Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары



бет41/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

4. Төле бидің өсиет, нақыл сөздерi.
Төле бидің сөздері кезінде кеңінен белгілі болғанмен, олардың барлығы түгел жетті деп айта алмаймы. Ол айтқан сөздер көбіне аңыз-әңгімелермен астасып жатады.
Бір аңызда Төле биді «Қарлығаш әулие» деп аталуының себебі былайша айтылады: "Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама" кезінде ел ауғанда Төле үйін жықпай, қасиетті жұртын қимапты. Сонда жоңғарлық әскербасы Төле биден көшпей қалудың сырын сұрапты. Сонда Төле:
- Шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш ұя салып еді, ол жер бетін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда қызғыштай қорғаған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын зарлатып-сарнатып кете алмадым», - деген екен.
Төленің сөзінен кейін «әулиенің өзі екен» деп, өзіне де, еліне де көз алартпапты делінеді аңызда.
Халық арасына тараған аңыздар Төле бидің бала кезінде-ақ ел билігіне араласқан, тапқыр, әділ билік айтқыш болғанын растайды. Сыртқы жаудан ығысып жүрсе де, өзара жер, суға таласқан дауды ол бала кезінде шешіп, оларды келістірген. Сондай төрелік сөзінің бірінде Төле былай деген екен:
Ақты ақ деп бағалар,
О, игі жақсы ағалар!
Өзегі талса ел біткен
Өзен бойын жағалар.
О, игі асқар тауымыз,
Әділ ме осы дауымыз?
Жар астында тұрғанда
Жасырынып жауымыз?!
Осындай төрелігін қабыл алған ел билерінің бірі оған былай деп бата берген екен дейді:
Үй баласы ма деп едім,
Ел баласы екенсің.
Ай мандайлы арысым,
Талабың алдан өтелсін.
Ауылыңның таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол.
Дуалы ауызды аға билердің батасы қабыл болып, Төле бала күткен жерден шыққан.
Өзінің адал еңбегімен тапқан егіншінің өніміне дауласқан жер иесі жалақор жуан таяқтан зәбір көрген еңбек иесін қорғап, ақысын алып бергенін билік сөзі былай деп айтылады:
Таласқандарың қара жер,
Төрем болдың босқа тер.
Егіншіңмен айтысып,
Қор боп қапсың қайран ер.
Қор болмасты ойласаң,
Мүсәпірдің қақын бер.
Төле, негізінде, жеке басының қасиеттерімен, дәлірек айтқанда әділ билігімен, ділмар шешендігімен дәріптеледі.
Төле би айтыпты делінетін әділ де тапқыр, кесімді, шешімді ақыл-нақыл сөздер жеткілікті. Соларға мысал ретінде мына сөздерді де айтуға болады:
Батыр деген - барақ ит,
Екі долы қатынның бірі табады.
Би деген - бір бұлақ,
Қатынның ілуде бірі табады.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,


Басшы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім,
Көре алмаған көз жетім.

Атың жақсы болса,


Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші - иманың,
Екінші - жиғаның,
Үшінші - ырысыңның тұрағы, -
деген екен дейді.
Ол нақылдарды халық өзінің қымбат мүлкіндей жинап, мәңгі есінде ұстап, ауыздарынан тастамай айтып жүреді. Мысалы мына бір тұспалдарды халық көп жерде қолданады. Реті келгенде тілдеріне тиек етіп, пікірлерін өңдей түседі. Тіпті кейінгі ақын, жазушылардың сөздері ішінде де кезігіп қалады.
Төле бидің Қазыбекке берген бір жолғы батасы деп мына сөздерді аңыз жеткізген:
Атасызға ата бол,
Батасызға бата бол.
Арып-ашқан қаріптің,
Жел жағына жота бол.
Панасызға пана бол,
Кек сақтамас бала бол.
Дос сүйініп, қас сыйлар
Асу бермес дана бол.
Төле бидің келешек ұрпақты алғырлыққа, еңбекке, адалдыққа, кішпейілділікке шақырып, қулық-сұмдықтан аулақ болуды қолдағаны оның мына бір өсиетінде көрінетін сияқты: «Қудың берекесі таудай, арты қылдай. Момынның берекесінің басы тарыдай, арты таудай. Момын болайық. Ата-бабамызға момындық жаққан".
Төленің Данагүл сияқты қызды тануы, оның тек жақсы келін ғана болып қоймай, үлкен мәселені ақылмен шешуі туралы әңгіме өте өнегелі және көркем туынды.
Төле би атынан айтылған толғау жұрнақтары біршама. Мысалы:
Бұл қазақтың даласы
Тегінде нені көрмес.
Неше бір жайсаң баласы
Шешен де болып сөйлеген,
Көсем де болған ойменен.
Бірақ соның бәрі де
Ыдырап жатқан қазақтың
Қоса алмады бастарын.
Бейбіт жатқан елімді,
Жаулап алып қор қылды
Көк атты келіп көлденең.

Мен боламын дегендер


Ақтамады сенімді.
Көкірек қаққан хандарым
Лауазымға таласып,
Быт-шыт қылды елімді.
Береке-бітім іздеген
Таба алмадым бегімді.
Алауыз болып ағайын,
Аз дұшпаннан жеңіліп,
Айтып-айтып кетейін,
Қайыстырды белімді.
Қажетіне жаратса,
Ұрпақтарым кейінгі....
деген сөздер қазіргі кездегі зерттеу еңбектерде Төле би айтқан екен деп жарияланып жүр.
Бұл толғау үзінділері дәстүрлі жыр үлгісінде, негізінен, 11-13 тармақты шумақ болып келеді және аралас ұйқасқа негізделген:
Бұл қазақтың даласы - а
Тегінде нені көрмес. -б
Неше бір жайсаң баласы -а
Шешен де болып сөйлеген, -в
Көсем де болған ойменен. – в
Төле би толғауы үлкен философиялық мағынаға негізделген. Толғау жолдарында қанатты, нақыл сөздер молынан кездеседі. Мысалы:
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қозғайды.
Ой-өрісі тар жігіт
Ауылдан асып озбайды.
Сонымен қатар Төле би толғауында теңеу, литота, метафора, метономия сияқты көркемдеуіш құралдар да қолданылған.
Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары ел арасына мол таралған. Оның өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол айтып кеткен билік сөздер жөнінде Шоқан Уалиханов, Ресей ғалым, зерттеушілері А.Левшин, Г.Потанин, Ә.Диваев және кеңес дәуірінде Б.Адамбаев, Ә.Мәмбетова, М.Қалдыбаев, т.б. фольклоршы, тарихшылар да жинастырып, зерттеген. Қазіргі кезде Төле бидің өмірі мен қоғамдық қызметі жөнінде арнайы зерттеу еңбектері жазылып, әдеби мұрасын зерттеуде көптеген іс-шаралар атқарылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет