Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары



бет32/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   104
!
ХVI ғасырда өмiр сүрген жырау:
/
Доспамбет
/
Сыпыра
/
Жиембет
/
Марғасқа
/
Асан қайғы


!
Жыраулар шығармашылығына көбiнесе қандай жанр тән?
/
толғау
/
терме
/
айтыс
/
ән
/
эпикалық жырлар


!
Жыраулар шығармашылығына тән жанрлардың бірі:
/
жоқтау
/
терме
/
айтыс
/
ән
/
сыңсу


!
Сюжеттен гөрi философиялық сипаты басым ерлiк рухтағы жыр:
/
Толғау
/
Терме
/
Айтыс
/
Эпос


!
Импровизаторлық (суырып салушылық) өнер ерекше байқалатын жанр:
/
Айтыс
/
Терме
/
Эпос
/
Аңыз
/
Шежiре


!
Дәуiрлеп келе жатқан орыс байларының сауда капиталымен жауласам деп, кiшi жүздiң жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды... “ деген пiкiрдi айтқан кiм?
/
Х.Досмұхамедов
/
С.Сейфуллин

С.Мұқанов


/
А.Байтұрсынов
/
Қ.Жұмалиев


!
Бұл өмiрден ерте кеткен, шығармаларымен белгiлi жырау:
/
Доспамбет
/
Асан қайғы
/
Бұқар
/
Шалкиiз
/
Жиембет


!
Темiр биге жыр арнаған жырау:
/
Шалкиiз (Шәлгез)
/
Қазтуған
/
Марғасқа
/
Жиембет
/
Шеге


!
Жұмсауыңа келгенде,
Сұлтан ием сом жұрегiм аяман.
Саған дұшпан - маған жау,
Керектi кұнi алдыңда
Fазизлеген сұлтан жаным аяман!“ деген сөздердi Шалкиiз кiмге арнап айтады?
/
Темiр биге
/
Ораққа
/
Мұса биге
/
Мамайға


!
Шалкиiз - новатор едi. Ол қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негiзiн салды. Бұл тұрғыдан алғанда Шалкиiздi қазақтың барлық жырауының атасы деуге болады... “ деген пiкiрдi қай ғалым айтқан?
/
М.Мағауин
/
М. Әуезов
/
Х.Сүйiншәлиев
/
Қ.Жұмалиев
/
Ә.Қоңыратбаев


!
Шығармаларының 600 жолдайы ғана жеткен ұстаз жырау:
/
Шалкиiз
/
Доспамбет
/
Марғасқа
/
Сыпыра


!
Аға“ титулын алған жырау:
/
Доспамбет
/
Шалкиiз
/
Марғасқа
/
Жиембет
/
Қазтуған


!
Қосақай, Қосай, Ер Досайдың әкесi, белгiлi жырау:
/
Доспамбет
/
Шалкиiз
/
Марғасқа
/
Қазтуған
/
Жиембет


!
Өз өмірінің басым көпшілігін Ноғай ордасының әміршісі Темір бидің төңірегінде өткізген жырау:
/
Шалкиіз
/
Асан Қайғы
/
Қазтуған
/
Жиембет
/
Марғасқа


!
Жау қолынан қаза тапқан жас жырау:
/
Доспамбет
/
Қазтуған
/
Бұқар
/
Үмбетей
/
Жиембет


!
Доспамбет жыраудың бізге жеткен мұрасының көлемі неше жол?
/
160
/
200
/
250
/
300
/
460


!
Абат батыр қай жыраудың баласы?
/
Асан Қайғы
/
Бұқар
/
Қазтуған
/
Ақтамберді
/
Жиембет


!
Жыраулар ішінде шығармасы тұңғыш орысшаға аударылған жырау:
/
Шалкиіз
/
Үмбетей
/
Марғасқа
/
Асан Қайғы
/
Ақтамберді


!
Шалкиіз толғауларын орысшаға аударған ғалым:
/
Г.Н.Потанин
/
Ш.Уәлиханов
/
М.Османов
/
И.Н.Распопов
/
А.Сикалиев
!
Доспамбет шығармасы қай жылы Мақаш Бекмұхамедовтың Қазан қаласынан шыққан «Жақсы үгіт» жинағына басылды?
/
1908 ж.
/
1920 ж.
/
1932 ж.
/
1925 ж.
/
1917 ж.


Лекция. № 5.


1. Лекция тақырыбы: Жиембет, Марғасқа жыраулардың шығармашылығы.
2. Лекция жоспары:

  1. Жиембет жыраудың өмірі туралы деректер.

  1. Жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи – әлеуметтік жағдай.

  1. Жыраудың бізге жеткен шығармалары.

  1. Жыраудың шығармаларындағы өз бейнесі

  1. Марғасқа жыраудың өмірі туралы деректер.

  1. Марғасқа жыраудың бізге белгілі толғауының мазмұны, мәні.



3. Лекция мақсаты: Жиембет, Марғасқа жыраулар өмір сүрген кезеңдегі тарихи жағдаймен жыраулардың қоғамдық қызметі мен шығармашылығының байланыстарын, олардың шығармаларындағы бейнеленуін, шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, танымдық, тәрбиелік мәнін игерту.


4. Лекцияның мазмұны:
1. Жиембет жыраудың өмірі туралы деректер.
Жиембет Бортағашұлы Алшын руынан, көшпенділердің аристократиясынан шыққан. Алшындар тек қазақ хандығында ғана емес, басқа Орта Азия хандықтарында да мемлекеттің тірегі, әскери күші болғаны тарихтан мәлім. Самарқанд Регистанындағы Шері-Дар медресесі мен Тіллә-кари мешітін салғызған атақты Жалаңтөс баһадүр да осы Алшын руынан болатын.
Жырау XVII ғасырда өмір сүріп, Жайық Жем, Сағыз өзендері бойын мекен еткен.
Халық оны әділ би, батыр, жыру деп бағалаған. Жас кезінде Тәуекел ханды да көрген. Есім ханның кейбір әділетсіз озбыр әрекеттерін бетіне айтып отырған, ықпалды билерінің бірі болған.
Жиембет туралы сол заманнан қалған жазба деректер жоқ. Сондықтан жыраудың өз ауызымен айтқан сөздеріне қарап қана Есіммен қандай қатынаста, өздері өмір сүрген ортада қандай бедел иесі болғандығына болжамдар жасауға болады. Ал, Есімнің өзі жайлы жазылған бірсыпыра мәліметтер бар. Бұлардың ішінде ел арасында аңыз-әпсана түрінде айтылар әңгімелер де, Есімнің өзінің көзін көрген Әбілғазы Баһадүрхан секілді бірегей тарихи тұлғаның жазба мағлұматтары да кездеседі.
Жиембет – Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырау. Сонымен бірге Жиембет ел аузынан алынған тарихи әңгімелерге және өз шығармаларындағы кейбір сөздерге қарағанда, заманының ірі феодалы, мемлекет істерінде үлкен роль атқарып отырған қабырғалы би.
Жыраудың өмірбаяны, қай жылы туып, қай жылы өлгені жайында нақты деректер жоқ. Тек біздің заманымызға жеткен шығармаларының кейбірірінен, халық жадында сақталған әңгіме, жырлардан, ескі шежірелерден жырау жайында біраз мәлімет ала аламыз. Профессор Х.Сүйіншәлиевтің көрсетуіндегі ел аңыздары бойынша, Жиембет «Ителіне айдалады. Есім өлгеннен соң ол еліне келіп, 1680 жылдары шамасында, тоқсанның үстіне шығып өлген». Ал інісі Жолымбет адай арасында – Хорезм жағына ығысып сол жақта қайтыс болады.
Жиембет – «Еңсегей бойлы ер Есім» жырының басты кейіпкерлерінің бірі. Жырда Жиембеттің ерліктерін суреттеуге көп орын берілген.
Қазақ Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының орталық кітапханасының қолжазба қорында сақталған шежірелердің біразынан Жиембеттің атын ұшыратамыз.
Тананың ұраны – Жиембет. Атақты Сырым батыр да жауға шапқанда өз атасы Жиембеттің атын атап шапқан. Әрине, шежіреге күмәндануға болады. Әсіресе, сөз арыға - қазақ халқының және қазақтың белгілі ру тайпаларының шығу тегін баяндауға барғанда, шежіре аңызға айналып кетеді. Алайда бергі уақыт, беріде жасаған кейбір тарихи адамдардың ата-тегін баяндауға келгенде шежіре нақты деректер береді.
Есім ханның қабырғалы билерінің бірі болған Жиембет дала ақсүйектерінің ұрпағынан екендігі байқалады. Халық аңыздарының және шежіренің айтуынша Жиембеттің арғы атасы ноғайлыдан шыққан атақты Алау батыр. Ол XVI ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген, тарихта белгілі адам.
Тарихтан мәлім, Есім қазақ тарихындағы ең жауынгер, ең әлеуетті хандырдың бірі еді. Ол жайындағы аңыз-әңгімелер, тіпті көршілес халықтардың да жадында сақталған. Ел әңгімелеріне қарағанда, Жиембет – «Есімді ақ киізге салып хан көтерушілердің бірі, оның барлық жеңісті жорықтарының қаһарманы». Ханмен арадағы араздықтың себебінен жырау өз өмірін қуғында, астана Түркістаннан жырақта алыс жерде аяқтағандығы аңғарылады. Есім хан туралы Сәкен Сейфуллин біраз мәлімет береді. Оның ескертуі бойынша Есім 1635-1643 жылдар арасында хандық құрған. Ташкенттің әмірші бегі Тұрсын дегенді өлтірген (ол қатаған ұлысынан шыққан екен). Есім тұсында кіші жүз Әлім руынан шыққан Жалаңтөс деген батыр Самарханда әскер басы болған. Ол 1640 жылы 20 мың қол әскерді бастап, жоңғар шапқыншыларына қатты тойтарыс берген. Баса-көктеп кірген жауларды қазақ жерінен қуып тастаған».

Жиембет мұрасы біздің заманымызға ауызша айтылумен жеткен. Революциядан бұрын да, соң да әлденеше рет баспа бетін көрді. Алғаш рет баспа жүзінде көлемді жыры – Есім ханға айтқан толғауы 1908 жылы шыққан «Жақсы үгіт» жинағында жарық көреді. Кеңес дәуірінде 1967 жылы шыққан «Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты жинақта тұңғыш рет жарық көрсе, кейінгі жырлары «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1989), «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «XIX ғасырдағы қазақ ақындары» (1988), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991), «Екімыңжылдық дала жыры» (2000), «Жеті ғасыр жырлайды» (2004), «Он ғасыр жырлайды» (2006), «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» (Хрестоматия, 1993) жинақ кітаптарында жарияланды. Әдебиеттанушы белгілі ғалымдар М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» (1968), «Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет» (1992), Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1997), «ҮІІІ – ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» оқулықтарында, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған «Қазақ әдебиетінің тарихының» 3-томында (2000) жырау шығармаларына талдаулар жасалды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет