LatKaz-MZhDAT-DSA
Латын харпі
|
Кирил харпі
|
Қазақша ескіше оқылуы
|
Қазақша-Кирилше оқылуы
|
Қазақша түзетілген
қазіргі оқылуы
|
Ағыл-шынша-қазақша
жаңаша оқылуы
|
А а
|
А а
|
[ а ]
|
[ а ]
|
[ а ]
|
[ eі / α]
|
B b
|
Б б
|
[ бы ]
|
[ бэ ]
|
[ бій ]
|
[ bі: / bіj ]
|
С с
|
Ш ш
|
[ шы ]
|
[ ша ]
|
[ шы ]
|
[ sі: / òy ]
|
D d
|
Д д
|
[ ды ]
|
[ де ]
|
[ дій ]
|
[ dі: / dіj ]
|
E e
|
Е е
|
[ е ]
|
[ е ]
|
[ е ]
|
[ і: / e ]
|
F f
|
Ф ф
|
[ фы ]
|
[ эф ]
|
[ еф ]
|
[ ef ]
|
G g
|
Ж ж
|
[ жы ]
|
[ же ]
|
[ жый ]
|
[ dʒі: / zhyj ]
|
H h
|
Ң ң
|
[ ың ]
|
[ эң ]
|
[ ің ]
|
[ eіtò: / іŋ]
|
I і
|
I і
|
[ і ]
|
[ і ]
|
[ іі ]
|
[ aі / ¡і ]
|
J j
|
Й й
|
[ й ]
|
[ ый / ій ]
|
[ ей ]
|
[ dʒeі / ej ]
|
К к
|
К к
|
[ кі ]
|
[ ка ]
|
[ кей ]
|
[ keі ]
|
L l
|
Л л
|
[ лы ]
|
[ эл ]
|
[ ел ]
|
[ el ]
|
M m
|
М м
|
[ мы ]
|
[ эм ]
|
[ ем ]
|
[ em ]
|
N n
|
Н н
|
[ ны ]
|
[ эн ]
|
[ ен ]
|
[ en ]
|
O o
|
О о
|
[ о ]
|
[ о ]
|
[ оу ]
|
[ oυ ]
|
P p
|
П п
|
[ пы ]
|
[ пе ]
|
[ пій ]
|
[ pі: / pіj ]
|
Q q
|
Г г
|
[ гі ]
|
[ ге ]
|
[ гі ]
|
[ kυ / gі ]
|
R r
|
Р р
|
[ ры ]
|
[ эр ]
|
[ рр ]
|
[ α: / rr ]
|
S s
|
С с
|
[ сы ]
|
[ эс ]
|
[ ес ]
|
[ es ]
|
T t
|
Т т
|
[ ты ]
|
[ те ]
|
[ тій ]
|
[ tі: / tіj ]
|
U u
|
Ұ ұ
|
[ ұ ]
|
[ ұ ]
|
[ ұұ ]
|
[ υ: / ¥: ]
|
V v
|
В в
|
[ вы ]
|
[ ве ]
|
[ вій ]
|
[ vі: / vіj ]
|
W w
|
У у
|
[ у ]
|
[ ұу / үу ]
|
[ у ]
|
[ dÙbl υ / υ ]
|
X x
|
Х х
|
[ хы ]
|
[ ха ]
|
[ хы ]
|
[ eks / khy ]
|
Y y
|
Ы ы
|
[ ы ]
|
[ ы ]
|
[ ыы ]
|
[ waі / yy ]
|
Z z
|
З з
|
[ зы ]
|
[ зе ]
|
[ зет ]
|
[ zet ]
|
Қазақ тіліндегі "құрамдас" дыбыстарды латынның қосарлы харпімен белгілеп, бұл кестеде келтірілген дыбыстарды "дифтонг" деп қарастырған жөн:
Кирил харпі
|
Латынның қос харіптері
|
Қазақша оқылуы
|
Қазақша ескіше оқылуы
|
Ағылшынша-
қазақша оқылуы
|
Ә ә
|
Ae ae
|
[ ә ]
|
[ ә ]
|
[ æ ]
|
Ө ө
|
Oe oe
|
[ ө ]
|
[ ө ]
|
[ œ ]
|
Ү ү
|
Ue ue
|
[ ү ]
|
[ ү ]
|
[ ue: ]
|
Қ қ
|
Kһ kһ
|
[ қа ]
|
[ қы ]
|
[ κy ]
|
Ғ ғ
|
Qһ qһ
|
[ ға ]
|
[ ғы ]
|
[ gy ]
|
Кірме құрамдас дыбыстарды белгілеуде де қосарлы таңбалар қолданамыз:
Кирил харпі
|
Қазақша оқылуы
|
Латынныңқосарланған харіптері
|
Ағылшынша-
қазақша оқылуы
|
И и
|
[ ій ] / [ ый ]
|
Ij іj / Yj yj
|
[ іі / yі ]
|
Щ щ
|
[ щі ]
|
Cc cc
|
[ òòі ]
|
Орыс тілінен енген кірме сөздерде бұлардан басқа дыбыстарды қолдану қажет болса, онда осы кестелерге енбеген дыбыстар үшін орыс тілінде қолданылып жүрген латын-орыс транслитерациялық таңбалар жүйесıн пайдаланамыз. Егер де бұл дыбыстар қазақ тілінің дыбыстық жүйесін стандарттау кезінде тілде қалдырылатын болса, онда олар да «дифтонг»деп қабылданатын болсын.
6-НҰСҚА
LatKaz-EBAh
ҚАЗАҚЫ ҮНШЕЛЕР (ФОНЕМАЛАР)
Аталған жағдайларды қазақ тілінің өзге тілге тәуелдік сипаты есебінде бағалап, оны құтқаратын уақыт келді. Жоғарыда талданған сараптамаларды ескере келіп, қазақ тіліне барынша тән ЖӘ жасақтауға негіз етуге болады. Сайып келгенде, қазақ тіліндегі 42 әріппен 74 үншені таңбалап жүрміз. Ал оған төмендегіше дәйектелген 28 әріп те жеткілікті. Егер әліпбиге қазақ тіліне тән сипатын берсек, мынадай кесте шығады:
ӘРІП
|
ДАУЫССЫЗДАР
(буыншақ дыбыстар)
|
б
|
бы,бі, ыб, іб
|
г
|
гі, іг
|
ғ
|
ғы, ығ
|
д
|
ды, ді, ыд, ід
|
ж
|
жы, жі, ыж, іж
|
з
|
зы, зі, ыз, із
|
к
|
кы, кі, ык, ік
|
қ
|
қы, ық
|
л
|
ыл, лы, іл, лі
|
м
|
ым, мы, ім, мі
|
н
|
ын, ны, ін, ні
|
ң
|
ың, ің
|
п
|
пы, ып, пі, іп
|
р
|
ыр, ры, ір, рі
|
с
|
сы, ыс, сі, іс
|
т
|
ты, ыт, ті, іт
|
у
|
ұу, іу
|
х
|
хы,ых(арап-парсы)
|
ш
|
шы, ыш, ші, іш
|
Ағылшын қарыпты електрондық бейресми әліпби
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, ағылшын харыпты қазақ әліпбиі төмендегідей үлгіде жасақталды:
кирилше
|
латынша
|
үнше
|
Аа
Әә
Бб
Ғғ
Гг
Дд
Ее
Ыы
Іі
Жж
Ққ
Кк
Лл
Мм
Нн
Ңң
Оо
Өө
Пп
Рр
Сс
Шш
Тт
Ұұ
Үү
Уу
Йй
Зз
|
Aa
Ahah
Bb
Ff
Gg
Dd
Ee
Yy
Hh
Jj
Xx
Kk
Ll
Mm
Nn
Ngng
Oo
Qq
Pp
Rr
Ss
Cc
Tt
Ww
Vv
Uu
Ii
Zz
|
а
ә
бы,бі, ыб, іб
ғы, ығ
гі, іг
ды, ді, ыд, ід
е
ы
і
жы, жі, ыж, іж
қы, ық
кі, ік
ыл, лы, іл, лі
ым, мы, ім, мі
ын, ны, ін, ні
ың, ің
о
ө
пы, ып, пі, іп
ыр, ры, ір, рі
сы, ыс, сі, іс
шы,ыш,ші,іш
ты, ыт, ті, іт
ұ
ү
ұу, үу, ыу, іу
ій, ый
зы, зі, ыз, із
|
Ұқтырма
Әліпби ағылшынның 26 қарпынан жасақталып, 28 әріптен түзілді. Әріптің 26-сы біртаңбалы, екеуі ғана қостаңбалы, ал ағылшын әліпбиінде қостаңбалылар саны -21, өзбектің латын әліпбиінде – бесеу(мұның екеуіне апостроф қосарланған). Екінші таңба ретіндеіәрпі ретінде алынған h қарпы жіңішкертуші таңбаға таңдалып, ә дыбысының әрпіне сәйкес түрде а дыбысының жіңішке нұсқасы ретінде ah таңбасы; ал ң әрпіне қазақ тілі үшін әбден жарамды ағылшын тілінің белгілі ng қосағы таңдалды. Айырықша атап өтерлік жайттар:
- Қ әрпіне жуық бұрынғы Х таңбасы таңдалды;
- Ұ дыбысы –W(қос «уай» дыбысы Ұ дыбысына жуық екені ескерілді) және оның жіңішке нұсқасы Ү дыбысы – Vәрпімен (қос «уайдың» сыңары, Ұ-ның жіңішке нұсқасы Ү үшін таңдалды) таңбаланды; бұларға туындылас Ө әрпі де графикалық жағынан жуықтас Qq қарпымен (бұрыннан таныс әріптің ортаңғы сызығы төменге түсірілді) алмастырылды.
Осылайша графикалық жақындықпен Ғ ғәрпі үшін ағылшындық Ff алынды. Қалған әріптердің ағылшынша қарыпталуы кескіндес және кәдімгі латындық қолданыстағы нұсқалар болып табылады. Сонда қолданыстағы графикалық дәстүрден тыс 6 қарыпты жаңаша меңгеруге тура келеді. Бұл әліпбилік жүйеге ешбір техникалық және электрондық қосалқы әзірлік пен шығын керек емес, әлемнің кез келген жеріндегі электрон сайманы қазақ тіліне қолданысқа түсе береді.
Жоғарыда келтірілген емлелік принциптерді іске асыруда қос таңбалы әріптердің қатарлас келуі немесе қабаттасуы болмайды,оның үстіне өзбек әліпбиіндегідей жазуды қиындататын артық белгі (апостроф) жоқ; сондықтан оларды осылайша қолдану ешбір тұйыққа тіремейді де, ағылшын тергісінің (клавиатура, теруіш-клавиш) барлық мүмкіндігі сол күйінде қазақ тілінің де игілігіне айналады.
Асты сызылған осы мәтінді жаңа әліпбиге салсақ, әрбір төрт-бес жол біреуге қысқарып, мынадай жазба аламыз:
Jofaryda keltrlgen emlelk prinspterdh hske asruda xos tangbaly ahrpterdng xatarlas keluh nemese xabattasuy bolmaidy, sondxtan olardy oslaica xoldanu ecbr twixxa tremeidh de, aflcn tergsnng barlx mvmkndgh sol kvinde xazax thlnng de ighlgne ainalady.
Байқалып тұрғандай, жаңа әліпби кестесінде әріптердің әдеттегідей атауы жоқ, әріп қатарында сәйкес үншелердің (фонема) дыбысталуы бар. Бұл қазақ тіліне тән үндесім заңдылығын жазбаға барынша тиімді қолдануға мүмкіндік береді және жазу емлесін мейлінше қарапайым етеді. Алайда, дыбыстық жүйеге негізделген ескі әліпбиге бойұсынғандар үшін бұл емле біршама ерсі көрінуі мүмкін.Алайда, мұны жас ұрпақ тез меңгереді. Шамамен алғанда, жаңа әліпбиді меңгеру жастар үшін 1-3 күн, ал ересектерге бір апталық мерзім жеткілікті.
Аталмыш әліпбиді жазбалық үдеріске салмас бұрын міндетті түрде қазақ тілінің электрондық дұрыс жазу тексермесін (мұндай электрондық программа барлық шет тілдерде бар) әзірлеп, компьютерге тегін енгізуді қарастыру керек. Сондай жағдайда, әрбір сөзді тере бастаған қолданушы компьютердің көмегімен басқы әріптерді тере бастағанда, сөздің дайын үлгісіне тап болады, сөйтіп, ешбір сөз қате терілмейтіндей және оны тексеретіндей электрондық мүмкіндік болмақ. Бұл тексермені жүзеге асыру үшін әуелі әлгі әліпбиге негізделен қазақ тіліндегі лексикалық бірліктерді толығыменэлектрондық орфографиялық сөздіккеа йналдырып, дайындау жұмысын атқару қажет» [6].
Осы көлемді материалға дейінгі ой-пікіріміздің желісін әрі қарай жалғастырсақ, қазақ тілі әліпбиін қазіргі кирилден латыншаға көшірудің тиімді-тиімсіз жақтары туралы қоғамдық пікірлердің ең негізгілері туралы сөз бастағанымызды еске сала отырып, енді сол мәселеге қатысты үшінші пікірге тоқталайық.
Осы күнге дейін ұлтымызды орыстандыру саясаты жан-жақты жүргізіліп келді. Сол әрекеттің ең бастысы тілімізді бұзу арқылы болғанын көзі ашық, көкірегі ояу жұрттың бәрі жақсы біледі.
Қазіргі біз сөйлеп-жазып жүрген тіліміздің сөздік құрамында 200 мыңнан аса еш өзгеріссіз қолданыста жүрген ғылыми терминдер мен басқа да сөздер бар. Бұндай жағдайға жеткізген қазақ тілінің қазіргі әліпбиі оны өзінің табиғи бітім-болмысынан барған сайын алыстатып, керісінше орыс тіліне жақындатып бара жатыр. Ғылыми әдебиеттеріміздің тілін түсініп оқу үшін, яғни орысша жазылған термин сөздердің мән-мағынасын тұлғалық жағынан түсіну үшін қазақтың жас ұрпақтары орыс тілін жетік білуге барынша ұмтылады. Бұл өз кезегінде өз ана тілінің әлеуетіне күманмен қарайтын ұрпақтың санын күннен-күнге ұлғайтып келеді.
Кезінде қазақ тілінің білгірі Ахмет Байтұрсынұлы: «Латын әрпін алу деген тіршілік мұқтаж қылғаннан ділгерлік қысып туғызып отырған мәселе емес»,– деп жазса, ол кезде шынында да латынға көшуге бәлендей мұқтаждық та, зәрулік те болмаған еді. Солай болса да, кеңестік тілдік саясаттың ықпалымен қазақ елі латын жазуына көшіп, кейін қазақ тілінің табиғи бітім-болмысына зор зардап келтіретін кирилл жазуына көшудің негізін қалады. Енді сол қателікті қазақ әліпбиін қайтадан латыншаға ауыстыру арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік туып отыр.Әрине, латыншаға көшудің қаражаттық қиындығы, рухани зардабы туралы талай адамдардың айтып жатқаны белгілі. Олардың: «...осы күнге дейін Республикамызда еліміздің ежелгі, кейінгі тарихына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына байланысты және ғылымымызды, әдебиетімізді, салт-санамызды әспеттейтін миллиондаған атпен кітаптар, ғылыми еңбектер басылды. Латын әліпбиіне көшкен жас бүлдіршіндеріміз кириллицада басылған баба тарихымыздан, рухани парасатымыздан қол үзіп қалатыны айдан анық. Латыншаға ауысқан Өзбекстан мен Әзірбайжан республикаларының қаншама ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлері бізге осы мәселе төңірегінде өз өкініштерін білдіргені жадымызда. Мәселен, Өзбекстанда, кириллица дәуірінде жарты миллион данамен, немесе 300, 200, 100 мыңмен шығып тұрған газеттер 5 мың, 3 мың, тіпті мың данаға дейін құлдыраған. Бұл ғасыр компьютер ғасыры болғанымен, күні бүгінге дейін жарық көрген кітаптардың 20, тіпті 10 пайызын латын әліпбиіне аударуға миллиардтаған қаржы қажет» [87] немесе « ...кирилл әліпбиі тұсындағы маңызды мәдени мұрамыздың тағдыры не болмақ? Ол мұраның қазақ халқының тарихында теңдесі жоқ, орны бөлек. Кирилл әліпбиі негізінде көне мәдени мұра, ауыз әдебиеті, көркем әдебиет, ғылыми еңбектер, оқулықтар жазылды. Араб графикасынан латын графикасына, латын графикасынан кирилл әліпбиіне көшкен тұста қоғамның басым көпшілігі сауатсыз еді, сондықтан ол реформалар қоғамның біршама бөлігіне және мәдени мұрамыздың да салыстырмалы қарағанда шағын бөлігіне қатысты болды. Бүгін енді халықтың түгелдей сол мәдени мұрадан айырылып қалу қаупі бар» [8] немесе «Каждый год временной безграмотности, которая может возникнуть послеперехода казахского алфавита на латиницу, - это большие потери для культуры. Так считает известный казахстанский писатель, поэт и дипломат Олжас Сулейменов. По его словам, другой проблемой этого перехода станет несоответствие некоторых звуков казахского языка новой графике. «У нас много шипящих – ч, ш, ж, которых нет в латинице. Они передаются двумя-тремя буквами», - уверен казахский писатель. По его словам, еще одна трудность будет связана с уже существующей на кириллице казахской литературой. «У нас весь период письменной литературы, письменности создавался на кириллице. Когда мы заменили арабскую графику, у нас примерно два процента населения стали безграмотными, потому что всего 2% использовали арабскую графику. А при переходе на латиницу 20% писало на латинице и 20% прибавилось к безграмотным 80%, а сейчас, если мы заменим кириллицу, все 100% населения будут некоторое время безграмотными. А каждый год безграмотности – это большие потери для культуры. Тем более уже создано много литературы - научной, игровой, художественной» [9] деген пікірлердің негізсіз емес екені шындық.
Сондықтан да тағы да әліпби ауыстырудың қаржылық қиындықтармен қатар рухани дүниемізге тигізер уақытша үлкен әсерін, зардабын ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен бұл мәселені бүге-шігесіне дейін кең талқылаған, нағыз пікірталас ретінде өтілген үлкен жиын болған жоқ. Тек мерзімді басылымдарда ара-тұра қайшы пікірлер жарияланғаны болмаса, оған арналған кішігірім жиындардың көпшілігі, ХХ ғасырдың басындағыдай, латынға көшуді жақтаушылардың басымдығымен өтіп жүр. Араларына кездейсоқ кіріп кеткен арпа ішіндегі бір бидайдай, латынға көшуді қолдамайтындардың үнін қарсыластары шығармайды, ауыздарына қақпақ болып, өз көзқарасын білдіріп сөйлеуіне еш мұрсат та бермейді.
Латынға көшуге қарсылардың дені – ақын-жазушылар мен ғалымдар. Алайда олардың ой-пікірі кейбір бейресми басылымдарда жарияланғаны болмасы, көпшілікке кең тарап жатқаны шамалы. Керісінше, ұлттық мүддені ойламай, қазақ тілінің латыншаланатын болашақ әліпбиіне ұлттық сипат беруді мақсат етпей, қазіргі қалпы бойынша латыншалай салуды қалайтындардың іс-әрекеті тым ширақ. Осы мәселе көтерілгеннен бері олар бірнеше мәрте шағын жиын өткізіп, латын жазуы көсегемізді көгертеді деп әсіребелсенділік танытып, талай шешім қабылдап, сол шешімдерін ту жоғары жаққа «отправить» етіп жіберді.
Мәселен, 2007 жылы 25 мамырда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінде сондай бір жиынға қатыстық. Жиынға тек анау-мынаулар ғана емес, Түркия мен Өзбекстанның мүйізі қарағайдай тілші ғалымдары да қатысты.
Жиынды ф.ғ.д., профессор Б. Момынова ашып бергеннен кейін сөз алған белгілі ғалым, ф.ғ.д., профессор Ә. Жүнісбек бізге бұрыннан жақсы мәлім өз ой-пікірін тағы да ортаға салды (осы ретте Ә. Жүнісбектің, шынында да, ұлттық сипат беріліп құрастырған қазақ тілінің латынша әліпби жобасын ұсына кеткеніміз артықтық етпес және осы жобаны ұсына отырып, жүзден аса жобалардың ішіндегі қазақ тілі дыбыстық жүйесін толық қамтитын әрі артық-ауыс дыбыстары жоқ, біздің көңілімізден шыққан жобалардың бірі екенін ескерте кетейік.
14-кесте – профессор Ә.Жүнісбектің латынша әліпби жобасы:
№№
|
кирилше
|
латынша
|
аталуы
|
№№
|
кирилше
|
латынша
|
аталуы
|
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
|
А а
Ә ә
Б б
Г г
Ғ ғ
Д д
Е е
Ж ж
З з
Й й
Қ қ
К к
Л л
М м
|
A a
Ä ä
B b
Ğ ğ
G g
D d
E e
J j
Z z
Y y
Q q
K k
L l
M m
|
а
ә
бы
гі
ғы
ды
е
жы
зы
ый/ій
қы
кі
ыл
мы
|
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
|
Н н
Ң ң
О о
Ө ө
П п
Р р
С с
Т т
У у
Ұ ұ
Ү ү
Ш ш
Ы ы
І і
|
N n
Ņ ŋ
O o
Ö ö
P p
R r
Ss
T t
W w
U u
Ü ü
Şş
Ιɪ
İi
|
ны
ың
о
о
пы
ыр
сы
ты
ұу/үу
ұ
ү
шы
ы
і
|
Енді аталмыш жиындағы Ә.Жүнісбектің ғылыми зерттеуге негізделген және біздің де көкейімізден шыққан ой-пікірлерін қысқаша келтірсек, «... Жазу өзгертуге жәй әншейін таңба ауыстыра салу деп қарамай, оны бір үлкен реформа деп қабылдауымыз керек». «... Егер латынға көшсек, 60 шақты ережеден тұратын қазіргі емле (орфография) ережеміздің 15-і ғана қалады да, жазуымыз жеңілдейді». «... Латынға негізделген екі жоба дайындалып, Астанаға жіберілді. Оның бірі – ұлттық, екіншісі – жалпы (интернеттік) жоба деп аталады» (мөлшері, ұлттық деп аталған жоба жоғарыда көрсетілген өз нұсқасы болса керек). «Ұлттық жобада тек қазақ тіліне тән дыбыстар ғана қамтылған болса, жалпы жобада Интернетке шығуды көздегендіктен, қазіргі қолданыстағы кирилше әліпбидегі бөгдетілдік (орыс) дыбыстардың да біразы қамтылыды». Қысқасы, бұл жобалар 28 мамырда Премьер-министр К.Мәсімовтің алдында талқыланатын болыпты.
Өзбекстандық «шоң» ғалымдар Х.А. Дадабаев пен С.Ризаев латынға көшудегі өздерінің іс-тәжірибесін ортаға салып баяндады. Қызығы, олар латынға көшіп, жаңа әліпби қабылдаса да, өзбек тілінде жоқ кейбір дыбыстарды жаңа әліпбилеріне енгізіпті. Мәселен, «ц» әріпі сөздің басында келсе, «s-пен» (sement-цемент), ал сөздің ортасында келсе, «ts-пен» (litsei – лицей) жазатын болыпты. «Сцена» секілді сөздердегі сөз басындағы «сц» дыбыс-әріптерін қос «ss-пен» жазады екен. Олай болса, бөтен дыбыс-әріптерді әліпбиге енгізу дегеніміз – тілді бүлдіретін жат сөздерді де тілге енгізгенмен бірдей емес пе? Бұның бұрынғыдан несі артық? Ертең біз де өстіп жүрмейік!
Өзбек ағайындарға: «Дәл қазір латынға көшкеннен қандай нақты пайда көріп отырсыздар?»,– деген сауал қойып едік, жарытып ештеңе айта қойған жоқ. Керісінше, олар сау бастарына сақина тілеп алып, 15 жыл бойы өз халықтарының сауатын ашып және оларды сауаттандыратын оқытушылар, оқулық, оқу құралдар, әдістемеліктер дайындап, негізгі жұмыстарынан басқа неше түрлі басы артық жұмыстармен шұғылданып жүр екен. Әрине, біздің пайымдауымызша, бұл қиындық – аға ұрпақтың жаңа жазуға көндіге алмай жүрген кезіндегі уақытша қиындық болар, ал латынша әліпбимен сауат ашқандар керісінше ескі, яғни кирилше жазылғандарды жүгіртіп оқып кете алмай, алдағы уақытта біраз қиын жағдай қалыптасары ақиқат.
Өзбек ағайындардан латыншаға көшу барысында қандай қиындықтар туындап жатқаны туралы да мәлімет алып қалуға тырыстық. Олардағы сол уақытта шығып жатқан мерзімді басылымдарының 90%-ның аты ғана латынша, ал ішкі материалдарының барлығы сол бұрынғыша орыс қарпімен теріліп жазылады екен. Мұны білген соң, «газет-журналдар кириллицамен жазылатын болса, елдеріндегі латыншамен сауатын ашқан қазіргі жастар не оқып жүр екен» деген ой санамызға оралды да, «мөлшері, қазіргі заман тыныс-тіршілігі ондағы жас ұрпаққа онша керек емес болып қалған-ау» деген ой түйдік. Бұл дегеніміз – біртұтас қоғамның уақытша болсын қаққа бөлінуі екені кімге болсын түсінікті болар.
Сол жиынға қатысқан, Түркиядан келіп, бізде қызмет етіп жүрген Оздемир Ашур мен Яйлдажы Юсуфтың баяндамалары олардағы болған шынайы жағдайдан біршама хабардар етті. Олар біздегі тілдік жағдайды жақсы түсініп: «Сіздерде бізге қарағанда жағдай қиын ғой, себебі орыс тілі үстем және қазақтардың көбісі – орыстілділер. Үкімет пен Парламент те орысша сөйлейді. Біз сияқты сонау 1921 жылғыдай бір күннің ішінде латынға көшіп кету және бұрынғы жазуды қолдануға қатаң тыйым салу сіздерде мүлде мүмкін емес. Біз сол кезде латынға тым асығыс өттік. Оның зардабын да көп тарттық. Мың жылдық араб жазуымен жазылған әдеби-тарихи, мәдени-рухани т.б. мұрамыздан айырылып қалдық. Соларды әлі күнге оқып, толықтай игере алмай, қйналып жүрміз»,– деді.
«Сіз, араб қарпі негізіндегі жазуды оқып-үйренуге сол кезде қатаң тыйым салынды дедіңіз. Мұсылмандықты берік ұстанатын түрік халқы сонда құранды қалай оқыды?» – деп сұрап едік, «Халық бұрынғы жазуды жасырын пайдаланды»,– деген жауап алдық. Дөңгелек үстел мәжілісі өтіп жатқанда уақыт тапшылығынан сұрауға мүмкіндік болмағандықтан, ол аяқталған соң, Оздемир Ашурдан: «Сіздер латынға көшудің зардабын көп тарттық дей отырып, біздің де латынға көшіп, сондай жағдайды бастан кешуіміз мүмкін екеніне қалай қарайсыздар?», – деп сұрап едік, оған нақты жауап беруден жалтарып: «Біз бұған араласпаймыз, бұны өздеріңіз шешесіздер. Дегенмен латынға көшсеңіздер, сіздерде өте қиын жағдай қалыптасуы әбден мүмкін. Себебі біздегі немесе Өзбекстандағы сияқты өз ана тілін пайдаланушылар Қазақстанда аз ғой. Орыс мектебі де көп және онда оқитындардың көпшілігі қазақтар», – деді. Ал «Қазіргі заманның электронды техникалар мен компьютерді пайдалануға латын негізді жазу керемет көмектеседі делініп жүрген уәжге қалай қарайсыздар?» деп сұрап едік, оны түрік ағайындар жоққа шығарды. Олардың айтуынша, тіл – техникаға емес, техника – тілге бейімделуі керек екен. Оған олар араб, қытай, жапон т.б. тілдердің жазуын мысалға келтірді.
Осы жиыннан түйген ойыымызды қорыта келгенде айтарымыз, жиында латынға көшудің тиімді немесе тиімсіздігі туралы арнайы әңгіме болмағанымен, түрік пен өзбек тәжірибесі соқырға таяқ ұстатқандай, әліпби ауыстырудың оп-оңай шаруа еместігін тағы бір рет дәлелдеді. Бірақ біздің әсіребелсенділеріміз тіліміздің барлық мәселесін біржолата шешіп қойғандай, «Латынға көшу – тіліміздің, ұлтымыздың жарқын болашағы» деп, айғайға аттан қосып ұрандатып жүр. Олардың осы бір әрекеті қазақ тілінің лингвистикалық және қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін толықтай шешіп алмай жатып, ертең бүгіңгі «орыс-қазақ» әліпбиімізді сол қалпында латыншаға ауыстыра салу жағдайында жүзеге асып кетсе, тағы бір рет 70 жылдық мәдени-рухани байлығымыздан қол үзіп, арандап қалуды айтпағанда, бұрынғы қателігімізді (орыстану) тағы да қайталайтынымыз сөзсіз.
Әліпби ауыстыру, шынында да, аса маңызды реформа. Оны жүзеге асырған кезде қазақ тілінің жаңа емле ережесін, соның негізінде емле (орфография), айтылым «орфоэфия) сөздіктерін, морфологиялық, синтаксистік ішкі заңдылықтарын қайтадан жаңғырту қажет. Жаңа әліпбимен компьютерде жұмыс істеу (компьютер пернетақтасына қазақ әріптерінің қолданыс жиілігіне қарай тиімді орналастыру және т.б. мәселелер) де өз алдына жеке қарастырылатын мәселеге жатады. Ол үшін ең алдымен қазақ тілінің төл дыбыстық жүйесін айқындап алып, сосын оларды латынша әріптердің, яғни ағылшын тілінде қолданылатын әріптердің қайсысы қазақ дыбыстарына сәйкес келетінін нақтылап алу қажет. Бір қарағанда аса қиындық тудыра қоймайтындай көрінетін осы бір мәселе де бүгінде қиынның-қиынына айналып жүр. Өйткені ол нағыз филолог-фонетиктердің қарамағынан шығып кетіп, талай адамның «мен де білем» деген тақырыбына айналғаны қашан! Сол себептен де бізде ол (бәрі мойындаған латынша мінсіз әліпби құрастыру) әлі толық шешімін таба қойған жоқ. Осы мәселені ескере отырып, мына бір мәселеге ерекше назар аударуымыз қажет сияқты.
Мәселен осы уақытқа дейін де қазақтың төл әліпбі қалыптасқан. Оны жасаған Ахмет Байтұрсынұлы еді. Сол әліпбидің негізінде жасалған қазақ тілінің 1928 жылғы латынша әліпби де әріп таңбалары латынға негізделгеніне қарамастан, ұлттық сипатта болды. Сондай-ақ лкатыншаланған әліпбиге жазуымыз көшкенге дейін Ахмет Байтұрсынұлы түгендеп, түзіп беріп кеткен қазақтың 28 төл дыбысын таңбалайтын араб әріптеріне негізделген әліпбиі кезінде кең қолданыста болды. Ескерте кетейік, кезінде сол әліпбидегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы қазақ қоғамы тарапынан ешқандай дау-дамай туындамаған еді. Тіпті 1926-1928 жылдар аралығындағы қазақ жазуын латын әріптеріне көшіруге байланысты туындаған дау-дамай кезінде де қазақ тілі дыбыстарының сапасы мен саны туралы үлкен әңгіме бола қойған жоқ. Тек оны сол арабша қалпында қалдыру керек пе, әлде латынға көшірген тиімді ме деген мәселе ғана көтерілген еді.
Сонымен А.Байтұрсынұлының түстеп-түгендеуі бойынша, қазақ тілінде 28 (29) дыбыс бар. Оларды қазіргі кирилл әріптерімен көрсететін болсақ, мыналар: а, ә, б, ғ, г, д, е, ж, з, й, қ, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ш, ы, і, (х). Осы дыбыстардың ішіндегі тек «х» дыбысының ғана басы артық. Соны жақсы түсінген Е.Омарұлы 1924 жылы Орынборда өткен «Қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайында» «һ», «х» дыбыстарын әліпбиге кіргізуге қарсы болып: ««Ахау», «халалай», «аһ», «үуһ» сықылды бір-екі сөздер болғаны үшін әліпбиге «х» мен «һ» ні кіргізу дыбыс жүйесі жағынан керек болғанымен, жеңілдік жағынан үлкен шатақ болады. Қазақта «ә», «мә» деген одағайлар да бар, «іңһі»– дейтін де одағай бар, аттың жүрісін бәсеңдету үшін айтылатын ықылық бар десек, әріптің саны 24 емес 240 болып кетуі мүмкін» [10, 23-24],− деген еді.
А. Байтұрсынұлының өзі де алғашында бұл дыбысттардың қазақ тіліне жат екенін біліп, өзінің құрастырған әліпбиіне енгізбеген. Бұл мәселе жөнінде өзбекстандық профессор М.Жүсіпұлы өзінің «Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы» деген еңбегінде А. Байтұрсынұлының мынадай сөзін келтіріп, былай деп жазады: «Себебі «Һ» дыбысын одағай сөздерде ғана (аһ, уһілеу) кездеседі деп, «Бұл әріпті қазақ әліппесінен шығарғанда мұнымен жазылатын сөздер аз» деп шығарып едік. Аз болғанмен тілде бар дыбыс болған соң, жоқтығы сезілетін көрінеді» деп А.Байтұрсынұлының осы сөзін келтіре отырып, ол (автор): «Х» дыбысы араб, парсы сөздер арқылы еніп, қазақтың өз сөздері болып кеткен (адал – халал, арам – харам), сондықтан оны сақтау керек» деп [11, 88-385], өзіне-өзі қарсы шығады.
Біздің ойымызша, «х», «һ» дыбыстарын, Е.Омарұлы атап көрсеткендей, қазақтың бірен-саран одағай сөздерінде ғана айтылатындықтан, болашақ әліпбиімізге енгізудің еш қажеті жоқ. Егер ол дыбысты әліпби құрамына енгізер болсақ, «х» дыбысы қолданылатын шетелдік сөздерді еш шектеусіз, еш өзгеріссіз тілімізге енгізуге кең жол ашамыз. Ал енгізбесек, «х» дыбысы бар шетелдік сөздерді өзіміздің төл дыбысымыз – «қ» дыбысымен жазып-оқып, қазақ сөзіне айналдырамыз. Сонда ғана болашақ қазақ әліпби таза ұлттық сипат алып, қазақ тілі өзінің табиғи бітім-болмысын қалпына келтіре алады.
Ал «х», «һ» дыбыстары қазақтың латыншаланатын болашақ әліпбиінде болу керек деп жүргендер оның жаңа ғана айтып өткеніміздей, қатерлі бір тұсымен қоса тағы бір залалды жағына аса мән бермей жүрі-ау деген ойдамыз.
Осы арада қазақ тілінің өзіндік табиғи бітім-болмысын тағы да ескермеу жатыр. Егер біз «хат, хабар, хан, хор, халық» деген сияқты бар-жоғы 10-15 сөздің басында орыстандыру саясатына орай қасақана жазылған, соның әсерінен сөйлеу (жанды) тілімізге де көшкен «х» дыбыс-әрпін алдағы уақытта латыншаға негізделетін әліпбиімізде қалдырсақ, қазақтарды біртінеп орыстандыру үшін кезінде қазақ тілі әліпбиіне енгізілген орыс тілінің барлық дыбыс-әріптерін енгізуге де кең жол ашамыз. Өйткені орыс тілі дыбыстары деп жүргендеріміздің баршасы қазақ тілі түбір сөздері мен оларға жалғанатын қосымшалардың аражігінде дыбысталып-айтылады. Бұл мәселені туралы бастапқы тарауларда кеңірек сөз еткендіктен, оны қайталап жатуды орынсыз санап отырмыз.
Кезінде «осы біз латыншаға көше қалсақ, кімдер көшеді? Таза қазақтар ғана ма, әлде еліміздегі басқадай қазақтармен (орыстілді) бірге орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер тағы басқалар да латынға көше ме? Орыс, өзбек, ұйғыр және басқалардың мектептерінде де, орыс-қазақ тілінде білім беретін кәсіби орта және ЖОО-да да латынша әліпби қолданыла ма екен? Олар көшпей қалып, онсыз да өз тілінде өз өкіметіне өз сөзін өткізе алмай жүрген немесе орыс тілін нашар білетіндіктен, өз елінде жетім қозының күнін кешіп жүрген «нағыз қазақтар» орыстілді қандастарынан ажырап кетіп, Арал теңізінен бөлініп қалған қазіргі шағын бөлігіндей болып жеке қалып қоймай ма? Сөйтіп, біз «Қазақ пен Ноғайлының бөлінуі» деген сияқты тағы да бір қасіретті бастан кешіріп жүрмейік!» – деп те өз қаупімізді білдірген болатынбыз. Сол қаупіміз алдымыздан жиі шығып жүр. Соған мысал ретінде бір жиында қаралған бір мәселені баяндай кетейік.
2013 жылы 28 наурыз күні мәжiлiс үйiнде латын әлiпбиiне көшу мәселесi талқыланып, бірталай шешендер өз ойларын ортаға салды. Бізді елең еткізген Гүлнәр Сейтмағанбетованың: «Кiм жауап беретiнiнiн бiлмеймiн, бiрақ латын әлiпбиiн енгiзген кезде, мәселен, орыс мектептерiнде қандай әлiпби болады? Кейбiр БАҚ-та айтылған әңгiмелерге қарағанда орыс мектептерiнде кириллица жүре бередi, ал қазақ мектептерiнде латын әлiпбиi болады. Сонда бiр мемлекетте екi түрлi әлiпби бола ма?» деген сұрағы болды. Оның бұл сұрағына А.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институтының директоры Мырзаберген Малбақов: «Латын әлiпбиiне бүкiл қазақстандықтар көше ме, әлде тек қазақтар көше ме деген сұрақ саяси жағынан қойылуда. Жауабымыз, латын әлiпбиiне мемлекеттiк тiл ғана көшедi. Басқалары кейiнгi мәселе»,– деп жауап бердi. Мәжілістен кейін БАҚ-қа сұхбат берген басқалар да тек мемлекеттік тіл ғана жаңа әліпбиге көшетінін «шаттана» айтып жатты.
Демек, латынға көше қалсақ, оның бар ауыртпалығы қазақтілді қоғам мүшелеріне түсетіні, ал орыстілділердің қылшығы да қисаймай, өздерінің балаларын орыс мектептеріне беріп, орысша оқытып жүре беретіні, сосын біз олардың көзіне қазіргіден де қиын болып көрінетін латыншаланған қазақша әліпбиімізбен жазылған тілімізді материалдарын тіптен де үйрете алмай, сол бұрынғыша, тіпті одан да жаман күй кешіп, тағы да бір 20 жылдай, мүмкін одан да ұзақ уақыт бойы жүре беретініміз айқындалды. Себебі ұлттық (орыс, өзбек, ұйғыр т.б.) білім ошақтарының барлығы – өздерінің төл жазу-сызуымен білім бере береді екен.
Әлбетте, бұл – заңдылық. Оларға қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне тән дыбыс-әріптер ғана қамтылатын латынша әліпбиімен орысша, өзбекше, ұйғырша т.б. оқулықтар жазып-оқыт деп айта алмайсың. Әлде қазақстандық орыс мектептеріне арнап, қазақша, орысша, өзбекше, ұйғырша сөздерді де, тіпті ағылшын, француз, қытай сөздерін де таңбалай алатын, 42 әріптен тұратын қазіргі «әмбебап» әліпбиімізді латыншаға қотарып көшіре салармыз. Міне, табылған ақыл! Осыны көздеп, онысын «ғаламторлық әліпби» немесе «бүкіл түркі жұртына ортақ әліпби» деп қазақ тілінің латынша әліпбиін құрастырушылар өте көп.
Енді латынға көшудің дәл қазіргі уақыттағы қиындығына келер болсақ, 1928 жылы көшкен түріктердегідей немесе кеңестік саясаттың құрсауынан босай салып, латынға дереу көшіп кеткен әзірбайжан, түркімен, өзбектердегідей, сонау ХХ ғасырдың басында болған біздің біршама ұлттық тұтастығымыз әзірше болмай тұр. Елімізде қазақша және орысша білім беру жүйесі халыққа қатар қызмет етуде. Орыс мектептеріне өз балаларын беретін қазақтар да аса мол.
Осыған байланысты және түк те жасырып-жабары жоқ, өзге ұлт өкілдерін есепке алмағанда, қазақ қоғамының өзі қазақтілді және орыстілді болып екіге жарылған. Бүгінгі таңда қазақтар ел халқының 65-70%-ын құрайды дегенімізбен, олардың жартысына жуығы – қазақша аздап түсініп, сөйлей алатын немесе мүлдем өз ана тілін білмейтін орыстілді өз қандастарымыз екені баршаға аян. «Қазіргі кезде 3455 мектеп мемлекеттік тілде жұмыс істейді. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бірге сабақ орыс тілінде жүргізілетін 2522 мектеп (1462,4 оқушы); өзбек тілінде – 78 мектеп (77,2 мың оқушы); ұйғыр тілінде – 14 мектеп (22,3 мың оқушы); тәжік тілінде – 3 мектеп (2,5 мың оқушы); украин тілінде – 1 мектеп (0,1 мың оқушы) және аралас тілде оқытатын 2112 мектеп бар» [12, 119],– деген деректі соңғы жылдардың нақты мәліметі дейтін болсақ, елдігіміздің немесе кемел келешегіміздің ертеңі деп жүрген жас ұрпақтың жартысынан астамы өзге тілде білім алып, тәрбиеленіп жатқанын пайымдауға болады.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаев нақты белгілеп берген межені басшылыққа ала отырып, қазақ қоғамы біршама қазақы сипат алып, қоғамдық-психологиялық ахуал бір қалыпқа түскенше латын қарпіне көшуді 2025 жылға дейін біртіндеп жүргізіп, ең әуелі ұлттық-лингвистикалық мәселелерді реттеуге, сосын қазақ тілі дыбыстық жүйесін дәл таңбалайтын нақты бір әліпби нұсқасын құрастырып бекітуге аса мән бере отырып, осы бағытта мандытып жұмыс істеуіміз қажет сияқты.
А. Байтұрсынұлы түзген әліпбиді басшылыққа алып, латыншаланған жаңа әліпби құрастырдық, ең дұрысы сол-ақ дейік. Бірақ әліпби құрастыру бір басқа, сол әліпбиді пайдаланып жазу бір басқа мәселе. Бір қарағанда қазақ дыбыстарын ғана таңбалайтын сол әліпбиді пайдаланып, қазақ тілі сөздерін жазуда еш қиындық туындамайтындай болып көрінетінеді. Алайда А. Байтұрсынұлы әліпбиінен мүлдем алшақтап, орыстық сипат алған, яғни біздің қазіргі қолданып жүрген кирилше «орыс-қазақ» әліпбиіміз қазақ сөздерінің айтылымы (орфоэфиясы) мен емлесі (орфографиясы) арасына біраз сына қағып кетті. Осыны жаңа әліпби қабылдаған кезде қатаң ескеруіміз керек. Сондықтан да қазақ тілі төл дыбыстары мен олардың өзара тіркесімі мәселесіне арнайы тоқталар болсақ, бұл орайда, ең әулі, қазақ тілі табиғатына қатысты басты-басты заңдылықтарды анықтап, екшеп алғанымыз жөн болар. Біздің зерттеп-зерделеуімізше, олар – мыналар:
1. Қазақ тілінің өз сөздерін дыбыстап айтуға арналған төл дыбыстары бар. Олардың дыбысталуы дыбыс шығару мүшелерінің сан мығдаған жыл бойы қалыптасқан артикуляциялық (дыбыс шығаруға ауыз-көмей мүшелерінің қатысуы, дыбыстардың жасалу орны) және акустикалық (дыбыс шығару кезінде демнің өкпеден шығу жолы мен қарқыны) заңдылықтарына негізделген;
2. Қазақ тілі дауысты дыбыстары жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып жұптасып келеді. Сол себептен буын үндестігі – қазақ тілінің басты заңы болып есептеледі;
3. Қазақ тілі дауысты дыбыстарының ішінде «о» дыбысы түбір марфеманың тек алғашқы буында ғана қолданылады. Басқа дауысты дыбыстар барлық буында айтылады, демек жазылуға тиіс. Бұл заңдылық, әсіресе күні бүгінге шейін «емлелік жасанды ережеге» қор болып, жазылуы мен айтылымы арасында үлкен айрмашылық пайда болған «ә» дыбысы мен еріндік дауысты дыбыстарға (ұ, ү, ө) және осы дыбыстар екінші-үшінші буындарда қолданылатын сөздердің жазылуына тікелей қатысты.
4. Қазақ тілі бүкіл түркі тілі сияқты жалғамалы (агглюнативті) тілдер тобына жатады. Демек, түбір сөзден афикстік морфемалар арқылы туынды сөздің жасалуы және олардың түрлі грамматикалық мағыналарға ие болып түрленуі – оларға жалғанатын қосымшалардың жуан түбірге жуан, жіңішке түбірге жіңішке жалғанып, үйлесіп келуі арқылы жүзеге асуымен бірге түбір сөзбен қосымшаның аражігінде дыбыс алмасу үдерісі болады. Осыны ескере отырып, кейбір туынды сөздерді айтылуы бойынша да жазу керек;
5. Қазақ тілінің тағы бір өзіндік бір заңдылығы – еріндік дауысты дыбыстардың да үндестігі. Бұл заңдылық қолдан жасалған айтылым сөздігінде ғана ескерілмей, емле сөздігімізде де көрініс табуы керек.
6. Қазақ тілінді еріндік дауыстылар (о, ө, ұ, ү) ғана өзінен кейін келетін қысаң «ы» мен «і» дауысты дыбыстарын еріндікке айналдырады деп жасанды ереже шығарғанша, олардың орнына жаңа емле ережемізде еріндік дауыстылар жазуымыз керек. Бұл заңдылық үнді дауыссыз дыбыс «у» дыбысына да тікелей қатысты. Қазақ тіліндегі «У» дауыссыз дыбысы өзінің алдында да, өзінен кейін де «ұ» мен «ү» еріндік дауыстыларының айтылуын талап етеді. Демек, жазған кезде, болашақ емле ережемізде осыны да мұқият ескеруіміз керек.
7. Қазақ тілінің түбір марфемасы құрамында екі дауысты дыбыс қатар тұра (дыбыстала) алмайтыны сияқты екі түбір морфема біріккен кезде екі дауысты дыбыс қатар тұра алмайды. Сондықтан оларды біріктіріп жазатын болсақ, біреуін түсіріп (қаларалық), не болмаса оларды тіркес сөз ретінде (қала аралық) ғана жазу керек.
8. Қазақ тілі жалғамалы тіл болғандықтан, қазақ тілінің түбір сөздері мен туынды сөздері, сөз түрлендіруші жұрнақты сөздері буын үндестігі (сингармонизм) заңына бағынып айтылады және жазылады;
9. Қазақ тілінің үнді дауыссыз дыбыстарынан «м» мен «н» ғана сөз басында қолданыла алады. «Ң» үнді дауыссыз дыбысы ғана емес, сондай-ақ «р», «й», «у», «л» үнді дауыссыз дыбыстарынан да сөз басталмайды, демек олар жалаң түрде, яғни «ы», «і», «ұ», «ү» даусты дыбыстарынсыз жазылмауы да керек;
10. Қазақ тілі сөздері қос дауыссыздан басталмайды.
11. Қазақ тілі сөздерінде үнді мен қатаң дауыссыз дыбыстардың (й+т, л+т, н+т, р+т) тіркесімі бар болғанмен, сөз соңында екі дауыссыз дыбыс айтылмайды.
12. Сөз ішінде (түбір морфемада) бірдей екі дауыссыз дыбысты қосарлап айту қазақ тілінің табиғатына тән емес.
13. Қазақ тілінде «з», «ж» дыбыстарынан басқа ұяң дауыссыздар сөз соңында қолданылмайды.
14. Қазақ тілінде сөз екпіні (екпінді буын) деген нәрсе жоқ, ол қазақ тілі сөздерінің лексикалық мағынасын өзгерте алмайды. Сол себептен екпін барлық буынға бірдей түседі және екпінді, екпінсіз делініп дауысты дыбыстар ерекшеленбейді. Демек, орыс тіліндегі екпінсіз айтылатын дауысты дыбыстар орысша қалай айтылса, қазақша да солай айтылып-жазылуы керек. Мәселен, мамонт – мамынт, портал – партал, ректор – (і)ректір, томография – тамағырап(ы)йа, трактор – тірәкт(і)р т.б.» делініп.
15. Орыс тіліндегі «и», «у», «ы» дыбыстары осы әріптермен таңбаланып жүрген қазақ тілі дыбыстарына мүлдем сәйкес келмейді. Осы әріптер қолданылатын орыс тілі сөздері қазақ тілі дыбыстарымен алмастырылып, яғни қазақшаланып жазылуы керек.
Қазақ тілінің осы аталған ерекшеліктеріне енді ретіне қарай тоқталайық. Өйткені қазақ тілінің өзіндік осы ерекшеліктері мен табиғи заңдылықтары латынша әліпбиге көшкенен кейінгі қазақ жазуын (емлесін) дайындау, қалыптастыру кезінде қатаң ескеруді қажет етеді.
Ұлттық тілді өзге тілдерден ерекшелейтін басты белгілердің бірі әрі бірегейі – дыбыстық жүйесі. Ол ұзақ дамуды өткеріп, басқа тілдерден бөлектеніп, өзінше болып қалыптасады да, ондағы дыбыстардың өзіндік тіркесуінен ұлттық тілдің өзіне ғана тән сөздік құрамының барлық сөзі жасалады. Сондықтан да қандай тілдің болсын, әбден қалыптасып, шыңдалған дыбыстық жүйесіне жат дыбыстар өз бетімен жеке-дара ене алмайды. Ене қалса, сіңісіп кетуі – өте сирек құбылыс (мысалы, қазақ тіліне араб тілінен енген «ә» дыбысы). Олар тек бөтен сөздер арқылы ғана сол сөздердің иесі қалай айтып-жазса, сол қалпында екінші тілде де солай болуы талап етілген жағдайда ғана орныға алады. Ол үшін, ең әуелі, басқыншы тіл (ұлт) өз сөздерін бұлжытпай айтуды міндеттеп, солардың құрамындағы өз дыбыстарын екінші тілдің дыбыстық жүйесіне телиді. Қазақ тіліне бағытталған бұндай басқыншылық, қитұрқы саясат орыс тілі тарапынан болды және күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Ұлттық тілді тұтынушылар арасынан «неге бөтен сөздерді бұлжытпай айтуымыз керек?» деген күдік-күман, наразылық туындап кетпеуі үшін латын, грек, ағылшын, француз т.б. тілдерден орысшаланып алынған, яғни орыс тілінің дыбыстық (фонетика), құрылымдық (грамматика) заңдылығына негізделініп айтылып-жазылатын өздерінің кірме сөздерін «біз оларды өзгертпей алғанбыз, өйткені олар «халықаралық терминдер» деп бізді алдаусыратып, тіпті арбап сендіріп келді.
Пайымдап қарасақ, «халықаралық термин» деген ұғым посткеңестік елдерден басқа бірде-бір елде (тілде) жоқ екеніне көз жеткіземіз. Орыстандыру саясатына уланған біздің солай деп ойлап жүрген сөздеріміздің баршасы – бізге кезінде араб-парсы тілінен қазақшаланып енген «ғылым, ғалым, білім, ілім, ұстаз, мұғалім, шәкірт, кітап, дәптер, дәріс, қалам, ғарыш, аспан» т.б. сөздер секілді орыс тіліне де латын-грек тілінен орысшаланып сіңген, қазір нағыз орыс тілінің сөздері болып кеткен.
Рас, орыс тілінің сөздік құрамындағы кейбір сөздер латын-гректік түбірге 100 пайыздай сәйкес келіп қалатын кездері болады, алайда бұл – орыс тілі еуропалық тілдердің барлық сөзін еш өзгеріссіз алған дегенді білдірмейді. Орыс тілі үнді-еуропа (флективті) тілдері тобына жататын болған соң, дыбыстық жүйесі мен тілдік құрылымы оларға қазақ тілінен гөрі бір табан жақын. Сондықтан да кейбір сөздердің грек-латынша дыбысталуы орыс тілінің табиғатына толық сәйкес келіп, еш өзгертілмей алынған.
Егер жат жұрттық сөздер белгілі бір заманның саяси ықпалымен жасалған ереже-қағидалар негізінде тілге зорлықпен енетін болса, тілдің табиғи жүйесіне сәйкес келмейтіндігінен, бәрібір, бөтендігі әрқашан сезіліп тұрады. Керісінше, халық араб-парсы сөздерін қабылдағандай, айтып-жазса (ағылшын, орыс, неміс, кәріс, жапын, шешен, жөйіт т.б.) онда олардың бөгделігін арнайы үңіліп зерттеген маман адам (лингвист) болмаса, кез келген жан аңғара бермейді.
Ал қазіргі қахақ тілі сөздік құрамымындағы ХХ ғасырдың екінші ширегінен (1938 ж.) бастап орыс тілінен және осы тіл арқылы басқа да шетел тілдерінен «халықаралық термин сөздер» деген жалған желеумен орысшаланып, тіліміздің табиғи заңдылықтарына бағынбай, түр-тұлғасын еш өзгертпей сан мыңдаған сөз енді. Оларды нағыз қазаққа айту да, жазу да қиын. Сол «термин сөздер» үнемі түбір қалпында қолданылмайтыны да, оларға әртүрлі қосымшалар жалғауға тура келетіні де баршаға белгілі.
Әдетте қазақ тіліне жанашырлардың арасында жат тілдік дыбыстары бар сөздер ғана тілдің табиғи бітім-болмысын бүлдіреді деген түсінік бар. Шынында да, олардың ойраны қазақтілді кез кезген жанның көзіне бірден шалынады. Ал жаттілдік сөздер құрамындағы қазақ тіліне де тән дыбыстардың өзгеше, мәселен, орысша тіркесуінің тіл бұзарлық әлеуеті (потенциялы) жаттілдік дыбыстардан да ерекше күшті. Бірақ біз «орыс-қазақ» әліпбиімен сауат ашып, сосын орыс тілінің сөздері мен орыс тілі арқылы орысшаланып енген өзге тілдердің сөздері орысша қалай жазылса, қазақша да солай болуын талап ететін қазақ тілінің «жасанды» емле ережелерін жаттап өскендіктен, олардың бойындағы қазақ тілі табиғатына жат дыбыс тіркесімдерінің тіл бұзарлық ойранын сезе бермейміз.
Айталық, «г» дыбысы мен «а» дыбысы қазақ тілінде де бар, бірақ олардың өзара тіркесі қазақ тіліне жат. Сол себептен «газ» сөзінің қазақтың өз сөзі емес екенін кез келген қазақтілді қазақ бірден аңғарады. Сондай-ақ жіңішкелік белгісіне немесе екі дауыссыз дыбысқа аяқталған орыс сөздеріне қосымша әртүрлі жалғанып жүр. Себебі қазақ тілінде түбір морфема мен негіздік морфеманың (туынды сөз) басында да, аяғында да екі дауыссыз, әсіресе екі қатаң дауыссыз қатар айтылмайды, сондай-ақ бір дыбыс түбір сөз құрамында қатарынан екі рет айтылмайды. Демек, «Сарыарқа», «қалааралық», «махаббат», «ләззат» т.б. сөздердің жазылуы кате. Өйткені жоғарыда ескерткеніміздей, қазақ тілінің түбір морфемасы құрамында екі дауысты дыбыс қатар тұра (дыбыстала) алмайтыны сияқты екі түбір морфема бірігіп, бір лексикалық мағына беретін тұтас сөз ретінде қолданылған кезде екі дауысты дыбыс қатар тұра алмайды. Сондықтан оларды біріктіріп жазатын болсақ, біреуін түсіріп (қаларалық), не болмаса оларды тіркес сөз ретінде (қала аралық) ғана жазу керек.
Егер өзгетілдік сөздер «ст», «зд», «дж», «кс», «зм», «рс» т.б. дыбыс тіркесімімен аяқталса,қазақ тіліндеолардың арасына «ы», «і» қысаң дауысты дыбыстары қосылып айтылады. Мысалы: миннистір, коледіж, кодекіс, экстремизім, курыс т.б.
Міне, қазақ тілінің осы сияқты т.б. заңдылықтары, тіпті Халел (өз атын көп жағдайда «Қалел» деп жазған. авт.) Досмұхамедұлы «Сингармонизм түрік (түркі. авт.) тілінің айрықша өзіне біткен қасиеті» [13, 82] деп ұлықтаған тіліміздің буын үндестік заңы ескерілмей дайындалған емле (орфография) ережелеріміз оның жазба тілін ғана емес, жанды (ауызша) тілінің өзін де табиғатынан алшақтатып барады. Сол себептен қазақтілділер қазақ тілінің жаттілдік сөздерді қалай жазу керек екені туралы қазіргі емле ережелерін жатқа білсе де, қазақ тіліне өзгетілдік дыбыс тіркесімдерімен енген сөздерді әркім өзінше дыбыстап, өздері дұрыс-ау деп ойлаған қосымшаларды жалғап жүр. Өйткені қазақ тілінің қазіргі емле ережелерінің көбісі орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден орысшалашып енген сөздерді сол қалпында алып, оларға қайтсек, қазақша қосымшалар жалғаймыз деп жасалған ережелерге толы. Оған қазіргі жазба тіліміздің материалдарынан көптеген мысал келтіруге болады.
Орыс тілі әліпбиі және оның тілімізге өзгеріссіз енген сөздерін жазу ережелерінің ықпалынан болар, қазақ тілінің төл сөздерін айтып-жазуда да кінаратты жақтар баршылық. Мәселен, қазақ тілі дауыссыз дыбыстары және олардың сөз құрамындағы өзге дыбыстармен тіркесімі біраз мәселені қайта қарауды қажет етеді. Қазақ тілінің кейбір дауыссыз дыбыстары сөздің барлық орнында (позициясында) келе беретін болса, енді біреулері сөз басында айтылмайды. Сондай-ақ «з», «ж» дыбыстарынан басқа ұяң дауыссыздар сөз соңында қолданылмайды. Оның өзінде «ж» дыбысымен бар-жоғы «тәж» және «баж (баж салығы)» деген екі сөз ғана аяқталады. Енді бұған өз ереже-қағидасымен қазақ тіліне еш өзгеріссіз енген сөздердің айтылым-жазылым мәселелерін қоссақ, онда оның (қазақ тілінің) өз табиғатынан біртіндеп алшақтап бара жатқанын анық аңғарамыз.
Біз кезінде қазақ тілі жазуында (графикасында) үнемділік заңын сақтаймыз деп тағы бір өрескел қателікке жол бердік. Нәтижесінде «м» мен «н» үнді дауыссыздары секілді «р», «й», «у», «л» үнді дауыссыздарын да сөз басында жазатын әрі айтатын болдық. «Ң» үнді дауыссыз дыбысынан сөз басталмайтыны секілді бұл дауыссыздардан да сөз басталмайды, сондай-ақ қос дауыссыздан басталатын және қос дауыссызға аяқталатын шет тілдік сөздердің жазылуы қазақ тілі заңдылығы бойынша өзгеше. Өйткені әр тілдің өзіне тән дыбыстары, олардың тіркесуі, сондай-ақ олардың сөз басында, сөз ортасында, сөз аяғында келуі тәрізді өзіндік заңдылықтары бар.
Қазақ тілінде сөз соңында «йт», «нт», «рт», «лт» (айт, жент, құрт, кілт, т.б) сияқты үнді мен қатаң дауыссыздар тіркесімі бар болса да, дауыссыз дыбыстар басқаша тіркесіммен айтылмайды, демек жазылуы да мүмкін емес. Ал сөз ішінде үнді дауыссыздар өздерінен кейін келетін дауыссыздардың барлығымен тіркесе береді, солай болғанымен, біздің ойымызша, «қм», «рм», «сл», «мл», «см», «др», «хн», «қр» дыбыс тіркесімдерімен жазылып жүрген кейбір «кірме» сөздердің (рақмет, құрмет, мемлекет, ислам, медресе, сахна, мақрұм, ресми, емле т.б.) аражігіне, тіліміздің өзіндік табиғи бітім-болмысын сақтау мақсатында ешқандай жазу үнемділігін ескермей-ақ, «ы/і» қысаң дауысты дыбыстарын жазып-айтуымыз қажет сияқты. Мәселен, «ырақ(ы)мет», «құр(ы)мет», «мем(і)лекет», «(ы)йс(ы)лам», «мед(і)ресе», «сақ(ы)на», «мақұрым», «(і)ресім(і)й», «ем(і)ле» деп жазсақ, қазақ тілі айтылымына (орфоэфия) барынша жақындай түсетіні анық.
Қазақ тілі жалғамалы (агглютинативті) тіл болғандықтан, оған өзге тілден (орыс тілінен) енген сөздердің соңындағы қосарлы дауыссыздарға баса назар аударған жөн. Бұл жерде екі дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздердің қазақ тілінде дыбысталуында жүзеге асатын эпитеза, эпентеза, диэреза заңдылықтарын ескеру қажет.
Протеза бойынша дыбыс сөздің алдынан қосылса [14, 260], эпитеза бойынша дыбыс сөздің соңынан қосылады. Сол себептен сөз соңы екі дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздердің соңына дауысты дыбыс қосып айтуды тіл білімінде эпитеза деп атайды [15, 404 б.]. Мысалы, өзбек тілінде орыс тілінен енген киоск, танк, пропуск, диск деген сөздер киоска, танка, пропуска, диска түрінде айтылады және жазылады. Ал қазақ тілінде бұл сөздердің жазылуы орысша түрінде сақталғанмен, олар айтылуда киоскі, таңкі, пропускі, дискі түрінде айтылып, оларға қосымшалар дауыссыздан басталып жалғанады. Мысалы, киоскіден, таңкіге, пропускіні, дискіні. Бұл жерде өзбек тіліндегі «а» әрпі «ә» болып оқылатынын және қазақ тіліндегі сияқты «к», «г» дыбыстары оларда да жуан дауыстылармен тіркесе алмайтынын ескеру қажет. Демек, оларда «киоск» сияқты сөздердің айтылуы[кійөскә] болады.
Сөз аяғындағы қос дауыссыздардың жазылуына бірдей қарауға болмайтыны сияқты екі қатаң дауыссыздан басталатын жаттілдік сөздерді жазуда да ескеретін тағы бір үлкен мәселе бар. Мәселен, қатаңнан кейін үнді келетін президент, прокурор, пленум сияқты сөздерде «п»дыбысынан кейін «ы», «і» қыстырма дауысты дыбыстарын қоспай-ақ, үнемдеп жазуға болатын болса (өйткені орысша дыбыс тіркесімін сақтап жазсақ та, нағыз қазақ «ы/і» дауыстыларын қоспай, бәрібір айта алмайды), стратегия, скат, спикер, сцена сияқты екі қатаңнан басталған сөздерде міндетті түрде протеза құбылысы (ы,і-мен жазу) ескерілуі қажет, себебі екі қатаң дауыссызды сөз басында айтуға қазақ тілінің дыбыс жасау (артикуляциялық) мүмкіндігі жоқ. Әлбетте, біртіндеп орысқа айналып бара жатқан «сәбіременій» қазақтың оған тілі келеді.
Латын әліпбиіне ауысу туралы қазіргі жазылып жатқан ғылыми мақалаларға, еңбектерге шолу жасау барысында бір байқағанымыз – көптеген тілші ғалымдар болашақ әліпбиге «в», «ф», «х» дыбыстарын да, тіпті қазақ тілінің үнді дауыссыз «у», «й» дыбыстарын орыс тіліндегідей дауысты дыбыс деп те енгізуді қалайды екен. Бұл, енді, орыс тілінің шылауына еріп жүре берейік, сөйтіп, өз тіліміздің өзіндік ерекшелігін біртіндеп жоғалтып, баба тіліне біржолата алшақтайық дегендікпен бірдей екені сөзсіз.
Бздің ойымызша, қазақтың латын қарпіне негізделетін болашақ әліпбиіне осы дыбыстарды кіргізбей қойсақ та, қазақ жазуы үшін үлкен жеңіс болмақ. Алайда жоғарыда бір рет сөз қылғанымыздай, «в», «ф», «х» дыбыстарын қазақтың төл дыбыстарына алмастыру мәселесіне қазақ тіл білімінің кейбір мамандарының өзі қарсы шығып жүр. Олардың ойынша, орыс тілінен, орыс тілі арқылы орысшаланып еуропалық тілдерден, сондай-ақ араб-парсы тілдерінен кезінде жазба тіл (шағатай) арқылы енген сөздерде жазылатын «в», «ф», «х»дыбыстары «тілімізді байытқан, соның арқасында терминдеріміз бірізділікке түсіп, жаңа дыбыс тіркесімдер пайда болған» екен!
Осы дыбыстар қазақ сөзінің жеке сөз (лексикалық), яғни түбір морфема ретіндегі негізгі лексикалық мағынасына еш әсері жоқ басы артық дыбыстар екені айқын болса да («х», «ф» дыбыстарынан басталатын он шақты жасанды сөздер бар, егер олар қазақ тіліне тән болса, қазақ сөзінің барлық орнында қолданылуы керек қой!), олардың сөздік құрамымызды шұбарлағаннан басқа, тіліміздің дамуына еш ықпалы жоқ екенін түсіндіре қоюдың өзі де өте қиын. Бұл мәселені біз талай мақаламызда біршама таратып айтқан болатынбыз. Дегенмен қазақ тілін топан судай қаптаған жат сөздердің тасқынынан қорғап қалып, кейінгі ұрпаққа біршама таза қалпында жеткізу үшін әліпбиімізге зорлықпен енгізілген бөтен дыбыстардан құтылуымыз қажет-ақ! Алайда бұл жерде осындай жат дыбыстарды қазақша дыбыстағанда оларға қайсысына қазақ тілінің қай дыбысы сәйкес келеді және ағылшынша әліпбидегі (комльютер пернетақтасындағы) қай таңба лайық деген мәселені нақты анықтап алу қажет.
Басқа тілден табиғи жолмен енген сөздер өзі кірген тілдің заңдылығына бағынып, әуелде, яғни әдеби түрі қалыптасқанша әр түрлі нұсқада айтылады. Бұл – дүниежүзіндегі ұлттық тілдердің баршасына тән даму заңдылық. Мысалы, араб тілінен енген көптеген сөз айтылу барысында ғана емес, тіпті біраз уақыт жазба әдебиеттеріміздің өзінде де бірнеше нұсқада қолданылып келді. Бұған қазақ тіліне араб тілінен енген сөздерді арнайы зерттеп, үлкен еңбек жазған Н.Оңдасыновтың мына бір сөзі дәлел: «Біз қазақ тілінде кең өріс алған 400-ден астам араб сөздерінің қазақша жазылу түрлерін анықтап шықтық. Олардың шұбарлығы соншалық, оның себебін ашуға кісі ақылы жетер емес. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Оқылған әдебиеттерде: тасбих сөзінің – 20, ижтиһаттың – 12, ілтипаттың – 8, ғибраттың – 7, әрекеттің – 6, қауіптің – 5, ұжданның – 4 варианты кездесті. Әрқайсымыз күніне жүз рет айтатын «рақметтің» («ырақымет» делініп, ауызекі айтылуы өз алдына) баспада: рақмет, рақымет, рахмат, рахмет, рахымет сияқты 5 түріне кездестік. Бұл жағдай тіліміздің берекетін қашырып келе жатқаны сөзсіз» [16, 4 б.].
Араб, парсы сөздері тілімізге, негізінен, ауызекі сөйлеу тілі арқылы енгендіктен, олар белгілі бір аймақтағы сөйлеу тілі ерекшелігіне сәйкес әр түрлі нұсқалар құрған. «Олар көбінше ислам ертерек тараған, бізден гөрі мешіт-медреселері көбірек болған отырықты көршілес елдер бір жағынан Орта Азия, екінші жағынан татар және башқұрт тілдері арқылы келген» [17, 3 б.].
Араб-парсы сөздері еліміздің оңтүстік өңірінде көбірек қолданылатыны да сондықтан және осы тілдерден енген сөздер оңтүстік өңірлерде жіңішке нұсқасымен айтылса, солтүстікте жуан нұсқамен айтылады. Мысалы, кәзір, қазыр. Ал әдеби нұсқа деп жазып жүрген қазір сөзіміз не оңтүстікке, не солтүстікке іштартпаймыз деп жасанды түрде, қазақ тілінің дауысты дыбыстар (буын) үндестігі заңдылығына (сингармонизм) қайшы жасалған нұсқасы. Сол сияқты қайтіп, қане, қате, кітап, мұғалім сияқты т.б. көптеген сөзді әдеби нұсқа етіп алғанда, қандай қағидатты «қайтіп» басшылыққа алғанымызды түсіндіру қиын. Мөлшері, қазақ тіліндегі буын үндестігі заңын біртіндеп жою мақсаты көзделген сияқты.
Қазақ тіліне тән емес «х» дыбысы күштеп ендірілгені тәрізді «ф» дыбысын да қазақ тіліне телудің нәтижесінде Фатима, Фарида, Фазыл сияқты т.б. бірен-саран кісі аттары пайда болды. Бірақ «ф» дыбысы арқылы осындай жасанды жалқы есімдер пайда болғаны болмаса, тілімізді бұл дыбыстан жасалған сөздер байытып жіберді деуге негіз жоқ.
«Қазақ тілінде орыс тілінің үлгісіндегі тіс-ерін жуысыңқы «ф» дауыссызы жоқ. Сондықтан да «фабрика, физика, футбол» т.б. өзгетілдік сөздердің қазақы айтылымы «пәбірике, пизикә, путбол» болып жүр. Тіптен, орыс тілінен енген сөздердің құрамындағы «ф» дауыссызын сол орыс тілінің үлгісінде айтуға тырысқанның өзінде де, ол жуысыңқы тіс-еріндік болып шықпай, ерін-еріндік hW (немес oП) болып айтылады (мұндағы h, о дәйекшелері қатаң, еріндік дегенді білдіреді)» [18, 80-81 б.б.].
Араб тілінен енген фасиқ, фаида, фатуа сөздерінің қазақ тілінде пасық, пайда, патуа [18, 62-64] болып айтылуы қазақ тілінің бұл дыбысты өзіне қабылдай алмағанын көрсетеді. Яғни «ф» дыбысы арқылы келетін сөздер қазақ тілінде, негізінен, «п» дыбысына, кейде «б» дыбысына алмасқанын көреміз.
Орыс тілі мен қазақ тілі дыбыстары шатасып кеткен қазіргі «орыс-қазақ» әлімбиіміздегі, әсіресе бәрімізді шатастырып жүрген «у» мен «ы» таңбалары. Шатастыруының негізгі себебі – олардың дыбыстық мәндері екі тілде екі түрлі. «У» орыс тілінде дауысты дыбыс болса, қазақ тілінде үнді дауыссыз дыбыс. «Ы» – екі тілде де дауысты дыбыс, бірақ екеуі екі түрлі дыбысталады. Қазақ тілінді «ы» дыбысы келте дыбысталса, орыс тілінде «ый» түрінде дыбысталады. Соған қарамастан, кирилше қазіргі «орыс-қазақ» әліпбиімізде екеуіне (у,ы), қасақана болар, бірдей таңба берілген.
Енді ерін-еріндік, жуысыңқы, үнді «у» дауыссыз дыбысына арнай тоқталайық. Мұндай дауыссыз дыбыс орыс тілінде жоқ. Сол себептен көп адамдарды шатастырып жүр. Мәселен, әлемге аты әйгілі ақын ағамыз Олжас Сүлейменовтің өзі қазақ тіліне тән «у» үнді дауысысыз дыбысы келетін «ауыл» сияқты т.б. сөздерді орысша жазу керек, «у» дыбысынан кейін «ы» (оның ойынша орысша «ый») дыбысын жазып, қазақ тілі мамандары қатты қателесіп жүр. Олардың өздері сауатсыз» деп қате айтып отырса да, қазақы «у» дыбысының ерекше бір қасиетін қазақы түйсікпен терең сезінген. Өйткені ол «жанды (ауызша)» тілдегі «ауұл» сөзінің айтылуын жиі естігендіктен, «аул» деп жазылғанын дұрыс деп ойлайды. Рас «аул» деп жазылған қалпындағы «у» дыбысын орыс тіліндегі дауысты дыбыс секілді оқысақ, қазақша ауызекі тілдегі айтылымына барынша жақын келеді. Бірақ қазақ тіліндегі оның айтылымы, демек дыбысталуы «ауұл» екенін ол кісі сияқтылар қайдан білсін. Олар тұрмақ қазақтілділердің өздері осы бір «ерін-еріндік, жуысыңқы, үнді «у» дауыссыз дыбысы өзінің алдында да, артында да қысаң езулік дауыстылардың (ы,і) қолданылуын мүлдем жатырқайтынын білмейді-ау дейміз. Дегенмен бұл дыбыстың өзіндік ерекшелігін нағыз мамандар айтуындай-ақ айтқан, дәлелдеп жазып кеткен. Бұл мәселе туралы Мырзабектен Сапархан былай дейді: «Еріндік дауыстылар ғана емес, дауыссыз у (тау) да өзінен кейін қысаң (е, ы, і) дауыстыларды жолатпайды. Қазақ сөзін алғаш зерттеген Н.Ильминский ауұл, ауұз, ауұтқу түрінде хатқа түсіргені мәлім. В.Радыловта: әуө, әуөс, дәурөн, дәулөт, жауұрұнды, зауұқшұл, жолаушұ, П.Мелиоранскийде: ауұздұқ, біреудү, күйеудүң, таудұң т.б.
Мұны Ахмет жақсы білді. Сөйте тұра, еріндіктер (о, ө, ұ, ү) «бас буынның басқасында келмейді, бас буыннан басқасын сүймейді»,– деп, жазуды қаңтарып қойды. Қалған буындарда айтыла ма, айтылмай ма, ол да белгісіз. Халел де мұны айналып өтеді. Бұл жөнінде пікір айтушылар оны «көнерген», «өлген» заңдар қатарына қосады. [19, 11б.]
Енді қазақ тіліндегі «ауыл» сияқты сөздерде жазылып дүрген «ы» әрпін орысша оқитындардың өз пікірлерін берсек, осы дабыс-әріптің сол сөздерде қате таңбаланып жазылып жүргеніне көзіміз жете түседі: «... Старательно следуя методу аудиолингвистического обучения казахскому языку, вы уже пишете и говорите казЫна, барЫс. У нас у казахов, есть пословица: «Если товарищ слепой - зажмурь глаза» («егер жолдасың соқыр болса, көзіңді қыс»). Пословица имеет двоякий смысл: или как солидарность в поддержку ближнего, или как усмешка над бесполезней затеей сердобольного товарища. Не знаю, в каком смысле подражают наши русскоязычные казахскому написанию и произношению своих слов как казна, барс. Эти тюркские слова, как отмечаются в русских этимологических словарях, в письменных источниках.фиксируются с 16 века. Да и по-казахски звучат эти слова точно так же, как в русском. Только в новейшее время наши фонетисты заставляют казахов писать и говорить для ради отличия от русского казЫна, барЫс, ценою вульгаризации казахскогоязыка.
... Слово «аул», бытующее от Крыма до Алтая, через труды русских историков, писателей и поэтов известно всему миру. Но мы казахи в пику всему миру пишем «ауЫл». Олжас Сулейменов по этому поводу писал: «...гулкое, легкое слово «аул» превратилось в безобразное, завывающее «ауЫл». Здесь горловое «Ы» почти не звучит, если конечно старательно не выть. Но ведь, если надо, можно сколько угодно тянуть: ау-у-у-л, или выть ау-ы-ы-ы-л. Наше, казахское ыкание нельзя обосновать особенностью народного говора. ... Наше ыкание нельзя обосновать также и физиологией казахов» [20] .
Бұл жерде осы мәтінің авторы қазақ тілінің «у» дыбысының өзіндік ерекшелігін және одан кейін «ұ» дыбысы келетінін білмейтіні бір басқа, қазақ тілінің «ы» дыбыс-әрпін орысша «ый» болып дыбысталатын әріппен шатастырып отырғаны ақиқат.
Қалай дегенмен, қазақ және орыс тіліндегі дауысты-дауыссыз дыбыстардың сапалық, сандық жағында да, олардың бір-бірімен тіркесуінде де үлкен айырмашылықтар бар. Бұл мәселе қазақтың болашақ латынша әліпбиін құрастыруда және сол бойынша емле ережелерін дайындауда қатаң ескерілуі керек.
Орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздердің жазылуында қазақ тіліне тән үндестік заңы, дауыссыз дыбыстардың бір-бірімен өзара тіркесе алу қабілеті ескерілмегендіктен, жазуда көптеген қиындықтар туындағанын айттық. Журналист Қуанбек Боқаев «Орыстың термин жасау үлгісін неге үлгі тұтпаймыз? Немесе қазақ терминологиясына ұлттық концепция керек» деген мақаласында профессор Мырзабектен Сапарханның «Қазақ тіліндегі орыс сөздерінің айтылым сөздігі» деген еңбегін жолғары бағалай келіп, ғалымның орыс тілінен енген сөздердің қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына бағынуы тиіс, сол арқылы көптеген мәселелерді шеуге болады деген пікірін қолдайтынын білдіреді [19].
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі жайлы сүбелі еңбектер жазған Мырзабектен Сапарханның аталған сөздігінің алғы сөзінде жазылған мына бір пікірінің маңызы ерекше. Ол былай деп жазады: «Кірме сөздерді дыбыстық жақтан игеру әрі оңай, әрі тым қиын. Оңай болатыны, жоғарыда бір-ақ сөйлеммен айқындалған даңғыл дыбыстық заңдар бар. Қиын болатыны; біріншіден мың-мыңдаған сөзді бірден игеруден туса, сол басы ашық даңғыл заңдардың, екіншіден, қазіргі қауымға жат, жабайы көрінетіндігі. Сол қауымның түсінік-түйсігі, өресі тұрғысынан ойлағанда, соның бір өкілі біздің де көсіле алмай, кібіртіктей беретін тұсымыз көп. Сөйте тұра, тіл мүддесін қоғам, қауым қалауынан жоғары қойып, әспеттеуге тура келеді» [21].
Ғалымның осы пікірін біз толықтай қолдай отырып, өңін өзгертпеген өзгетілдік сөздерді өз сөздерімізге айналдырудың төте жолы – тек қана қазақ тілінің төл дыбыстарына негізделген төл әліпбиін латыншалап қайта құру деп санаймыз. Басқадай жол жоқ сияқты. Бар болса да, өте қиын шаруа болмақ.
Журналист Мырзан Кенжебай халықаралық терминдерді аударуға болмайды дейтіндерге қарсы шыға отырып, көптеген терминдердің арғы түбі араб сөздері екеніне, олардың еуропа тілдерінің заңдылығымен дыбысталып тұрғанына нақты дәлелдер келтіреді. Ол: «Біздің тілімізге шығыстың араб, парсы, түрік, монғол тілдері ортақ және оларды өз сөзімізге бейімдеп айту әрі үндес, әрі оңайлау. Ал біз қазір осы өзімізге жақынды жақын тұтудың орнына жатсақ-тұрсақ бер жағы Ресейдің, аржағы бүкіл Батыс Еуропа мен Американың етегіне жармасып не істесек те соларға қарап жәутеңдеп, солар қалай сөйлесе жалмажан соны қағып алып, қайталап, өзімізді-өзіміз солардың алдында кіріптарлыққа салуды әдетке айналдырдық»,– дей келе оның себебін былай түсіндіреді: «Өйткені біз жүздеген, ондаған жылдар бойы құлағымыз бен миымызға отарлаушы елден келген сөздерді ғана сіңіріп үйреніп кеткенбіз. Сондықтан өз сөзіміз өзімізге, ерсі тұрпай болып естіледі. Мұны «құлағы үйренбеген» дейді. Оны айтасыз-ау «туризм», «турист» деп күніге заржақ баладай қақсап жүріп, оның бар болғаны «саяхат», «сапар», «саяхатшы», «сапаршы», «жиһангер» екеніне де көңіл бөлуден қалдық. Терминқұмарлар оны да «термин» сөз дейді. Профессор Марр айтқан ең бай, көркем араб, парсы, түркіге ортақ тіліміздің бұлайша ұмыт болуы бір кездері Батыс Еуропаның ислам елдеріне қарсы «крест жорықшыларынан» бастап бүгінгі отаршылары араб елдерін, ал патшалық Ресей мен Кеңестік Ресей қазақ, өзбек, түркмен, татар, әзірбайжан, башқұрт және басқа да түркі халықтарын бөлшек-бөлшек қып бір-бірінен алыстатып, езгіде ұстауының кесірінен болғанын ескеретін кез жетті енді!» [22, 5б.].
Осылайша қоғамда жат сөздерді қазақ тілінің заңдылығына бағындырып айту керек, мүмкіндік болса ондай сөздерді туыстас немесе араб, парсы тілдерінен алған жөн деген көзқарастармен қатар керісінше қазіргі жазуымыздағыдай, яғни орыс тіліндегідей етіп алу керек деген пікірлер де аз емес. Мысалы, қазақ тілінің майын ішкен жазушы, марқұм Г.Белгер өткен ғасырдың 20-30 жылдары орыс тілінен енген сөздер, тіпті кісі аттары да үндестік заңына бейімделіп жазылған, бұл бір кезде өзін-өзі ақтағанмен, қазіргі кезде бұлай жазуға болмайды дегенге келтіріп, өз ойын былай қорытындылайды: «Содан бері талай жыл өтті, заман өзгерді бұрынғы қазақ жоқ. Бәрі сауаттанған. Орысшаны орыстан бетер сайрайды. Орыс, шетел сөздерін еш бұрмаламай сөйлейді. Қайта, керісінше қазақшаны орыс акцентімен айтады. Көмейінен «Көкшетау» «Кокчетав» болып шығады. «Дунияда сенен артык маган джан джок» деп шырқайды. Демек, қазіргі қазаққа қай тілді болса да, қазақыландырудың еш қисыны жоқ. Оны байырғы үндестік заңына, қазақтың фонетикалық мақамына еріксіз матап, байлап көндіру де бекер» [23, 5б.]. Демек, Г.Белгердің ойынша, «Көкшетауды» «Кокчетав» деп айту немесе «Дунияда сенен артык маган джан джок» деп қазақ сөзін бұзып айту қазіргі жазуымыздың жетістігі, тіліміздің дыбыстық жақтан дамуы сияқты қабылдануы керек екен.
Қазақ тілін зерттеп жүрген тіл мамандары мен ақын-жазушыларымыздың өздері орыс сөздерін қазақ тілінің заңдылығына салып айтуды кері кеткендік деп бағалап жүргенде қазақ тілін менсінбей мұрнын шүйіріп қарайтын орыстілді қандастарымыздың не дейтінін айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті орыс тіліне, ағылшын тіліне тән дыбыстарды әліпбиімізге кіргізбесек, жастарымыз компьютерді игере алмай қалады, заман ағымынан қалып қояды деген пікірлер де баршылық. «Латын негізіндегі қазақ әліпбиі» (жобалар жинағы) деген еңбек авторлары, тілші ғалымдарымыздың жобаларын талдай келе, осы жобалар туралы өз көзқарастарын айтады.
Мәселен, Ә.Қайдаридің жобасының кейбір жерлерімен келіспейтінін олар былай деп түсіндіреді: «Қазақ тіліне тән фонеманың бірі һ әрпін неге қазақ әліпбиі жобасына кіргізбегені түсініксіз. Қазақ әліпбиінің жобасына латынның Cc, Ff, Ii, Vv, Xx символдары кірмеген. Мысалы, компьютерді пайдаланғанда кездесетін «файл» деген түсінікті қалай жазамыз? Каталогтың (папканың), файлдың, программаның, функцияның, модульдің т.б. аттары латын әрпімен жазылады. Латынның бұл символдарын қазақ әліпбиіне қабылдамағаннан не ұтамыз? Жастарымыз шет тілдерін оқымай ма?» [24, 17 б.].
Авторлардың осы сөзіне қарағанда кірме сөздерді қазақыландырып жазсақ, компьютермен жұмыс істей алмай қалады екенбіз және тіліміздегі жат дыбыстар жастарымыздың шетел тілдерін тез меңгеруіне ықпалын тигізеді-мыс. Компьютердің бағдарламасын адам жасайтынын, бағдарламаға қандай таңба кіргізсең де компьютер оқи беретінін дәлелдеудің қажеті бар ма?
Тіл үйрену деген әріп үйрену емес, әріптері бірдей болса да тіл заңдылықтары әр түрлі болады. Кирилл әліпбиіне көшкендіктен, қазақтардың барлығы орысша сайрап кеткен жоқ, орыс тілін бәрімізге қажеттілік үйретті. Орыс тілінде сөйлей аламыз десек те, қазақ тілді адамдар сөйлегенде олардан қазақ тіліне тән заңдылық байқалып тұрады. Тіпті сөйлеушінің жүзін көрмесеңіз де, оның орыс емес екенін сөйлеу мәнерінен аңғаруға болады. Әліпбиде әріп саны көп болған сайын, басқа тілден енген сөздерді айта алу қабілетіміз арта түседі деген көзқарас дұрыс емес. Қанша жерден әліпбиді жат дыбыстармен сықап толтырып қойсаң да, олар тілдің ғасырлар бойы қалыптасқан артикуляциялық табиғатына өзгеріс енгізе алмайды, тек тілді тұтынушылардың тілін бұзып, өзгеше тілді «мәңгүрт» топты қалыптастырады. Ақыр аяғында оны тұтынушылар біртіндеп жоғалып, тіл өлі тілге айналады.
Жат сөздердің басқа бір тілге сіңуі – ұзаққа созылатын үдеріс. Бұл туралы В.Г.Демьянов мынадай пікір айтады: «Заимствование рассматривается как процесс постепенной, прортекающей во времени и пространстве адаптации, т.е. приспосабление иноязычного слова к разным сторонам системы языка-рецептора. И в процессе этой адаптации, в ее характере отражается взаймодействие двух контактирующих систем» [25, 9б.].
Қазақ тіліне араб, парсы орыс, тіпті қытай тілінен сіңген сөздер де осындай ұзаққа созылған үдеріс негізінде қазақ тілінің заңдылығына сай өзгерген. Бірақ ғылым мен техника шарықтап дамыған қазіргі заманда өзгетілдік сөздердің қазақ тіліне табиғи жолмен бейімделіп, өз бетімен енуін күтіп отыру мүмкін емес және мұндай сөздер тілімізге негізінен жазбаша түрде кіріп жатыр, сондықтан оларды бірден қазақ тілінің табиғатына бейімдеп енгізу қажет. Ол үшін ең бірінші кезекте төл әліпбиімізді құрастырып, содан соң екінші кезекте қазақ тіліне тән ең үлкен заңдылық үндестік заңы мен дауыссыз дыбыстардың бір-бірімен тіркесу қабілеттерін ескере отырып, өз емлеміздің қағидаларын қалыптастыруымыз керек.
Жат сөздер ғылым мен техника саласына ғана емес, жоғарыда айтылғандай, қоғам өміріне байланысты да тасқындап еніп жатыр.
Қоғамдық саяси лексика көбінесе өзге тілдерден ауысып келетіні белгілі. Олар қазіргі тілімізде екі сипатта кездеседі: біреулері тіліміздің дыбыстық-құрылымдық заңдарына бағынып, игеріліп енген болса, екіншілері орыс тілінде қалай жазылса, қазақ тілінде де солай болуы талап етіліп енгендер болып келеді. Оларды екі түрін де қазіргі қазақ қоғамы жаппай қолданып жүр. Қазақы өң-түр алғандары туралы ешқандай күмәнді уәжіміз жоқ. Ал еш өзгеріссіз қолданыста жүргендерінің халық арасында кең таралуына Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) сеп болып жүр. Газет-журналдарды сөз етпегенде соңғы жылдарда радио-теле хабарлармен қатар электронды құрал-жабдықтардың, соның ішінде, әсіресе ғаламтор желісінің де ықпал зор бола бастады.
Енді төменде қазіргі БАҚ-тардағы осындай сөздер қалай қолданылып жүргеніне бірнеше мысал келтіріп көрейік: «2012 жылдың 12 желтоқсанында Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасында Кеден Одағынан тыс елдерден әкелінетін астық оратын комбайндар мен модульдерге арнайы баж салығын енгізу жөнінде шешім қабылданғаны мәлім»(«Жас қазақ №36 (452) 20 қыркүйек. 2013 жыл»), «Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, 2014 жылға қарай электр энергиясын өндіру 97, 9 млд. квт/сағатқа жеткізілмекші». («Түркістан» №38 (1000) 26 қыркүйек, 2013 ж.), «Рим прокуратурасы Мұхтар Әблязовтің әйелі Алма Шалабаева мен қызы Алуаны заңсыз депортациялаған қазақстандық дипломаттардың үстінен тергеу жүргізіп жатыр», «Әблязовтің қорғаушылары оларды дипломатиялық иммунитеттен айырып қана қоймай, экстрадицияға көмектескен итальяндық шенеуніктерді әшкерелеуді талап етуде» («Жас Алаш» № 78, (15848) 1 қазан, сейсенбі, 2013 ж.), «ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау «Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері» туралы заң жобасын таныстыру кезінде «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ басқармасының органы ретінде шетелдік жұмысшыларды тиісті квоталарсыз тартуға құқылы» екенін айтты» («Алаш айнасы», №172 (1083), 2 қазан, сәрсенбі, 2013 ж.).
Көріп отырғанымыздай әрбір сөйлемде қазақ тілінің дыбысталу заңдылығына келмейтін, қазақтілді адам жүгіртіп оқи алмайтын, оқыған күннің өзінде оны дұрыстап дыбыстай алмайтын сөздер кем дегенде екеу-үшеу. Орыс тілінің жазылу емлесімен БАҚ-тар арқылы мұндай сөздер тасқындап кіріп жатыр. Дәл қазіргі жазуымызбен оларға тосқауыл қою мүмкін емес.
Қоғамдық-саяси лексикаға елдің, мемлекеттің басқарушы органдардың, лауазымдық қызметтер мен мекемелердің, мемлекеттердің, құрылықтардың (географиялық атаулар) атаулары (аттары), тіпті оған кісі аттары да кіреді. Мемлекеттердің аттары, географиялық атаулар, кісі аттары қазіргі орфографиялық сөздіктерімізде орыс тілінің заңдылығымен жазылатынына көзіміз үйренгені соншалық – оларды қазақ тіліне бейімдеп алу керектігі туралы тіпті сөз де болмай келеді. Кісі аттары қоғамдық-саяси лексикаға жатпаса да, белгілі бір уақытта, саяси кезеңде кейбір мемлекет қайраткерлерінің аттары баспасөз беттерінде жиі қолданылуы мүмкін. Оның үстіне шетелдік кісі аттарын қазақша жазу мәселесі тіпті сөз болып та жүрген жоқ. Ал латын әліпбиіне көшкенде әліпбиімізде, қазақ тілінің табиғатына жат, басы артық дыбыстар болмайтындықтан, бұл мәселе өзінен-өзі шыға келеді.
Енді төменде бұқаралық ақпарат құралдарында орыс тіліндегідей қолданылып жүрген қоғамдық-саяси сөздерді болашақта латын әліпбиімен қазақ тіліне бейімдеп жазғанда қандай мәселелерге назар аударумыз қажет дегенге тоқталайық. Біріншіден, әліпбиімізде қазақ тіліне тән емес дыбыстар болғандықтан, тіліміздің табиғатына келмейтін дыбыстар тіркесімі пайда болды, екіншіден жөн-жосықсыз тықпаланған тілімізде жоқ дауысты дыбыстар және жіңішке дауыссыздар қазақ тілінің айтылым әуезін бұзып, жазуда қиындық келтірді. Бұл қиындықтардан шығу үшін ең алдымен ұлттық әліпби құрастырып, содан соң қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың үндесуі, дауыссыз дыбыстар тіркесімі сияқты т.б. өзіндік заңдылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, емлемізді тірі тілге (ауызша тілге) барынша жақындату қажет. Бұны тілші ғалымдар қолдарына алса, құба-құп болмақ.
Әйтпесе, тілімізді тәп-тәуір білетіндердің көпшілігіне қазақ тілі пәні мен ғылымының түрлі мәселелері оп-оңай болып көрінетіндей болып жүр. Олар өз ана тілін бір қазақтай жап-жақсы білсе де, оның қыр-сырына терең бойламай жатып, тілдік жүйе мен тілдік құрылымға қатысты мәселелерге араласып, мұқым елді адастырып жүр. Бұндай адамдар, бір өкініштісі, кейде қазақ филологиясынан жоғары білімі барлардың да арасынан бой көрсетіп жатады. Әлбетте, бұның себебі де түсінікті. Оларға кеңестік жүйе кезінде қолданыста болған саяси иеология мен сол дәуірдің 1940 жылдарынан бері бүгінге дейін қолданылып келе жатқан «орыс-қазақ» әліпбиімен жазылған «халықаралық сөдер» өз ықпалын жасап келеді. Оқулық, оқу құралдарындағы қазақтарды біртіндеп орыстандыру саясатымен қасақана жасалған қате қағидалар саналарына берік орныққан.
Дегенмен қазіргі қолданыстағы қазақ тілі пәнінің оқулық, оқу құралы мен оқу-әдістемеліктерін кезінде мамандар жазды, бірақ онда «әтеген-ай» дегізетіндей кемшін тұстардың бар екенін көптен бері талай ғалымдар айтып та, жазып та жүр.
Оқулықтардағы сол қате қағидалар мен солақай ережелердің бірқатары соларды дайындаған филолог мамандардың білім-біліксіздігінен де болған жоқ. Ондай қате тұжырымдарға олар кер заманның кереғар саясатының кесірінен еріксізден-еріксіз барған болатын. Соларды енді, міне, тәуелсіздік алып, егемен ел болған тұста түзетуге кәсіби мамандығы жоқ кісілердің араласуына жол бермей, қазақ филологиясы мамандарының өздері кірісуі керек-ақ еді. Жоқ, олай болмай, оған филолог мамандармен қосамжарласып, түрлі мамандық, кәсіп иелері де араласып жүр. Сонымен бірге көпшілігіміздің санамызға жат сөздерді бұзып айту арта қалғандықтың, надандықтың белгісі ретінде де қалыптасып, жат сөздерді қазақша жазып, қазақша дыбыстау керек екені санамызға сіңбей жатыр. «Бөтен тілден енген сөздерді дәл сол тілдердегідей етіп бере алатын» әмбебап «орыс-қазақ» әліпбиіміз тіліміздің өзіндік дыбысталу ерекшелігіне, өзіндік дыбыстық тіркесіміне ғана нұқсан келтіріп жатқан жоқ, оның өзгетілдік сөздерді өзілік етіп дамуына да бөгет жасап жатыр. Сондықтан жазылу мен айтылу арасындағы айырмашылықты барынша азайтып, аударуға келмейтін, жаңа ұғымды беретін жат сөздерді тіліміздің ерекшелігіне бейімдеу керек. Сонда ғана тіліміз жат сөздер топанының астында қалмайды және қазақшаланып кірген сөздер тіліміздің сөздік қорын байыта түседі. Ал бұны бір жөнге салу үшін қазіргі тіліміздің жазуына үлкен бетбұрыс қажет болып тұр. Ол – әліпби ауыстырайық па, жоқ па, бәрібір, әйтеуір қазіргі әліпбиіміздегі жат тілдік сөздерді жазып-айтуға мәжбүрлейтін, сөйтіп, тіліміздің шұрайын кетіріп жүрген, тіліміздің табиғи бітім-болмысына жат дыбыстарды (в, ф, ц, ч, щ, х, һ, э), дыбыс тіркесімдерді (ц (тс), ч (тш), я (иа), ю (иу), ё (ио) таңбалайтын әріптерден (ь,ъ) арылу болмақ. Тілімізді азат ету арқылы ғана біз орыстандыру саясатынан құтылып, рухани тәуелсіздікке жете аламыз.
Сөйтіп, тіліміздің дыбыстық жүйесінің білгір маманы Ә. Жүнісбек айтқандай, ең құрығанда дыбыс пен әріптің аражігін ажырата алмайтындар латын әріптері негізінде қазақтың жаңа әліпбиін жасай бастады. Тіпті олардың арасында өз жобаларына патент алып марқайып жүргендер де баршылық. Әрине, олардың өз ана тілін өзге қазақтардай қадірлеп-қастерлеп сүйетінін, оны бір кісідей білетінін, толғауы тоқсан тіліміздің түйінді мәселелерінің «қатты толғандыратынын» түсінеміз.
Қазақ тілінде қанша дыбыс бар екенін Ахмет Байтұрсынұлы бұдан жүз жыл бұрын анықтап, нақтылап, дәлелдеп кеткен. Соның негізінде латыншаланған қазақ әліпбиі өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының аяғында – баяғыда-ақ жасалып қойылған және ол он-он бес жылдай (1926-1940) ұлтымызға тәп-тәуір қызмет еткен еді. Егер латыншаға шынымен де көшетіндей болып жатсақ, «белесебетті қайта ойлап шығарғандай» болмай-ақ, сол латынша әліпбиімізді сәл жетілдіріп пайдалана беруге де болады.
Сондықтан оны қайта жасаймыз деп аса әуреленудің де қажеті шамалы болар, ал егер оны жетілдіреміз десек, біздің латыншаланатын болашақ жаңа әліпбиіміздегі әріптердің саны, Ахаң көрсеткендей, 26-28 таңбадан аспауы не кемімеуі керек. Олай етпесек, талай кемшіліктеріміздің бүгінге дейін түк өзгеріссіз келе жатқанын көріп, ашынып: «Осы батпақ, осы сатпақ, осы лай, Баяғыдан осылай. ...», – деп таланты ақын Әбубәкір Қайран жырлағандай, тағы біраз уақыт әндетіп жүре береріміз анық.
Сондықтан алдағы уақытта тағы да қателікке ұрынбау үшін әрі оқырманға қате жаслған латынша әліпбидің бір үлгісі ретінде ғаламторға шығып (www.astana.tv), уағыздалып жүрген Ж.Н. Аймағанов деген бір талапкердің (филологиялық білімінің бар-жоғын білмедік) қазақ әліпбиін латыншалаған жобасының кейбір өрескел кемшіліктерімен таныстыра кетуді жөн көріп отырмыз.
Латынға негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиінің жобасын жасадым деп отырған автор, шынында да, дыбыс пен әріптің парқын ажырата алмаған. Оған көп мысал келтірмей-ақ, қысқа (дауыссыз) «й» мен ұзақ (дауысты) «и»-ге латыншалап екі түрлі таңба беруін айтсақ та жеткілікті болар.
Қазақ тілінде орыстардікіндей ұзақ немесе дауысты «и» дыбысының жоқ екені қашаннан бері айтылып келеді. Ж.Н. Аймағанов мысалға келтірген «тасиды, ки, киім, жиырма» деген сөздердегі «и» – әріп. Бұл орыс тіліндегі «институт», «интер», иод» т.б. сөздердегідей дауысты дыбыстың таңбасы емес. Мәселен, «киім» сөзінің дыбыстық көрсеткіші – [кійім].
Осындай, мектеп көрген кез келген қазаққа түсінікті нәрсені парықтай алмай жасалған, мүлдем ақылға сыймайтын дүниелер біз мысалға келтіріп отырған әліпбиде де, басқа әліпилерде де көп-ақ. Сондай қате пайымдаулардың біріне тағы да мысал келтірсек, автордың «қазақ тілінде «і» және «я» әрпі қатар тұратын сөздер кездеспейді. Егер «и» және «я» әрпі қатар келген жағдайда оны «iya» деп жазған ыңғайлы» деуі қандай қисынға негізделген. Тіпті қазіргі кирилшеге негізделген қазақ әріптерімен таңбалайтындай қазақта «ія» деген сөз де жоқ. Ол, мөлшері, біз қазір күнде қолданып жүрген «иә» деген сөзді білмейтін сияқты. Егер білсе, оның қазақша дыбысталуы «і+й+ә» дыбыстарынан тұратынын аңғарар ма еді, аңғармас па еді.
Демек, орыс тіліндегі жуан «я» (й+а) дыбыс-әрпінің қазақ тілінде жіңішке нұсқасы (Әлия - Ә+л+і+й+ә т.б.) да бар. Алайда біз осы екеуін де тілімізде сирек (көп дегенде 100 шақты сөз болар) қолданамыз. Ал орыс тілінде олардың («й» мен «а») бір-бірімен тіркесуі, асыра айтсақ, үш сөздің біреуінде кездеседі. Сол себептен олар жазу барынша үнемді болсын деген мақсатпен өздерінің әліпбиіне жасаған соңғы реформасында «й» мен «а» дыбыстарының тіркесіміне бір таңба берген.
«Ю» мен «ё» (й+о) әрпі де осы мақсатқа орай, ойластырылып алынған. Біздің тілімізге бұндай қажеттілік керек емес. Жаңа айтып кеткеніміздей, бізде олардың бір-бірімен «ы+й+а», «і+й+ә», «ы+й+ұ+у», «і+й+ү+у» болып тіркесіп ұшырасуы бар болса да, орыс тілінікіндей емес, өте сирек. Ал «й» мен «о» тіркесі, яғни орыс тілінің «ё» (й+о) әрпіне ұқсайтын дыбыс тіркесімі қазақ тілінде мүлдем жоқ.
Атап айта кететін тағы бір мәселе – тілімізде і+й+ә//ы+й+а дыбыс тіркесімі «иә», «яғни», «яки», «япырау» деген сияқты бірен-саран сөздердің ғана басында жазылып-айтылатындағы болмаса, сөз басында қолданылмайды. Орыс тілінде керісінше.
Міне, осы сиқты толып жатқан мәселелерді Ж.Н. Аймағанов сияқты маман емес әліпби түзушілер ескере бермейді. Мүмкін, білмейтін де шығар!
Сөз болып отырған әліпбидің авторы өзінің жобасында орыс сөздерінде ғана ұшырасатын дыбыстарға да таңба арнаған. Оның әліпбиі – 35 әріптен тұрады. Бұл дегеніңіз, өзгетілдік дыбыс-әріптерді өзіміздікі деп ойлаудан туған өрескел қателік.
Қысқасы, біз бір шешімге келіп, латыншаға көшетіндей болып жатсақ, тіліміздің дыбыстық жүйесінің ұлттық табиғи бітім-болмысын қатаң ескере отырып, жаңа әліпби түзуіміз қажет. Әйтпесе, ісіміздің бәрі бекер.
2011 жылы сол кездегі республикамыздың мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Республикамыздың латын тіліне өтуі – уақыт талабы, қоғамның дұрыс қадамы» болып табылады деген ой айтты. Латын жазуы турасында сол кездегі Президент кеңесшісі Ермұханбет Ертісбаев та өз ойын: «Жаһандану мен Қазақстанның халықаралық қарым-қатынасын әлемдік деңгейге көтеру үшін қазақ тілін латын графикасына өтуін жеделдету керек» деп білдірді. Сондай-ақ сол кездегі Қазақ тілін дамытатын Президент қорының директоры Азат Шауеев бұл реформаға кем дегенде 10-15 жыл керек екендігін айта келіп, латынға өтсек, республика халқы шет тілдерін әрі шетелдіктер қазақ тілін оңай меңгереді дегенді дәйек етті.
Заман өзгерді. Қазіргі таңда Елбасының сындарлы саясатының арқасында егемен елімізде ұлтаралық татулық, саяси тұрақтылық, діни түсіністік қамтамасыз етіліп отыр. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасын дамытып, әлеуметтік жағдайын жақсартып, бірқатар саяси, рухани, мәдени табыстарға қол жеткіздік.
Ішкі саясатты тиімді жүргізуде қазақстандық түрлі ұлт өкілдерінің төл мәдениеті мен тілінің дамуын ескеріп отыру маңызды шаралардың біріне айналды. Сол себептен де, Президент Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде ұлтаралық келісімді нығайту мәселесіне ерекше мән беріп: «Біз Қазақстанда қазірдің өзінде этносаралық келісімнің ғажайып үлгісі қалыптасты деп өзімізді-өзіміз тоқмейілсітпегеніміз жөн. Бұл мәселеге назарды тұрақты түрде аударып отыру керек» , – деді.
2005 жылғы Жолдауында: «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», – деп қазақ тілінің Қазақстан халықның басын біріктіріп, тұтастығын қамтамасыз етудегі рөліне ерекше мән берді.
Елбасының сындарлы тіл саясатының арқасында ел егемендігі мен тұтастығы, тәуелсіздігі мен дербестігі сақталып отыр. Елдің бүгінгісі мен кемел келешегін бекем ету мақсатында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметін дамыту бүкіл еліміз бойынша жаппай қолға алынып келеді. Елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің өзара татулығы мен ынтымақтастығы, бір-бірімен түсіністік қарым-қатынаста болуы қашан да көкейкесті мәселе болып қала бермек.
Қазақстан қоғамы ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаңашыл реформаларын басшылыққа алып, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап саяси-экономикалық дамудың жаңа жолына түсті. Бұл мәселеге Елбасы өзінің әр еңбегінде басымдық беріп келеді. Алайда, еліміздің саяси-экономикалық даму үдерісіне қоғамдық қарым-қатынастардың түрліше әсер ететіні көп мәселеге байыппен қарауды қажет етеді. Өйткені, түрлі ұлт өкілдерінен тұратын қазақстандық қоғамның нарықтық-демократиялық даму жолына түсу кезіндегі оның тұтастығын сақтау қоғамдық қарым-қатынастың ең маңызды мәселесі болып табылады. Осы мәселенің дұрыс шешімін тауып, ел тұтастығын берік қалыптастыруда мемлекеттік тілдің алар орны ерекше. Елімізді дамытып өркендетуде, оның материалдық-рухани құндылықтарын көздің қарашығындай сақтап, соған барша халқты ұйытуда тілдік тәрбиенің маңызды рухани күш екені сөзсіз.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда мемлекеттік тілді дамытуға арналған бірнеше кезеңдік іс-шараларды зерделеп, ой таразысына салсақ, қазіргі таңда Қазақстан қоғамының оған деген ынтасы мен ықыласының біршама жақсарып, арта түскенін аңғарамыз. Себебі қазақ тілі – еліміздің мемлекттік тілі ғана емес, қазақ қоғамының білім алатын, ғылымды игеретін құралы, ұлтымыздың сан ғасырлар бойы жинаған рухани-мәдени мұраларының, ділі мен дінінің, әдебиеті мен өнерінің, сана-сезімінің, дүниетанымының жиынтығы. Демек, барлық рухани құндылықтарымыздың іргетасы әрі тірегі. Олай болса, оның қоғамдық сан салалы қызметін жан-жақты дамыта отырып, қолданылу аясын барынша кеңейту, оны дамытуға бағытталған іс-шараларды үнемі жүргізіп отыру – еліміздің өркениетті елдер қатарынан орын алуының кепілі.
Қай елдің болсын, экономикалық-қоғамдық қатынастарының барлық саласы өзгеріп, дамыған сайын тілі де өзгеше сыр-сипатқа, мән-мазмұнға ие болып, сол қатынастарға сәйкес дамитыны табиғи заңдылық. Тілді ұлттан, ұлттық мәдениеттен, ұлт өмір сүріп отырған қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастан бөліп қарау мүмкін емес. Ал қоғамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінде тілге деген сұраныс болмаса, әлеумет оны өз өмірінің өзегі етіп қолданбаса, тілдің өркен жаймасы анық. Әрине, оның ең әулі қолданыс табатын маңызды жері, ортасы – ауызекі сөйлеу тілі екені анық. Ауызекі сөйлеу тілі – кез келген тілдің түп қазығы, өмір сүруінің негізгі қалпы (формасы). Жазу, яғни әліпби – ауыздан шыққан сөзді дәл таңбалау үшін керек. Мәселен, үн жазу құралы (магнитофон) біздің айтқанымызды тура сол қалпында жазбаса, оны қайта тыңдаған кезде дұрыс түсінбес едік. Жазу да сол сияқты қызмет атқарады, яғни біздің аузымыздан шыққан әрбір сөздің әрбір дыбысын барынша дәл таңбалауы қажет. Сонда ғана жазу тіл үшін барынша толықтай қызмет ете алады.
Демек, орыс тіліне тән «ё, һ,ъ, й, ц, щ, х, ф, в,э, я, ч, ь, ю» дыбыс-әріптерін және қазақ сөзінің лексикалық мағынасына еш әсері жоқ «һ» дыбысының таңбасын қазақ тілінің болашақ әліпбиінен алып тастап, оны ұлттық табиғи бітім-болмысына қайтадан әкеліп, А. Байтұрсынұлы түгендеп-түстеп кеткен 28 әріптік әліпби негізінде латыншаға ауыстыруды тез арада қолға алмасақ та, 2025 жылға дейін біртіндеп жүзеге асыру керек. Бұл, жоғарыда кеңірек тоқталғанымыздай, өзгетілдік сөздерге қазақша балама іздеу сықылды басы артық әрі ауыртпалығы мен дау-дамайы мол жұмысқа қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі пайдалы, қазақ тілінің өзгетілдік сөздерді өз сөзіне айналдырып, сөздік құрамын байытуының ең тиімді жолы.
Тілдегі қалыптасқан заңдылық бойынша тілдің төменгі деңгейі әрі ең маңыздысы, іргетасы болып оның дыбыстық жүйесі саналады. Басқа тілдік бірліктер соның негізінде қалыптасады. Демек кез келген тілдің іргетасы дыбыстық жүйесі берік болмаса, оның басқа жоғары деңгейлері, тілдік бірліктері, айталық, сөздік қоры (лексикасы), морфемалық құрамы мен құрылымдық (грамматикалық) жағы қаусай бастайды.
«Адамзат ақыл ойының озық үлгілерін ортақ пайдалануға бүгінгі жаһандық үдерістерден шет қалмай, солардың бел ортасында болуы бұл орайда тіл мен жазу мәселесі аса маңызды орынды иеленді. Сондықтан қазақ тілінің өзіндік болмысын сақтай отырып, халықаралық кеңістікте қамтамасыз етуге икемді қазақ графикасын дайындап,оны бүкіл қоғам талқысына сала отырып бекіту – еліміз үшін маңызды мәселе» дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманбайұлы. Бұл орайда ғалым қазақ графикасын түркі халықтары арасында қолданылатын ортақ әліпбимен қазақ графикасының сабақтастығы, сәйкестігі де ескерілуі керек деп отырған болар.
Қазақ тілі – еліміздің ұлттық құндылықтар жүйесінде дамуының негізгі өлшемі болып табылады. Ол оның әлемдік қауымдастықтағы өзіндік орнын анықтауда саяси-экономикалық, саяси-идеологиялық, қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-танымдық маңызға ие. Ал әлемдік мәдениет пен өркениет жетістігі болып саналатын білім мен ғылым және қазіргі заманның жаңа технологиялары тіл арқылы беріледі, тіл арқылы игеріледі. Алайда өзге тілде игерілген білім мен ғылым, яғни адамзат өркениетінің барлық жетістіктері кез келген ұлттың өз ана тіл арқылы қайта жаңғырып, халқына қызмет етеді. Сондықтан да қазіргі таңда заманауи білім мен ғылымды игеру үшін әлемдік тілдік қатынаста (коммуникацияда) белсенді қолданыстағы тілдерді сапалы оқып-үйренуде лингвомәдениеттанымдық әдістемеге сүйену қажеттігі күннен-күнге мағызды бола бастады. Бұл мәселекешенді ғылыми-теориялық базис ретінде отандық әдістеме ғылымында қаралып жүр.
Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттың таным-түсінігі, болмысы, жан-дүниесі. Ұлт мәдениеті тілдің тұла бойынан анық көрініп тұрады. Тіл, мәдениет және өркениет өзара сабақтас, әрі үйлесімділікте өмір сүріп келе жатқан құбылыстар. Кез келген тілдің тілдік бірліктері сол халықтың ұлттық дүниетанымы, қоршаған әлемді қабылдау ерекшелігі, рухани және материалдық мәдениеті жөнінде мол мағлұмат береді.
Тіл – қоғаммен бірге дамиды, әсіресе, адамның ойлау, жалпы бейнелі ойлауы дамыған сайын тілдің әр түрлі қызмет аясы да, өрістеу ауқымы да, сөздердің мағына беруі мен тіркесу мүмкіндіктері де арта түседі. Қандай да болсын ұлттық мәдениет тілге қатыссыз болмайды. Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет – оның ішкі мазмұны. Осы тұрғыдан алғанда, тіл мен мәдениетті бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас бір дүние деуге болады. Олай болса, тілді осы бағытқа сай ұлттық мәдениетпен байланыстыра зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналды. Тіл білімінің бұл саласы – лингвомәдениеттану деп аталады.
Лингвомәдениеттану – мәдениет пен тілдің өзара қатынасының тілдегі көрінісін зерттейді. Сондай-ақ ол – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін тіл деректері арқылы этнолингвистика, этномәдениеттану, этнопсихология сияқты салалармен байланыста зерттейтін кешенді ғылым болып та табылады. Демек, лингвомәдениеттану ұлтпен (этноспен) тығыз байланысты. А.Байтұрсынұлы сөзімен айтсақ: «Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады» [26,142].
Ешқандай даусыз, ұлттық ерекшелік ұлттық тіл ерекшеліктерінен бастау алады. Тіл – адамзат пайда болғаннан бері онымен бірге жасасып, онымен бірге дамып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Ал кез келген тілдің даму жолы мәдени-тарихи мазмұнды құрай отырып, әрбір ұлттық ділді (мәдениетті) басқалардан ерекшелейді. Қазақ ұлтының және оның әдеби тілінің қалыптасып даму тарихын зерттеп-зерделесек, көне дәуірден бері қазақ қоғамы өзінің дәстүрлі рухани құндылықтарын, соның ішінде тілі мен әдебиетін, дәстүрі мен мәдениетін сақтап қалуға аса мән беріп, оларға ешқашанда бейжай қарамағанын көреміз. Ұлттық тіл мен әдебиетті, дін мен ділді, таным-түсінікті, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты жұрттың тұтастығы мен бірлігін қамтамасыз ететін тұрмыс-тіршіліктік берік қағидалар ретінде ұстанған. Алайда басы ашық мәселенің бірі – қазіргі қазақ ұлты да әлемнің басқа жұрты сияқты әр кезеңдегі тарихи-әлеуметтік, саяси-экономикалық құрылыстың сан алуан үрдісін бастан өткеріп, дамып өркендеді. Солардың ізі тілінде сақталып қалды.
Әбден қалыптасқан әрбір ұлттық тіл өзіне ғана тән белгілеріне, демек өзінің табиғи бітім-болмысына сәйкес келмейтін, шығу тегі басқа, түр-тұрпаты өзгеше өзге тіл тұрмақ, өзіне етене жақын туыстас тілдерден де ерекшеленеді. Егер туысқан тілдердің (ру, тайпа, ұлыс, ұлт) әрқайсының өзіндік ерекшелігі аса айқын болмай, бір аймақта көптеген ғасырлар бойы қатар өмір сүретіндей жағдайда болса, уақыт өте келе бір-біріне жұтылып, сіңісіп (ассимиляцияланып) кетеді. Ұлттық тілдер бір-біріне өте жақын туыстас ру, тайпа, ұлыстардың бір жерге шоғырланып, тұрмыс-тіршілігі, қам-қаракеті ортақ ел болып өмір сүруінің нәтижесінде қалыптасқан», «Тіл дамуының өзі – ру-тайпа тілдерінен халық тіліне, халық тілінен ұлт тіліне қарай өрбитін тарихи құбылыс» [27, 5] деген ғылыми теорияның негізінде осы жатыр.
Осындай жолды басынан өткерген тілдердің даусыз бірі – түркі тілдері тобына жататын қазақ тілі екені анық. Ол қазіргі Қазақстанның бүкіл аймағын мекендеген ежелгі туыстас ру-тайпалардың шаруашылық-кәсібі, әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты, ой-санасы, таным-түсінігі ортақ болып, тығыз қарым-қатынаста бірге тіршілік етуінің негізінде қалыптасқан.
Тіл – халықтың танымы мен бүкіл тұрмыс-тіршілігін суреттейтін қатынас құралы, құндылығы. Тіл мәдениетпен байланысты. Мәдениет сан ғасыр бойы қалыптасқан халықтың рухани байлығын қазнасын қамтитын, ұлттың дүниетанымынан хабардар ететін сананың жиынтығы.
Лингвомәдениеттану мәдениет пен тіл бірліктерінің жиынтығын танып, жүйелі түрде қарастырумен қатар тілде бейнеленетін, тіл арқылы көрінетін мәдени құндылықтардың қолданысын және тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде сақталуын, тілде көрініс табуын, сол арқылы ұлт мәдениетін таныта білуді қарастыратын тіл білімінің бір саласы екенін ескерсек, қазақ тіл білімінің осы саласы тілдік бірліктердің ішінен лексика-грмматикалық тұлғаларға (салт-дәстүрлік, әдет-ғұрыптық сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркесері, мақал-мәтелдер мен ұлттық сөз саптаулар) ғана баса мән беріп келе жатқанын аңғарамыз. Егер ол – ұлттық тілдің табиғи бітім-болмысын ұлттық ділмен немесе ұлттық құндылақтармен байланыста зерттеп-зерделейтін болса, ұлттық тілдің барлық тілдік бірліктерін де ұлттың мәдени ерекшеліктері ретінде қарастыруы қажет деп ойлаймыз.
Лингвомәдениет нысаны болып саналатын тілдік бірліктер қай ұлттың болсын сан ғасыр бойы қалыптасқан рухани байлығын қамтитын және оның ұлттық дүниетанымын танытатын болған соң, тілдік бірліктердің ең кішкентай бөлшегі – ұлттық дыбыстар жүйесіне бірінші кезекте назар аударылуы қажет сияқты. Өйткені ұлттық тілді өзге тілдерден ерекшелейтін басты белгісі – оның негізгі сөздік қоры болып саналса, негізгі сөздік қордағы сөздер ұлттық тіл дыбыстарынан және олардың өзге тілдерге ұқсамай, өзгеше болып тіркесуінен жасалады. Сол себептен болуы керек, қазақ тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлы өзінің негізгі еңбектерін қазақ тілі дыбыстарын түгендеуге және олардың таңбалануына арнап, қазақ тілі дыбыстық жүйесін барынша ретке келтіруге бар ғұмырын жұмсады. Ол 1913 жылы «Шора» журналындағы «Қазақша сөз жазушыларға» деген мақаласында айтылған сөз бен оның жазылуының арақатынасы туралы: «Дұрыс емле мен қате емлені айыруға, менің ойымша, былай қарау керек шығар деймін: тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау ма? Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын, емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса, тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек»,– деп жазып лингвомәдениеттанудың маңызды бір мәселесіне назар аудартады.
Міне, осындай-осындай өзіндік ерекшелігі мен заңдылықтары бар қазақ тілі кирилшеге көшу арқылы өзгеріске ұшырай бастады. Жанды тіл мен жазбаша тілдің арасында айырмашылықтар пайда болып, жазба тіл арқылы тәрбиеленген кейінгі ұрпақ тілі өзгеріске ұшырады. Ұлттық тілдің табиғи даму заңдылықтарын бұзатын көптеген қайшылықтары мен кемшіліктері бар тіліміздің казіргі дыбыстық жүйесі және емлесі әліппеден бастап оқытылып, тілі бесіктен қазақша шыққан қазақтың өзін тез орыстанып (орысша бәріміз «әксентсіз» сөйлейміз ғой!) кетуіне ықпал етіп келе жатыр. Бұдан шығатын – қорытынды, егер біз тілімізді табиғи жолмен дамытып, байытамыз, көркейтеміз десек, ең әуелі, латыша қаріптердің негізінде қазақ тілінің төл әліпбиін құрып алуымыз керек, сосын сол әліпбидегі төл дыбыстарымыздың сөздерді дұрыс таңбалап жазуының емле ережесі бойынша қазақша айтып-жазуға ыңғайы келіп тұрған (әрине, бәрін бірдей емес) бөгдетілдік сөздерді игеруге болады.
Осы ретте «Өзгетілдік дыбыстар қазақ тіліне сіңісті болып кетті. Олар өзіміздің төл дыбыстары секілді оқылып-айтылады. Енді оларды латыншаланатын болашақ әліпбиімізден шығарып тастау – кері кеткендік» деп санап жүргендерге тағы бір өз уәжімізді айта кетейік.
Тілдегі өзгерістер мен жаңалықтар жайдан-жай пайда бола салмайды. Оны саяси-идеологиялық жағдайға сәйкес тілді тұтынушылардың еріксіз пайда болған түрлі қажеттілігі туғызады. Олардың түрлі қоғамдық іс-әрекеті барысында тілді пайдаланып, қолдануы тіл жүйесіндегі өзгерістердің шынайы сипатын байқатады. Тілдің қоғамдық қарым-қатынастық (коммуникативтік) қызметі әр тілдің өзіндік ерекшеліктерін айқындаумен қатар сол тілдердің тілдік құралдарының дәстүрлі қолданысына да әсер етеді.
Қоғамда болып жататын саяси-әлеуметтік мәні бар өзгерістер мен жаңалықтар өзімен бірге талай ұғым мен түсініктерді ала келеді. Жазу мәдениеті белгілі бір дәрежеде жоғары қалыптасқан ұлт жаңа ұғым-түсініктерге дер шағында өз тілінде атау қояды немесе өзгетілдік сөздерді өз тілінің табиғи бітім-болмысына (фонетика-грамматикалық) сәйкестендіріп өзгертіп алады.
Ал өзінің төл әліпбиі мен емле (жазу) ережелері, нормалары қалыптаса қоймаған ұлттың уақытша пайдаланып отырған әліпбиі (қазіргі біздің «орысша-қазақша» әліпбиіміз) арқылы хатқа түскен бөтен тілдік қоғамдық-саяси сөздер мен ғылыми аталымдар (терминдер) тіл бұзарлық әліпбидің кесерінен өзгеріске ұшырамай қолданыла береді. Сол себептен ұғым-түсініктердің атаулары алғашында қай тілден келсе, сол тілде жазылып-айтылатыны – төл әліпбиі мен емлесі қалыптаспаған қай тілге болсын тән құбылыс (қазақ тілі дыбыстық жүйесі әбден сараланып, толық қалыптасқан. Тек оған өзгетілдік дыбыстар зорлықпен енгізілген).
Әйтсе де өзгетілдік сөздердің түр-тұлғасының өзгешелігіне, яғни лингвомәдениеттік таным-түсінікке қайшы келетіндігіне байланысты олардың бөтендігі әрдайым сезіліп тұрады. Себебі өзіндік жазу дәстүрі әлі қалыптаса қоймаған немесе кеш қалыптасқан тілдің де мыңдаған жыл бойы ауызша қалыптасқан әдеби тілінің табиғи бітім-болмысы, өзіндік заңдылығы мен жүйесі, сан ғасырлар бойы қалыптасқан әдеби нормасы басқа тілдің дыбыстары мен дыбыс тіркесімдерін (сөздерін) сол қалпында жазып-айтуды әрдайым жатырқап тұрады. Әрине, тілдегі бұл үдеріс (процесс) оның дыбыстық жүйесіне өзгетілдік дыбыстар енбей, өзгетілдік дыбыстар мен дыбыс тіркесімдерінен тұратын өзгетілдік сөздермен сөздік құрамы әлі толықтай былғанып, бүліне қоймаған кезде анық байқалады.
Осыны терең түсінген А.Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басында-ақ, қазақтың ежелден ауызша қалыптасқан дыбыстық жүйесін негізге ала отырып, араб әліпбиіне негізделген бұрыннан келе жатқан ескіше жазуды (қадим) түбегейлі өзгерту (реформалау) арқылы жаңа әліпби құрастырды. Оның жаңа әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне негізделіп, тоғыз дауысты (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, е) және он тоғыз дауыссыз (б, п, д, т, г, ғ,қ, к, ж, з, ш, с, й, л, м, н, ң, р, у) дыбыстардан құралды. Сол себептен арабша әріп-таңбалармен жазылып келген түркілік сөз үлгілері мен қалың жұртшылыққа түсініксіз араб-парсы сөздерінің бұрынғыша (арабша) жазылуына тоқауыл қойылды.
А.Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасы сол кездегі мамандардың көпшілігінің көңілінен шығып, қалың қауымның ыстық ықыласына бөленді. Ал қазіргі уақыт тұрғысынан қарап бағаласақ, бұл әліпби туралы қазақ тіл білімінің көрінекті ғалымы, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Р.Сыздық былай дейді:«А.Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір дау-дамайсыз қабылдады. Себебі, Байтұрсыновтың алфавитке жасаған реформасы әрі қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, әрі ғылыми негізде жасалған болатын» [28, 9].
Қорыта айтқанда, тіл арқылы ұлттық болмысты танып білу үшін немесе мәдениетаралық қарым-қатынас аспектілерінде қарым-қатынастық (коммуникативтік) біліктілікті қамтамасыз ету үшін қазақ тілі дыбыстық жүйесінің өзіндік ерекшелігіне аса мән беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |