Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары



бет68/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

!
Өлетұғын тай ұшiн,
Қалатұғын сай ұшiн
Қылмаңдар жанжал ерегiс.
(Үзiндi кiмнiң шығармасынан?)
/
Бұқар жырау
/
Үмбетей
/
Қазтуған
/
Шалкиiз


!
«Көмекей әулие» атанған белгiлi сөз шеберi:
/
Бұқар жырау
/
Төле би
/
Қазыбек би
/
Асан қайғы
/
Шалкиiз жырау


!
Бұқар жырау толғауларының Пекин нұсқасын тапқан ғалым:
/
Мұхтархан Оразбай
/
Ақселеу Сейдiмбек
/
Сәрсенбi Дәуiт
/
Бейсенбай Дүйсенбай


!
...Бауыздамай iшер қаныңды,
Өлтiрмей алар жаныңды.
Қағазға жазар малыңды,
Есепке салар барыңды.
(Кiмнiң шығармасынан?)
/
Бұқар
/
Есет
/
Асан қайғы
/
Шал ақын
/
Көтеш


!
Бұқар жыраудың Ресей отаршылдығын болжай айтқан толғауы:
/
“Ханға жауап айтпасам“ (“Қилы заман“)
/
“Айналасын жер тұтқан“
/
“Биiк тауға жарасар“
/
“Бiрiншi тiлек тiлеңiз“
/
“Садыр (Керей) қайда барасың”


!
Бұқар жырау толғауларының Пекин нұсқасымен қазақстандық оқырмандар қай жылдан бастап таныса бастады?
/
1990
/
1995
/
1997
/
1970


!
Жалғызды жалғыз демеңiз,
Жалғыз көпке теңелiп,
...кегiн алмас демеңiз. “
(Бұқардың қай шығармасынан?)
/
“Айналасын жер тұтқан“
/
“Ақсаңнан биiк тау болмас“
/
“Бiрiншi тiлек тiлеңiз“
/
“Жал құйрығы қаба деп“
/
“Ай, Абылай, Абылай“


!
Абылай дәуiрi - қазақтың ерлiгi мен серiлiгiнiң ғасыры» деген пiкiрдi айтқан ғалым:
/
Шоқан
/
М.Мағауин
/
Х.Сүйiншәлиев
/
Қ.Жұмалиев
/
М. Әуезов


!
Бұқарға жыр арнаған жырау:
/
Үмбетей
/
Асан қайғы
/
Марғасқа
/
Бұқар
/
Шалкиіз


!
Абылайдың кеңесші жырауы:
/
Бұқар
/
Көтеш
/
Сыпыра
/
Жиембет
/
Шалкиіз


!
Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсеткен, Абылайдың алдында беделді, қабырғалы би болған жырау.
/
Бұқар
/
Үмбетей
/
Қазтуған
/
Доспамбет
/
Көтеш


!
Көмекей әулие атанған”, “қара сөз білмейді, тек жырлай береді” деп Мәшһүр Жүсіп деректер беретін жырау:
/
Бұқар
/
Асан Қайғы
/
Үмбетей
/
Қазтуған
/
Доспамбет


!
Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсеткен, Абылайдың алдында беделді, қабырғалы би болған жырау.
/
Бұқар
/
Үмбетей
/
Қазтуған
/
Доспамбет
/
Көтеш


!
Көмекей әулие атанған”, “қара сөз білмейді, тек жырлай береді” деп Мәшһүр Жүсіп деректер беретін жырау:
/
Бұқар
/
Асан Қайғы
/
Үмбетей
/
Қазтуған
/
Доспамбет


!
Шоқан Уәлиханов Абылай туралы екі өлеңін орысшалап хатқа түсірген жырау:
/
Бұқар
/
Шалкиіз
/
Асан қайғы
/
Ақтамберді
/
Қазтуған


!
«Бірі – етек, бірі – жең болған,
Ежелден саған ел болған,
Орта жүздей кісің жоқ» – деген үзінді қай жыраудікі?
/
Бұқар
/
Қазтуған
/
Үмбетей
/
Марғасқа
/
Шалкиіз
Лекция. № 11.


1. Лекция тақырыбы: Көтеш, Тәтіқара ақындар шығармашылығы.


2. Лекция жоспары:

  1. Көтеш ақынның шыққан тегі, туып-өскен ортасы, тегі туралы деректер.

  1. Көтеш ақын шығармашылығы, шығармаларының жанры, тақырыптары, идеялық-көркемдік ерекшеліктері.

  1. Тәтіқара ақынның өмірі, шығармашылығы туралы деректер.

  1. Шығармаларының идеялары мен көркемдік ерекшеліктері.



3. Лекция мақсаты: Көтеш, Тәтіқара ақындар шығармашылығының өзіндік ерекше-ліктерін мәліметтер, деректер бере отырып, шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне талдаулар жасау негізінде игерту.


4. Лекцияның мазмұны:
1. Көтеш ақынның шыққан тегі, туып-өскен ортасы, тегі туралы деректер.
Көтеш қазіргі Павлодар облысында Баянауыл аймағында туып өскен. Сүйегі арғын ішіндегі Сүйіндіктен тарайтын Сексен ауылынан.
Үлкен дарын иесі Көтеш ақынның өмiрi, оның шыққан тегi, туып-өскен ортасы жөнiндегi деректердің біразы ауызша жеткен, сонымен бірге ақынның өз шығар-маларында біршама бар. Деректерге қарағанда 1745-1818 жылдар аралығында өмір сүрген. Кейбір еңбектерде 1718-1798 жылдар деп жазылып жүр.
Болашақ ақын бала кезінен-ақ атағы шығып, ауызға іліне бастайды. Көтештiң ақындық өнерiнiң қалыптасу жолы жастау кезінен басталғанымен он жеті жасында Абылайға қарсы бас көтерген Мейрам руының намысын жоқтап шығарған өлеңінен кейін халыққа танымал болған. Яғни оның алғаш көзге түсуі: Абылай ханға айтқан «Абылай Ботақанды сен өлтірдің» атты арнауыннан соң кең таныла бастайды.
Ел ішінің бірлігін сақтау, билеген жұртына қысастық жасамақ секілді келелі мәселелерге қатысты жайларды айтуда да халық өкілі – жырау, ақындар ханға қарсы келуден тайынбаған. Абылай хан халық құрылтайы ғана шешетін өлім жазасының өзін өзі кесетін, әміріне мойынсұнғысы келмеген, кейде өзіне қарсы қол жиып айқасуға дейін баратын сұлтандар мен билерді, ру басыларын төлеңгіттеріне шаптырып алып отыратын, өз тұсындағы қазақ хандарының ешбірінде жоқ шексіз билікті иеленген ерекше қатал әрекеттің адамы болған. Сөз жоқ, мұндай өрескел қимыл халықтың ашу-ызасын келтіріп, оған қарсы тұруға жағдай туғызып отырған. Көтеш ақынның:
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің...
Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң?
Жанайды бұл күнде босатпасаң,
Болады ертең жесір қатын-балаң, –
деп, ханға қарсы тепсінетін тұсы осыны дәлелдейді.
Тарихта Абылайдың Қаракесек Ботақан мен Жанайды зынданға салдырып, Ботақанның өзін-өзі жарып өлтіріп, Абылайға қарсы бүкіл бес Мейрам балаларының (Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек) көтерілген оқиғасы – жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің қолбасшы батыры Сүйіндік Арғын Олжабай батыр жайлы жырдың бір тармағында да сөз болады. Көтеш өлеңдерін жиыстырған Мәшһүр–Жүсіптің айтуынша, бірде Абылай құныкер болып, қарашыларымен арасында үлкен дау шығады. Сонда ешкімге белгісіз бала жігіт Көтеш сөзге көлденеңнен араласып, өз руы атынан ханнан өлген кісісі үшін құн төлеуді, ал тұтқында отырған адамын босатуды талап етіп:
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,
Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің!?
Хан басың қарашыңмен даулы болып,
Үстіне ақ орданың қол келтірдің!
Абылай, күйіп кетті салған қалаң,
Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң?
Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң,
Болады ертең жесір қатын–балаң! -
дейді. Сонда арғыннан тараған бес Мейрамнан ру намысын жоқтап, үш мыңдай адам атқа қонған екен. Абылай ұрысуға шыдамайды, өлген кісісінің құнын, оған қоса көп айып төлейді. Он жеті жасар Көтештің араға киіп кетіп, Абылайдың айыбын бетіне басып айтуы жүрек жұтқандық әрекет. Нағыз ақынның ары әділет қысым көре бастағанда осылайша шындық туын көтеріп шыға келеді
Жарлы шаңырақта туған және өмір бойы жоқшылықтан құтыла алмаған Көтеш шығармаларындағы басты сарын – кедейшілік тақсыретін жыр ету, тұрмыста ұшырасатын әділетсіздіктерді әшкерлеу болды. Ақын туындыларында көрінетін тағдырға наразылық, кедейлікке налу сарындары – өз кезі үшін жаңалық құбылыс еді.
Халық жадында Көтеш жайында сақталған әңгімелердің бір алуаны – оның қазасы төңірегінде. Өнерін саудаға салмаған Көтеш қартайған шағында ен далада кісі қолынан өледі. Бір деректердің айтуынша, ақын ажалы жолбасар ұрылардан келеді, ал енді бір деректер қазаға ақын сынын кек тұтқан әлдебір сараң бай себеп болды деп көрсетіледі.
Бір деректерде Көтеш өлең айтып, ел аралап жүрген кезінде жапан түзде төрт ұрыға кез болады. Ұрылар аударып атын алып, енді өзін өлтіргелі жатқанда қарт ақынның:
Жолыңды айт, ей, төрт жігіт, ел болғайсың,
Төртеуің көк байталға тең болғайсың,
Кінәсі жоқ Көтешті тонап алып,
Айдабол мен Күлікке жем болғайсың, –
деген бір ауыз өлең айтуға шамасы келіпті. Кейін сексен елі Көтешке іздеу салады. Іздеушілер бір ауылда балалардың осы өлеңді айтып жүргенін естіп, сол арқылы айыпкерлерді табады. Көтештің руы ақындарының өлімі үшін құн даулап алыпты.
Енді бір әңгіменің айтуынша, Көтеш айтысқа түсіп жүрген кезінде бір руды, оның басты адамдарын қатты сөгіп жамандаған екен. Кейін сол жаққа бара қалғанда, сол елдің байларының бірі ақынды ұстатып алып, өлімші қылып сабап, байлатып қойыпты. Көтештің қазасы осы жолы болған екен. Ақынның байлаулы тұрғанда айтқан өлеңі былай басталады екен:
Алдымнан алты пұшық анталады,
Тілге келмей біреуі балталады.
Осы аурудан сірә жан қалмас білем,
Балтасы тиген жері қанталады..-
дейді. Елінен шыққан іздеушілер Көтешті кімдер өлтіргенін осы өлең бойынша табады. Құн даулап, ердің өз басы жүз жылқы, өнері жүз жылқы деп екі жүз жылқы алыпты. Сонымен, Көтештің өлімі хақындағы әңгімелер бір-ақ нәрсеге саяды, ол – ақынның кісі қолынан өлуі.
Көтештiң айтыскер ақын болғандығы жөнiнде деректер М.Ж.Көпеев жазбаларында айтылады. Онда ақынның өміріне, өлiмiне қатысты деректер де біршама берілген. Аынның бiзге жеткен айтыстары көп емес. Әйтсе де оларда ақынның суырыпсалмалық қасиеті айқын байқалады.
Көтеш ақынның шығармашылығын зерттеу, талдау жасау, шығармаларының мағынасы мен мәнi жөнiнде айтқан Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев, М.Мағауин, Х.Сүйiншәлиев сияқты ғалымдар өз пікірлерін еңбектерiнде жазған.
М.Мағауин ол жөнінде былай дейдй: «Көтеш импровизатор... таза қазақ түсінігіндегі ақын және күшті ақын. Көтештің бізге жеткен өлеңдері түгелдей экспромтпен айтылған шығармалар. Көтеш - кез-келген нәрсені өлеңге айналдыра алатын ақын және күй талғамайтын жүйрік. Әйелі қазымыр, келіні шайпау болып, Көтеш қартайған шағында от басының қызығын көре алмапты. ...тұрмыс талқысының қатаңдығына қарамастан ол ешқашан мал үшін жанын жалдап, тілін беземеген, тіленшіленбеген” десе, ғалым Х.Сүйіншәлиев: «Көтешті біз ақындар поэзиясының бастапқы өкілі, аты мәлім ақындық өнердің тұңғышы дейміз. Себебі, бұған дейінгі көркем сөз өкілдері не шешен, не жырау аталған және сол аттарына сай шығармалар қалдырған». «Өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелерді кеңінен көтеріп, әр түрлі лирикалық өлеңдерін шығарған. Ақындарша айтысып, арнау, ойнақы терме, сынау арнаулары да айтылып жүрген. ...бізге ақынның қыпшақтың ақын қызымен айтысы, Күнікей, Зағипа, Қания деген қыздармен қағысқан диалогтары жеткен. Көтеш сөздері ақыл ретінде де айтылады. Кәрі ақын тәубеге келіп, атаны бала, ананы қыз сыйлап, ағаны іні қадірлеп, көршілер де бірімен-бірі санасып, тыныштықпен өмір сүрсе деп армандайды. ...Көтеш - тұспалдап, мәтелдеп сөйлеуге де, сынап-мінеп не мазақтап сөйлеуге де ұста заманының ділмары. Өлеңсіз сөз сөйлемеген. ...Көтеш ел адамдарына қаратып арнау өлеңдерін шығарып жүрген.
Көтеш өлеңдері түгел жинақталған жоқ. Бірақ ақынның ...өлеңдері оның кезінде ірі ақын болғандығын байқатады» деген пікірлер айтады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет