Лебіз адамзат санасында өшпес із



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата12.03.2017
өлшемі3,89 Mb.
#9072
1   2   3   4   5   6

Халықаралық валюта қоры. Аталған 

қар жылық қорға мүше мем-

лекет жарнаға пара-пар кво-

та ға ие болады. Ал квота 

мем  лекеттің  экономикасынан 

сипат береді әрі Халықаралық 

валюта қорымен қарым-қатынасындағы 

ықпалын айқындайды. Алғаш мүше бол-

ған кезде Қазақстан кво т а сы 247,5 мил-

лион CDR (CDR=1,48 доллар) болып бел-

гі ленген. Негізі, квота ХВҚ-дағы мем ле-

кеттің қанша дауыс беруге құқылы екенін 

анық тайды. Мысалы, 100 000 CDR = бір 

да уыс. Оған 250 базалық дауысты қосы-

ңыз.1998 жылы Қазақстанға квотасын 

365,7 миллион CDR-ға көтеру ұсы нылған 

бо латын.  Әртүрлі  қаржылан ды ру  бағдар-

ла масы арқылы Қазақстан ХВҚ-ның 1 

миллионнан аса CDR-ін игер ген. Дәл 

бүгіндері Қазақстанның бұл қор мен арада 

ешқандай қарызы жоқ. Сол се беп ті Қазақстан 

ТМД және Шығыс Еуро па да ХВҚ-дағы 

қарызын шұғыл арада төлеп тас таған бірден- 

бір мемлекет болып сана лады.



Шанхай ынтымақтас-

тық ұйымы.  Қа зақ стан  жар-

насы – шамамен 4 миллион, 

Ре  сей дікі – 8-9 миллион дол-

лар. Альянсқа қар 

жылық 

жағынан атсалысуды пайыздық көр-



сеткішпен есептейтін болсақ, ол бы лайша 

сипатталады: Қытай мен Ресей – 24 

пайыздан, Қазақстан – 21 пайыз, Өзб ек-

стан – 15 пайыз, Қырғыз Республикасы – 

10 пайыз және Тәжікстан – 6 пайыз.

Өзара ұжымдасқан қа-

уіпсіздік шарты ұйымы. 

ҰҚШҰ бюджетінің 50 пайы-

зын Ресейдің жарнасы құрай-

ды. Аталған ұйымға мүше бес 

мем лекет бұл төлемді 10 пайыздан өзара 

бө ліскен. Бұл аймақтық әскери альянсқа 

кіретін Белоруссия мен Қырғыз Рес пуб-

Қазір сырттан зайырлы да 

қамқор, бейбіт те ымыралы 

ел болып көріну сәнді 

болғанымен, оған қол 

жеткізудің өзі қып-қызыл 

ақша екенін қазақстандық-

тар дың бірі білсе, бірі біле 

бермейтін болар. Егемендік 

алғалы бері Қазақстан әртүрлі 

бірлестіктер мен халықара-

лық ұйымдардың интегра-

ция лық жобаларына белсенді 

атсалысып келеді. 

Ынтымақ пен бітімгершілік келісімінің құны қанша тұрады?

ликасы жарна төлемі бо йынша жауап сыз-

дыққа көп жол береді.

Атом энергетикасы бо-

йынша 

халық ара лық 

агент  тік. МАГАТЭ-нің қаржы 

ре сурс тары  екі  категорияға 

бөліп қарас ты рылады: міндетті 

бюджет және ерікті жарна. 2008-2009 

жылдардағы агенттіктің жалпы қаржы 

ресурсы – 450 миллион евро. Оның 150 

мил лион евросы ұйымға мүше мемлекет-

тердің ерікті жарнасынан құ ралған. Бюд-

жеттің 25 пайызын АҚШ тө лейді. Ал 2001 

жылы МАГАТЭ-дегі Қазақ стан ның мүшелік 

жарнасы 10 есеге қыс қартылған. Ал бұған 

дейін Астана агенттікке жыл сайын 750 мың 

доллар төлейтін бол ған. 

Еуразиялық экономи-

ка лық 

қауым дас тық. 

Бюд  жеті – 5 миллион дол-

лар. Жылына ЕурАзЭҚ-қа 

Қазақстан мен Бе лоруссия 

– 800 мың дол лар, Тәжікстан мен Қырғыз 

Республикасы – 380 мың доллар, ал Ресей 

1 миллиард доллар төлем жасайды. 

Дүниежүзілік сауда 

ұйымы. Әлемдік саудадағы 

үлесіне қарай мемлекеттер-

дің ұйымдағы жарнасы 

анық талады. ДСҰ-ның жыл 

сайынғы бюджеті шамамен 100 миллион 

доллар болады. ДСҰ бюджетінің басты 

төлем жасаушылары Еуропалық одақ, 

АҚШ, Жапония, Канада және өзге ин-

дустриялы мемлекеттер болып табы-

лады. Қазақстанның алдында әлемдік 

эко но микада үлкен рөл атқаратын атал-

ған ұйымға мүшелікке өту міндеті тұр. 

Мұндағы ең аз деген жарна шкаласы – 

0,03 пайыз. Егер біз ДСҰ-ға мүше бол-

сақ, онда жылына шамамен 45 мың 

дол  лар төлеп тұруымыз керек болады.

Қорғаныс саласының бюджеті қанша?

Деректерге жүгінсек, 2010 жылы 

Қа зақстанның жалпы ішкі өніміндегі 

әскери бюджеті ТМД елдері арасындағы 

ең төменгі көрсеткіш болып отыр. Бірақ 

Қазақстан – өзінің аумағы мен шекара 

ұзын дығы жағынан ТМД-дағы екінші 

мем лекет. Жалпы, қазірде Үкімет 2011-

2013 жылдарға арналған ҚР Қа рулы 

Күштерін қаржыландыру шы ғыс тарын 

ЖІӨ-нің 1,2 пайызы деңгейіне кө теруді 

жоспарлап отыр. Негізінен, ма ман дар-

дың есептеуінше, дағда рыс қа қарамас-

тан, 2005-2009 жылдар ара  лығында 

қа рулану мен әскери тех ни каға жұм-

сал ған шығындар ТМД кө лемі бойынша 

22 пайызға артқан. Со нымен бірге бұ-

рынғы Кеңес Одағы мем лекеттерінде 

жал пы ішкі өнім дең гейінің төменде ге-

ніне қарамастан, олар дың доллар ба-

ламасындағы әс кери шығындары 2009 

жылмен салыс тыр ған да – 5 пайызға, ал 

2008 жылмен са лыс тырсақ, 15 пайызға 

дейін артып отыр. Мәліметтерге сүйен-

сек, ТМД ел де  рі арасында әскери шы-

Біздегі қорғаныс саласының бюджеті қанша көлемде? Жалпы, ТМД елдері 

бойынша әскери шығыстар ЖІӨ-нің қанша пайызын құрауы керек?

 Әрсен БАЙЗАҚОВ, Алматы облысы 

ғындары  бо йын   ша  бірінші  орында  Гру-

зия (ЖІӨ 4,56 па  йызы) тұрса, одан ке-

йінгі  орын дарда  Ар   мения  (4,07  пайыз), 

Әзір  байжан  (3,95  пайыз),  Өзбекстан 

мен Украина (3,5 пайыз) болып отыр. 

Ал  Қа зақ стан ның  әскери  доктринасына 

сәй кес, қор ғаныс саласының шығыс-

тары ЖІӨ-нің 1 па йы зынан кем бол мауы 

тиіс. Бірақ Қор ғаныс министр лігі нің 

бюджеті соңғы үш жыл бойынша бұл 

нормаға сәйкес кел мей ді екен. 2008 

жылы – 140,1 млрд теңге (ЖІӨ-ге – 

0,92 пайыз), 2009 жылы – 139,3 млрд 

теңге (0,83 пайыз), 2010 жы  лы – 166,4 

млрд теңге (0,96 пайыз).



Қазақстанның қорғаныс 

саласы үшін шетелден дайын 

техника сатып алғаннан гөрі, 

қолда барды ұқсатқан тиімді. 

Одан қала берді, өзіміз әскери 

техниканы жасап шығаруға 

тырысуымыз керек. Еліміздің 

2015 жылға дейінгі аталған 

сала бойынша қабылда ған 

мемлекеттік бағдарлама-

сында осындай тұжырым 

жасал ған екен. Сонымен, 

бүгін гі еліміздің әскери өнді-

рісі нің мүмкіндігі қандай, бұл 

бағыт та қандай жетістіктерге 

қол жет кізе алдық?..

Кәмшат САТИЕВА

катерлер бойынша жобаның да басы тасқа 

тигендей болып еді. Бірақ бұл істе де қазір 

алға жылжушылық бар. Қазір Каспий те-

ңі зіндегі браконьерлерді ұстауға өзімізде 

шық қан осы катерлерді пайдаланып жүр 

екен біз. 

Жалпы, елімізде шығарылатын әскери 

өнім дердің 90 пайызы экспортқа бағыт-

тал ған. Онда да басты тұтынушымыз Ресей 

бо лып табылады. Одан кейінгісі – Орталық 

Азия мемлекеттері. Сарапшылардың пі-

кірін ше, аталған нарықтың жыл сайынғы 

та бысы 500 миллион долларды құрайтын 

кө рі неді. Негізінен, отандық әскери өнд і-

ріс тің жұмыс істеуіне көрші мемлекеттердің 

қор ғанысқа арналған техникаларының ес-

кі руі түрткі болып отыр. Ал әлемдік нарықта 

ұсы нылып жатқан судай жаңа қарулануға 

ар налған техника мен жабдықтардың ба-

ға сы удай қымбат. Оны кез келген мем ле-

кеттің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан 

көрші мемлекеттер қолдағы ескіні жаңа-

лауды жөн көреді екен.

Ал ғылыми ізденістер бойынша еш 

нәр се атқарылып жатқан жоқ деп тағы 

айтуға болмайды. Бұл арада 2009 жылы 

«Қа  зақ стан  инжиниринг»  ұлттық  компа-

ния сы жа нынан «Қарулануды басқару жү-

йесін ен гізу дің бірыңғай орталығы» ЖШС 

құрыл ға нын еске сала кетелік. Оның басты 

мақсаты қор ғаныс саласындағы ғылыми 

ізденістерді топтастыру болып табылады. 

Әзімбай ҒАЛИ, 

запастағы полковник:

– Қорғаныс саласы мол қаржыны 

талап етеді. Сондықтан бұл арада 

сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, 

игерілетін қаржыны бақылауды күшейту 

керек. Қалай дегенмен де, еліміздің 

әскери өндірісі дұрыс бағытта деп 

есептеймін. Дегенмен техника шығарып 

қана қоймай, оның сынау жағын да 

бізге қолға алу керек. Яғни сынақ оқу-

жаттығуларда ғана емес, нақты соғыста 

да болғаны жақсы. Сол себепті Қазақ-

стан әскерлері мен техникасы әлемнің 

«қызыл нүктеле рінде» міндетті түрде 

болуы тиіс деп есептеймін. Мәселен, 

Ливиядағы, Ауғанстандағы әскери 

опе рацияларда. Естуімше, мысалы, Ли-

вияда танктердің қажеттігі болмаған. 

Зымыран атқыш тар оның рөлін жақсы 

атқарған. Соны мен қатар әлемдегі 

озық қару-жарақ тарды да тұтынуымыз 

тиіс. Олай етпесе болмайды. Қорғаныс 

саласында да диверсификация керек. 

НАТО, ТМД ау мағындағы әскери ұйым-

дармен, ШЫҰ-мен де жақсы қарым-

қатынастамыз. Қазіргі осы бағытымыз 

дұрыс деп санай мын.

Екі арыстап жау шапса,

Оқ қылқандай шаншылса,

Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе,

Бетегелі Сарыарқаның бойында

Соғысып өлген өкінбес. 

(Доспамбет жырау)

Шұлғау – жазда бөзден, қыста бәйкеден 

қиылатын, ені 35 см, ұзындығы 60-65 см 

мата қиындысы. Ресей әскерінің осы сим-

волын орыстар емес, ежелгі рим дік тер 

ойлап тапқан. Ал Ресейде І Петрдың кезінде 

әскери киімнің бір бөлігі ретінде ен гізілді. 

«Көктемнің 17-сәтіндегі» Штирлицтің 

түр-тұлғасы керемет. Сымбатты бойына 

СС-тің қара униформасы жараса кеткен 

Вячеслав Тихоновқа сүйсінбеген әйел 

табылмайды, сірә. Ал әскери киім 

тарихында ең сәнді, ең әдемісі осы 

қанқұйлы СС-тың қара формасы саналады 

екен. Бірақ оның авторы әлемге әйгілі 

Hugo Boss компаниясы екенін көпшілік біле 

бермейді. 


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№77 (529) 7.05.2011 жыл сенбі                  



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

5

ЖІГЕР



? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Баукең кімге дәріс оқыған?

Қазақ тіліндегі майдандық басылымдар саны қанша?

Қазақстан журналистика академиясының 

президенті Сағымбай Қозыбаевтың 

мәліметіне жүгінсек, 1942 жылдың қараша 

айынан бастап қазақ тілінде 20-ға жуық 

майдандық, армиялық және дивизиялық 

газеттер, сонымен бірге, жүздеген жауынгерлік 

парақшалар шығып тұрған. Майдандық 

басылымдарға жауынгерлердің бойындағы 

жауға деген жеккөрініш сезімін оятып, жеңіске 

құлшынысын арттыру, кеңес жауынгерлерінің 

ерлігін дәріптеп, соғыс оқиғаларын жедел 

түрде тарату мақсаттары жүктелген. Әскери 

қазақ публицистикасының бастауы іспетті сол 

басылымдарда 70-ке жуық қазақстандық 

журналистер қызмет еткен. 

Жалпы, Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО 

халықтары тілінде 110 майдандық газет 

шыққан. Ал Орта Азия мен Қазақстанда 42 

газет және жеті журнал басылып тұрған. 

Барлығы 4 500 майдангер журналистер 

жұмыс істеген, оның 200-і Орта Азия 

республикаларынан барған. 

Қоғамдық оқиғаларға қашаннан-ақ батыл үн қоса білген қазақ журналистері 

соғыс кезінде де арнайы газет-журналдар шығарып, Ұлы жеңіске жұртты 

жігерлендірумен болған ғой. Білейін дегенім, сол бір отты жылдары қазақ тілінде 

нақты қанша басылым жарық көрді?

Нұрила БЕКБОСЫН, Талғар ауданы, Алматы облысы

Бауыржан Момышұлы соғыс кезінде елге 

демалысқа келген сәтінде зиялы қауым өкілдерін 

жинап, дәріс оқыған және сол баяндамасы кейіннен 

«Соғыс психологиясы» деген атпен кітап болып 

жарияланған көрінеді. Сол лекцияның жай-

жапсарын білгім келеді.

 Ержан 

БАҒАЙДАРҰЛЫ, 

Шымкент қаласы

СЕРПІН


КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ 

ӨРКЕНИЕТІ

Көшпелілерге тән әскери жасақтаудың 

ондық жүйесі ондаған ғасырлар бойы 

өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Дүниежүзінің 

көптеген елдері өз жарғыларын далалықтар 

жасап берген әскери жүйе мен заңдарға, 

соғыс жүргізу тәсілдеріне, қолбасшылық 

мектептерге сүйеніп құрды. Сақ, ғұн, түркі 

тайпаларынан кейін Шыңғыс ханның «Ұлы 

жасақ» заңдар жинағы бойынша қатаң 

әскери реформа жасалып, онда ұжымдық 

жауапкершілік, антқа адал болу, опасыздық 

жасамау, бұйрықты сөзсіз орындау, қашып 

кеткен жауынгер үшін басшысының басы 

алынатын темірдей тәртіп, мызғымас 

әскери иерархия орнатты. Шыңғыс ханның 

қатардағы ұланының  дәрежесі басқа қосын 

қолбасшыларынан үстем болды. Әрбір ұл 

жастайынан жауынгерлік өнерге машық-

танды. Көшпелілердің әскери құрылымы 

үштік жүйемен: оң қанат, сол қанат және 

орталық болып бөлініп, әскер қосындары 

ондықтардан, жүздіктерден, мыңдықтар-

дан, түмендерден құралды.

Көшпелілердің әскери өнерінің специ-

фи калық ерекшелігі – әскери-аңшылық 

РЕТРОСПЕКТИВАЛЫҚ ШОЛУ

БЕЗБЕН


тактика еді. Баһадүр бабаларымыз жауға 

қарсы «Үлкен жарық соғысы», «Ошақ 

соғысы», «Ай қораланды соғысы», «Құйрық 

жеу соғысы», «Ұры соғысы» сияқты әскери 

тактикаларды қапысыз қолданды. Алыс 

жорықтарға екі-үш атты қосарлап мінетін 

қазақ сарбаздары бес қаруын сайлап, сауыт 

киінді. «Ер қаруы – бес қару» демекші, бұ-

ған садақ, қылыш, найза, айбалта, күрзі 

жа та ды. Көшпелі халықтарда айқастар 

көбіне батырлар жекпе-жегімен басталатын. 

Қалмақтармен соғыста жекпе-жектер 

бірнеше күнге, тіпті айға дейін созылатын. 

Жекпе-жек – әскери өнердегі жауынгерлер-

дің жетістіктерін айқындайтын батырлар 

айқасының төресі.   



«МӘДЕНИЕТТЕР СОҒЫСЫ» ЖӘНЕ 

СОҒЫС КЕЗІНДЕГІ МӘДЕНИЕТ

Қайшылас құбылыстар болмаса, өмір 

өмір бола ма? Бейбіт заманда өмір сүріп 

жатқан бүгінгі ұрпақтың аузында «мәде-

ниет тер соғысы» деген сөз жүретін болса, 

кері сін ше, соғыс кезінде мәдениет барын-

ша бірлікке ұмтылып, соның арқасында 

тар қапастан шығатын жол тапқан. Ата-

ананың сұлу қызын ел көзі былай тұрсын, 

үп еткен желден қорғаштағаны сынды сол 

бір мәдениет атты «аруын» ел соғыс кезін-

де оқ пен оттан қорғауға бар жағдайды 

жасап бақты. Қыс қатты болса, қар астынан 

шөп аршып жеу қиынға соғып, содан 

ақбөкен сынды дала кербезі адамға келіп 

бас сауғалайтынын қазақтан артық ешкім 

білмес, сірә. Сол секілді кескілескен соғыс 

жүріп жатқан кезде де кербез сұлу ақбөкен-

дей мәдениет қазақтан – қалқан, қазақтан 

пана іздеді. Бұл өз алдына бөлек әңгіме, 

ал бізді қызықтыратыны – Ұлы Отан соғы-

сы кезінде Кеңестер Одағының кинемато-

графиялық астанасы ретінде таңдаудың 

неге Алматыға түскендігі. Неліктен «Мос-

фильм» мен «Ленфильм» осы қалаға көші-

рі ліп, одақтың 80 пайыз кино өнімі 15 ме м-

 лекеттің ішіндегі басқа да әсем қалалар-

дың бірінде емес, Алматыда түсірілді? 



ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ 

БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫ 

Батырлар – дәстүрлі қазақ қоғамында 

болған ерекше әлеуметтік топ, қаһармандық 

– батырларға тән қасиеттер мен өмір салты. 

Қазақ батырлары Еуропаның рыцарьлары, 

жапонның самурайлары, үндінің кшатрий-

лері секілді өзіндік сословиені құрады. 

Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық 

қызметі, жапон самурайларының «Бусидо» 

кодексі секілді батырлық этикасы болған. 

Қазақ қоғамындағы батырлардың 

институционализациялануы олардың тек 

қана жеке батыр ретінде ғана емес, би, ше-

шен, жырау, ұлыс, ру билеушісі ретіндегі 

функцияларды бір қолға жинақтауынан 

келіп туындаған. Зерттеуші Қалиолла Ах-

мет жан батырлар институтын төмендегідей 

талдап береді. 1) Тек әскери кәсіппен айна-

лысу. Батырлар елді басқыншылардан 

құтқаруды, жау қолынан қаза тапқан ата-

баба кегін қайтаруды өмірлік мақсат 

тұтынған. 2) Батырлар әулетінде туған бала 

жастайынан әскери кәсіппен айналысуға 

міндетті болды. Тұқым қуалаған батырлар 

«шынжырлы тұқым» деп аталған. Батырлық 

жырлардағы Ер Қосай, Едіге, Ер Тарғын

ХVIII-ХIХ ғасырлардағы Райымбек, Қабан-

бай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар, ұлт-

азаттық көтерілістердің көсемдері Исатай, 

Жанқожа, Амангелді батырлар бәрі де ата-

бабасынан ұрпағына дейін батыр болған-

дар. Ата кәсіптің батырлар әулетінде ұрпа-

ғына жалғасуын «шынжыры үзілмеу» деп 

атаған. Батырлар ұрпағы үшін ата кәсібін 

жалғастырмау – масқаралық саналды. 

Әскери әулеттен болғандықтан батырлар 

алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста өлген 

әкесінің, туысының кегін алудан бастаған. 

Әке кегін қумау – батыр үшін ұят. Артында ұл 

болмаса, кек алу қызына да міндет болған. 

Синоптиктердің көзімен қарағанда, 

Алматыда 365 күннің 300-інде аспан 

ашық болады екен, ал ол – өз кезегінде 

кино түсіруде ең маңызды мәселелердің 

бірі. Яғни қанша қаржы шығындап, қолдан 

жасаған павильоннан Тәңірдің өзі берген 

табиғаттың артықтығын айтудың өзі – 

артық. Алайда тек осы Алматы табиғатының 

қолайлылығы ғана кеңестің тұтас киноин-

дустриясын көшіріп алып келуде басты 

көзір болды десек, қателескен боламыз. 

ҚАРЫМТА НЕМЕСЕ АЛМАТЫ 

КИНОСТУДИЯСЫ ҚАЛАЙ 

ҚҰРЫЛДЫ?

Киносыншы Лев Варшавский мұның 

бар мәнісін қазақтың қонақжайлық фено-

меніне тірейді. Былайша айтқанда, кино-

герлер бар қаржысын құйса да, соған сай 

жағдай жасалуын күткен. Сол қалаулары 

болып, екі жақ та шығармашылық бауыр-

лас тық тапты. Есеп немесе келісім бойынша 

біріккен орталық киностудияны, оның 

техникалық құрамы мен шығармашылық 

ұжымын біртұтас орналастыруға Алматы-

ның әрбір шаршы сантиметріне қаражат 

салынды, есесіне, мосфильмдіктер мен 

ленфильмдіктер эшелоны келген бетте 

оларды «Кеңестер үйі» қонақүйі мен Мәде-

ниет сарайы құшақ жая қарсы алды. Вар-

шав скийдің естеліктеріне көз жүгіртсек, 

сол тұстағы көрініс, яғни көз ілеспес шап-

шаң дықпен жүріп жатқан құрылыс «таба-

дағы шыжғырылған майдай» сондай бір 

күйіп-жанып жатқан жанталаспен өрбісе 

керек. КазПИ-дің оқытушылары қоныста-

нып бола бере, Киров пен Пролетарлар 

көшелерінің қиылысында үш қабатты жаңа 

үй бой көтерген. «Лауреатник» деген ай-

ғай лаған атқа ие болған, міне, сол үй ке-

ңес тер киноөнерінің білікті мамандарына 

берілген еді.  

Әйгілі «Иван Грозный» фильмі сол 

кезде Алматының шет жағындағы «Екінші 

бесжылдық» колхозында түсірілді. Кино 

дегенді сол замандағылар қайдан білсін, 

осы фильмді түсіру барысында болған бір 

жағдайды фильм ассистенті Дмитрий 

Попов былай баяндайды: «Міне, бар 

киімін киген митрополит ауыл көшелерін 

аралап келеді, кенет көше қалтарысынан 

Соғыс кезінде Алматыны 

дәл осылай атаса керек. Өйт-

кені өлім уы шашылып жатқан 

соғыс даласындағы бар тірші-

лік, соның ішінде кино, театр, 

әдебиет пен мәдениет саласы 

тегіс Қазақ станға көшіріліп, 

осында өмірдің дәнін септі. Сол 

тұста даңқы жер жаратын 

кинорежиссер, сценарийші 

және кино өнері нің теоретигі 

Сергей Эйзенш тейн, орыстың 

ұлы балерина сы Галина Улано-

ва, ақсүйек тер тұқымынан 

шық қан жазушы Михаил Зо-

щен ко, атақты актер Аркадий 

Райкин, ХХ ғасырдың ұлы ға-

лы мы, ойшыл, академик 

И.В.Ве р   надс кий  дейсіз  бе, 

әйтеуір сол тұстағы атағынан ат 

үркетіннің бәрін сол тұста 

іздеген жан алманың исі 

аңқыған Алматыдан табатын... 

Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ

Мәриям ӘБСАТТАР 

Қазақ халқының әскери өнері 

мен жауынгерлік дәстүрі

«Кеңестің Голливуды»

ат арбадағы қарапайым ауыл тұрғыны, 

шаруа әйел шыға келді. Көзі атыздай, өзі 

қорыққаннан дірілдеп, көгеріп кеткен. Сол 

бойы тоқтап тұрды да, әрі қарай атына 

қамшы басты. Сол екен, әйелдің алдынан 

бір топ атты әскер кездесті. Байғұстың 

жаны қалмады, «Сақтай гөр, Тәңірім. «Е-е-

екінші бесжылдық» деген таңғажайып 

колхоз екен!» деп шоқынған әйел киноның 

кадріне түсіп қалыпты.

1942 жылы режиссер В.П.Строев «Сар-

баз дың ұлы» және «Алып туралы аңыз» 

атты қос киносын түсірді. Алғашқысының 

сценарийін жазуға С.В.Михалков, 

И.Л.Прут 

 

пен бірге, қазақтың классик 



Батырлар ата кегін қууды кең ұғымда, жал-

пы халықтың, елдің кегін қуу мағынасында 

да түсінген. 3) Көшпелі халық тарда хандар, 

әміршілер, ел билеу шілер батырлар әуле-

тінен шыққан, осы қоғамдық топтың өкілі 

болған. Шыңғыс хан, Әмір Темір, Едіге, Ма-

май, Абылай, Кенесары, т.б. батыр болған 

және батырлар әулетінен шыққан. Олар 

өздерінің жұрттан асқан ерлігінің арқасында 

билеушілік дәрежеге көтерілген: 4) Батыр-

лар меншік иелері болған. Олардың 

меншігіне қалалар, елді мекендер, ұлыстар, 

аймақтар қараған. Бірақ батырлардың бәрі 

бірдей байлық иесі болмағанын да айта 

кету керек. 5) Елдің сыртқы қауіпсіздігі мен 

ішкі тұрақтылығына қызмет еткен. 6) Елдік, 

мемлекеттік билікті қолдарына ұстаған. 

Мәселен, батырлар мемлекеттің ішкі, сырт-

қы саясатын анықтау ға араласып, түрлі 

мемлекетаралық  қаты нас тарға  қатынасып, 

елшілікке жүріп, хан жанындағы әскери 

кеңес мүшелері, түрлі мемлекеттік лауазым 

иелері болды. Қазақ хандығы мен Орыс 

патшалығының ара қатынасына байланысты 

архивтік құжат тарда ру басшылары ретінде 

көптеген батыр лардың аттары аталып, 

қолдары  қойы лып,  мөрлері  басылған.             

7) Хан дық билікпен тығыз байланысты. 

Мы салы, әр ханның есімімен бірге оның 

айна ласындағы батырлардың есімдері қоса 

айтылады. Есім ханмен оның белгілі батыр-

лары Қоңырат Алатау батыр, Дулат Жақсұ-

ғұл батыр, Жанай батыр, Қарасай батырды 

айтсақ, Абылай ханмен Бөгенбай, Қабан-

бай, Жәнібек, Малайсары, Баян батырлар 

есімдері байла нысты, Кене хан есімімен 

Ағы бай, Наурыз бай, Бұғыбай, Иман батыр 

есімдерін еске аламыз. 8) Батырлардың 

өздеріне тән жауын 

 

герлік этикасы, 



адамгершілік ережесі, діни ырымдары мен 

салттары, пірлері болған. 

Ерлік туралы сөз қозғағанда XV-XVII 

ғасырда туы желбіреген жыраулар поэзия-

сын ауызға алмасқа амал жоқ. Себебі 

жаугершілік заманда, Ақтабан шұбырынды, 

Алқакөл сұлама, қалмақ-қазақ ұрыстары 

тұсында елдің намысын жанып, рухын 

көтерген де – жыраулар. Олар қолына 

домбырасын алып, данагөйсіп, ақыл 

айтып, жұртты ел қорғауға шақырып қана 

отырған жоқ. «Ереуіл атқа ер салмай, егеулі 

найза қолға алмай...Ашаршылық, шөл 

көрмей, арып-ашып жол көрмей...Ерлердің 

ісі бітер ме?!» деп Махамбет жырлағандай, 

өздері де қару-жарағын асынып, қандықол 

ұрысқа тікелей енген. Соғыстан шошынған 

халықты бірлікке шақырып, басу айтқан 

ханның кеңесшісі де, саяси мәселелерді 

ше 


шуші ымырашы-саясаткер де бола 

білген. Жыраулардың халықтың рухын ша-

қыратындай жыр туғызуына әлеуметтік 

қоғамдық жағдай тікелей әсер етті. 

Бекболат Тілеуханның орындауында 

көпшілік жүрегіне жол тартқан әйгілі 

Ақтамберді толғауында: 

 Жалаулы найза жанға алып, 

Жау қашырар ма екенбіз?! – деп 

жорыққа шығар алдында қалың қолдың 

арқасын аруақты жырмен қоздыра білген. 

Жырдың тап сол кезде айтылған мақамы 

белгісіз. Қазіргі орындалып жүргені сазы 

– Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйі. Рухты жырды 

өр күйге өңдеп салған Жәнібек Кәрменовке 

қазақтың айтар алғысы шексіз. Сол үрдісті 

жаңғыртқан Бекболат Қазтуған жырау 

«Қайран да менің Еділімін» Қазанғаптың 

«Көкіліне» салып, жырдың да, күйдің де 

бағын қатар ашты. Елбасының сөзіне 

жазыл ған «Елім менің» әнінің әуенін Бек-

болат ағамыз өзі ойдан шығармағандығын, 

халықтық мақам-саздардан жиып-теріп, 

құрағандығын жасырмайды. Бұдан кеп 

шығатын қорытынды, қазақтың сан 

ғасырға созылған ұрыстарында туған 

жырлардың жауынгерлік рухының биік 

болғандығына ешкім дау айта алмас. 

Ал бүгінгінің рухты әндері, яғни «пат-

риот тық» деген жанрға ие болған әндердің 

салмағы қандай? Былтыр жылдың басында 

Мәдениет және ақпарат министрлігі 

тұңғыш рет халықаралық «Тәуелсіздік 

толғауы» конкурсын өткізген-ді. Байқауда 

ең үздік драмалық пьесалар, опералық 

шығармалар,  балеттік шығармалар, ең 

үздік камералық музыка, ең үздік қазіргі 

заманғы әндер, балалар әндері сынға 

түседі. Елбасымыз Тәуелсіздік мұраттарына 

сай, жаңа музыкалық шығармалар жазу  

жөнінде тапсырма берген болатын. Сол 

мақсатты орындау барысында туған ол 

туындылардың халық жадында мәңгіге 

қаларын да тап басып айта алмаймыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет