Өзбекстан республикасындағы тілдік реформа
Ф.ғ.к.., доцент Оспанова Б.Р.
Өзбекстан республикасында тіл туралы Заңы 1989 жылы 21 қазанда Кеңестер Одағы құлағанға дейін қабылданды [1, 401- 417б.]. Заңға сәйкес, өзбек тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды және барлық мемлекеттік қызметкерлерге осы тілді меңгеру талабы қойылды. Алайда заңның осы тарауы 1998 жыл асығыс қабылданған шешім ретінде парламент арқылы жойылды [2, 9 б.].Орыс тілін пайдалану бұрынғыдай заңды құжаттарға қатысты қолданылатын болды. Кейіннен 1995 жылғы желтоқсанда қабылданған Тіл туралы заңның қайта қарастырылған редакциясында өзбек тілі мемлекеттік тіл ретінде қайта атап көрсетілді [3]. Өзбекстанның тіл туралы заңнамасының кейбір құқықтық нормаларын қарастырсақ. Өзбек КСР «Тіл туралы» 1989 жылы алғашқы Заңында өзбек тілі мемлекеттік деп танылып, орыс тіліне ұлтаралық қатысым тілі деген мәртебе берілген. Оған кеңес өкіметі кезіндегі орыс тілінің үстем қолданыста болып, бірталай өзбек азаматтарының орыстана бастауы дәлел. Осыдан арылудың бір жолы әліпби өзгерту деп тапқан Өзбекстан үкіметі 1993 жылы 2 қыркүйекте «Латын графикасы негізіндегі өзбек әліпбиін енгізу туралы» заң қабылдады. Бұл заңға сәйкес 26 әріп, үш әріптік тіркестен тұратын графемалар жүйесі қабылданды. Ал «Өзбекстан Республикасы мемлекеттік тілі туралы» заңының 1995 жылғы 21 желтоқсанындағы жаңа редакциясы 24 бабтан тұрады, онда өзбек тіліне мемлекеттік мәртебе беру республика тұрғындарының ана тілін қолдануына ешбір шек қоймайтыны айтылған. Заңның 6-бабына сәйкес Өзбекстан азаматтары оқу тілін таңдауға құқы бар. Өзбекстан республикасы орта, арнайы орта, жоғары білімді мемлекеттік не басқа тілде алуға кепілдік береді. Ресми екі тіліділік пен көптілділік Өзбекстанда заң жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде тек ұлтаралық қатынастарда ғана көрініс тапқан.
1994 жылдың 16 маусымында осы заңды жүзеге асырушы мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Осы бағдарлама бойынша орта және жоғары білім беретін мекемелерде өзбек тілі мен әдебиетінің оқулықтарын, өзбек тілінің сөздіктерін жасау жоспарланды. 1993 жылдың 2 қыркүйегінде Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжілісі өзінің XIII сесиясында «Латын графикасына негізделген өзбек әліпбиінің алғашқы нұсқасын бекітті. Онда 31 әріп пен бір апостроф болды. 1994 жылдың 16 маусымында аталған заңды іске асыру мақсатында Үкімет қаулысымен 10 тармақтан тұратын мемлекеттік бағдарлама бекітілді.
Бағдарламада:
- 1995 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепттерде 1сыныптан бастап латын жазуын оқыту;
- халықты жаңа әліпбиге үйретуді 2000 жылғы 1 қыркүйегінде аяқтау, латын графикасына сәйкес жаңа орфологиялық ереже әзірлеу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру;
-1995 жылдың 1 тамызына дейін мектепке дейінгі және орта білім мекемелері үшін қажетті оқулықтар шығару; жоғары оқу орындарында өзбек тілі мен әдебиетінің оқулықтары мен сөздіктерді шығару; барлық орта арнаулы және жоғары оқу орындары үшін жаңа әліпбиді үйрету жөніндегі 60 сағаттық арнайы курс әзірлеу туралы мемлекеттік оргондарга берілетін тапсырмалар көрсетілді. Дегенмен заңда және тиісті бағдарламада көрсетілген мерзім ішінде Өзбекстанда жаңа әліпбиге көшудің дайындық жұмыстары толығымен жүзеге аспады. Мәселен, жаңа әліпби 100 мың данамен 1994 жылы басылып, 1 сынып оқушыларын латын әліпбине үйрету бір жылға кешіктіріліп, 1996 жылдың 1 қыркүйегінде басталатын болды. Соған қарамастан, Өзбекстан үкіметі электронды және мерзімді БАҚ арқылы халыққа латын графикасына негізделген әліпбиді үйретуді жалғастыра бастады.
Әліпби ауыстыруда асығыстық танытқан Өзбекстан Республикасы Парламентінің Жоғарғы Мәжілісі 1995 жылдың 6 маусымында «Латын графикасына негізделген өзбек әліпбиіне көшу туралы заңға өзгерістер енгізу туралы» Заң қабылдады. Осы заңға сәйкес латын графикасына көшу мерзімі тағы бес жылға ұзартылып, оған толық көшуді аяқтау 2005 жылдың 1 қыркүйегі деп бекітілді.
Ал, жаңа әліпбиге түбегейлі өзгерістер енгізілді. Бұл әліпбиде 31 әріп емес, 29 әріп және бір апостроф көрініс тапты. 29 әріптің үшеуі – біріккен (дифтонг) әріптерден тұрды. щ, ч, ц секілді дауыссыздарды бейнелеуде латын графикасының ағылшындық тәсілі қолданылды. Ал ц дыбысы 2 бөлек әріпке айналды. Ол сөзде келуіне қарай s және ts болып таңбаланатын болды. Әліпбиге енген бұл өзгеріс ең соңғысы болып саналғанымен, түрленген әліпбиді игеру орта мектептердегі білім алушыларға бірқатар қиындықтар тудырды. Осыған орай, 1995 жылдың 24 тамызында Өзбекстан Министрлер Кеңесі өзгеріске түскен латын графикалы өзбек әліпбиінің әріптерін қалай оқып-жазу керектігін түсіндіретін арнайы қаулы шығарды. Ал осы жылдың 21 желтоқсанда «Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тіл туралы» Заңына өзгерістер енгізілді. Мәселен, 1989 жылы «Тілдер туралы» Заңда орыс тілі ұлтаралық тіл болып белгіленсе, 1995 жылғы «Өзбекстан Республикасының мемілекеттік тіл туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұл норма алынып тасталып, оның орынына «ұлтаралық қатынас тілін азаматтардың өздері таңдауға құқылы» деген бап енгізілді.
Соңғы он жылда Өзбекстан лингвистикалық кеңістігінде орыс тілінің белсенділігі айтарлықтай төмендегеніне қарамастан, бұл тіл бірқатар қоғамдық маңызды салалардағы өзінің жетекші рөлін жоғалтқан жоқ. «Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тіл туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге саяси баға берер болсақ, онда бұл құқықтық-нормативтік құжат ұлттық саясатты дамыту мен елдегі полиэтникалық жағдайды ескере отырып жасалған деуге болады. Сонымен қатар осы заңды жүзеге асыру тәртібіне қатысқан Өзбекстан Парламенті Мәжілісінің қаулысы қабылданып, онда да жаңа әліпбиге толық көшу мерзімі он жылға ұзартылғаны айтылды. Осы құқықтық актілерден кейін Өзбекстандағы әліпби реформасы қарқын алды. Өзбекстандағы 1993-2007 жылдар арасында жүргізілген латыншаландыру реформасын зерттеген Ләззат Дүйсембекова: «өзбек ағайындарымыз ц әріпін әліпбидің екінші нұсқасын қабылдаған кезде алып тастап отырса, щ-ны мүлдем енгізбеген. Бірақ мұның да азабын тартып отырмыз дейді өздері. Щ өзбек тілінде кездеспегенімен, кірме сөздерде, фамилияларда кездеседі. Тілдік құрамда бар нәрсені таңбалау керек. Оның үстіне латын қарпі Өзбекстандағы ресми әліпбидің таңбасы ретінде қолданылатындықтан, азаматтардың жеке құжаттарындағы жазуды кирилл таңбасынан латынға өзгертіп жаңа құжат берген кезде олардың аты-жөнінде кездесетін щ-ны таңбалау қажеттігі туған көрінеді...» [4, 6 б.]-деген пікіріне қарап, олардың осы реформаны жасаудың алдында жаңа әліпбиді лингвистикалық тұрғыдан толық қарастырмағандығын байқаймыз. Яғни біз қазақ жазуын латын графикасына көшіру барысында түркі елдері жіберген қателіктерге бой алдырмауымыз қажет.
1993 жылы Өзбекстанда тіл реформасы өтіп, өзбек тілі латын графикасына көшірілді.
1-сурет - қазіргі өзбек әліпбиі:
Өзбек жазуының ерекшелеріне тоқталсақ:
«Қазіргі латын жазуындағы Oʻoʻ әрпіне, кирилде — Ўў, Яналифте — Oo келеді. Бұл әріп жуан жартылай жабық о дыбысын (кәдімгі о дыбысына ұқсас) белгілейді ([o]). Қазіргі латын жазуындағы Oo әрпіне, кирилде — Оо, Яналифте — Aa келеді (Оо емес!). Бұл әріп [ɔ] жуан ашық дыбысын белгілейді (о мен а арасында естіледі). Қазіргі латын жазуындағы Aa әрпіне, кирилде — Аа, Яналифте — Əə келеді. Бұл әріп жіңішке ашық ә дыбысын белгілейді ([ɑ]). Кирил жазуындағы Ёё, Юю, Яя, латында тиісінше Yo yo, Yu yu, Ya ya тіркесімдері келеді. Ее әрпі сөз басында және дауыстылардың соңында Ye ye тіркесім бен жазылады.Ээ әрпі тура латын Ee әрпімен жазылады. Цц әрпі сөздің ішіндегі орнына қарай не Ts ts тіркесімімен, не Ss әрпімен жазылады.
Сөзде ia, io, ai, oi әріптері қиюласқанда, i әрпі iy деп оқылады: milliard, biologiya, mozaika, alkoloid.Сөзде ea, ae, oe әріптері қиюласқанда, e әрпі y (латын) деп оқылады: teatr, aerostat, poema. Сөзде с және ҳ қиюласқанда, латын жазуында әріп арасына келесідей апостроф салынады: мысалы, sʼh.Апостроф (ʼ) дауыстылар соңында жазылғанда, дауысты дыбыстың ұзартылғанын белгілейді: she'r, e'tibor; o‘ артына келгенде жазылмайлды: moʻjiz, moʻtadil, moʻtabar.
Апостроф (ʼ) дауысылар алдында жазылғанда, келесі дауысты дыбысының бөлек айтылуын (паузаны) белгілейді: inʼom, sanʼat, qatʼiy, masʼul. Егер қаріпте қосылмыш төңкерілген үтір (ʻ — u+0312 combining turned comma above), не нағыз типографиялық апостроф (ʼ — u+02bc modifier letter apostrophe) болмаса, тиісінше жалғыз сол тырнақшамен (‘ — u+2018 left single quotation mark) мен жалғыз оң тырнақшамен (’ — u+2019 right single quotation mark) алматырылуға мүмкін. е-пошта, sms, т.б. қызметтерде бұлар тиісінше (` — u+0060 grave accent) және (' — u+0027 apostrophe) дегенмен алмастырылады.»[5]
Ташкенттегі тілдік жағдаятты зерттеген А.А.Космарский пікірінше [6], Өзбекстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасуы орыс тілінің статусын елеулі төмендетті. «Өзбекстан Республикасы мемлекеттік тілі туралы» 1995 жылы 21 желтоқсанында жаңа редакциясында қабылданған Заңында орыс тілі мәртебесі жөнінде ешнәрсе айтылмаған деген пікір келтірген.
Қызығы, кеңестік кезеңде орыс тілділер негізінен ірі қалаларда, индустрия орталықтарында қоныстанған.
Мұның өзі өзбек-орыс билингвизмінің аясын тарылтты. Республикада кеңес кезеңінің өзінде-ақ өзбектер демографиялық тұрғыдан басым келген. Мысалы, 1989 жылығы санақ қорытындысы бойынша, орыстар үлесі бар болғаны 8,4% құрады, ал Қазақстанда сол кезде орыстар халқы 37,4% еді. Орыстардың Өзбекстаннан көшуі өзбек тілінің мәртебесін одан әрі қүшейтті. ХХ ғасырдың басында орыстар Өзбекстан халқының небары 4,8%-ын құрады.
2009 ж. басында республика халқы 27,9 млн. адамға жеткен. Тұрғындар өсімі, әсіресе тығыз қоныстанған ауылдық жерден айқын байқалады.
Өзбекстанның этникалық портреті мынадай: 80%-дан астамы өзбектер, 10% – басқа ұлт өкілдері,оның ішінде: 5% – тәжіктер, 2,0% – қазақтар, 2,5% – қарақалпақтар, 1% – қырғыздар, түркмендер және басқалары. 5% – орыстар, татарлар – 1,5%, республикада сонымен бірге украиндықтар, еврейлер, басқа да ұлт өкілдері бар. Ташкентте 2,3 млн. адам, онда Өзбекстандағы орыс тұрғындарының жартысынан көбі тұрады. Бұл қала тұрғындарының 30%. Білім министрлігі мәліметіне сүйенсек, 2007/2008 оқу жылы 9765 мектеп жұмыс істеген, оның 739 орыстілді, (350 мың оқушысымен ). 1195 лицей мен колледжде көрініс басқаша: орыс топтары колледжде 50% құрайды, лицейлерде – 90%. Ал, 2016 жылдың 1шілдесіндегі мәлмет бойынша 31,807 миллион адамға жеткен, оның 50,6 % — қалалық 49,4 % — ауылдық тұрғындарды құраған.
«Өзбекстан тұрғындары» (https://ru.wikipedia.org) деген мақалада Өзбекстанда 2016 жылдың қаңтар-шілде айларында халық саны 231,7 мың адамға өскен. Ал 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында 318,0 мың адмға жеткен деп көрсетілген.
Ал 2013 жылдың 1 қаңтарындағы ұлттардың үлес салмағын анықтайтын мәліметтерге жүгінсек, өзбектер – 24858159 адам (халықтың 82 %); тәжіктер –1449974 адам. (халықтың 4,8 %); орыстар – 809530 адам (2,6 % халықтың); татарлар – 211119 адам. (халықтың 0,7 %); корейлер – 184699 адам (халықтың 0,6 %) [5]. Осы мәліметтер өзбекстанда тұратын халықтың ұлттық құрамын көрсете отырып, өзбекстанда тұратын халықтың негізгі үлесін өзбек халқы екендігін байқатады. Яғни барлық шығарлыған тілдік саясатқа қатысты заңдар өзбек тілінің өркендеуіне бағыталғандығын.
Заң өзбек тілінің барлық салаларда, әсіресе, білім беру саласында қолданылуын мақұлдады. Сондай-ақ Заң да барлық азаматтар қарым-қатынас тілін таңдауға құқылы екені, мекемелер қызметкерлері өзбек тілін білмейтін болса, ресми хат-хабарды басқа тілдерде жүргізуге мүмкіндігі бар екені көрсетілді. Заңның бірінші редакциясынан кейін де орыс тілі күнделікті өмірде белгілі бір орынға ие болды және осы тілде бұрынғыша нотариалдық куәландырылған құжаттарды алуға болатын болды [7].
Бұл жоғарыда көрсетілген мәліметтер өзбекстанда тұратын халықтың ұлттық құрамын көрсетіп отыр яғни өзбекстанда тұратын халықтың негізгі үлесін өзбек халқы екендігін байқатады. Жоғарыда сөз еткен барлық тілдік саясатқа қатысты заңдар өзбек тілінің өркендеуіне бағыталғандығын байқатады.
1 кесте – Өзбекстандағы орыс мектептерінің салыстырмалы түрдегі саны 1989/1990 - 2010/2011 ж.ж
Көрсеткіштері
|
Оқу жылы
|
1989/1990
|
2000/2001
|
2005/2006
|
2010/2011
|
Жалпы оқушы саны мың.адам.
|
4 297
|
6 018
|
6 131
|
5 100
|
Орыс тілінде білім алғандар саны мың. адам
|
636
|
321
|
270
|
221
|
Орыс тілінде білім алғандардың үлесі мың.адам
|
14,8
|
5,3
|
4,4
|
4,3
|
Жалпы мектеп саны
|
8 946
|
8 324
|
8 858
|
9 779
|
Орыс тілді мектептер мен орыс тілінде оқытатын мектептер саны
|
1 817
|
805
|
760
|
699
|
Орыс тілді мектептер мен орыс тілінде оқытатын мектептер санының үлестік көрсеткіші
|
20,3
|
9,8
|
7,6
|
7,1
|
2-кесте – 2001/2002-2010/2011 ж.ж. аралығындағы Өзбекстандағы орта кәсіптік білім беру мекемелеріндегі орыс тілінде білім алушылардың көрсеткіші
Көрсеткіші
|
Оқу жылы
|
2001/2002
|
2002/2003
|
2003/2004
|
2004/2005
|
2007/2008
|
2010/2011
|
Жалпы студент саны мың.адам
|
446,1
|
546,0
|
684,0
|
687
|
1075
|
1 450
|
Орыс тілінде білім алғандар саны мың.адам
|
33,6
|
36,7
|
42,5
|
46,4
|
50,0
|
55,0
|
Орыс тілінде білім алғандардың % көрсеткіші
|
7,6
|
6,8
|
6,3
|
6,7
|
4,7
|
3,8
|
3-кесте – Өзбекстандағы ЖОО-ның 2001/2002-2010/2011 оқу жылдарындағы орыс тілін оқыту көрсеткіштері
Көрсеткіші
|
оқу жылы
|
2001/2002
|
2002/2003
|
2003/2004
|
2004/2005
|
2007/2008
|
2010/2011
|
Жалпы студент саны,мың адам.
|
207,2
|
232,3
|
254,4
|
263,6
|
297,0
|
274,5
|
Кестенің жалғасы
|
|
|
|
|
|
|
Көрсеткіші
|
оқу жылы
|
2001/2002
|
2001/2002
|
2001/2002
|
2001/2002
|
2001/2002
|
2001/2002
|
Орыс тілінде білім алатындардың жалпы саны, мың адам.
|
41,5
|
43,1
|
43,7
|
40,3
|
33,0
|
25,0
|
Орыс тілінде білім алатындардың пайыздық көрсеткіші %
|
20,0
|
18,6
|
17,2
|
15,3
|
11,1
|
9,1
|
Мәліметтер Олий Мажлиса, 1995 г., № 6, ст. 119) http://www.lex.uz/ алынды.
Заң өзбек тілінің барлық салаларда, әсіресе, білім беру саласында қолданылуын мақұлдады. Заң да сондай-ақ көрсетілді, барлық азаматтар қарым-қатынас тілін таңдауға құқылы, мекемелердің қызметкерлері өзбек тілін білмейтін болса, ресми хат-хабар басқа тілдерде жүргізілуі мүмкін. Заңның бірінші редакциясынан кейін де орыс тілі күнделікті өмірде белгілі бір орынға ие болды, және осы тілде бұрынғыша нотариалдық куәландырылған құжаттарды алуға болатын болды [8, 236 б.].
Осындай жағдай Ташкент және Ташкент облысының өнеркәсіптік қалаларында және Науаи мен Зарафшан сияқты кеншілер қаласында әлі де көптеген этникалық орыстар мен орыстанып кеткендер тұратындығымен түсіндірілді. 1995 жылы қабылданған Тіл туралы заңның қайта қарастырылған редакциясы бірқатар пікірталастар тақырыбына айналып, бірқатар басылымдарда жарияланды.
1996 жылы маусымда Тіл туралы заңның қайта қарастырылған редакциясы қабылданған соң алты ай өткенде Graham Smith және оның қаламдастары 600 өзбек, орыс және тәжікпен тілдік заңнама туралы сауалнама жүргізді [9, 197-204 б.].
Өзбектердің көпшілігінің Заңды мақұлдауы таңқаларлық жайт емес еді, сол мезетте орыстар мен орыстанып кеткендер орыс тілі ерекше мәртебеге ие болуы тиіс деп санады, ал бірқатар тәжіктер олардың тілі елдегі ерекше мәртебеге ие үш тілдің бірі болатын Заң мақұлданғанын қалайтындықтарын білдірді. Өзбекстан кеңестік дәуірден кейінгі Орта Азиядағы 1992 жылғы өз Конституциясында да, тіл туралы қайта қарастырылған Заңда да орыс тілін ресми тіл немесе ұлтаралық қатынас тілі ретінде көрсетпеген бірден-бір мемлекет болды. Заңның қайта қарастырылған редакциясында өзбек тілінің негізгі рөлі басты назарда болды.
Бұрынғы кеңес өкіметінің құрамындағы республикалар өз алдына жеке тәуелсіз мемлекет болуы бірқатар өзгерістерге әкелді. Соның ішінде Өзбекстан, Әзірбайжан және Түрікменстан өз алфавиттерін кириллицадан латын әліпбиіне көшірді. Ал Өзбекстанда бұл өзгеріс Заңға сәйкес, латын әліпбиіне көшу 1993 жылдың 2 қыркүйегінен басталды және латын графикасына көшу 2000 жылдың 1 қыркүйегінде аяқталуы тиіс болды [10]. 1995 жылғы 6 мамырда қабылданған Заңның жаңа редакциясында бұрын таңдалған латын әріптері қайта қарастырылды. Заңнан үзінді келтірсек «Статья 2. При введении узбекского алфавита, основанного на латинской графике, сохраняются необходимые условия для овладения и использования арабской графики и кириллицы, на которых создано бесценное духовное наследие, являющееся национальной гордостью народа Узбекистана» [11]. Яғни араб графикасының кейбір элементтерін рухани құндылық ретінде сақтап қалды.
Түзетілген әріптер жиынтығы өзбек баспасөзінде 1995 жылдың 7 маусымында жарияланды. Алғашында жаңа әліпби жалпы қолданысқа 2000 жылға қарай енгізіледі деп ұйғарылды. Кейіннен әліпбиді өзгерту 2005 жылға ауыстырылды, дегенмен бұл мерзімде де бұл ресми түрде мойындалған жоқ. Халықтың ересек бөлігінің көбі жаңа әліпбиді басынан бастап оқуы қажеттігінен, тәжірибенің жоқтығынан, бюрократиялық аппараттың тиімсіздігінен және заманауи технологиялардың жоқтығынан латынға көшу аяқталып бітпеді. Осыған байланысты латын әліпбиіне толығымен көшуді жүзеге асырудың жаңа мерзімі - 2010 жыл деп тағайындалды, алайда бұл мерзімде де қойылған міндетті орындаудың сәті түспеді.
Мектептерде латын әліпбиін енгізу 1995 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған болатын (іс жүзінде латын әліпбиі мектептерге 1996 жылдың 1 қыркүйегінде жаңа оқулықтар пайда болғаннан бастап енгізіле бастады).1993-94 оқу жылында латын әліпбиін енгізуге байланысты мұғалімдер даярлау көзделген. Көптеген оқытушылар бүкіл дайындық жұмыстары алдын ала зерттеу жүргізілместен басталды деген шағымдарын айтты [12, 68 б.].
Латын әліпбиі бастауыш мектептің бірінші сыныптарына 1996-97 оқу жылында, ал келесі жылы - екінші сыныптарға енгізілді. Қазіргі уақытта латындандыру үдерісі Өзбекстан мен Қарақалпақстанның барлық мектептерінде аяқталды. Шетел зерттеушілірінің пікірінше әліпбиді өзгерту туралы мәселені талқылаудың бастапқы кезеңдерінде араб әліпбиіне көшу туралы шешім қабылданатын сияқты көрінген, өйткені халықтың 61,4% араб әліпбиін қолдаған болатын [13, 51б.] деген пікір келтірген. Егер шетел ғалымдарының мәліметтері дұрыс болса, бұл басқа қарастырлған мемлекеттегіден көбірек. Араб әліпбиіне көшу Өзбекстанның басқа облыстарында да бұқаралық деңгейде ислам мұрасына деген сезімдерін көрсетер еді.
1999 жылы өзбек баспасөзінде лингвистикалық комитеттің латын графикасының жақсарту мүмкіндіктерін талқылауды жалғастыратындығы туралы хабарлама пайда болды. Жаңа әліпбиді енгізу шын мәнісіндегі жаңғырту үдерісіне, батыс стиліне, дерусификацияға көшуді және кеңестік бір мәдениеттен ажырауды бейнелейді, яғни жаңа өзбек даралығын нақтылауға және ұлттық құндылықтарды қалпына келтіруге жағдай жасайды. Осы қағидаттардан шыға отырып, лингвистикалық және басқа да комитеттер жаңа өзбек әліпбиінде оны заманауи түрік әліпбиінен ерекшелеп тұратын қандай да бір белгілер болу керек деген ұйғарымға келді. Оған қоса, сол кездегі түрік-өзбек орта мектептеріне арналған екі тілді (түрік және латындандырылған өзбек тілінде) Стамбулда басылған мектеп оқулықтары асығыс шығарылды [11, 304 б.].
Қазіргі өзбек әліпбиінде ерекше әріптер жоқ, сондықтан да, тіпті онда өзбек алфавитінің барлық фонемалары қамтылмағанына қарамастан бұл әліпбиді пайдалану қолайлы.
Осы мәселеге қатысты қоғамдық пікір әр түрлі соның ішінде "Эрк" оппозициялық Демократиялық партиясының басшысы, ақын және жазушы Мұхаммад Салих жаңа өзбек графикасына таңдалған белгілерді қатал сынға алған [14]. Қоғамда осы секілді латындандырылған өзбек алфавиті көптеген бірлестіктер тарапынан да сынға ілікті. Соның ішінде өзбек лингвистері кириллицамен салыстырғанда қандай да бір артықшылықтардың бар екенін байқамағандығын Профессор Файзулла Исхаков (2003) өзінің президент Каримовке жазған ашық хатында өзбек графикасын латындандыруға қарсы шықты және осы қадамды өзбектерді олардың мәдени құндылықтарынан ажыратып тұрған орыстанудан қорқудың көрінісі ретінде бағалған. Латындандырылған өзбек алфавиті тіпті оқытушылар меңгеріп болған жоқ, және мектептерде көптеген қиындықтар туды дей келе мынандай қиындықтарды жіктеп көрсеткен: «Во-первых, проблема прекращения уже почти в течение 10 лет вялотекущего процесса перевода узбекской письменности на безграмотно приспособленный латинский алфавит. Необходимость отмены закона от 2 сентября 1993 года о латинизации очевидна, да и аргументов для этого более чем достаточно:
- это и принятие "умного" закона при игнорировании 9-й статьи Конституции Узбекистана ("о вынесении важнейших вопросов жизни общества и государства на всенародный референдум") Верховным Советом в обстановке русофобии и эйфории от независимости республики;
- угроза исчезновения культурного, научного богатства народов республики, основанного на кириллице, и заметное осложнение всего дела обучения подрастающих поколений, и явная нехватка государственных средств на реформу письменности, и провал первого этапа этой реформы (1 Сентября 2000 года) и т.д. К тому же, внедряемый алфавит, реформированный в 1995 году, остается суррогатным, непонятным даже для тех, кто обучает детей этому суррогату. А каково приходится 7-9 летним школьникам, одновременно изучающим 2-3 алфавита?» [15].
Графиканың латынға көшуін халық, тұтастай алғанда, бөгде құбылыс ретінде қабылдады, мұның өзі өзбек диаспорасының оқшаулануына әкеп соқты. Осы мәселе төңірегінде бірқатар қоғам қайраткерлері өздерінің сыный пікірлерін білдірді, соның бірі С. Мадалиев латындандыруды аса қатал сынға алды. Ол өзбек тілін латындандыруға қарсы төмендегідей пікір білдірді: Латындандыру түркі тілінде сөйлейтін көптеген адамдар арасындағы байланыстарды үзді және бұған ұлтшылдар кінәлі. Дауысты дыбыстарды белгілейтін символдар тым көп қосылған себепті қосымша өзгерістер енгізілді. Латындандыру үдерісінде қателіктерге жол берілді. Халықтың ересек бөлігі жаңа алфавитті үйренбестен, сауатсыздықта өмір сүріп өлетін болады. Өзбектер қайтадан сауатсыз халыққа айналды. Тіпті Ресейден бөлініп, батыстану жолына түссе де, мектептегі білім беру бағдарламаларының күрделенуі, «жақын шетелдерде» тұратын көптеген өзбектердің оқшаулануы (яғни кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте), аймақтағы ықпалдастық кедергілер, мәдени деңгейдің түсіп кетуі және тек Ресейден ғана емес, Түркиядан кетуі де миллиондаған доллар шығындардың орнын толтыра алмайды [16].
2007 жылы мамырда жаңа әліпбиді енгізу туралы шешім қабылданғаннан кейін 14 жыл өткен соң өзбек ғалымдарының бір тобы өзбек әліпбиін латындандыруға қатысты өз пікірлерін білдірді [17]. Топ құрамына лингвист, тарихшы және екі саясаттанушы ғалым кірді. Олардың пікірі төмендегідей болды:
1. Графиканы латындандыру саяси әрекет болды, Ресейге қарсылық ұстанымы тұрғысынан бағытталды әрі өте қымбатқа түсті.
2. Халықтың ересек бөлігі, мемлекеттік көшбасшыларды қоса алғанда, бұрынғыша, кириллицада оқып, жазуды қалайды.
3. Барлық өзбек фонемаларын кириллица арқылы барабар белгілеуге болады.
4. Латындандыру енгізілген кейін мектеп бітірушілер саны (пайыздық қатынаста) азайған.
5. Өзбек диаспорасы туған елімен байланыс жасай алмай қалды.
6. Латындандыру қоғамдық пікірмен санаспастан қабылданған, сондықтан да оны енгізу заңсыз болады.
7. Бір дыбысты графикалық бейнелеу үшін екі құрамдасты (мысалы, «ч», "ш", "ц") пайдалану қателесуге ұрындырады.
8. Әдебиет толығымен тұтас алғанда оқырманға қол жетімсіз болып қалды.
9. Көптеген құжаттарда, фирма бланктерінде, газет және баспасөз материалдарында бұрынғыша кириллица пайдаланылып жүр.
10.Сауаттылық төмендеп кетті, көпшілік кітапханалар дерлік бос тұр.
11. 1995 жылы жүргізілген жаңа латын әліпбиі реформасы түсінбестікке және жаңа оқулықтар мен басқа да әдебиеттер басудың қосымша шығындарын алып келді.
12. Кейбір мектеп мұғалімдері бұрынғыдай әлі де кириллицаны ауық-ауық пайдаланып жүр.
13. Түрік әдеби шығармаларын Өзбекстанда оқу мүмкін болмай қалды, өйткені латындандырылған түрік тілі латындандырылған өзбек тілінен өзгеше. Бұл тағы да латындандырылған өзбек тілін түрік графикасының өзге типтеріне қатысты оқшау жағдайда қалдырады.
Осындай пікірлерге қарамастан, өзбек мемлекеті өз саясатын жүргізіп келеді. Дегенмен кеткен олқылықтарды түзету шаралары да жүргізілді.
1998 жылға дейін латын графикасы пайдаланылған кітаптар – мектеп әліппесін, оқуға арналған мәтіндер жинағын және латын әліпбиіне көшуге көмекші материалдардан басқа кітаптар іс жүзінде шығарылмады. Осындай басылымдар үлгісі ретінде мектепке дейінгілерге арналған 32 беттен тұратын буклетті мысалға келтіруге болады.
Буклет 2003 жылы жазылған, оның авторларының ішінде Өзбекстандағы белгілі жазушылардың бірі Уткир Хашимов бар. Аса маңызды академиялық басылымдар арасында (432 беттен тұратын) орфографиялық сөздікті, 2004 жылы басқалар арқылы шығарылған (Өзбек тілінің орфографиялық кирилло-латын сөздігін) айтуға болады. Сөздікте алфавиттік тәртіппен берілген 14000 сөз қамтылған.
Басқа да кітаптар мен газеттердің жалпы саны бұрынғыша кириллицамен басылды. Шым-шытырық оқиғалар да болмай қалған жоқ - (Өзбек тілі және әдебиеті), негізгі жарияланымдары өзбек тілі мен әдебитіне арналған Өзбекстан Ұлттық академиясы ғылымының академиялық мерзімді басылымы тұтас бір жыл бойына (1998 жылдың үшінші шығарылымы - 1999 жылдың үшінші шығарылымы) кітаптың мазмұны латын және кириллица әріптерімен жарыққа шығып отырды. Сонымен қатар мақалалардың мәтіндері әлі күнге дейін кириллицаны қолданып басылып жүр.
Әліпбиді латындандыру даулы мәселе болып тұрғанымен де, көп жылдар бойы латын әліпбиі қоғамдық өмірге белсенді түрде енгізілуде. Сонымен бірге бұрынғыша кириллица да қолданылып жүр. Ташкенттің орталық аудандарында латын графикасы кең таралуда, ал дәстүрлі тұрғын үй (махалла) аудандарында ішінара кириллица қолданылса, ішінара латын да пайдаланылып жүр (жеке әңгіме, 2016 жыл, тамыз Қазақстанға келген өзбек жұмысшыларымен болған әңгіме). Өзбекстанның ауылдық жерлерінде өзбек тілі үшін кириллица орыс тілімен қатар пайдаланылып жүр. Графиканы жаппай ауыстыру үшін қаржы қиындықтары да болған, алайда бүгінгі күні бұл мәселе өз шешімін тапқан. 2007-2010 жылдар аралығында көшелердегі хабарламаларда, газеттерде, жарнамаларда, телевизиялық бағдарламалар мен кинофильмдердің субтитрларында кириллицамен бірге латын әріптері де қолданылуда болған. Бұдан басқа, кириллица әріптері кейбір ресми жарияланымдарда, сондай-ақ 2006 жылғы Халықтық білім беру министрлігі шығарған білім беру саласындағы статистикалық мәліметтерде сақталған. Ал 2011-1016 жылдары осы олқылықтар түзетілген. Сонымен қатар тағы бір латындандыруға қатысты мәселе Қарақалпақ автономиялық республикасында графиканы латындандыру 1994 жылғы 26 ақпандағы Заңға сәйкес жүргізілді. 1995 жылғы 10 маусымдағы 4 өзгеріс енгізілді [18, 5б.].
Заң шығарушы органдар жаңа өзбек графикасының қағидаттарын толық көлемде қабылдамады, олар Түркиядағы түрік графикасына ұқсас бұрынғы әдеттегі түркі графикасын тәуір деп есептеді.
Алайда 1995 жылдың тамызы мен желтоқсанында ресми өзбек латын графикасына бірнеше ай бұрын енгізілгендей Қарақалпақстанның латын графикасына да түгелдей орфографиялық өзгерістер енгізілді [19, 81-94 б.]. Тәжік, қазақ, түрікмен сияқты аз ұлт өкілдері тілдерінің кириллица графикасы еш өзгеріссіз қалды.
Өзбекстанның 63 ЖОО-да орыс тілі міндетті пән. Орыс тілді топтар Ташкент, Самарқант, Навои, Андижан, Фергана және басқа да облыстарда бар, орыс филологиясы факультеті барлық гуманитарлық ЖОО-да қарастырылған.
Алайда орыс тілін оқу сағаттары соңғы жылдары 240-тан 72 сағатқа дейін қысқарған. Өзбек тілінде оқитын филологиялық емес мамандықтар студенттері орыс тілін шет тілі ретінде тек бірінші курста ғана оқитын болған [20] Тілдік саясатты зерттеуші ғалым. Т.Абдуллаев пікірінше, орыс тілі Өзбекстанда әлі де айтарлықтай қажет, оған демеу болатын дәстүрлі де тамыры тереңге бойлаған билингвизм. Орыс тілінің білім беру саласында тұғыры мықты. Республикадағы мектептің 8%-ы орыс тілінде оқытады (олардың 38% – Ташкентте), орыс сыныбындағы оқушылар саны соңғы кезде өсуде. Республика ЖОО-да орыс тілінде оқытудың ең жоғары пайызы Ташкентте – 25%. Айта кететін жай: орыс тілінде оқитын студенттер саны жаратылыстану ғылымдары мен технологиялық пәндерді игеру саласында гуманитарлық салаға қарағанда жоғарырақ. Облыстық университеттерде орысша оқитындар үлесі әлдеқайда төмен (6%). Өзбек зерттеушілері байқағандай, орыс тілділердің басым бөлігінде (әсіресе жастарда) әлі де елден кетуге талпыныс байқалады. Бір жағынан 2000 жылдың басынан орын алған еңбек көші-қоны (оған инженерлік этнос өкілдері де тартылған болатын) орыс тілінің мәртебесін айтарлықтай көтерді. Бірақ Ресей мен көршілес Қазақстанға еңбек бабымен қоныс аудару өзбек мигранттарының тіл құзыретіне, соның ішінде латын әліпиіне қаншалықты ықпал ететіні жөнінде мәліметтер жоқтың қасы. Ақпараттық-мәдени аяда да екі тілдік сипат сақталған. Теледидар мен ғаламтор орыс тілін сақтаудың мықты тірегі болып отыр. Міне, осылай Е.Абдуллаев байқағандай, орыс тілі бұрынғы статусын, сол тілде сөйлеушілердің басым бөлігін жоғалтқанымен, тұтастай алғанда тұрақты сипат алған. Заң жүзінде орыс тілі басқа ұлт тілдерімен теңестірілсе де, бүгінде Өзбекстанда өзбек тілінен кейін маңыздылығы жағынан екінші орында [21, 31 б.]. Әрине бұл бір ғалымның пікірі.
Өзбекстан Республикасы мәжілісінің 1995 жылы 21 желтоқсанда қабылдаған «Мемлекеттік тіл туралы Өзбекстан Республикасының заңын жүзеге асыру тәртібіне қатысты» жарлығы бойынша Өзбекстан Республикасының латын жазуына көшуінің соңғы кезеңі болып 2005 жылдың 1 қыркүйегі қабылданды [22].
Жоғарыда аталған жылдан бастап латын қарпіне өту жүргізілді. Біртіндеп елдің білім беру және басқару жүйелері қатар өтті.
1993-2014 жылдар аралығында мынадай шаралар жүзеге асырылғанын байқадық:
- орта білім беретін мектептің бірінші сыныбы мен басқа сыныптары латын графикасында білім алды;
- осы жылдар ішінде мемлекеттік іс-қағаздарының бір бөлігі жаңа қаріпке көшірілді;
- барлық мемлекеттік мекемелер атаулары мен маңдайшалардағы жазу латын әрпіне көшірілді;
- ресми БАҚ латын әліпбиіне көшірілді;
- жекеменшік мекемелердегі іс-қағаздар толық көшкен жоқ;
- орыс және қазақ мектептерінде кирилл жазуымен білім беріледі;
- осы кезеңде өзбек тілінің 4 томдық академиялық сипаттағы түсіндірме сөздігі де құрылып аяқталып қалды.
- Министрлер кабинетінің «Мемлекеттік тіл туралы» заңды жүзеге асырушы мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар туралы 1996 жылдың 10 қыркүйектегі жарлығы бойынша «O'zbegim dasturlari» электрондық баспалар редакциясымен тіл мамандары біріге отырып, 120 мың сөзді қамтитын «Іbora» атты өзбекше-орысша-ағылшынша электрондық сөздік құрастырылды. Бұл сөздік көпшіліке арналғандығымен, толықтығымен ерекшеленеді, мұнда сөздер тек латын әліпбиімен ғана емес, сондай-ақ кирилл әліпбиімен де берілген.
Дегенмен, Өзбекстанда латын графикасына өту кезеңі әлі де толық аяқталмаған соң, көшудің кезеңін мемлекет 2010 жылға дейін созуды бекітті. Кейнен 2015 жылы аяқталу керек болды. Өзбек жазу-сызуы үшін қазіргі өзбек тілінің латын әліпбиі мен оған көшу кезеңінің артықшылығын ғалымдар былай деп көрсетті:
1) латын графикасы өзбек тілінің дыбыстық қорындағы фонемаларды белгілеуге негізделген, ал кирилл жазуы орыс тілі сөздеріндегі бөтен фонемаларды да таңбалайтын;
2) латын графикасына көшкен кезде түркітілдес басқа халықтар да латын әліпбиін қабылдаған болатын, сондықтан түркі әлеміне ортақ жазу ақпарат алмасуға қолайлы болды;
3) экономикасының батыстық даму бағытына латын графикалы жазу толық жауап берді;
4) жастар мен сауда адамдары латын қаріпін тез үйреніп алып, оның таралуын қолдап отырды;
Өзбек жазу-сызуы үшін латын әліпбиіне көшудің кемшіліктерін өзбек ғалымдары былай деп көрсетті:
1) ең алдымен мектептер латын әріпіне көшірілгендіктен, оларды оқытатын мұғалімдерді дайындау ісі жолға қойылмады; кирилл графикасында білім алған мұғалімдер үшін латын әліпбиін оқып-үйрену қиынға соғып отыр;
2) балаларға арналған латын қарпіндегі әдебиеттер тапшы болып отыр;
3) өзбек әдеби тілі гетерогендік (көпнегізді) сипатта болуы себепті онда жалпыхалықтық тілдегі дыбыстар мен жазба тілдегі ескі түркі тілінің, сондай-ақ жазба тіл арқылы қалыптасқан араб-парсы сөздеріндегі фонемалары араласып, жазуда таңбаланып келді. Жаңа әліпбиге көшу кезеңінде ғылымда олардың арақатынасы жеткілікті анықталмағандықтан, қазіргі графикада бір таңбамен әртүрлі фонемалық статустағы дыбыстар белгіленіп жүр. Бұл жаңа жазуда көрініс беріп, оның халық арасында бірден түсінікті болып кетуіне кедергі келтірді;
4) өзбек тілінің жаңа әліпби жобасын жасауда тілші ғалымдар пікірлері тыңдалып, оны қабылдау кезінде интернетке икемдеуді жөн көрген компьютерлік техника саласы мамандарының ұсыныстары басымдық алып кеткен; қазіргі кезде өзбек әліпбиі интернет желісіне икемді болғанымен, ұлттық тілдің мүддесінен шықпай отыр деген көзқарастар басым айтылып жүр;
5) жаңа латын графикасында алынған 3 екі әріптен тұратын әріптік тіркес бір сөздер құрамында бір дыбыс ретінде оқылса, келесі бір сөздерде екі дыбыс түрінде оқылып, жазуда ережелермен де реттеле алмайтын келеңсіздіктер, екіұшты оқылулар пайда болған; бұның бәрі өзбек жазуының мағынаны дұрыс жеткізу сипатына нұқсан келтіріп, жазба тіл беделін төмендеткен. Жаңа әліпби жобасының лингвистикалық негіздеріне интернет жүйесіндегі ақпараттар тасушы таңба талаптарына сәйкестік принципі алынды. Бұл принциппен қатар өзбек тілінің дыбыстық қорын толықтай белгілеу жағы да алынды, яғни жаңа латын әліпбиі ұлттық тілдің мүддесін көздейтін жазуды қамтамасыз ету керек болатын.
Жаңа әліпби жобасының лингвистикалық негіздеріне интернет жүйесіндегі ақпараттар тасушы таңба талаптарына сәйкестік принципі алынды. Бұл принциппен қатар өзбек тілінің дыбыстық қорын толықтай белгілеу жағы да алынды, яғни, жаңа латын әліпбиі ұлттық тілдің мүддесін көздейтін жазуды қамтамасыз ету керек болатын.
2016 жылы ғаламтордағы http://www.stanradar.com/news/full/9408-uzbekskij-jazyk-vzroslym-kirillitsa-detjam-latinitsa.h сайтта «Өзбек тілі: ересектерге – кириллица, балаларға – латынша» деген шағын мақала жарияланды. Онда 2015 жылы аяқталу тиіс екндігі көрсетілген алайда осы мақалада бұл реформа әліде болса жалғасатындығын атап өткен: « Похоже, и к 2015-му языковая реформа не завершится. Алфавитный хаос в Узбекистане может закончиться разве что со сменой поколений. Знакомый режиссер документального кино, приехавший из России в прошлом году, все время испытывал трудности с прочтением уличных надписей на латинском в Ташкенте. Во время поездки в Самарканд увидев надпись “Tikuv sexi”(«Швейный цех») не выдержал и спросил «что это означает?» Пришлось долго объяснять этот каламбур. Впрочем, подобных каламбуров в Узбекистане - на каждом шагу. Датой окончательного перехода на новую графическую систему определили 1 сентября 2000 года, затем - 2005. Когда и это не удалось, перенесли процесс полного перехода на 2015.Тем временем исчезла с экранов ТВ еженедельная передача «Изучаем латинский алфавит» [21]. Жәнеде осы мақалада мынандай мәлімет берілген «И сейчас почти 70% литературы печатается на кириллице, иначе издатели могут терпеть убытки. Образовалась острая проблема утери культурного наследия. Равшан учился в 9 классе, когда начали учить в школах узбекско- латинскую письменность. Ему повезло, он может писать и читать по-узбекски в обоих вариантах. Считает, что когда к власти придёт поколение 90-х, тогда можно будет перейти полностью на латинский алфавит» [23].
Өзбекстанда тіл мәселесі әлі де бар. Бұны туындатып отырған қоғамдық-әлеуметтік жағдай мен үкімет билігінің саяси-экономикалық ұстанымы деп айтуға болады. Мәселен, Өзбекстанның Әділет министрлігі 2012 жылғы 23 қазандағы N2397 бұйрығымен айрықша жарлық шығарды. Енді елдегі азаматтық хал актілерінің құжаттары екі тілде толтырылады, туу және жеке куәліктер екі тілде жазылады.
Сонымен ойымызды қортындылай келе, өзбек тілінің қапыптасып даму, ең алдымен, халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің кең өріс алып дамуымен тікелей байланысты. Тәуелсіздік алғанан кейін олар өз Конституциясы мен «Мемлекеттік тіл туралы» Заңына өзбек тілі мемлекеттік тіл деген мәртебе берді және оны дамытудың құқықтық негіздерін белгіледі. Бұны біз өзбек тілінің дамуының жаңа кезеңінің басталуының бейнесі деп білеміз.
Соның ішінде латын әлібпиіне көшу өбек тілінің кең өріс алып дамуына өз үлесін қосуда.
Бүгінде Өзбекстанда маңызды құжаттар өзбек тілінде латын әлібпиі негізінде жазылады. Ол мемлекетаралық келіссөздерде, әлемнің беделді мінбелерінде, халық аралық жиындарды кеңінен қолданылады. Ол осы кезде ұлттың мақтаныш көзіне, тәуелсіздіктерінің белгісіне айналды.
Оның сөздік қоры жаңа сөздермен байып, шет тілдерімен байланысы күшейіп келді. Өзбек халықының рухани құндылықтарын, әлем әдебиетінің үлгілерін тәржімалау жұмыстары күшейгені де өзбек тілінің мүмкіндіктерін кеңейтуде.
Жалпы алғанда, Өзбекстанда латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшу бірнеше кезеңнен тұрды және әрбір кезең мемлекет тарапынан қаржыландырды. Ол бірнеше кезеңге созылды алғашқы кезеңіде ұйымдастыру және үгіт-насихат жұмыстарына арналды, одан кейін матералдық-техникалық базаны дайындауға бағытталды, халыққа жаңа әліпби мен орфологияны үйретуге, жаңа әліпби бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарын әзірлеп шығаруға, іс-қағаздар латын графикасына көшіру мен көрнекті ақпаратпен жарнаманы жаңа әліпбиге көшіруге арналды.
Алайда, аталған кезеңдердің нәтижесі мен қатар кемшіліктері де болды. Бұндай пікірді біз өзбек жазуының латын графикасына көшу реформасының кемшіліктері мен артықшылықтарын сараптап қайтқан шетелдік отандық мамандар мен ғалымдардан құралған зерттеу жұмысының қортындысының негізінде айтып отырмыз.
Олардың деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда Өзбекстанда латын және кирилл графикаларына негізделген 2 әліпбидің қатар қолданылып, білім білім беру жүйесінің өзі толықтай латын графикасына көшті дегенмен әліде қарастыратын мәселелердің көптігімен және елдегі көрнекті ақпараттардың көбісі негізінен кириллицамен жазылуы секілді жайттарды байқауға болады.
Өзбекстанның латын графикасына көшу реформасының ұтымсыз тұстары ретінде мына мәселелерді атай аламыз: өзбекстанның латын графикасына көшу кезеңінде лингвистикалық ұстанымның айқын белгіленбегендігінің салдарынан қолайсыз жағдайларға ұшырады; жаңа әліпбидің нұсқасын дайындау үшін құрылған комиссия құрамында лингвист ғалымдардың аз болуынан латын әліпиі дұрыс жасалмай екі рет өзгертуге мәжбүр болды; латын графикасына негізделген өзбек әліпбиіне көшу туралы заңнамалық актілердің орындалуын қадағалаудың әлсіздігі салдарынан елде кириллица мен латын графикасының біраз уақыт қатар қолдануы; латын графикасына көшу реформасы кезіңіндегі қаржы тапшылығының салдарынан республикадағы оқулықтар мен әдебиеттердің латын графикасына толық көшірілмеуі көптеген құндылықтарды оқу үшін қиындықтар тудырды; әліпби реформасын жүргізудегі ұлттық тұжырымдаманың жоқтығы этносаяси ахуалды тұрақсыз-дыққа ұшыраты.
Осал тұстарымен қатар бұның өзіндік ұтымды жақтары да болды оларға мына мәселелерді атай аламыз: өзбек тілінің ақпараттық кеңістікке кедергісіз шығуы; латын графикасы өзбек ұлттық мәдениетінің дамуына ықпал тигізуі; жаңа жазу кеңестік отарлық санадан құтылуға, соның негізінде ұлттық сәйкестілікті қалыптастыруға түрткі болуы; латын графикасына негізделген өзбек әліпбиі латын графикасына көшкен түркі халықтарымен ортақ жазба және ақпа-рат кеңістігін қалыптастыруға негіз болуы; латын графикалы өзбек әліпбиі әлемдік кеңістіктегі басты сипатқа ие жазулар қатырна қосылуы; олардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құрылғыларда (ұялы телефон, сканер, компьютер, т.б.) оқылуын жеңілтетуі.
Бұл жөнінде ғалымы О.Шәріповтың «Латинизация алфавита. Узбекский опыт» деп аталатын талдамалық мақаласы Өзбекстандағы әліпби реформасын жүргізудің кемшіліктеріне арналған. О.Шәріпов Өзбекстанның латын графикасына көшер кездегі саяси – лингвистикалық ұстанымын: «Әліпби ауыстыру Батыс пен оның құндылықтарына бағытталған ұзақ мерзімді бағдарды таңдауды, қолданыстағы демократиялық кеңістікке кіруге ұмтылысты білдірді деп пайымдау қате болар еді. Кирилицадан бас тартуды талап еткен өзбек интеллигенциясының ұлтшыл бөлігі батыс құндылықтарына оншалықты бағдар ала қоймады.
Бұл топ үшін латиницаға көшу анағұрлым ыңғайлы графикалық жүйені таңдауды емес, орыстықтың барлығынан (кирилица – тек бір бөлігі) бас тартуды, сондай –ақ жаңа негізде түркітілдес әлеммен жақындасу әрекетін білдірді.
Оның үстіне Түркиямен байланыс нәтижелі болып, экономикалық ахуалды жақсартып, ұлттық ғылым, мәдениет, өнер салалары дамиды деген үміт басым болатын. Әсірелемей-ақ айтар болсақ, әліпбиді ауыстыру белгілі бір дәрежеде Түркияға жасалған сый болатын. Латинициға көшу араб графикасына қайта оралудың мүмкін еместігін байқатуына орай исламдық өмір салтын ұстанатындардың белсенділігін арттырды» [24, 6] деп қарастырады.
Өзбек ғалымының әліпби реформасына қатысты жазған мақаласы елдегі жазу науқанын егжей-тегжейлі баяндауға негізделгенімен, автор тарапынан реформаның жағымды жақтарын көрсету тыс қалған. Осы тұрғыдан алғанда бұл саяси шолуды объективті деп тану қиын [25].
Түркі тілдес мемлекеттер орыс тілінің ұлттық дамуға кері әсерінен кирил графикасына негізделген әлібиді латын графикасына ауыстыру арқылы арылуды жөн санады. Осылайша ұлттық сәйкестендіру процесін жүргізу бүгінгі түркі тілдес мемлекеттердің көпшілігінің, оның ішінде Өзбекстанның да алға қойған мақсаттарының бірі болды десек қателеспейміз.
Жаңа әліпби жобасының лингвистикалық негіздеріне интернет жүйесіндегі ақпараттар тасушы таңба талаптарына сәйкестік принципі алынды. Бұл принциппен қатар өзбек тілінің дыбыстық қорын толықтай белгілеу жағы да алынды, яғни жаңа латын әліпбиі ұлттық тілдің мүддесін көздейтін жазуды қамтамасыз ету керек болатын.
Өзбек әдеби тілінің қоғамдық-әлеуметтік қолданыстағы қызметі тұрмақ, саяси-экономикалық бағыттағы да кең өрісті қолданысы оның барынша мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін арттыра түсуде. Тұрмыс-тіршіліктің барлық саласындағы жан-жақты қызметі – өзге ұлттар өкілдерінің өзбек тілін жетік меңгерулеріне қажеттілік туғызып отыр.
Өзбек тілінің кирилл (орыс) әліпбиіне негіздеуі кеңестік идеологияның орыстандыру саясатынан еді. Бұл саясат айтарлықтай өз нәтижесін берді.
Өзбек тілінің латын графикасы негізіндегі жазуға көшуінің бірнеше себептері бар.
Атап айтқанда ең алдымен ұлттық сананың көтерілуімен болған елдегі ұлттық отаншылдықтың серпілісіне жауап беретін нақты шаралар керек болды, ол болса, ұлттық жазуға негізделген графика талап етті. Одан кейін әлемдік сауда, экономикалық қатынастар үшін латын графикалы жазудың тиімді болғаны алға тартылды.
Сонымен қатар дүниежүзі бойынша ақпарат алмасудың негізгі құралы латын қаріптері негізінде ұлттық жазу әліпбиін жасау қазіргі ақпарат заманының талабы болды.
Әдеби тілдегі балама сөздердің болмауы өзбек тіліндегі диалектілерді өзбек терминологиясына іріктеп алудың және қосудың негізгі өлшемі, ықпал етуші себебі болып саналады.
Қорыта айтсақ, бүгін Өзбекстанда екі буындағы ұрпақ қалыптасқан: кирилл әліпбиімен оқығандар және латиницада білім алғандар, олар өзбек жазуының екі нұсқасын пайдаланады. Бұл латын жазуына негізделген өзбек әліпбиін енгізу туралы» заңға толық сәйкес келеді.
Аталмыш заң келесі сөздермен толықтырылған: латын жазуына негізделген өзбек әліпбиін енгізу кезінде Өзбекстан халқының мақтанышы болып табылатын баға жетпес рухани мұра жасалған араб жазуын және кирилицаны игеруге және пайдалануға қажетті жағдайлар сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |