Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жшс «Мемлекеттік тілді дамыту институты»


Ғылыми жоба авторларының латынша қазақ әліпбиі нұсқасы



бет34/37
Дата16.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#43427
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Ғылыми жоба авторларының латынша қазақ әліпбиі нұсқасы





Кирилше

Латынша

Ата-луы



Кирилше

Латынша

Ата-луы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14

А а
Ә ә
Б б
Г г
Ғ ғ
Д д
Е е
Ж ж
З з
Й й
Қ қ
К к
Л л
М м

A a
Ә ә
B b
G g
Ƹ ƹ
D d
E e
J j
Z z
І і
Q q
K k
L l
M m

а
ә
бы
гі
ғы
ды
е
жы
зы
ый/ій
қы
кі
ыл
мы

15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Н н
ң
О о
Ө ө
П п
Р р
С с
Т т
У у
Ұ ұ
Ү ү
Ш ш
Ы ы
І і

N n
ŋ
O o
Ө ө
P p
R r
S s
T t
U u
Ұ ұ
Ү ү
С с
У y
Ь ь (Ι ɪ)

ны
ың
о
ө
пы
ыр
сы
ты
ұу/үуұ
ү
шы
ы
і

Жалпы, біздің бұл нұсқа басқа нұсқалардан аса ерекшеленбейді. Тек қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалаған кирилшедегі өзгеше әріптерді барынша қалдыруға тырыстық.


Жобалық латынша әліпбилердің басым көпшілігінде «ң» дыбысын «ŋ» таңбасымен берген. Біз де оны орынды санап, солайша тағңбалауды жөн көрдік. «Қазақ тілінде «ң» дыбысынан сөз басталмайды деген ережені ескергендіктен, оның бас әрпі қажет емес деп таптық.
«Ғ» дыбысы «г» дыбысымен жұп екендігі ескеріліп, оны (ғ-ны) таңбалайтын әріп «г» дыбысының латынша «g» таңбасына барынша ұқсас болуы қажет екенін қаперге алдық. Сол себептен «ғ» дыбысына латынша таңбалар жүйесіндегі «Ƹ ƹ» таңбасын берсе, қалай болар деген ойға келдік.
Тілші ғалымдарға мәлім болар, қазақ тілінің 1929 жылғы латынша әліпбиінде де, Қытай қазақтарының 1965-1982 жылдар аралығында қолданған латынша әліпбиінде де «ғ» дыбысына әуелде «ƣ» таңбасы берілген болатын. Жазу кезінде қолайсыздық туындаты ма екен, әлде басқадай бір себебі болды ма екен, әйтеуір, кейінірек бұл таңба «ğ» таңбасына ауыстырылды. Осы таңба сияқты 1929 жылғы латынша әліпбидің әуелдегі нұсқасындағы «ә», «ө» таңбалары да кейінірек «ä», «ö» таңбаларына ауыстырылғаны белгілі. Ал біз кирилшедегі «ә», «ө», «ұ», «ү» таңбаларын бұрынғы мазмұнда қалдырдық.
Қазақ тілінің қазіргі кирилше әліпбиіндегі «ы» мен «і» дыбыстарын сол қалпында қалдырмауға бірер себеп болды. Біріншіден, «ы» дыбысын латынша «у» әрпімен таңбалау жалпы қолданысқа жаппай еніп кетті. Екіншіден, жоғарыда атап айтып кеткеніміздей, «ы» дыбысын кирилше таңбалауда пайда болған қайшылықтар ескеріліп, оны латынша «y», яғни латынша «игрек» әрпімен таңбалаған жөн болар деген шешімге келдік.
Ал қазақ тілінің «і» қысаң дауысты дыбысының қазіргі кирилше таңбасы ағылшын тілінде басым жағдайда қазіргі біздің «й» дыбысымыздың таңбасы болғандықтан, оған «ь» немесе «ɪ» таңбасын берген дұрыс болар дегенді ұйғардық. Айта кетерлік бір жайт – «ь» таңбасы 1929 жылғы латынша әліпбиімізде қазіргі кирилше «ы» дыбысының таңбасы болған еді. Біздің ойымызша, «ы» дыбысын «ь» таңбасымен, ал «і» дыбысын «ɪ» таңбасымен беруге де болады.
Дегенмен, «ы» дыбысын «ь» таңбасымен берсек кирилл жазуына көзі үйреніп қалғандар үшін бұл жіңішкелік белгісі ретінде қабылдануы да мүмкін сияқты. Сондықтан «і» дыбысын «ɪ» таңбасымен берген дұрыс па дегенді тіл мамандарымен ақылдаса отырып шешкен дұрыс деп таптық.
Біз осы нұсқаны құрастырған кезде жазуға қолайлы болу жағын ескеріп, түрлі белгілер арқылы ағылшын тілі әріптерін өзгертіп, қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалаудан саналы түрде бас тартық. Басты уәжіміз – қазақ тілінің төл дыбыстары өзінше бөлек таңбалауға мейлінше сұранып тұр. Өйткені ондай дыбыстардың өзінше таңбаланып жазылуы және оқылуы қазақ үшін ғана керек. Ал басқа жұртқа, соның ішінде тіпті туысқан түркі халықтарына да олардың қалай таңбаланғанының ешқандай мән-маңызы жоқ.
Осы ретте тағы бір айта кететін мәселе – біз өзіміздің осы нұсқамызды дайындау барысында түрік, әзірбайжан, өзбек, түрікмен тілдерінің [15;16; 17; 18; 19; 20; 21; 22; 23; 24] де латын негізді әліпбилерімен толықтай танысып шықтық. Оларда да, жоғарыда атап өткеніміздей, біздің әліпби құратырушыларымыздың қателіктері қайталанған. Тек әзірбайжан тілінің латынша әліпбиінде ғана «ә» дыбысының таңбасы сол кирилдегішедегі түрінде қалған. Олар оны бұл дыбыстың әзірбайжан тілінде аса белсенді де жиі қолданылатынымен түсіндіреді. Егер олар туысқан түрік, түрікмен, өзбек тіліндегідей, жоғары жағында бір белгісі бар «Ä» таңбасымен бетін болса, әзірбайжан тілі жазуының жоғары жағы нүктеге немесе басқадай бір белгілерге толып кетеді екен.
Кезінде (1950 жылдары) біз жазу барынша ықшам болуы қажет деген желеумен «й» мен «у» үнді дауыссыз дыбыстарының алдында келетін «ы», «і», «ұ», «ү» дауысты дыбыстарын жазудың қажеті жоқ деп, сау басымызға сақина тілеп алғанымыздай, қазақ тілінің төл дыбыстарын қос әріптермен берсек, үлкен қиындықтар туындап кетуі мүмкін екенін ескеріп, одан да саналы түрде бас тартық. Расында да қос әріптермен төл дыбыстарын таңбалаған өзбек, түркімен жазуы қазіргі кезде үлкен қиындықтарды бастан кешіріп жатыр.
Кезінде нүктелердің, дәйекшелердің тым көп болуын араб жазуының кемшілігіне жатқызған Н.Төреқұлов: «Жазудағы қолайсыздықтардың есеп-саны жоқ. Байқұс бір «Жылқышының» ішінен 8 ирек шығарып, астына 9, үстіне 9 нүктені басамыз. Жылқышы нүкте мен иректің зұлымынан езіліп, жалпиып қала береді. Тез жазғанда қай қазақ ол ирек пен нүктелерді санап отыруға шыдайды? Оның үстіне әр екі хәріптен соң қолды көтеріп отырсаң, қалай тез жазасың? «Қазақ» деген кішкене бір сөзде қолыңды 9 сермейсің» [25, 66],– деп сынаған. Бұл кемшлікті латын жазуына алып келудің қажеті жоқ сияқты.
Латын әліпбиі жобасын жасауда оның техникалық жақтан қиындықтары болатынын естен шығармаған жөн. Мәселен, компьютер бағдарламасын жасаушы маман Т.Қайыпов дәйекшенің немесе қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілеуде әр түрлі қосымша белгілерді қолданудың компьютерлік бағдарламада келтіретін қиындықтары туралы былай деп жазады: «Қазір латынның кейбір жобаларында ә, ө, ү дыбыстардың таңбаларын a’, o’, u’ түрінде алу ұсынылып жүр. Ахметтің дәйекшесінің орнына ала қойса тамаша болар еді, бірақ бір айта кететін нәрсе ’ таңбасы барлық программалау тілдерінде ерекше рөл атқаратын таңба. Мысалға C, Assembler, Pascal, Delpһy тілінде “A” – мәні A-ға тең тізбектік айнымалы болса, ’A’ – ның мәні 65 –ке тең сан болады. BASІC тілінде бұл таңбадан кейінгі кез келген жазу комментарий түрінде қабылданады. Компьютерде сөйлемді сөзге жіктегенде бұл таңба ешуақытта сөзге қосылмайды. Мысалға “a’lem” деген бір сөзді “a” және “lem” деген екі сөзге бөліп қояды. Сонымен қатар бұл таңбаны көптеген программалар қос таңбаның бірі деп есептеп, сөздің басында ‘, ал соңында ’ қылып автоматты өзгертіп отырады. Бірақ, ’, ‘, ’ таңбаларының кодтары әртүрлі. ’ таңбасы тыныс белгісі емес, әріп екенін компьютерге ұқтыру қиын. Демек, бұл таңбаны қабылдасақ, қазақ тілі программалауға болмайтын тілге айналады» [26].
Жазу барынша ықшам болуы қажет деген желеумен кезінде «й» мен «у» үнді дауыссыз дыбыстарының алдында келетін «ы», «і», «ұ», «ү» қысаң дауыстыларды жазбаймыз деп, сау басымызға сақина тілеп алғанымыздай, қазақ тілінің төл дыбыстарын қос әріптермен берсек, үлкен қиындықтар туындап кетуі мүмкін екенін ескеріп, одан да саналы түрде бас тартық. Расында да қос әріптермен төл дыбыстарын таңбалаған өзбек, түркімен жазуы қазіргі кезде үлкен қиындықтарды бастан кешіріп жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет