Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Марғасқа жыраудың өмірі мен шығармашылығытуралы деректер



бет35/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104
5. Марғасқа жыраудың өмірі мен шығармашылығытуралы деректер.
XVII ғасыр ақын-жырауларынан әдебиет әлемінде мәлім жыраудың бірі – Марғасқа. Жиембетке тете ол Есім хандығының соңғы кезінде өмір сүрген. Есім ханның жағын-жақтап, жорықтарында бірге жүріп, хан сарбаздарының көңілін көтеріп жыр шерткен. Марғасқаның өмірі мен ақындығы туралы әзірше мәлімет өте аз. Мұхтар Мағауин Марғасқаны Есім ханмен бірге өздері елде жоқта істеген опасыздығы үшін Ташкент бегі Тұрсын ханды шауып жазалаған ерлерден санаған. Яғни ол Есім ханның 1627 жылы Ташкентті басып алу оқиғасына қатынасқан сарбаздарының бірі болған. Кейбір деректерден оның өмірі мен өнернамасы туралы нақты деректер сақталмағанын, оның Есім ханның жорық жырауы болғанын, 1627 жылы Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысқанын ғана білеміз. Ол да басқа жыраулар тәрізді жорыққа қатысып, ерлік жырын жырлаушы, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға тырысқан. Есім ханның өз мақсатын орындау жолында жеке ұлыс, тайпалардың хандары мен ірі феодалдарының қарсылығын тойтарып отыруына, кейде қантөгіске баруына да тура келді. Есімнің жолына кесе-көлденең тұрғандардың бірі – Қатаған, шанышқылы руларының ханы, Ташкентті билеуші Тұрсын еді. Тәуелсіз әмірші болғысы келген Тұрсын Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып қазақ ауылдарын шабады. Көп жұртты қырғынға ұшыратады. Бұл оқиға халық санасында үлкен із қалдырған. Бұл оқиға «Еңсегей бойлы Ер Есім» жырында Тұрсын ханның елді шабуы жайында былай дейді:
Қырғын салды қазаққа
Самалын құдай оңдады.
Кезіккендер қырылып,
Алды-артына андады.
Қара жерді қандады,
Буаз қатын кез-келсе,
Ішін тіліп жайлады.
Бас қамында анасы,
Шырылдап жылап баласы,
Бесіктер қалды жол-жолда,
Найзамен түйреп жамғарды.
Бұл – ағасына інісі пышақ ұрған соғыс еді. Көп ұзамай-ақ кезек Қатағандарға келеді. Ызақор, дұшпанына мейірімсіз Есім жорықтан орала салысымен Ташкентті шауып алып Қатағандарды қырғынға ұшыратады, Тұрсын ханның өзін өлтіреді. «Бұл – оқиға, Абілғазы бахадүр ханның айтуынша, 1627 жылы болған. Есім ханның батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы Марғасқаның біздің заманымызға жеткен бір өлеңі осы оқиғаға байланысты туған. Ел әңгімелерінің айтуынша, Есім хан тұтқиылдан шауып Ташкентті бір-ақ күнде алған екен. Бұл жырда тек сол кездегі, яғни Есім ханның тұсында болған оқиға туралы баяндалған.
Бізге Марғасқа жыраудың шығармаларынан жеткені – осы бір ғана қысқа толғауы. Жыраудың бұл «Ей, қатағанның хан Тұрсын…» деп басталатын толғауын Семей облысы, Абай ауданынан шыққан шежіре қария Мұсылманқұл Жиреншин 1936 жылы Қазақ Ұлттық Ғылым академиясына тапсырған. Әдебиет және өнер институтының қолжазбасынан алынып, 1967 жылы «Ертедегі әдебиет нұсқалары» хрестоматиясына еңгізілген. Одан кейін «Алдаспан» жинағына, «Бес ғасыр жырлайды», т.б. жинақтарға енгізіліп жарық көріп келеді.
Бұл жырдың тууы туралы былай деп айтылады: Есім ханның жауынгерлері Тұрсын хан жатқан сарайды қорғаушы күзетшілерді у-шусыз жайғастырып тастайды. Енді ішке кірмек болғанда Есімнің қасындағы әрі батыр, әрі жырау Марғасқа: «Тақсыр, сіз тұра тұрыңыз, мен барайын», - деп сарайға енеді. Тұрсын бейқам, ұйқыда жатыр екен. Марғасқа қарусыз ханды байлатып алады.
Байлатардан бұрын ханның кеңірдегіне жалаң қылышты төсеп тұрып оятып алып, Марғасқа осы өлеңін айтқан екен дейді. Бұл Марғасқа жыраудың бізге жеткен, оның ерлігін, оның ақындық өнерін, жыраулық қасиетін танытқан жалғыз, көлемі өте аз болса да, өте маңызды туындысы болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет