! Қазақтың дербес төл әдебиетi қай ғасырлардан бастап қалыптаса бастады? /
ХV-ХVI ғғ.
/
ХIII-ХХ ғғ.
/
ХV-ХIX ғғ.
/
ХII-ХVI ғғ.
/
ХII-ХIII ғғ.
! Алаң да алаң, алаң жұрт, Ақала ордам қонған жұрт. Атамыз бiздiң бұ Сұйiнiш Кұйеу болып барған жұрт. (Үзiндi кiмнiң шығармасынан?)
/
Қазтуған
/
Сыпыра жырау
/
Асан қайғы
/
Доспамбет
/
Жиембет
! “Ай, хан, мен айтпасам бiлмейсiң , Айтқаныма көнбейсiң, Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсiң”. (Үзiндi кiмнiң шығармасынан?
/
Асан қайғы
/
Бұқар
/
Қазтуған
/
Марғасқа
/
Үмбетей
! Аты аңызға айналған жырау: /
Асан қайғы
/
Үмбетей
/
Марғасқа
/
Қожаберген
/
Доспамбет
! Тоқтамыс ханның тұсында өмiр сүрген жырау: /
Сыпыра
/
Қазтуған
/
Марғасқа
/
Жиембет
/
Асан қайғы
! “Өрлеуге қандай алабың, Шыңға шықсын талабың. Алпыс екi хан көрдiм Несiне оны сұрадың?! Атқа мiнер халi жоқ, Мiнсе түсер әлi жоқ, Жүз сексен жас жасаған ... “ (Қай жыраудың сөзi?) /
Сыпыра
/
Асан қайғы
/
Шалкиiз
/
Кет-Бұға
/
Жиембет
! 120 жас жасаған деп айтылатын жырау: /
Асан қайғы
/
Жанкiсi
/
Марғасқа
/
Жиембет
! “Қазтуған мен Абатым, Дұшпанды жер болғанда, Сегiз қырлы болатым... «Аумин» де Абатжан Батамды саған берейiн“. (Кiмнiң сөзi?)
/
Асан қайғы
/
Шалкиiз
/
Доспамбет
/
Сыпыра
! Қазтуған жырау қай ғасырда өмiр сүрген? /
ХV ғ.
/
ХVII ғ.
/
ХIII ғ.
/
ХVIII ғ.
/
ХVI ғ.
! Асан қайғының қандай сипаты басым? /
Қоғам қайраткерi, жырау
/
Орда кеңесшiсi, бiтiмгер
/
Жыршы, жырау
/
Саясаткеp, ақын
/
Батыр жауынгер, жыршы-жырау
! “Екi басса бiр базар, малда береке болмайтұғын, екi басса бiр мазар баста береке болмайтұғын, базары жақын - байымас, мазары жақын – көбеймесң деген сөздi Асан қайғы қай жерге байланысты айтқан делiнедi аңыздарда? /
Шымкент, Сайрам
/
Орал өңiрi
/
Шу өңiрi
/
Едiл, Жайық бойы
! Аңыздарда Асан iздеген жайлы қоныс: /
Жиделi Байсын
/
Ергене-қон
/
Өтүкен
/
Сарыарқа
! “Қазтуған” атты ұзақ толғауды жырлаған XIX ғасырдың көрнектi ақыны: /
Мұрат
/
Сүйiнбай
/
Майлықожа
/
Махамбет
/
Жанақ
! “Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған” - деген өлең жолдары кiмнiң шығармасынан? /
Қазтуған
/
Асан қайғы
/
Ақтамбердi
/
Қазтуған
/
Көтеш
! Қазақ ханы Жәнібек тұсында өмір сүрген жырау: /
Асан қайғы
/
Бұқар
/
Доспамбет
/
Қазтуған
/
Шалкиіз
! “Бұл заманда не ғаріп”- деп басталатын толғау қай жыраудікі? /
Асан қайғы
/
Шалкиіз
/
Доспамбет
/
Марғасқа
/
Үмбетей
! «...Сөйлесе қызыл тілдің шешені» деп өзін мадақтай жырлаған жырау: /
Қазтуған
/
Марғасқа
/
Доспамбет
/
Ақтамберді
/
Бұқар
! ХІХ ғасырда өмір сүрген, «Қазтуған» атты толғау шығарған ақын: / Мұрат Мөңкеұлы
/
Дулат Бабатайұлы
/
Бұқар жырау
/
Шортанбай Қанайұлы
/
Доспамбет жырау
Лекция. № 4.
2. Лекция жоспары: Шалкиіз жыраудың өмipi мен шығармашылығы. Шалкиіз жыраудың өмірі мен шығармашылығының зерттелуі. Шалкиіз жырау толғауларының идеялық-көркемдік сипаты. Доспамбет жыраудың өмipi мен шығармашылығы туралы деректер. Доспамбет жыраудың толғауларының идеялық-көркемдік сипаты.
3. Лекция мақсаты: Жыраулар поэзиясының хандық дәуірдегі көрнекті өкілдері Шалкиіз, Доспамбет жыраулардың өмірі мен қоғамдық қызметінен, шығармашылығынан, олардың зерттелуі, танылуынан деректер бере отырып, шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, мәнін игерту.
4. Лекцияның мазмұны: 1. Шалкиіз жыраудың өмipi мен шығармашылығы. Шалкиіз Тіленшіұлынын өмipі туралы деректер көп сақталмаған. Жырау есімі әр кездерде жарық көрген еңбектерде Шәлгез, Салкез, Шалкиіз деп те әртүрлі аталып келді. Олай аталып кеуінінің ceбeбiн зерттеушілер жазба деректердің жазылу ерекшелігінен еді деп көрсетеді. Халық арасында жыраудың аты Шәлгез деп те аталған, ілкі есімі Салкез екен дейтін де аңыз-әңгіме бар. Шәлгез атауын көшпелі өмірге сай киіз үстінде дүниеге келіп, шәліге, киізге орау жағдайларымен байланыстыратын аңыздардың қазақ, ноғай елдерінде кездесуі оның түп төркіні ноғайлы дәуірінен келе жатқандығын аңғартады. Ал, Шәлгездің ілкі шын аты Телағыс екен деген де пікір бар.
Шалкиіз туралы деректер ел аузындағы әңгімелерде сақталып жеткен. Шалкиіздің шешен би, ханның кеңесшісі, батыр жырау болғандығын шығармаларындағы деректер арқылы да білуімізге болады. Жыраудың аты мен шығармалары ноғай, қарақалпақ, құмық халыктарында да кең тараған.
Шалкиіз шығармалары XIX ғасырдың соңына қарай, XX ғасыр басында баспа жүзінде жарық көрген. Кеңес дәуірінде шыққан жинақтарда жырау шығармалары толыққа жуық жарияланып келді.
Хандық дәуірдегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау М.Мағауиннің айтуынша, шамамен 1465-1560 жылдарда өмір сүрген. Жайық Елек, Ойыл өзендері бойларын жайлаған елден шыққан. Сарай, Орда маңында болып, Жуан хан, Би Темір сияқты белгілі адамдарға ақыл-кеңесін айтқан. Өзінің ұзақ өмірінде Дешті-Қыпшақтың төрт бұрышын түгел шарлаған, заманының бірінші ақыны болып танылып, үлкен даңққа бөленген жырау бүкіл өмірін күрес үстінде өткізеді.
Шалкиіздің Би Темірдің ақылшы жырауы болғанына қазақ зерттеушілері Ә.Дербісәлин, X.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. айрықша мән береді.
Арыстанғали Берқалыұғлының «Ақын» жинағында жыраудың «Шағырмақ бұлт жай тастар» атты ұзақ толғауына байланысты берген түсіндірмесі бойынша жырау ноғайлы жұртының бес-алты ханының тұсында өмір сүрген адам. Жасы ұлғайған тұсында Мамай ханның жанына келіп өмір сүреді. Бірақ, мұнда да оны ноғайлының өзге билері күндеп, өлтірмек болады. Мамай оларға: «Сендер өлтірмей-ақ қойыңдар, ертең елге жау тигенде жалғыз өзін жаман торымен жіберейік. Сонда өзі-ақ жау қолынан өледі», – дейді.
Айтқанындай, ертеңіне елге жау тиеді. Шәлгезді жаман торыға мінгізіп, жауға қарсы жібереді. Бірақ, Шәлгез батыр жаудың қолбасы батырын өлтіріп, өзге әскерін қуып тастайды. Мұнан кейін тау басында осының бәрін қызықтап тұрған Мамайға келген жырау:
Шағырмақ бұлт жай тастар,
Ағытқан қойды жол бастар,
Ақ желкенді жел бастар,
Ғаділ төре ел бастар...
Ау, бөрілер, бөрілер,
Бөрімін деп жүрерлер.
Әрбіреудің баласы
Алтау болар, бес болар,
Абаданынан айырылса,
Олардың һәр біреуі
Әрбір итке жем болар...
Атайы ердің баласы
Ағадан жалғыз тудым деп,
Басына қиын іс келсе,
Ісін көпке салар ма?..
Ағайынның ішінде
Бір жақсысы бар болса,
Қоңқалаған көп жаман
Сол жақсыны көре алмас.
Сол жақсыдан соңыратын,
Жамандардың басына
Қиын-қыстау іс түссе,
Қос арғымағын қолға алып,
Сол жақсыны күнінде,
Күн-түн қатып іздесе де таба алмас, –
деп, жырды төгіп-төгіп жіберіп, жөніне жүре береді.
Деректерге қарағанда, жырау өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашпауын көтермеген, қай кезде де турашылдығынан танбаған. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы - түз тұрғынының дүниетанымы, адамдық табиғаты, мінез ерекшеліктері, моральдық, этикалық қағидалары айқын аңғарылады.
Күні бүгін бізге белгілі болып отырған Шалкиіз мұрасы 760 жолдай. Оның 500 жолдайы қазақ арасынан, 260 жолдайы ноғайлар арасынан жиналған. Атап айтсақ, ертелі-кешті қазақ арасынан жиналып, хатқа түскен, яки жарияланған жырлары: «Би Темірге айтқаны» («Аспанды бұлт құрсайды») – 92 жол, «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» («Қарабас күспен шалдырып») – 83 жол, «Шағырмақ бұлт жай тастар» – 259 жол, «Тор балақ құсты қолға алып» – 10 жол, «Шұбар ала шымылдық» – 13 жол, «Арық хан» – 11 жол.
Шалкиіздің Би Темірге айтқан толғауы, «Бәйтерек», «Арық хан», «Қатынасы биік көлдерден», «Бұз үстінде от жаққан», «Мен иемнің күнінде» өлеңдері мен кейбір жыр жолдары қазақ, ноғай арасынан жиналған жырау мұрасының қай-қайсысында да кездеседі екен. Шалкиіз мұрасының ең маңызды, әрі көлемдісі саналатын «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғаулары қазақ арасынан жиналып, алғаш рет бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын (1875) жарық көрген екен.
Қолда бар жырлар бұдан төрт ғасырдан астам бұрын жасаған жырау поэзиясының бағыты, тақырыбы, сыр-сипаты жайында толық түсінік бере алады.
Шалкиіздің ақындық өнері арнайы сөз етуге тұрарлық мұра. Жырау шығармалары негізінен толғау жанрында болып келеді. Шығармаларымен нақты таныса отырып, бір кезде жырау аузынан шыққан елдік, ерлік туралы жырлардың мол болғанына шүбә келтіруге болмайды. Жыраудың біздің заманымызға жеткен шағын сөздері сол дүниенің ғасырлар салмағына шыдап жеткен бөлігі ғана. Осының өзі жыраудың өзі, өнері, замана жайында белгілі түсінік бере алады.
Орта ғасыр дәуірінің сөз шебері Шалкиіздің негізгі дүниетанамы, философиясы, моралі, этикасы ислам дінінің негізінде. Бұған ешқандай таңдануға болмайды. Жыраудың өмір сүрген тұсы – ислам дінінің осы өңірде кең қанат жайған кезі болатын.
Шалкиіз Тіленшіұлының ең көп жырлаған және беріле жырлаған кісісі Би Темір екендігі мәлім. Шалкиіз бірталай уақыт ноғайлының биі Темірдің төңірегінде болды. Жыраудың оған арнай айтқан екі толғауы сақталған. Мұның біріншісі (“Аспанды бұлт құрсайды”) жыраудың атақ-дәрежесіне сай сый көрсетпей шетке қаққан кезде биге бір жағы өкпе, бір жағы наразылық ретінде айтылған.
Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің,
Жазылы алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің.
Білерді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан қағбамсың...
Сен алтынсың – мен пұлмын,
Сен жібексің – мен жүнмін,
Сен сұлтансың – мен құлмын,
Сен сұңқарсың – мен қумын.
Жұмсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман,
Саған дұспан – маған жау,
Керекті күні алдында
Ғазизлеген сұлтан жаным аяман!-
деп оған өзінің құрметінің ерекше екендігін айтады.
Екінші толғауы:
Қара бас күспен шалдырып,
Көк теңіздің үстінде
Көтеріп желкен аштырып,
Жүк тиедің кемеге,
Ниет еттің тәңірінің үйі кебеге.
Жүк тиесең - кетерсің,
Ниет етсең - жетерсің,
Жетсең тауап етерсің,-
деген сөздермен басталатын толғаудың өзіндік тарихы бар. Би Темір қартайған шағында Меккеге қағбаға тауап етуге аттанбақ болады. Бимен арасы қырбай болып жүрген Шалкиіз әміршісінің оң тізбесін қайта алу үшін қолайлы жағдайды пайдаланып қалады.
Толғауда жыраудың Темірді мадақтауы фантастикалық дәрежеге, табынуға дейін жетеді:
Білер білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан қағбамсың!
Толғаудың бір жерінде жырау өзінің биге борыштар екендігін, осы атақ, дәрежеге соның арқасында жеткендігін айтады. Бірақ Шалкиіздің Темірді мадақтауы оның өзіне оң қарағандығынан емес. Жырау Темірді “әр ісінде тура”, “жұрт иесі”, әділ әмірші деп есептейді. Шалкиіздің ойынша Темір – жұрт тірегі, елдің берекесі, ол алыс сапар-хаждан оралғанша “артында қалған көп халқы” тозғындап кетпек: “жұртқа бір лайық ие жоқ”. Жырау Темірді хаж сапарынан тоқтату үшін айтқан толғауында құдайға құлшылық ету тек Мекке барумен ғана өлшенбейтінін:
Құлағанды тұрғызсаң,
Жылағанды уатсаң,
Қисайғанды түзетсең,
Тәңірінің үйі бәйтолла,
Сұлтан ием, қарсы алдыңда жасапты!-
деп, дінді біраз кеңейтіп, “адамгершілендіре” түседі. Сондықтан да жырау хажға бару парыз еместігін еске алып, құдайдың шын парызы - қарауындағы халыққа рақымды, әділетті әмір жүргізу екендігіне Темірдің көзін жеткізбек болады. Қартайған шақта иман іздеп, күнәдан арылмақ болсаң, ел кезіп қағба бармай-ақ әділетке жүгін, қағба – әділет дегендей ой айтады. Халқына қайырымды, жұртына жағымды, кемтарға сүйеніш болу сияқты талап, тілектер кісілік құлыққа да, құдай жолына құлшылық қылғандардың шариғат-шартына да қиғаш келмейтінін жетік білетін Шәлгез Темірді биік парасатымен тұсап, тоқтату үшін аса әсерлей бейнелеген.
Темір биді Шалкиіздің хаж сапарынан тоқтатуы, оның алдында Темірдің жұрттың сөзіне еріп оны қасынан кетіруі жырау шығармаларында айқын бейнеленген. Ол:
Көбең семіз торыңмын,
Көп құлыңның бірімін, –
дегенде, өзінің Темір маңайына келіп «көбең» тартып, елге сыйлы болғанын, оған бағыныштының бірі екендігін айта келіп, сөзін одан әрмен былайша жалғастырып:
Жақсыңнан мені кем көрдің,
Жаманыңмен тең көрдің,
Жақсыңнан мені кем көрсең,
Жаманыңмен тең көрсең,
Ұялы берікке қос артып,
Сен есенде, мен сауда,
Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан іздермін, –
дейді, яғни кететіндігін айтады. Бірақ, бұл өзінің қатардағы көп қарашаның бірі емес, ата тегі сол билеушімен шамалас шаңырақтың өкілі екенін тепсіне тұрып мәлім етеді:
Еділден аққан сызашық
Мен көргенде тебінгіге жетер-жетпес су еді,
Телегейдей шайқалтып,
Жарқыраған беренді,
Теңіз етсе, тәңір етті...
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде,
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, тәңір етті.
Ғалым М.Мағауин: «Шалкиіз ислам дінінің қағидаларын жақсы білгенімен де, ата-баба дінін жоғары тұтқан сияқы, алла атынан гөрі тәңірі атына ден қояды» деген пікір айтады.