Лебіз адамзат санасында өшпес із



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата12.03.2017
өлшемі3,89 Mb.
#9072
1   2   3   4   5   6

Былтыр өзіңізбен барып 

Қарағанды облысындағы 

Спасскідегі әскери оқу-жаттығу 

орталығын ашып келдік. Мұндай 

орталықтар бізге не үшін қажет? 

– Бізге қазіргі күні бар күш-жігерді 

жұмылдыру (мобилизациялық) резервіне 

жұмсау керек. Сол үшін бізге кәсіби әскер 

жасақтау қажет. Ертеңгі күні қандай да бір 

жағдай болмасын, әскер сарбаздарынан 

көп айырылады. Сондай жағдайда жұмыл-

дыру резерві болмаса, олардың орнын 

немен толтырамыз? Міне, осы кезде 

жұмылдыру резервінің қажеттігі қатты 

сезіледі. Сондықтан да Қарулы Күштері-

мізді резервпен қамтамасыз етіп, оларды 

дайындау үшін біз адамдарды әскери 

борышын қысқа мерзімде өтеп шығуға 

шақырамыз. Оған келу-келмеу – әр адам-

ның өз еркінде. Оны неге айтып отырмыз? 

Кейде баспасөздерден ата-аналардың 

«балаларымызды әскерге алып кетті» 

деген әңгімелерін оқып қалып жатамыз. 

Мұндай адамдарды қазіргі жағдайдан 

бейхабар, кеңестік түсінікпен қалып 

қойған деп ойлаймын. Қазір әскерге 

барғың келсе, барасың, қалғың келсе, 

қаласың. Бізде ол жағынан проблема жоқ. 

Керісінше, көп азаматтарымыз әскерге 

барып, борышын өтеп келуге тырысады. 

Себебі, әскерге барған адамға мемлекеттік 

қызметте өсу мүмкіндігі туады. Бизнес 

саласында болсын, басқа жерде жүрсін, 

ол басшы тарапынан қолдау алып, бағала-

натыны да жасырын емес. Өйткені әскер 

қатарында болып келген адамды мораль-

дық жағынан да, физикалық жағынан да 

дайындалған деп санап, онымен басқаша 

қарым-қатынас жасайды. Жалпы, бүгінде 

жұмылдыру резервтерін дайындау үшін 

түрлі бағдарламалар қабылдаудамыз. 

Әскерде өмірі болып көрмеген адамдарды 

арнайы оқу орындарында оқытудамыз. 

Қазіргі күні мұндай үш оқу орталығы 

ашылып жатыр. Соның бірі – өзіңіз айтқан 

Спасскіде. Былтырдан бері 27-35 жас 

аралығындағы азаматтарымыздың әскер 

қатарына қосылуға қызығушылық танытып 

жатқанын байқап жүрміз. Солардың көбісі 

үйленген, біразы қызметте. Осындай 

азаматтарымыз әскери ант қабылдап, бір 

айдан соң әскери билетін алып, сарбаз 

қатарына қосылуда. Біз келешекте соларға 

иек артамыз. Осындай жүйені жетілдіру 

керек. Бұл, бір жағынан, жұмылдыру 

резервіміздің ұлғаюына мүмкіндік берсе, 

екінші жағынан, жас жігіттеріміз әскер 

дегеннен хабары болып, әскери тіртіпке 

үйреніп, патриоттық рухта тәрбиеленеді.

– Үйленіп алып, әскерге 

баруды қоғам қалай қабылдап 

жатыр? 

– Біздің қоғамда жастарды әскер 

қатарына шақыру бойынша жеткілікті 

түрде насихат жүрмейді. Мәселен, Амери-

каның көшелерінен жастарды әскерге 

шақыруға насихаттайтын билбордтар мен 

плакаттарды көре аласыз. Осындай ұран-

дар жастардың әскерге деген құлшынысын 

арттырады. Тіпті әскери оқу-жаттығу 

орталықтарына ақша төлеп баратын биз-

нес мендер де бар. Олар Түркияға барып 

демалып келгенше не диетаға отырып, 

денсаулығын түзегенше, осындай оқу 

орындарына барып, жүгіріп, қару ұстап, 

шынығып қайтқанды құп көреді. Бізге де 

әскердің осындай артықшылықтары 

барын айтып, түсіндіру керек. Қоғам соны 

ұғынуы тиіс. Мәселен, біздегі әскери оқу 

орнында Премьер-министрдің баласы 

әскери борышын өтеп, лейтенант атағын 

алып шықты. 30-35 жастағы банкирлер 

де, қаржыгерлер де, тіпті кейбір шенеу-

ніктер де бір айлық әскерге барып қайтты. 

Міне, соларды үлгі етіп көрсету қажет деп 

ойлаймын. 

– Қарулы Күштерімізді жаңа 

технологиямен қамтамасыз 

етудегі басты шара не?

– Қазіргі уақытта қорғаныс өндірісі 

кешенін дамытудамыз. Қару-жараққа, 

әскери техникаға қатысты жаңа техноло-

гиялар енгізіп жатырмыз. Осыған байла-

нысты жаңа тікұшақтарды, ұшақтарды, 

қару-жарақтарды жасау бойынша көп 

жұмыстар атқарылуда. 



– Қорғаныс министрлігі 

жастарды патриоттық рухта 

тәрбиелеуде қандай іс-шаралар 

атқарып жатыр? 

– Біріншіден, жоғарыда айтқандай, 

елімізде оқу-жаттығу орталықтарын көп-

теп ашудамыз. Екіншіден, әскери техни-

калық-мектептер жүйесін қолға алдық. 

Бұл шаруа біраз тоқтап қалған болатын. 

Сонымен бірге министрліктің қарамағына 

қарайтын спорт клубтары да бар. Үшінші-

ден, Қорғаныс министрлігі ұйымдастырып 

жүрген әскери парадтар да зор үлес қоса-

ды деп ойлаймын. Төртіншіден, жастардың 

патриот болып тәрбиеленуіне бұқаралық 

ақпарат құралдарының да тиігізіп жатқан 

үлесі айтуға тұрарлық. Отандық телеарна-

лардан көрсетіліп жүр ген әскери бағдарла-

малар да жаста рымызды ұлтжандылыққа 

тәрбиелейтініне сенім зор.

– Әділбек Рыскелдіұлы,               

7 мамыр – Отан қорғаушылар 

мерекесіне әскери парад 

ұйымдастырыла ма?

– Жоқ, 7 мамырда ұйымдас тырыл-

майды. Бізде әскери шеру қалыптасқан 

дәстүр бойынша 30 тамыз – Конституция 

күнінде өткізіледі. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен

 Салтан СӘКЕН

ДАТ!


Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ, 

Қазақстанның қорғаныс министрі: 

САРА СӨЗ 

Байқасаңыздар, Қарулы Күштерге қыруар қаржы бөлініп 

жатады. Осы ведомствоның басшысы ретінде қаржының көптеп 

бөлінуіне мен де барымды салуға тырысамын. Осынша ақша 

бөлініп жатқанда кейде өзім де «осынау қаржыны басқа да 

шаруаларға жұмсауға болады ғой» деп ойлаймын. Бірақ Наполеон 

Бонапарт айтпақшы, «бүгін өз әскеріңді қамтамасыз етпесең, ертең 

өзгенің әскерін қамтамасыз етуге мәжбүр боласың». Бұл аксиома 

тарихта талай дәлелденген. Сондықтан да өз әскеріңді дамытып, 

сол үшін барыңды салуың керек.

Қарулы Күштердің немен 

айналысып жатқанынан жұрт 

хабардар болып отырса, 

асүйдегі күңкілдер де азаяр еді 

Тауды биік демеңдер,

Талаптансаң, шығарсың.

Жауды мықты демеңдер,

Ерлік қылсаң, жығарсың. 

(Нұрпейіс БАЙҒАНИН)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№77 (529) 7.05.2011 жыл, сенбі                  



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

7

ДАҢҚ



БОЛЖАМ

ТОСЫН ОЙ


ӘСКЕРИ СПОР

Т

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Біздің спортшылардың әскери шендері

ЦСКА қашан құрылды?

Әскери орталық спорт клубының соңғы спорт-

тық додаларға қатысқан тізіміне сүйенсек, таны-

мал спортшыларымыздың әскери шендері төмен-

дегідей:

Дмитрий Гааг (триатлон) – майор;

Сергей Буйкевич (ат спорты) – капитан;

Серік Сәпиев (бокс) – аға лейтенант;

Дмитрий Карпов (жеңіл атл.) – аға лейтенант;

Игорь Пиреккев (нысана көздеу) – аға лейтенант;

Александр Жигин (конькимен жүгіру) – аға 

лейтенант; 

Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) – лейтенант;

Денис Урубко (альпинизм) – лейтенант;

Біржан Жақыпов (бокс) – кіші лейтенант;

Оксана Яцкая (шаңғымен жарысу) – прапорщик;

Светлана Малахова (шаңғымен жарысу) – 

прапорщик;

Евгений Рыжков (жүзу) – аға сержант;

Елена Шалыгина (еркін күрес) – сержант;

Мақсұт Жұмаев (альпинизм) – кіші сержант; 

Мирас Жақыпов (бокс) – кіші сержант;

Диас Кенешев (биатлон) – кіші сержант;

Әлия Кәрімова (мәнерлеп жүзу) – кіші сержант 

және т.б. 

Біздің спортшылардың көбінің Әскери орталық спорт клубының (ЦСКА-ның) мүшелері 

екенін білемін. Әрі көбінің әскери шендері бар екендігі де белгілі. Танымал спортшы-

ларымыздың әскери шендерін білуге бола ма? 

Жасұлан АХУДЕНҰЛЫ, Атырау қаласы

ЦСКА-ның ресми түрде құрылған 

нақты уақыты – 1923 жылдың 29 

сәуірі. Бірақ бұл клубтың тамыры 

бұдан да тереңде, бұдан да әріде 

жатыр. 1911 жылы шаңғы спорты 

әуес қойлары қоғамы (ОЛЛС) құрыл-

ған. Яғни ре во люцияға дейін. 1923 

жы лы ақпан айын да осы спорттық 

қоғамның не гізінде әскери клуб құру 

қолға алы нады. Содан Тә жірибелік-

көрсе ті лімдік  әскери-спорттық  алаң 

құ рылады. Ресми түрдегі толық ата-

уы – Опытно-показательная воен но-

спортивная площадка Всевобуча 

(ОППВ). Бұл алаң Мәскеудің Соколь-

никалық саябағында орналасқан 

болатын. Әрі Қызыл армияның 

алғашқы спорттық ұйымы болады. 

Әуелде жеңіл атлетика, ауыр атлети-

ка, футбол, баскетбол, гимнастика, 

Осы ЦСКА ұйымы алғаш рет қай жылы құрылған? КСРО тұсында 

шаңырақ көтеріп, кейіннен барлық одақтас республикада СКА деген 

тармақтары (бөлімдері) болғанын білемін. Бірақ осы Орталық әскери 

спорт клубының қай жылы отау тіккенін біле алмадым.

Файза ӘМІРТАЙҚЫЗЫ, Ақмола облысы

Айғайды емес, ақылды серік етейік!

бокс, нысана көздеу, шаңғымен 

жүгіру, допты хоккей сынды спорт 

түрлерін дамытуға күш салынған. 

Кейіннен бұл ұйымның атауы 

бірнеше рет өзгерді:

1928 жыл – Қызыл әскердің ор-

талық үйінің спорттық клубы 

(ЦДКА);

1951 жыл – Кеңес әскерінің орта-



лық үйі (ЦДСА);

1957 жыл – Қорғаныс министр-

лігінің орталық спорт клубы (ЦСК 

МО);


1960 жыл – Әскердің орталық 

спорт клубы (ЦСКА).

Ендеше, тарих пен ресми дерек-

тер биыл ЦСКА ұйымына 88 жыл 

болғандығын білдіреді. 90 жылдық 

торқалы той – алда.

Менің марқұм әкем Совет Ар мия-

сы (Кеңес армиясы деген жаңа атауды 

құла ғыма сіңіре алмадым, ренжімеңіз-

дер) қатарында Ұлы Отан соғысының 

басынан аяғына дейін белсене қаты-

сып, төрт жыл бойы қанын төгіп, терін 

ағы зып, қатал қырғын ортасында жү-

ріп, Венгриядағы шайқастың бірінде 

ауыр жараланған соң ғана  елге 

оралды. Мүмкін, менің ойлау қабілетім 

дәл осы жерде баяу қимылдап жатқан 

шығар... Онда маған асқан 

шыдамдылықпен  түсін ді ріңіз дерші, 

мен сонда қар жастанып, мұз төсеніп, 

қауіпке басын тігіп, жаула рымен жан 

аямай айқасқан марқұм әкем нің соғыс 

кезіндегі әрекетін қалай бағалауым 

керек? Ол баскесер армия ның баукеспе 

жауынгері ме, жоқ әлде, неміс 

фашистерінің «адамгершілік мақ 

-

саттағы азат ету соғысына» ақы мақ -



тық пен кедергі жасаған мил лион даған 

(«санасыз») солдаттың бірі ме? Егер ол 

шынында да Отан қорғау шы болса, 

онда ол ғұмырының соңына дейін 

адал қызмет еткен (ескі, аты басқа, 

бұрынғы) Отаннан неге жиірке нуіміз 

керек?! Егер біз Совет үкіметін өз уақы-

тындағы заң ды үкімет деп есеп тейтін 

болсақ, онда әлгі үкіметтің (хал-

қымыздың,  Отаны мыз дың)  тынышты-

ғын  қорғаған  а р мия ның  абыройын 

жоққа шығару қан шалықты ақылға 

сыяды? Жақсы бол сын, жаман болсын, 

ол бәріміздің ор тақ тарихымыз емес 

пе?! Болашақ жос пары мызға алдын 

ала өзгеріс енгізуге бола  ды, ал тарих 

біздің дегенімізге жүр  мейді. Ол – сізге 

ұнаса да, ұнамаса да, өткен шақ. Иә, 

Совет  Армиясы  рево лю ция  кезінде 

азын-аулақ бас көтеру жасаған қазақ 

көтерілісшілеріне қарсы шайқас тар 

жүргізді. Бірақ Октябрь революция сы 

кезінде (Қызыл) Советтік Армия ның 

қолы нан ресейлік тер де аз қырыл ған 

жоқ қой. Бірақ бұл үшін 23 ақпанды 

«иттің еті нен бе тер жек көріп жатқан» 

орыс хал қын көр ме дім. Менің өзім де 

1984-86 жыл да ры Совет (тағы да 

айтамын, Кеңес емес) Армиясы 

қатарында арна йы бөлімде қызмет 

еттім. Әскер қата рында болғаныма, 

Совет халқының (оның ішінде қазақ-

стан дық тардың да) «ұйқысын кірпік 

қақпай қорғағаныма» бір сәт те өкінген 

емеспін, өкінбеймін де. Мен ол кезде 

өз Отанымды, совет халқының тыныш-

ты ғын қорғап жүрдім деп есептедім, 

тас тауы мыз керек?! Совет Одағының 

бұрынғы  сол да ты  ретінде  аталмыш 

датаны неге және қандай мақсатпен 

құрбандыққа шалмақпын?! Келі се мін, 

қазір ол мей рамға Ресей армиясы 

мұрагер болып шықты. Бірақ біз оған 

неге соншама даурығып, шамданамыз? 

Бірнеше ондаған жыл бойы ортақ ел де 

өмір сүрген 15 республиканың халқы 

ортақ жадын оңайшылықпен өшіре 

алмасы хақ. Меніңше, адамдар ара-

сын дағы  бей ресми  ілтипаттарға 

соншама назар ауда рып, оған шектеу-

лер қоюға тырысу ар тық сияқты. Жұрт-

қа күлкі боламыз. Кейде өзге ұлт тың 

кеудесін басып, өзімізді ұлы қылып 

көрсеткіміз келеді. Мұның бәрі жақсы 

қасиет емес, бұл – біздің әлсіздігіміз, 

бұл – бойымыздан тезі рек арылуды 

қажет ететін үлкен кемшілік. Біз 23 

ақпан 


дағы мере 

кені аяққа таптау 

арқылы 7 мамыр дағы мейрамды көк-

ке көтере алмаймыз. 

 Айтпақшы, Елбасымыз жақында 

ғана бұл туралы өз пікірін білдірді. Ол 

кісі әйелдер қауымына «бұдан былай 

жігіттерді 23 ақпанда емес, 7 мамырда 

құттықта ңыз дар» деп патриоттық үн 

тас тады.  Қазақ стандық  армияның 

абы 

 

рой-беделін көтеру үшін бұл 



шақырудың маңызды екені анық. 

Атал мыш күнді нағыз мейрамға айнал-

ды руға бәріміз белсене атсалысатын 

уақыт та жетті. Құттықтайық, құттықта-

сайық, құт тық талайық! Бірақ (біз сияқ-

ты) бұрынғы «совет тік жауынгер лер» 

бейресми түрде анда-санда (ақпанның 

аяғына таман, жы лына бір рет) бір-

біріне мерекелік тілек ай тып жатса, 

одан тәуелсіз еліміздің қауіп сіз дігі 

шытынай қоймас деп ойлаймын.

Абас-Шах СЕРІК,

запастағы капитан

ГИТЛЕР ЖЕТІ РЕТ ЖЕРЛЕНГЕН

Рейхсканцелярияның бағынан табылған 10 

мәйіт (оның ішінде Гитлер мен Браундікі де бар) 

бас-аяғы жеті мәрте жерленген. Иә, Гитлер Берлинге 

таяу Бух, Фин, Ратен, Стендаль қалаларында 

болып, 1946 жылы Магдебург қаласынан тыныш-

тық табады. Тап осы жер Гитлердің мәңгілік моласы 

болуы керек еді. Алайда арада 24 жыл өткенде 

жағ дай тағы да өзгерген. 1970 жылдың 13 нау ры-

зында Кеңес Одағы Мем ле кеттік қауіпсіздік коми-

те тінің төрағасы Юрий Андропов бас хатшы 

Л.Бреж невке хат  жолдап, Магдебург қаласының 

Герман Де м ократиялық Республикасына беріле тін-

дігін, сондықтан ол жерге жерленген Гит лер мен 

басқа да адамдардың қалдықтарын қазып алу 

керектігін хабарлайды. Брежнев бұ ған келісімін 

беріпті. Осылайша, КГБ-ның ар найы шұғыл тобы 

архив операциясын іске асыруға кіріседі. 4-5 сәуір 

күндері Ма где бург қаласындағы Клаузе нерштрас-

седегі 36-үйдің ауласында жатқан мәйіттер қазып 

алынады. Саудыраған сүйектер бес жәшікке 

салынған екен. 5 сәуір күні та ңертең мәйіттер 

көлікпен оқу-жаттығу өт кізетін аулада өртеледі. 

Гитлер мен оның жа қындарының күлі Эльба 

өзенінің жағасына шашып жіберілген. Осылайша, 

тура мағынасында айтқанда, 1970 жылы фюрер-

дің күлі көкке ұшты. Дегенмен Гит лер дің өліара 

шақта аман-есен құтылып кеткендігі жөніндегі 

күдік әлі қалмай келеді. Мұндай болжамдардың 

сол 1945 жылдың өзінде-ақ кеңес басшыларының 

ауыздары мен айтылғаны таңғалдырады. Мәселен, 

1945 жылдың 10 маусымында «Правда» газе тінде 

маршал Г.Жуковпен өткен баспа сөз мәслихатынан 

хабарлама жарияланған. Мәслихатта журналистер 

бас қолбасшыдан Гитлердің кейінгі тағдырын 

сұрапты. Сонда маршал: «Бұл жағдай адам 

таңғаларлық. Бізге жеткен мәліметтерге қарағанда, 

Бер лин тізе бүгерден екі күн бұрын Гитлер ки ноак-

три са Ева Браунға үйленген. Гитлердің мәйітін таба 

алған жоқпыз. Сондықтан оның кейінгі тағдыры 

туралы ештеңе айта алмаймын. Соңғы сәтте ол 

Берлиннен ұшып кеткен. Оның бұлай істеуіне толық 

мүм кіндігі болды», – дейді. Г.Жуков бұл әңгі мені 

неге сүйеніп айтты екен?.. 1945 жыл дың 26 

мамырында Сталин АҚШ-тың бір топ саяси 

өкілімен кездеседі. Осы кез  десуде Сталин «Борман, 

Геббельс, Гит лер және Кребс қазіргі уақытта 

жасырынып жүр» деген сөзді бірнеше мәрте 

қайталаған. Сталин мұны не үшін айтты? 

Жұмбақ... 



ГИТЛЕРДІҢ БАСЫ МӘСКЕУДЕ ТҰР

КГБ-ның мұрағаттарынан табылған құжаттарға 

қарағанда, күлі көкке ұшқан Гитлердің басы 

сақталып қалған. Нақтырақ айтар болсақ, 1945 

жылдың 17 мамырында Гитлердің мәйітін тануға 

байланысты жүр 

гізіліп жатқан жұмыстарды 

бақылау үшін Берлинге Берияның орынбасары, 

генерал П.Мешик келеді. 23 мамырда Мешик Мәс-

кеуге Гитлер мен Е.Браунның бассүйектерін ала 

кеткен. Фюрердің басы Мәскеудегі КГБ-ның құпия 

мұражайында сақталып, жуыр да Ресей мемлекеттік 

мұрағатының арнайы бөліміне тапсырылған. 

Қазіргі уақытта Гитлердің бассүйегінің жұрнағы 

(жақ сүйегі) осы мұрағатта тұр. 

Шадияр МОЛДАБЕК,

Оңтүстік Қазақстан облысы

Гитлерді кім өлтірді?

Кеңес әскерлері Рейхстагты алған соң, 2 мамырдан бастап Гитлердің 

мәйітін іздеуге кіріседі. Гитлердің, Ева Браунның, фюрерге көзсіз берілген 

серігі – Геббельстің және оның әйелі мен алты қызының мәйіттерін 5 мамырда 

қызыл әскердің барлау қызметкерлері (СМЕРШ) тапқан. Фюрердің қап-қара 

болып күйген мәйітін тану оңайға түспеген. Мәселенің мәні түсінікті ғой, ол 

кезде заман қазіргідей емес, криминалистика ғылымы дамымаған. Бүгінгідей 

компьютерлік техникалар жоқ. Оның үстіне соғыс жүріп жатқан. Ұзақ кеңесуден 

кейін кеңес әскерилері фюрердің тіс дәрігері Кете Гейзерманның жауаптарын 

негізге алып, мәйіт Адольф Гитлерге тиесілі деген қорытындыға келеді. Алайда 

біраз жыл кеңес лагерінде болған К.Гейзерман бостандыққа шыққан соң, 

өзінің жауаптарынан бас тартқан. Неге олай еткені белгісіз. Мұның бәрі де бір-

ақ нәрсені меңзейді: үшінші Рейхтің мәйітін тануда әйтеуір бір кілтипанның 

болғаны анық. Қазіргі уақытта Гитлердің қалдығына сараптама жүргізген 

мамандардың барлығы қайтыс болған. Құпияны олар өздерімен бірге ала кетті. 

Сондықтан ақиқатқа жету әзірге мүмкін болмай тұр.

Соңғы кезде кейбір басылым беттерінде 23 ақпан, яғни Совет 

(Кеңес емес) Армиясы мен Әскери Теңіз Флоты күнін атап өту 

немесе өтпеу тақырыбында әртүрлі ойлар ортаға түсіп, кішігірім 

талас-тартыстар жүріп жатқан сияқты. Шынымды айтсам, 

алғашында екі қалаулының арасында болған ой қақтығысына 

назар аударған жоқ едім. Кейін, аталмыш мәселе газет беттерінде 

қызу талқылауға түсе бастаған кезде, еріктен тыс көңіл бөлуге тура 

келді. Бір байқағаным, әлгі мерекені ұмытпауды қолдағандардың 

көбі ресми тілділер екен. Екі жақтың пікіріне де түсіністікпен 

қарағанмен, осы тұрғыда мен де өз ойымды білдіріп кетсем деймін. 

Әлқиссамызда айта кетейік, ЦСКА-

ның бас шылығы, негізгі штабы елор-

да мыз Ас танада орналасқан. Оның үш 

жат тығу ор талығы бар. Бірі – Щучинск 

қа ласында, екін  шісі – Алматыда, үшін-

шісі Алматы об лы сына қарасты Пан-

фи ловка елді ме кенінде орын тепкен. 

Де генмен бұған дейін ЦСКА-ның оқу-

жат тығу орталықтары Семей мен Қа-

ра  ған ды қаласында да болған екен. 

Бір  ақ  бел гілі  жағдайларға  байланысты 

жа  бы лып  қал ған.  Мұның  себебін  сұра-

ға нымызда  ҚР  Қор ға ныс  мини стрлігі 

ЦСКА басшысы-Спорт ко митеті төра ға-

сының орынбасары, пол ков ник Бек бо-

лат Иханбаев былай деп жауап бер ді:

«Әрқандай сұрыптаулар жүргізіл-

ген нен кейін ғана шешім шығарылды. 

Се бебін айтар болсақ, ол жердегі 

спорт түрлерінің Қарулы Күштерге еш 

қа жеті болмады. Мысалы, гимнас-

тика ның Қарулы Күштерге қаты сы 

жоқ. Ол жеке үйірме ретінде Алма ты да 

істеп тұр. Гимнастикаға қатысамын 

деу ші  жас өспірімдерге  Алматыдағы 

фи лиал  дың есігі әрдайым ашық. Бірақ 

ко ман да ретінде спорттың бұл түрі 

ЦСКА-ға ке рек емес. Сондай-ақ ЦСКА-

да гольф спор ты да болатын. Бір ақ 

өздеріңіз  ойла ңыз даршы,  гольф тың 

әскерге не қажеті, не қа тысы бар? Бұ-

дан басқа бұрынырақта бізде спорт -

тың 40-тан астам түрі болатын. Бір ақ 

бүгінде Қарулы Күштерге қажетті де-

ген 17 түрін ғана қалдырып отыр мыз. 

Жат тықтырушылардың 90 пайы зын 

алып қал дық. Ал кетемін дегендерін 

ұста май мыз».

– Негізі, Олимпиада ойындары 

сияқ ты төрт жылда бір өтетін дүбірлі 

дода Қарулы Күштер арасында да 

ұйымдастырылып тұрады. Биыл сол 

ойындардың кезегі келіп қалды. 2007 

жылы Үндістан қабылдаған. Енді биыл 

шілде айында Бразилияда ұйымдас-

ты рылады, – деп әңгімені спорттық 

жүріс тен қатарынан үш Олимпиадаға 

қа тысқан, бүгінде ЦСКА-да Штаттық 

ко ман далар дайындығы бөлімі аға 

офи церінің уақытша қызметін атқа ру-

шы Сергей Корепанов жалғастырды. 

«Мұндағы айтпағым, ЦСКА-да сақ тал-

ған спорттың 17 түрі сол Қарулы Күш-

тер арасындағы ойындардың бағ дар-

7 мамыр күнгі Отан 

қорғаушылар мерекесіне 

орай Әскери орталық 

спорт клубы туралы 

мақала жазу көптен бері 

ойымызда болған. Оған 

себеп те аз емес еді. 

Мақаламызға себепкер 

болған басты себептердің 

бірі – осыдан бірнеше 

жыл бұрын таралған 

сыбыстың әлі күнге 

дейін басылмауы. Яғни 

Қорғаныс министрлігінің 

Алматы қаласындағы оқу-

жаттығу орталығының 

Астанаға көшіріліп, оның 

орнына зәулім ғимарат 

салынуы мүмкін деген 

сыбыс. Мұның шындыққа 

қаншалықты жанасымды 

екенін білу ниетімен ЦСКА-

ның Алматы қаласындағы 

спорттық базасына барған 

едік. Нәтижесінде бізді, 

спортсүйер қауымды, 

жалпы оқырмандарды 

қызықтырған басқа да 

сұрақтарға жауап алып 

қайттық.

Әзиз ЖҰМАДІЛ

 Халің қалай, ЦСКА?

ламасына кіреді. Алматыдағы оқу-

жаттығу орта лы ғында 12 спорт түрі, 

яғ ни футбол, волей бол, баскетбол, 

бокс, еркін күрес, дзюдо, жү зу, жеңіл 

атлетика, спорттық бағдарлау, таэ-

квондо, қоян-қолтық ұрыс және клас-

си калық күрес бар. Щучинскідегі фи-

лиа лы мызда бес спорт түрін, яғни 

шаң ғы  жа ры сынан,  биатлон,  триатлон, 

қа зіргі заманғы бес сайыс және әскери 

көп сайысты дамы тып отырмыз. Ал 

Пан филовкадағы  оқу-жат тығу  орталы-

ғын да ЦСКА футбол клубы өз алаңын-

дағы ойындарын қабылдайды», – деп 

өз ойын аяқтады Сергей Корепан ов.

Жалпы, Сергей Арсентьевтің сөзіне 

сен  сек, бүгінде ЦСКА-ның намысын 

120-ға жуық спортшы қорғайды екен. 

Олар дың ара сында Азия жеңім паз-

дары, әлем чем пион дары, Олимпиада 

жүлдегерлері де бар. Алысқа бармай-

ақ қоялық, өткен жыл ғы Гуанчжоу жаз-

ғы Азиадасында ҚР Қа рулы Күштерінің 

спорт шылары алты ал тын, 12 күміс, 

11 қола, яғни барлығы 29 ме даль 

иелен се, елімізде өткен VII қысқы Азия 

ойындарына ЦСКА-ның 27 спорт шы-

сы қатысып, соның 22-сі жүлдеге 

ілігіпті. Со нымен қатар бүгінде Әскери 

орта лық спорт клубында 17 спорт түрі 

қалғанымен, биік жетістіктерге жеткен 

Мақ сұт Жұмаев, Денис Урубко, Васи-

лий Пивцов секілді альпинистерді өз 

құра мында алып қалған. Ал коман да-

лық спорт түрлерінен футбол коман-

да сы, әйелдер арасындағы волейбол 

ко мандасы және ерлер арасындағы 

бас  кет бол  командасы  бар.

 Сонымен, сіз бен бізді мазалаған 

«ЦС КА-ның болашағы бар ма» деген 

сұраққа келер болсақ, оған полковник 

Бекболат Иханбаев былай деп жауап 

берді:


– Өткенде қорғаныс министрі Ас-

танаға барлық басшыны шақырып 

алып, ЦСКА-ның қалатыны туралы, 

жұ мысын әрі қарай жалғастыратыны 

жө нінде қадап айтты. Сөйтіп, күрделі 

жұ мыстарға  кететін  шы ғын дар  есеп-

телді. Нәтижесінде қар жы бөлініп, 

ЦСКА Алматыда қалатын бо 

лып 

шешіл ді. Тағы бір айтарым, бүгінде біз 



әр түрлі спорттық федерациялармен 

бір ле се жұмыс істеудеміз. Мәселен, 

Теннис фе де рациясы бізге төрт теннис 

кортын салып жа тыр. Сон дай-ақ Әс-

кери спорттық клуб фе дерациясы бізге 

же ңіл атлетика манежін са лып беріп 

жа  тыр.  Сондықтан  ЦСКА  Ал ма тыда 

мәң гі қа лады деп айтуға толық не гіз 

бар.

2011 жылғы Астана-Алматы 

қысқы Азия ойындары 

Медаль


Ұлттық 

құрама


ҚР 

Қарулы 


Күштері

Алтын


32

8

Күміс



21

8

Қола



17

6

Барлығы



70

22

Спортшылар



168

27

ЦСКА СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ СОҢҒЫ ЕКІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ:



2010 жылғы Гуанчжоу жазғы 

Азия ойындары

Медаль


Ұлттық 

құрама


ҚР 

Қарулы 


Күштері

Алтын


18

6

Күміс



23

12

Қола



38

11

Барлығы



79

29

Спортшылар 341



58

соған сендім. Кез келген жауынгер 

сия қты, өзіме тапсырыл ған ең ауыр, 

ең қауіпті тапсырманы орын дау ға да-

йын тұрдым. Бұл адасу емес, бұл – 

заң дылық. Бәрі солай болуға тиіс те. 

Ақыл-есі дұрыс жауынгер – армияға, 

ал ар мия өз кезегінде Отанға адал 

болуы керек. Басқаша болуы мүмкін 

де емес. Әкемнің қаны мен тері тө-

гілген Ұлы Отан соғысын мен неге 

ұмы туым керек?! Ал сол жылдары көз-

деріне қан тол ған фашистердің жолын 

кес кен айбынды (Қызыл, Советтік) 

Армия ның мерекесі болып табылатын 

23 ақпанды санамыздан неге өшіріп 



Шығыршығы торғай көз 

сауыт киер ме екенбіз,

Қоңыраулы найза қолға алып, 

Жалаулы найза жанға алып, 

Жау қашырар ма екенбіз? 

(Ақтамберді жырау)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№77 (529) 7.05.2011 жыл сенбі                  



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

8

ДУМАН



№77 (529) 7.05.2011 жыл, сенбі            

www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

Ке

зекшi  ред



ак

тор – Дарх

ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ

Республикалық қоғамдық-саяси  ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ  Бас ред

ак

тордың бiрiншi орынб



ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН  Бас ред

ак

тордың орынб



ас

ары


Қабылд

ау бөлмесі: 8(727)388-80-60, 

факс: 8(727)388-80-61

Айдын ҚАБ

А – ж

ау

апты х



атшы

Талға


т КIРШIБ

АЕВ  – 


ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А – 


аға к

оррек


тор, т

ел.: 


388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат  

минис


трлiгiнде тiрк

елiп, бұқар

алық ақпар

ат құр


алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Ред

акция авт

орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

ау

ап 


бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


атын ма

териалд


ар 

қабылд


анб

айды.


«Алаш айнасынд

а» ж


арияланған ма

териалд


ар мен с

уре


тт

ердi 


көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

аты 


алынып, г

азе


тк

е сiлт


еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8 

(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №936

Ас

тана  қаласы «А



ст

ана-По


лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №882

Шымк

ент қаласы «Оңтүс



тiк по

лигр


афия» б

аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 


8 

(7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №5120

Бағасы  к

елiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

йн

ас



ы» г

аз

ет



е ж


аз

ыл

у и



нд

екс


i: 6

42

59



Ре

да

кц



ия

ны

ң ме



ке

нж

ай



ы:

 

Ал



ма

ты

 қ



ал

ас

ы,05



00

51

, Б



ег

ал

ин



 кө

ш

ес



і, 1

48

/1 А



e-

m

ail



inf

o@

alashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

Атыр


ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары: Құб

аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с

аяси бюро, т

ел.: 

388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

ел.: 


388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

ел.: 


388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


ел.: 

388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

ел.: 


388-80-62

Астана бюросы: Мек

енж


айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.:


 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Ас

тана бюросының ж



ет

екшiсi 


Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Бүркiт НҰР

АСЫЛ – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

Эльвир

а ЕРКІНБЕК



ОВ

А – үйлес

тір

уші


БҮГІН:

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

МАМЫР

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14

15



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



28

29

30



31

Мамырдың 7-сі

Алаштың атаулы күні

• Отан қорғаушы күні.

• 36 жыл бұрын (1975) Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің 

жағасында Ұлы Отан соғысы жылдарында мерт болған 

шығысқазақстандық азаматтарға ескерткіш орнатылды. 

• 26 жыл бұрын (1985) Петропавлдағы Жеңiстiң жаңа саябағында 

1941-1945 жж. соғыстағы Ұлы Жеңiстiң 40-жылдығына арналған 

обелиск ашылды.

• 19 жыл бұрын (1992) Президент Жарлығымен Мемлекеттік 

қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 

болып қайта құрылды.

• 12 жыл бұрын (1999) Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс 

туын тіккен Рахымжан Қошқарбаевқа – «Халық Қаһарманы» атағы 

берілді.


• 1 жыл бұрын (2010) Алматыда, Ұлы Отан соғысының ардагері, 

қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова 

соңғы жылдары тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды.

Туған күн иелері

Сиязбек Мұқашев (1939) – Қазақстан кәсіподақтар федерациясы 

кеңесінің төрағасы; 



Арғынғазы Егеубаев

 (1941) – ауыл шаруашылығы ғылымының 

докторы, профессор, академик; 

Марат Мұстафин (1952) – Табиғи монополияларды реттеу 

агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 

директоры; 

Диханбек Сатылғанов (1954) – Төтенше жағдай министрлігі 

Төтенше жағдайды жою департаментінің директоры, генерал-

майор; 

Элдар Қонаев (1956) – Қазақстан Республикасының Омск қаласындағы 

консулы, техника ғылымының кандидаты, «Экология» халық академиясының 

академигі; 

Руслан Әубәкіров (1960) – Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімі;

Дариға Назарбаева (1963) – Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті 

қорының директоры, саясаттану ғылымының докторы; 



Қайрат Жауханов (1967) – «Астана халықаралық әуежайы» АҚ басқарма 

төрағасы; 



Талғат Ермегияев (1969) – туризм және спорт министрі; 

Жеңіс Қасымбек (1975) – Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты 

хатшысы;


Қуат Әуесбай (1985) – «Халық сөзі» республикалық газетінің бас 

редакторы.



Мамырдың 8-і

Алаштың атаулы күні

• 95 жыл бұрын (1916-1973) Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының 

ардагері Хамит Қожабергенұлы Көбіков дүниеге келді.

• Бүкіл дүниежүзілік Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест күні.

• Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған зерде және 

татуласу күні.



Туған күн иелері

Асанәлі Әшімов (1937) – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық 

драма театрының режиссері, Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;



Серік Әбдірахманов

 (1951) – мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Еңбек 

конфедерациясының президенті;

Байбота Қошым-Ноғай (1954) – ақын, аудармашы; 

Серікқали Хасан (1960) – жазушы;

Мұрат Оспанов (1967) – Павлодар облысы әкімінің орынбасары;

Айзада Құрманова (1970) – Павлодар облыстық ішкі саясат басқармасының 

бастығы;


Роман Скляр

 (1971) – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.



Мамырдың 9-ы

Алаштың атаулы күні

• 1909 жылы қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби кинооператор, деректі кино 

шебері, Халық әртісі Ескендір Мұхамеджанұлы Тынышбаев дүниеге келді.

• Жеңіс күні. Кеңестер Одағы халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан 

соғысындағы Жеңіс күні. 

• Бүкіләлемдік жыл құстары күні

• Еуропа күні.

• 10 жыл бұрын (2001) Астана қаласында «Отан-ана» Отан қорғаушылар 

монументі ашылды.

Туған күн иелері

Мекемтас Мырзахметұлы (1930) – әдебиеттанушы, сыншы, филология 

ғылымының докторы, профессор;



Берлин Иришев (1945) – экономика ғылымының докторы;

Сейдахмет Құттықадам (1946) – «Мысль» журналының бас редакторы;

Василий Ахаев (1947) – Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 

хатшысы;


Хафиз Есімов (1947) – әнші, Қазақстанның Халық әртісі;

Аталық Борашев

 (1951) – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Атырау 

облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, аға әділет 

кеңесшісі;

Бауыржан Қаптағай (1954) – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық драма театрының актері;



Қайрат Мәми (1954) – Сенат төрағасы, заң ғылымының докторы;

Абай Икранбеков (1955) – жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты 

хатшысы;


Жиентай Сандыбаев (1958) – авиация генерал-майоры;

Жеңіс Нұрғалиев (1962) – сенатор;

Тимур Шәкімов (1962) – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

Данагүл Темірсұлтанова (1965) – М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық  драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайрат кері;

Жанар Айтжанова (1965) – Экономикалық интеграция істері жөніндегі 

министр;


Майра Мұхамедқызы (1969) – әнші, Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты.



Мамырдың 10-ы

Алаштың атаулы күні

• 110 жыл бұрын (1901-1977) ақын, аудармашы Жақан Сыздықов дүниеге 

келді.

• 1929 жылы көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, журналист 



Кәкімжан Қазыбаев дүниеге келді.

Туған күн иелері

Еренғали Шайхутдинов (1933) – Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің 

төрағасы, химия ғылымының докторы, профессор, академик;



Нұрдәулет Сәрсенов (1954) – Мәжіліс депутаты;

Жауымбай Қараев (1956) – «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық 

партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 

физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымының 

докторы, профессор.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

МАЙРА – парсының «маһире» сөзімен төркіндес есім. Моншақ мағынасында 

қолданылады. Қазақ арасында жиі кездесетін есім. Бастапқы мағынасынан 

ажырап, қазақ ішінде май айында туылғандарға қойылатын ат сияқты болып 

кеткен. Өзге мұсылмандар арасында «Маһире» түрінде қолданылады.   



Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Футболдан Қазақстан құрамасы немістерден 

ойсырай ұтылып жатыр.

Осыны теледидардан бақылап отырған ардагер 

қарт:

– Баяғыда біз немістерді жеңіп едік...

Немересі:

– Ата, сіздердің жаттықтырушыларыңыз мықты 

болған шығар...

***

Cоғыс кезі. Казармада сүйгеніне хат жазып отырған 

бір жігіт:

«Сәлем, жаным! Саған өртеніп жатқан танктің іші-

нен хат жазып отырмын. Немістер шегініп бара жатыр. 

Амандық болса, өзіңе жетермін. Бетіңнен сүйдім» – 

деп умаждалған хаттың бір шетін сіріңкемен өртеп 

пошташыға беріп жібереді.

***

Генерал сапта тұрған солдаттарға:

– Әскери адамның бет-әлпеті өзінің етігі сияқты 

майланып, жып-жылтыр болып жалтырап тұруы 

керек. Мысалы, менің бетіме қараңдаршы....

***

Қатардағы жауынгер командирге:

– Сізге бір-ақ сұрақ қоюға бола ма?

– Сен сұрағыңды қазір ғана қойып тастадың емес пе...

Алматтың әзілдері

Тар

ат

у қызме



тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz

 

 

  



СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Австралияда БІрінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі ардагерлердің 

соңғысы қайтыс болды.  Клод Стэнли Чулз 110 жасқа қараған шағында көз 

жұмды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Чулз, сондай-ақ екі 

дүниежүзілік соғысты қатар көрген ардагерлердің соңғысы болып саналады. 

Ардагер 5 мамыр күні Перт қаласындағы 

қарттар үйінде бақилыққа аттанды. Қайтыс 

болар алдында ол Австралияның ең қарт 

азаматы және әлемдегі санаулы ең қарт 

адамдардың бірі саналған. Клод Чулз 

Ұлыбританияда 1901 жылы дүниеге келді. 

1916 жылы әскер қатарына алынып, 

Бірінші дүниежүзілік соғысқа аттанады. Ол 

1956 жылы әскери қызметін тастап, 

өмірінің соңғы сәтіне дейін Австралияда 

тұрады. Чулздың артында үш бала, 11 

немере және 22 шөбересі қалды. 108 

жасында ардагер кітап басып шығарады. 

2011 жылы Бірінші дүниежүзілік соғысқа 

қатысқан ардагерлердің бірі Фрэнка 

Баклса өмірден озғаннан кейін, Клод Чулз 

бен ағылшындық Флоренс Грин Бірінші 

дүниежүзілік соғысқа қатысқан ең қарт 

ардагерлер саналған. Дегенмен Грин 

майдандасы Клод Чулз сияқты ашық 

айқасқа қатыспаған, тек майдан даласында 

даяшы болып қызмет еткен. 

Бірінші дүниежүзілік соғыстың 

соңғы ардагері қаза тапты

Ресейдің Петербург қаласындағы айналма жолдардың бірінен 

тұрғындар түйе тауып алды. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі жазады. 

Бұрын-соңды ойсыл қара тұқымын 

тек цирктен ғана көрген жергілікті халық 

бұл туралы бірден полицейлерге 

хабарласады. Мәліметке қарағанда, 

түйе Петербургтің оңтүстік-шығысында 

жайылып жүрген. Тұрғындардың хабар-

ласуынан кейін полицейлер бірден 

түйені тауып алып, оны иесіне қайтарды. 

Мал табылғанға дейін тәртіп сақшылары 

оны іздеуге төрт рет қатарынан шыққан 

екен. Түйенің қалайша айналма жолда 

пайда болғаны әзірге белгісіз. NEWSru.

com-ның жазуынша, ол осында үш 

жылқымен бірге алып келінген екен. 

Түйе сәрсенбі күні сағат 17.00 шама-

сын да иелерінен қашып кетеді. Ал 

«БалтИнфо»-ның хабарлауынша, түйе 

ешкімнен де қашпаған, керісінше өз 

иесінің бақылауында жайылымда 

жайылып жүрген. 

Петербургтың тас жолдарында 

түйелер пайда болды

Газетіміздің  №76 (528)  санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: 

Қазы. Урду. Шашу. Арық. Иран. Анд. «Алаш». Омаш. Юта. Эвтаназия. Келе. Плац. Ата. Икс. Ли. Қаяз. Азат. 



ТІГІНЕН: 

Капрал. Вилла. Акт. Қышқаш. Акциз. Ине. Бушидо. Аласа. Рух. Мюзет. Амати. Ала. Буын. «Шаян». Ит.



Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Нигерия, 

Ливандағы 

ұлттың бірі

Майданнан 

тыс аймақ

Сұлу


Жаңа 

Зеландия 

құсы

Тақуа


Діни мадақ 

өлең


Бұйрық

Махаббат


құдайы

(Грек)


Шебер

Балаға 


арналған 

домбыра


Залым

Жота


Ишарат

Спортшы-


ларға тыйым 

салынған 

дәрі-дәрмек

Суреттермен 

баяндалған 

оқиға


Мақтаның 

сабағы


Бразилия

футболшысы

Вьетнам.

өзен


Киіз үй 

сүйегі


Локатор

Ұрық


Топырақта-

ғы мұз


Қағида

Тігінші


0,2 грамм

Шырынды 


тәтті 

тағам


Кіші үй

Құмырсқа 

ұясы

Эллит


Мамонт

Сыйлы 


адам

Франция. ең 

ұзын өзен

Кубаның Хосе Кастелар Каиро есімді тұрғыны ұзындығы 230 фут 

(шамамен 70 метр) болатын темекі орап шығарды. Бұл туралы UPI ақпарат 

құралы жазады. 

Хосе осыған дейін де ұзындығымен 

ерекшеленген бірнеше темекі ораған бола-

тын. Мәселен, 2001 жылы ол ұзындығы 36 

фут болатын, 2003 – жылы 48, 2005 жылы 

– 70, ал 2008 жылы 149 футты құрайтын 

шы лым дайындады. Соңғы шылымды әзір-

 леуді ол ағымдағы жылдың 25 сәуірі нен 

бастап, тек 3 мамыр күні аяқтады. Ку ба лық 

темекіге өзінің фермасында өсірілетін 

табакты ғана пайдаланған. Хосе өзінің соң-

ғы жасап шыққан дүниесі Гиннес рекордтар 

кітабына енетініне сенімді. Қазіргі күні 

аталған темекі Гаванадағы Морро-Кабанья 

саябағына қойылды. Шы 

лым Кубада 

мамырдың 2-7 аралығында өтетін FITCuba 

туристік көрменің негізгі экспонаты ретінде 

танылды, guinnessworldrecords.com сай-

тының мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі 

таңда әлемдегі ең ұзын темекі ретінде 2009 

жылы Флоридада дайындалған темекі 

мойындалған. Оның ұзындығы 196 футты 

(шамамен 60 метр) құрайды. 

Кубада 70 метрлік 

темекі дайындалды



Әлемдегі нөмірі бірінші терроршы саналған Усама бен Ладен қайтыс болғаннан 

кейін Google-дың қолданушылары бір миллион пайызға артқан. 2 мамыр күні аталған 

сайтқа көпшілік «bin laden» деген сөз тіркесін қолдану арқылы кірген екен. Бұл туралы 

Twitter-дегі Google шағын блогында жарияланды. 

Қолданушылардың ең көп бөлігі сайтқа 

Тынық мұхиты уақыты бойынша сағат 19.30-

дан 20.30-ға дейінгі аралықта кірген. Дәл осы 

уақыттың алдында АҚШ-тың Президенті Барак 

Обама Усама бен Ладеннің өлтірілгенін айтқан 

болатын, осыдан кейін оның сөздері ғаламторда 

тарала бастады. Google үшін әзірге бұл сан іздеу 

жүйесі бойынша рекордты құрайтыны-құра-

майтыны белгісіз. Осыдан бұрын Twitter «бірінші 

терроршының» өлімі твиттерді қолданушы лар-

дың қатарын өсіргеннен жариялаған болатын. 

Рекорд секундына 3440 твитті құрады. 

Усама бен Ладен қаза тапқаннан 

кейін Google-дың қолданушылары 

миллион пайызға артты



Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет