінде Түрікменстанда құрған орыс тілі мен орыс мәдениетінің арылуға алып келді.
Бұрынғы бодан елдер егемендікке қол жеткізген кезде отарлықтың кез келген атрибутын лақтырып тастап, ұлттық идентификацияға ұмтылады. Адамзат тарихында тіл коммуникация құралы ғана емес, саяси, эканомикалық өктемдіктің де құралы болып келгені бесенеден белгілі» [5] – деген пікір кеңестік кезеңде өмір сүріп, өз тәуелсіздігін алған түркітілдес мемлекеттердің барлығына тән болды. Оған дәлел кеңестік жүйенің құрамындағы түркі халықтары 1990 жылдардың басында-ақ әліпби реформасын жүргізуі ұлттық бірегейлікпен байланысты.
Түрікменстандағы латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшу реформасы толығымен 2000 жылы аяқталды. Жаңа түрікмен әліпбиін іске асыру жөніндегі комиссия 1999 жылы бастапқы жобадағы әліпбиді өзгертіп, 30 әріптен тұратын түрікмен әліпбиін бекітті. Түрікменстан латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшу жөніндегі келісімді қолдап, оны іске асырғанымен, түркі халықтарына ортақ дыбыстарды бір әріппен таңбалау жөніндегі ұстанымды жүзеге асыра алмады. Осының әсерінен, түрікмендердің орыс тіліндегі «ц» дыбысын орыс немесе шетел сөзінде кездескен жағдайда латынның «z» әріпімен белгілеу жөніндегі шешімді өзбектердің саяси-лингвистикалық ұстанымымен үйлесті. Түрікменстандағы латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшу кезінде бірқатар кемшіліктер де болды: олар түркі халықтарының тілдеріне ортақ дыбысты бір әріппен таңбалау жөніндегі қағидалар іске аспады; әліпби реформасы белгіленген мерзімде аяқталмады; әліпби реформасы елдегі этносаралық жағдайға кері әсер етті; кириллицамен жазылған тарихи-мәдени мұралар уақытында аударылмады; ересектер үшін бұл әлібиді меңгеру өте қиынға соқты.
Ал осы аталған реформасының ұтымдылығы туралы мыналарды атауға болады: жаңа әліпбиде түрікмен тілінің ұлттық фонетикалық ерекшеліктерінің ескерілуі; әліпби реформасының негізінде түрікмен тілінің қолданыс аясын кеңейді; жаңа орфологиялық ережеге негізделіп жер-су аттары түрікмен тіліне ауыстырылды; ең ұтымдылығы кірме сөздермен ғылыми-техникалық терминдердің айтылу мен жазылуы түрікмен тілінің дыбыстық табиғатына негізделуі; осы реформа арқылы түрікмен халқының түркілік ұлттық бірегейлікке қол жеткізуі; жаңа әліпбидің негізінде әлемдік ақпараттық-қарымқатынастың кеңестік жетістіктерін пайдалануға зор мүмкін-дік алды; сонымен қатар осы реформа нәтежесінде халықтың саяси сауатылығы артты.
Қоғамдық-саяси дамудың, техника, ғылымда қол жеткен табыстары қоғамдық-саяси өмірдегі, ғылым мен техника саласындағы түрікмен тілі лексикасының үздіксіз байытуда. Түрікменстан Республикасында жүргізілген елеулі терминологиялық жұмыстар нәтижесінде көптеген терминологиялық сөздіктер мен арнайы зерттеулер жарыққа шықты.
Латын алфавитіндегі ғылыми-техникаға арналған терминдер физика-математика, әскери, қоғамдық-саяси терминдер 30-жылдары жарыққа шықты. Ал 40-жылдары құрастырылған сөздіктер іс жүзінде қазірге дейін қолданылып келеді. Аталған сөздіктерді кезінде Түрікменстан ҒА Тіл білімі институтының тілші ғалымдары құрастырған.
Арнайы терминологиялық сөздіктерден өзге түрікмен лингвистері терминологиялық жұмыстардың теориясы мен практикасы бойынша арнайы зерттеулерді жарыққа шығарды. Терминология мәселелері бойынша басқосулар мен конференциялар да өткізілді.
Қазіргі әдеби түрікмен тілінің нормаларын қалыптастырудың негізгі кезеңдері түрікмен лингвистикалық съездері өткен уақыттарға: біріншісі – 1936 жылға, екіншісі 1954 жылға тұспа-тұс келеді. Ресми қабылданған жазу жүйесі – «Жаңа алфавит» (Täze Elipbiý) – латын алфавитіне негізделген. Әйтсе де ескі «кеңестік» кирилл әліпбиі де кеңінен қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет