Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жшс «Мемлекеттік тілді дамыту институты»



бет36/37
Дата16.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#43427
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Веб сайтта жүргізілген тәжірибе

Қымбат Слямбеков


ҚР бұқаралық ақпарат құралдарына байланысты заңының 3-бабында бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тілде және өзге тілдерде таратылады, мемлекет ҚР тілдік заңнамасына сәйкес кез келген тұлғаның өз ана тілінде бұқаралық ақпарат құралдарынан ақпарат алуын қамтамасыз етеді делінген. Сондай-ақ “Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 ж.ж. бағдарламасы бойынша мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдегі контентті 2014 ж. – 53%, 2015 – 60%, 2020 ж. – 70%-ға көтеру міндеттелген. Дәл осы тұста бұл мемлекеттік бағдарламаның мемлекеттік тілді тұрақтандыру мен бірқалыпты өсу пайызын қамтамасыз ету үрдісін қолдап отырғанын аңғарамыз.


Бұл бағдарламада бұқаралық ақпарат құралдары контент жүйесінде мемлекеттік тілдің коммуникативті функциясын жұмыс істету – басты мақсатқа ие. Мемлекеттік тілдің электронды БАҚ кеңістігіндегі ауқымын жоғарылату, ал ағымдағы жағдаятқа жүгінсек, баспа БАҚ-та мемлекеттік тілдің үлес салмағы – 50%-ды құрап отыр. Ал телевизияда әр жыл сайын мемлекеттік тілдегі жоба-бағдарламаларды 10%-ға көтеру жоспарланған [1]. Сонымен қатар телевизияда қазақ тілінде ақпарат беретін телеарналар ашу, әсіресе, телерадио тарату қызметін жақсарту БҰҚ-ның тілдік ортасын қалыптастырмақ. Балаларға, жастарға арналған қазақтілді контенті кеңейту, медиа-кеңістікті мемлекеттік тілді оқыту құралы ретінде пайдалану, қазақтілді БАҚ-ты мемлекеттік қолдауы арқылы интернет-ресурстар арқылы қамтамасыз ету – мұның барлығы саяси маңызы қанық бағдарламада нұсқалған. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарында үштілді мемлекеттік саясатты біртұтас, концептуалды түрде жүзеге асыру мақсат етілмегенін көреміз, мұнда тек мемлекеттік тілдің БАҚ-та қолданыс кеңістігін ауқымды ету ғана көзделген. Бірақта қазақстандық БАҚ-та үштілділік құбылысы бар ма, бұған жауап табуға тырысайық.
Сонымен, республикадағы БАҚ тілдік көрінісін, тілдік ландшафтысы қандай соған мән берейік. Біріншіден, қазақстандық БАҚ негізгі екі тілдің қолданысына құрылғанын білеміз: қазақ тілі және орыс тілі. Ал ағылшын тілі, тіпті, мемлекеттегі кейбір ұлттық тілдерде ақпарат тарататын құралдардан да аз екенін көреміз. Қазақстанда 2300 газет пен журнал шығарылған, оның тек 5/1 бөлігі ғана – 458 (20%) қазақ тілінде шығарылған. Республикалық деңгейдегі газеттердің 40% орыс тілінде, 37,7% – қазақ тілінде, 14,5% – екі тілде жарық көрген. Оның үстіне екі тілде жарық көретін газеттердегі ақпараттың 80% орыс тілінде таратылатын болған. Ал телевидение баспа БАҚ-қа қарағанда «қазақтілді». Жалпыұлттық телеарналардың барлығы қазақша контенті. Кең аудиторияны жаулау үшін телеарналар екі тілде ақпарат тарататыны белгілі. Қазақстанда 2012 жылдан бастап «Қазақстан Ұлттық Телеарнасы тек қазақ тілінде ғана ақпарат таратады. Қазақстандағы жалпыұлттық телеарналар мыналар – Қазақстан, Балапан, Хабар, Kazakh TV, Білім және Мәдениет, 24kz, Astana TV, КТК, НТК, 7 канал, 31 канал, СТВ [2]. Бұл телеарналардың барлығында қазақ тілінде ақпарат таратылады және Қазақстан телеарнасынан басқа теларналардың барлығы қостілді ақпаратқа жүгінеді. Сонымен қатар МИР телеарнасы тек орыс тілінде ақпарат таратады. Арасында тек Kazakh TV қана үштілді арна болып отыр: қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде ақпарат береді. Бұл телеарна шетелге де тарайтындықтан ағылшын тілінде ақпарат тарататын болып отыр. Сонымен қатар ағылшын тілінде ақпарат таратын басты телеарналар бұл Ресей спутник телеарналары арқылы таратылатын телеарналар. Алайда мұның мемлекеттік саясатқа ешқандай да қатысы жоқ. Біздің бұдан байқайтынымыз телеарналарда ешқандай да үштілді мемлекеттік саясаттың стратегиялы түрде жүргізіліп жатпағанын көреміз. Тек мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану ғана мемлекеттік саясатқа көше алған. Ал қалған көрсеткіштердің барлығы тек сұраныс пен талаптың шеңберінде ғана автомотты жүзеге асып жатқан процестер. Қазақстанда онсыз да телекешеннің көп бөлігін Ресей телеарналары құрайтынын білеміз. Халықтың 80% Ресей спутниктері тарататын телеарналарға қолы жетімді.
Бүгінгі таңда Қазнетте қазақ тіліндегі сайттар саны қазақстандық сайттардың жалпы санының шамамен 15%-ын құрайды. Интернет кеңістіктегі электронды БАҚ өзінің тілдік шеңберін өз қалпында ұстаған: не қазақ тілі, не орыс тілі және аралас. Сонымен қатар медиа кеңістікте ақпараттық порталдардың функционалдылығы ерекше. Аудиторияны кеңейту мақсатында бұл сайттардың көбі бірнеше тілді келеді. Алайда ең үздік ақпараттық порталдардағы ақпараттардың тілдік көрінісін былайша көре аламыз. Ақпараттың порталдар ішінде рейтінгісі ең жоғарысы – Nur.kz . Бұл қазақ және орыс тілдерінде ақпарат таратады. Ал екінші орында орналасқан Tengrinews.kz сайты үш тілде де ақпарат таратады: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі. Үшінші орынға жайғасқан Zakon.kz тек орыс тілінде ғана ақпарат бергенімен, 2015 жылдан бастап қазақ тілінде де ақпараттар бере бастады, алайда сайттың интерфейсі қазақ тілінде жасалмаған, сондықтан бұл сайтты қазақ тілінде ақпарат тарататын сайттардың қатарына жатқыза алмаймыз. Және тек осы портал ғана үш тілде ақпарат тарататын кеңістік болып отыр. Сол себепті де Tengrinews.kz Қазақстандағы ең үздік БАҚ-интернет болып атанып отыр. I-News.kz орысша-қазақша ақпарат береді, Nomad.su – орыс тілінде, abai.kz – қазақ тілінде, Total.kz – орыс тілінде, Forbes.kz – орыс тілінде, Today.kzорыс және қазақ тілінде, Thenews.kz – орысша-қазақша, Titus.kz – орыс тілінде, Headline.kz – орыс тілінде ақпарат береді. Ортақ қазақша-орысша ақпарат порталдарының құрылуының өзі орыс тілді медиа мен қазақтілді медианы өзара біріктірудің амалы, себебі Қазақстандағы бұл екі тілдегі медианың арасы жер мен көктей екенін білеміз және екеуін жақындастыру қызметін дәл осы екі тілді ақпарат порталдары атқарып отыр.
Еліміздегі алдыңғы қатарлы 100 сайттың 49%-ы тек орыс тілінде ғана, ал 15% тек қана қазақ тілінде, ал 17%-ы қазақ және орыс тілдерінде, 5%-ы үш тілде ақпарат таратады екен. Рейтингісі жоғары сайттардың көпшілігі орыс тілінде екендігін байқауға аса қиын емес. Алайда бұл көрсеткіш бірте-бірте жақсарып келеді. Қазіргі таңда көптеген ақпараттық сайттардың қазақ тілінде де ақпарат таратуға көңіл бөле бастағанын байқаймыз. Мәселен, алғашқы 5-тікті құрайтын сайттар қатарына жататын zakonkz, 365infokz қазақ тілінде де ақпарат тарата бастады.
Бұқаралық ақпарат құралдары ұзақ жылдық реформалаудан өткендіктен үлкен-үлкен медиа-холдингтердің құрылуына және олардың қоластында бірнеше БАҚ-тың бірге енуіне әсер етті және Орта Азияда ең үлкен медиа-ресурс құра білген қазақстандық ақпарат кеңістігі тікелей нарықтық механизмге жұмыс жасайды. Сондықтан да жеке меншік секторлардың тұтынушының назарына нысана бергендіктен мемлекеттік саясатты біраз қиындатады. Қазақстандық БАҚ туралы дәл осылай айта аламыз. Сондықтан да мемлекеттік тілдік саясат белгілі бір дәрежеде бұл алапат кеңістікке жеткілікті дәрежеде ауыз сала алмаған. Қазақстанда 20 мемлекеттен жиналған 150 астам БАҚ өкілдігі бар. Тек мемлекеттік БАҚ-ты манипуляцияға құру, әзірше, тілдік саясаттың бір қыры ғана болып отыр. Жалпы, Қазақстанда 11 тілде бұқаралық ақпарат құралдары тарайды: негізгі – қазақ және орыс тілдерінде, украин, түрік, ұйғыр, поляк, неміс, корей, дүнген және тағы басқа тілдер [3]. Ал үштілді контенке қол жеткізу әлі ауылы алыс шаруа.
Бізді қазіргі күнде қуантып отырған жағдай – Қазақша Уикипедияның табысты жобаға айналуы. Қазіргі таңда Қазақша Уикипедия өзінің мақалалар саны бойынша, жалпы Википедия статистикасы бойынша 32-орында тұр, барлығы 32 816 мақала қоры бар. Ал орыс тілі 8-орынға тірелсе, түрік тілі 30-орынға орналасқан. Демек, қазақ тілі түркі тілдерінің арасында екінші орынды бағындырып тұр, алайда түрік тілі қазақ тілінен небәрі 2000-нан аса мақалаға ғана артық көлемде тұр. Бұған дейін қазақ тілі 102-орында болған еді.
Әлеуметтік желілердің арасында елімізде ең танымалдысы – ВКонтакте желісі. Қазақстандағы аудиториясы – 1,945 миллион қолданушысы бар. 53,8 %-ы еркектерді құраса, 46,2 пайызын әйелдер құрайды. ВКонтакте желісінің қолданушыларының басым көпшілігі 18 жасқа дейінгі тұтынушылар, яғни мектеп оқушылары. Ал келесі үлкен категория – 18 бен 24 жас аралығындағы студент жастар. Ал желінің 4/1 бөлігін 25 жастан асқан адамдар құрайды.
Қазақстанда сұранысқа ие келесі әлеуметтік желі – Instagram парақшалары. Сервисті 1,336 млн. қазақстандық қолданады. Бұл желі, әсіресе, әйелдердің арасында аса танымал. Instagram аккаунтарының 71,9 %-ы әйелдердің үлесіне тиесілі. Ал қалған 28,1 пайызы еркектер құрайды.
Қазақстандағы келесі сұранысы жоғары – желі Мой мир. Бұл желіге 155,3 мың қазақстандық тіркелген. Олардың арасында 59,5%-ы әйелдер, 40,5 пайызы еркектер. Желідегі негізгі жас категориясы 25 пен 34 жас аралығы. Сонымен қатар Мой Мирдегі 35 пен 44 жас аралығында қолданушылардың да саны жоғары. Жастар арасында бұл желі аса танымал емес. Барлық жазылушылардың 20 пайызын ғана 25 жасқа дейінгі адамдар құрайды.
Қазақстандағы келесі желі – Facebook желісі. Жазылушылар саны – 125,8 мың адам. Оның ішінде әйелдер 60,3 пайызын құрайды. Мұнда 18 жастан төменгі аудитория жоқтың қасы, небәрі 0,1 пайызын ғана құрайды. Аудиторияны 25 пен 34 жас аралығында адамдар ең үлкен көрсеткішті 45,4%-ын құрайды. Фейсбук желісінің 5 пайызы 55 жастан асқан қолданушылар тұтынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет