Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Жиембет жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдай



бет33/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

2. Жиембет жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдай.
Жиембет батыр өмір сүрген дәуір - қазақтардың сыртқы жауларға қарсы қаһармандық күресінің дәуірі болатын. Қазақтардың бұл кездегі ең басты дұшпаны жоңғардан шыққан қалмақтар еді. XVI ғасырдың аяқ кезінде қалмақтар қазақ хандығына тәуелді болды. Інісі Ораз Мұхаммедтің тұтқындалуына байланысты. Тәуекел ханның Москваға жіберілген елшілігі жайындағы материалдарда Тәуекел «Қазақ пен қалмақтың ханы» деп атаған. Қазақтардың қалмақтарға қарсы XVII ғасырдағы күресі көбіне жеңісті сәтті болып отырғанмен, тынымсыз, елдің тынышын кетірген ауыр күрес еді. Бұл жағдай жыраудың Есімге айтқан «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауынан да байқалады.
Бұл толғауында қалмақтардың қазақтарға үлкен бір бүліншілік әкелген кезі көрініс тапқан. Алайда қазақтар көп ұзамай есін жиып алады да, қалың әскер шығарып қалмақтарды жеңіліске ұшыратады. Толғауда айтылатын сөздерге қарағанда Жиембет те осы оқиғаның куәсі болған және сол соғыста ерлікпен көзге түскенге ұқсайды. Толғаудың тарихи екендігін аңғартатын тағы бір дерек ондағы жыраудың кемсіте айтқан: «Тас қалаға жан сақтап» дейтін сөздері.
Ел әңгімелеріне қарағанда Жиембет – Есімді ақ киізге салып хан көтерушілердің бірі, оның барлық жеңісті жорықтарының қаһарманы. Әсіресе жыраудың батырлығы өз жырларында айқын аңғарылып отырады.
Менің ер екенімді көргенсің,
Әуелден бірге жүргенсің,
Дегенімді қылғансың
Қайратымды білгенсің, –
дейді жыраудың өзі. Жырау қайратын ханның қайда көргені, қандай ерліктер жасағаны туралы айтпайды:
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Соқыр бурыл байталға
Сонда бір жайдақ міңгенсің…
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Қаланың қасы бүлгенде,
Хандар қалаға қылаған,
Сұлтандар суға сылаған
Қаз мойындық ханша
Қалада тұрып жылаған –
деп тарихи жайттардан деректер беріп ханның есіне салады.
Інісі Жолымбет батырға арнаған жырында «Хан жалғыз да біз үшеу» деп өздерінің көптігін, күшін айбар қылып айтады. Жиембеттің тағы бір сүйеніп тұтатыны, оның немере інісі – Байбақты батыр. Байбақты атақты Сырым батырдың алтыншы атасы, Торғауыттарға қарсы соғыстың қаһарманы. Ел әңгімелеріне қарағанда Байбақты Жем мен Жайық бойын қалмақтардан босатқан батыр. Бұл – тарихи шындыққа сәйкес келеді. Жиембеттің мемлекет ішіндегі халық алдындағы беделі қаншама жоғары болғанмен, оның ханмен тартысының аяғы насырға шауып, Жиембеттің жеңілісіменен аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет