Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары



бет8/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

Тест тапсырмалары


Қазақтың дербес төл әдебиетi қай ғасырлардан бастап қалыптаса бастады?
/
ХV-ХVI ғғ.
/
ХIII-ХХ ғғ.
/
ХV-ХIX ғғ.
/
ХII-ХVI ғғ.
/
ХII-ХIII ғғ.


Жошының өлiмiне байланысты күй шығарған жырау аңыздарда кiм деп айтылады?
/
Кет-Бұға
/
Асан қайғы
/
Сыпыра жырау
/
Доспамбет жырау
/
Жұма-құл жырау
!
Ертедегi әдебиет нұсқалары“ қай жылы жарық көрдi?
/
1967
/
1957
/
1965
/
1980


!
Сюжеттен гөрi философиялық сипаты басым ерлiк рухтағы жыр:
/
Толғау
/
Терме
/
Айтыс
/
Эпос


!
Бес ғасыр жырлайды“ жинағы алғаш рет қай жылы жарық көрдi?
/
1984
/
1989
/
1980
/
1973


!
Кеңес дәуiрiнде шешендiк сөздердi және шешен, билер сөздерiн
зерттеуге зор үлес қосқан ғалым:
/
Б.Адамбаев
/
Х.Сұйiншәлиев
/
Қ.Жұмалиев
/
Б.Кенжебаев
/
А.Қыраубайқызы
!
Әз Жәнiбек ханның тұсында өмiр сүрген шешен:
/
Жиренше
/
Аяз би
/
Майқы би
/
Темiр би
/
Едiге би


!
Тоқтамыс ханның тұсында өмiр сүрген жырау:
/
Сыпыра
/
Қазтуған
/
Марғасқа
/
Жиембет
/
Асан қайғы


!
Қазақ хандығы әдебиетiнен деректер берiлетiн “Тауарих хамса“ атты еңбектiң авторы:
/
Құрбанғали Халидов
/
М.Х.Дулати
/
Қадырғали Қасымұлы
/
З.М.Бабыр


!
Жыраулар шығармашылығына көбiнесе қандай жанр тән?
/
толғау
/
терме
/
айтыс
/
ән
/
эпикалық жырлар


!
Қазақ хандығының алғашқы ту тiккен жерi:
/
Шу өзенiнiң бойы
/
Едiл бойы
/
Қашқар
/
Сыр өңiрi


!
Жыраулық дәстүр қай кезден бастау алады?
/
Ежелгi дәуiрлерден
/
ХVI ғасырдан
/
ХVII ғасырдан
/
ХVIII ғасырдан
/
ХV ғасырлардан


!
Аңыздарда Асан iздеген жайлы қоныс:
/
Жиделi Байсын
/
Ергене-қон
/
Өтүкен
/
Сарыарқа


!
Қазақ ханы Жәнібек тұсында өмір сүрген жырау:
/
Асан қайғы
/
Бұқар
/
Доспамбет
/
Қазтуған
/
Шалкиіз

Түп-тұқияннан өзiме шейiн“ атты кiтаптың авторы кiм?


/
Қазыбек бек Тауасарұлы
/
Әбiлғазы Баїадұр
/
Қадырғали Қосымұлы
/
Мұхамед Хайдар Дулати
/
Қожаберген


Лекция. № 2.


1. Лекция тақырыбы: Шежіре, оның түрлері және олардың ерекшеліктері.


2. Лекция жоспары:
1. Шежіре жанрының өзіндік ерекшелігі, түрлері. Қазақ халқының тарихына қатысты шежірелер.
2. Қадырғали Жалаиырдың өмірі, қоғамдық қызметі. «Жами ат-тауарих» («Шежірелер жинағының») еңбегінің танымдық мәні, әдеби сипаты.
3. Әбілғазының өмірі, қоғамдық қызметі туралы деректер, «Шежіре-и» түрік» («Түрік шежіресі») еңбегі.
4. Захриддин Мұхаммед Бабырдың өмірі мен шығармашылығы. «Бабырнама».
5. М.Х.Дулатидің ғалым, әдебиетші, ақын ретіндегі ерекшелігі, көркем әдеби шығармалары.


3. Лекция мақсаты:
Шежіре жанры, оның түрлері және олардың ерекшеліктері жөнінде түсініктер бере отырып, қазақ тарихына қатысты шежірелердің тарихи танымымызда алатын орнын, мән-маңызын игерту лекияның негізгі мақсаты болып табылады. Қазақ халқының тарихын танып-білудегі өзіндік орындары бар Қадырғали Жалайыридың «Жамиғ-ат тауарих» («Жылнамалар жинағы») және Захреддин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнаме», Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» шежірелерінің тарихи, танымдық мәні мен көркемдік, әдеби сипатын меңгерту.

4. Лекцияның мазмұны:
1. Шежіре жанрының өзіндік ерекшелігі, түрлері. Қазақ халқының тарихына қатысты шежірелер.
Белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбек: «Шежіре – елтану мектебі», - деп жазады. Осы тұрғыдан алғанда шежірені халықтың тарихы ретінде қарастырумызға болады. Қай халық болса да өзінің басынан кешкен оқиғаларын, шығу тегін жадына сақтап кейінгі ұрпақтарына қалдырып отыруды дәстүр еткен. Шежірелер сонысымен құнды болып саналады.
«Шежіре» сөзі араб тілінде бұтақ, тармақ деген ұғымдарды білідіреді екен. Шежіренің ауызша және жазбаша түрлері болады. Шежірелердің тарих ғылымында және әдебиет тарихында да қарастырылуының ce6e6i – оларды халық тарих деуімен қатар әдебиет үлгісі ретінде де бағалаған. Шежірешілдік дәстүрдің негізгі сипаты – оның ұрпақтан ұрпаққа ауызша тарайтындығы.
Жазба мәдениеті ерте қалыптасып, дамыған елдер шежіре жазуды дәстүр етсе, көшпенді халықтар шаруашылық, кәсібінің ерекшеліктеріне қарай ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа беріп, ол дәстүр сақталып отырған. Түркі халықтарындағы шежірешілдік дәстүрдің көне дәуірлерден бастау алатындығы жөнінде қазақ шежірелерін тануға үлкен үлес қосқан ғалым А.Сейдімбек былай деп жазады: «Жаңаша жыл санауға дейінгі ІІ-І мыңжылдықтардың өзінде-ақ көшпелі өмір-салтқа ойысып үлгерген Ұлы Дала тұрғындарының жүздеген, тіптен мыңдаған ру-тайпалық атауларының тарихи дерек көздеріне ілігуі, сөз жоқ, шежірешілдік дәстүрдің де байырғы замандарда-ақ орныға бастағанына айқын айғақ болып табылады. Себебі, ру-тайпалар атауы, ең алдымен, ел-жұрттың төл сипаты мен ішкі құрылымын бажайлауға мүмкіндік берсе, мұндай үрдіс өз кезегінде шежірелік ақпаратты, яғни шежірешілдік дәстүрді қоғамдық өмірдің қажеттілігіне айналдыратыны да күмәнсіз».
Шежірелердің жазба түрінің шығу тарихы жазудың шығуымен, жазба мәдениетмен тікелей байланысты. Оларды жасаушылар белгілі бір мақсатқа орай жазады да, осыған орай олардың өзіндік түрлері қалыптасқан.
Мазмұнына қарай шежірелерді белгілі бір халықтың (ру, тайпаның шежірелері, хандар шежіресі, қожалар шежіресі) тарихына арналуына қарай да топтастырылады. Кейбір шежірелер жалпы адамзаттың таралу тегінен бастайды.
Шежірелерді жазылу сипатына қарай да жіктей қарастырылуы бар. Осыған орай олардың түрлерін ресми шежіре-жылнамалар деп және тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер деп бөле қарастырады. Бұлайша оларды бөле қарастыру олардың өздеріне тән белгілеріне, ерекшеліктеріне байланысты, яғни шежірелердің қамтитын, қарастыратын обьектісіне, тақырыптарына қарай жіктеледі. Белгілі бip халықтың шығу тегі, өсу, таралу жолдары туралы, жекелеген ру-тайпалар туралы, тарихи қайраткерлердің өмipi мен ic-әpeкeттepi жөнінде жазылған шежірелер де аз емес.
Шежірені жасаушылар сауатты, тарихтан хабары мол адамдар болған. Шежірелер халық арасына ауызша да, жазбаша түрде де таралып отырған.
Қазақ тарихына қатысты шежірелердің тарих ғылымында және әдебиет тарихында да қарастырылуының себебі халық оны әрі тарихымыз деп, сонымен қатар әдеби мұра ретінде де қабылдаған.
Қазақ хандығы, руларына байланысты шежірелердің кеңес дәуірінде жиналу, жариялану, зерттелу мәселелерінің кенжелеп қалуының саяси астарлары болды.
Тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелердің ерекшелігі мынадай белгілерінен көрінеді: оларда тарихи деректердің берілу, баяндалуында өзіне тән белгілері бар. Халыктың әр дәуірлердегі наным-сенімдері, ұғым-түсінік, таным деңгейлері де көрініп отырады. Өмip шындығын көрсетуде халық ауыз әдебиетіне тән баяндау, көркемдеу тәсілдерін қолданылып отырды. Тілінің шұрайлылығымен, бейнелілігімен, образдылығымен де ерекшелініп отырады.
Шежірелердің халқымыздың тарихында, мәдениетімен қатар әдебиеті тарихында да алатын өзіндік орны бар. Олар танымдық, тәрбиелік мәні бар рухани мұра болып саналады.
Орта ғасырлардағы «түркі-монғол халықтарының тарихына қатысты жазылған еңбектерде де ауызекі шежірешілдік дәстүр жалғасын тапқан», - дей келіп А.Сейдімбек түркі халықтарына, қазаққа қатысты шежілер жөніндегі ойларын былайша сабақтайды:. «Бұл ретте, ерте орта ғасырдан бергі мың жылға жуық уақыт аясында жазылған тарихи еңбектердің баршасы өзінің құрылымдық бітімі жөнінен болсын, жеке тұлғаны тірек ете отырып баяндайтын мазмұндық арқауынан болсын немесе ауызекі шежірешілдікке негізделген баяндау стилінен болсын, ең алдымен ауызша тарих айту дәстүрін тұғыр етіп отыратыны айқын байқалады. Әйгілі “Монғолдың құпия шежіресі”, “Шара Туджи”, Лубсан Данзанның “Алтын топшы”, Рашид-ад-диннің “Жылнамалар жинағы”, Жамал Қаршидің “Оғыз-қыпшақ” және “Қарахан шежіресі”, Бейбарыс пен Халдунның “Қыпшақ шежіресі”, Заһир ад-дин Мұхаммед Бабырдың “Бабырнама”, Дулат Мұхаммед Хайдардың “Тарих-и Рашиди”, Осман Кухистанидің “Тарих-и Абул-Хайр-хани”, Әбілғазы Баһадүр-ханның “Түрік шежіресі”, Ұлықбектің “Сұлтандар шежіресі”, Жалайыр Қадырғали Қосымұлының “Жамиғ ат-тауарих”, Өтеміс Қажының “Шыңғыс-нама”, Шоқан Уәлихановтың “Ұлы жүз шежіресі”, Шәкәрім Құдайбердіұлының “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі”, Нұржан Наушабайұлының “Манзумат қазақия”, Ғұсманғали Сыдықовтың “Тарих-и қырғыз-қазақ шадманиясы”, Құрбанғали Халидтің “Тауарих хамса”, Мұхамеджан Тынышбайұлының “Қырғыз-қазақ халқының тарихына қатысты материалдар”, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының “Қазақ шежіресі”, Сәбит Мұқановтың “Халық мұрасы”, Әлкей Марғұланның “Наймандар”, Мұсатай Ақынжановтың “Қазақтың тегі туралы”, Нығмет Мыңжанидің “Қазақтың қысқаша тарихы”, Халел Арғынбаевтың “Ұлы жүздің шежіресі”, Марат Мұқановтың “Орта жүздің шежіресі”, “Кіші жүздің шежіресі”, Жамбыл Артықбаевтың “Еуразия көшпелілері ғасырлар мен мыңжылдықтар шендесуінде”, “Қазақстан тарихы”, “Этнос және қоғам”, Қойшығара Салғараұлының “Қазақтың қилы тарихы”, т.б. осы сияқты еңбектердің қай-қайсысы да өзінің мән-мазмұны тұрғысынан шежірешілдік дәстүрде жазылған және деректік негізі халық жадында сақталған мағлұматтарды арқау етіп отырады. Сөз жоқ, мың жылға жуық уақыт аясында жазылған мұндай толымды еңбектер, ең алдымен, сахара төсіндегі көшпелілер арасында тарих жазудың төл мектебі қалыптасқанын және ондай мектептің қалыптасуына шежірешілдік дәстүрдің тікелей ықпал еткенін пайымдатады» деген тұжырым жасайды..
Түркі халықтарына ортақ, соның, ішінде қазақ халқына қатысты хандық дәуірде жазылған көркем шежірелер ретінде Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре-и түрк» («Түрік шежіресі»), ”, Заһир ад-дин Мұхаммед Бабырдың “Бабырнама”, Дулат Мұхаммед Хайдардың “Тарих-и Рашиди”, Жалайыр Қадырғали Қосымұлының “Жами ат-тауарих” еңбектерін қарастыруымызға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет