Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары



бет28/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

4. Доспамбет жыраудың өмipi мен шығармашылығы туралы деректер.
Доспамбет жыраудың туып-өскен ортасы, шыққан тегі, өміpi туралы деректер өз шығармаларында біршама көрініс тапқан. Доспамбет – қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ноғайлының белгілі жырауы.
Доспамбет жырау өмip сүрген кез бip кездері Алтын Орда мемлекетінің кұрамында болған ру-тайпалардың ыдыраңқы күй кешкен ауыр кезеңдерінің бірі болатын.
Доспамбет – тарихи тұлға. Ноғайлының атақты биі Мамайдың заманында, яғни XVI ғасырдың орта тұсында Азов теңізі түбінде өз алдына жеке ел болған Азаулы ноғайлыларының басшысы, ел қорғаны, қол бастаған батыры немесе Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағасы. Жырау өз есіміне Аймадет деген сөзді қосып айтады. Бұл жөнінде қарақалпақ ғалымы К.Мәмбетов Аймадет пен Доспамбетті екі батыр деп қарастырады. Ноғай әдебиетінде Доспамбет Азаулы деген сөз тіркесімен ғана шектеледі. Аймадет пен Доспамбеттің бір адам екендігі туралы М.Мағауин: «Бұл оның руының не тайпасының аты болса керек... Ноғай тайпалары кейде өздерінің билерінің немесе мекен еткен жерлерінің атымен де атала береді екен. Әрине, ондай тайпалардың біраз уақыт өткен соң есімін өзгертуіне тура келеді. «Аймадет» те сондай атаулардың бірі болуға тиіс» деп дәлелді пікір айтады. Қазақта да ру атымен қосақтап айтылатын Албан Асан, Әбубәкір Кердері, т. б. ақындар біршама. Сондықтан да Аймадет Доспамбеттің бір кісі болу керек.
«Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау шығармаларынан орта ғасырлық жауынгер көшпендінің өр тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді, оның асқақ рухы, берік дәті, өмірлік мұраты танылады». Доспамбетті ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақтың батыр жыраулары ерекше қадірлеп, Махамбет, Есет сияқты ақындар оның шығармаларымен сарындас жырлар шығарған.
Жыраудың өмipi мен шыгармашылығына, қоғамдык, кызметіне байланысты мәліметтердің біздің дәуірімізге толық жетпеуі тарихи себептермен байланысты.
Қазіргі кезде Доспамбет шығармаларына есептеліп жүрген туындылар, негізінен, Мақаш Бекмұхамедовтың 1908 жылы Қазан қаласынан шығарған «Жақсы үгіт», Ғабдолла Мұштақтың (Ғұмар Қарашев) 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» кітаптарында жарияланған екен. Ал, оған дейін кейбір туындылары М.Османовтың 1883 жылы Санкт-Петербургтегі баспадан шыққан «Ноғай уа құмық шиғырлары», В.В.Радловтың 1896 жылғы «Образцы народной литературы тюркских племен» атанатын еңбегінің 7-ші томында қарасөз нұсқасымен берілген. Жырау толғаулары бұдан кейінгі кезеңдерде 1967 жылғы «Ертедегі әдебиет нұсқалары», 1971 жылғы «Алдаспан», 1982 жылғы «ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», 1989 жылғы «Бес ғасыр жырлайды» деп аталатын жыр жинақтарында басылған. 1978 жылы белгілі қаламгер, әдебиет зерттеушісі М.Мағауиннің құрастыруымен, алғы сөзімен Ленинградтан шыққан «Поэты Казахстана» атты қазақ поэзиясының алты ғасырлық өмірінен хабардар ететін орыс тіліндегі антологиялық жинақта жарық көрді.
Доспамбет жырау шығармаларында өзі туралы:
Айнала бұлақ басы тең,
Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?
Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағаның
Хан ұлына бәсі жоқ,
Би ұлынан несі кем?!
Алла өзі берген күнінде
Хан ұлынан артық еді менім тапқан несібем.
Азаулыда аға болған ерлер көп еді, –
Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді, –
деп асқақтата жыр толғайды. Азаулы деген қаланың бүкіл түркі тілдестерінің поэзиясында теңдесі жоқ Ыстамбұл шаһарынан несі кем дей келіп, сол мекеннің иесі, елге аға болып танылғандардың бірегейі, «алмаға ат байлаған» ер Доспамбеттің хан ұлына тегін түгендесіп кетсе амалы жоқ, бірақ би ұлынан бері емес, ал несібелілігі тіпті хан баласынан артық болатын деп, сөзді алыстан бастайды. Ең ақыры алған жары туралы өзі қиналып жатқан шағында:
Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.
Маңдайы күнге тимеген,
Желке шашын өрмеген,
Серпіліп адам бетін көрмеген, –
дей отырып, қазақтың авторлығы сақталған жыраулық поэзиясында тұңғыш рет әйел адамның, оның ішінде бауырына басқан аяулы жардың бейнесін жасайды, оның қандай кісінің перзенті екендігінен мәлімет береді. Ал, одан әрмен сол әйелден көрген Қосақай, Қосай, Ер Досай дейтін ұлдарының бар екендігінен хабардар етеді. Оларға қосып, тіптен ол өзінің жау қашырған батыр, сұлу құшқан сырбаз азамат болғандығын:
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Қол бастадым, өкінбен.
Тобыршығы биік жай салып,
Дұспан аттым, өкінбен.
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көш түзедім, өкінбен.
Ту құйрығы бір тұтам,
Тұлпар міндім, өкінбен.
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім, өкінбен.
Зерлі орындық үстінде,
Ақ шымылдық ішінде,
Тұлымшағын төгілтіп,
Ару сүйдім, өкінбен, –
деп толғай келіп, сөздің түйінін жүрек жұтқан нағыз батырдың батыры ғана аузы барып айтар сөздермен былайша түйіндейді:
Бүгін, соңды өкінбен,
Өкінбестей болғанмын,
Ер Мамайдың алдында
Шаһид кештім, өкінбен...
Міне бұл өлең жолдары жырау өмірінен жәй мәлімет беріп қана қоймай, оның өр рухын, батырлық тұлғасын да айқындай түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет