Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


! Төле бидiң бiрден онға дейiн санап жасырған жұмбағын шешкен әйгiлi би, шешен?



бет50/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

!
Төле бидiң бiрден онға дейiн санап жасырған жұмбағын шешкен әйгiлi би, шешен?
/
Қазыбек би
/
Досбол би
/
Келдiбек
/
Орманбет


Лекция. № 8.


1. Лекция тақырыбы: Қожаберген жырау өмiрi мен шығармашылығы.


2. Лекция жоспары:

  1. Қожаберген жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер.

  1. Қожаберген жырау шығармаларының зерттелуі.

  1. Қожаберген жыраудың әдеби көркем шығармалары. Өлеңдері.

  1. Қожаберген жыраудың дастандары.



3. Лекция мақсаты: Қожаберген жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы деректермен таныстыра отырып, оның жыраулық дәстүрді жалғастырушы, ел бірлігі мен тәуелсіздігі жолында күреске шығып қол бастаған батыр, ел мұңы мен тағдырын жырларына арқау ете отырып тарих көшін шындықпен жырлап өткен жырау, көрнекті сөз шебері ретіндегі шығармашылық ерекшелігін көрсету. Жырау шығармашы-лығының қырларын, әр түрлі жанрдағы шығармаларының тақырыптық, идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшеліктерін игерту.

4. Лекцияның мазмұны:
1. Қожаберген жыраудың өмiрi мен шығармашылығы туралы деректер.
Қожаберген жырау Толыбайұлының шығармалары көп жылдар бойында қазақ әдебиетiнің тарихынан өз орнын ала алмай келдi. Оның өмiрi мен шығармашылығына байланысты деректер соңғы жылдары ғана көбірек айтылып, жазба деректер белгілі бола бастады.
Қожаберген – бойында талай өнер тоғысқан, түрлі тақырып­қа қалам тартып, тамаша өлең-дастандар жазған, домбырада күмбірлете күй толғап, қыл қобызда да ойнаған, дауылпаз жырау, сонымен қатар қолөнер шебері, күйші, сазгер, білімді де батыр, қалмаққа қарсы шапқан көп батырдың бірі емес, әділ билігімен, батырлығымен алты алаштың айбыны болған ірі тарихи тұлға, көрнекті мемлекет қайраткері.
Қожаберген бала кезінен бастап әкесі Толыбай сыншының туған нағашысы Кіші жүз Әлім ұлының төртқара руынан шыққан атақты Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы ұрпақтарының қолында болып, Үргеніш, Бұқара, Самарқанд медреселерінде оқиды. Діни сауатын жетілдірген, өз заманының білімді адамы болады. Ол араб, парсы, шағатай тілдерін жетік білген. Қожаберген медресе бітіріп, имам атағын алса да қожа, молда, ишан, софы болмайды. Себебі, он үш жасынан өлең шығарып, ақындық жолға бет бұрады, ал жеті жасында кемел ақындар қатарына қосылады. Аңыз әңгімелерді хисса-дастанға айналдырып жыр етеді. Сол уақыттан ол батыр ағаларына еріп жорыққа аттанады. Мұны жырау өз өлеңінде:
Адам деп өз бойына өнер жинаған,
Ел-жұртым деп атайды мені имам.
Жорыққа он жетімнен араласып,
Болғам жоқ, молда, софы, қожа, ишан –
деп айтады.
Қожаберген Самарқанд медресесінде бірге оқыған, жасы өзінен үлкен, Кіші жүз алшын ішінде он екі ата Байұлына жататын, есентемір руының Айбасқали Қабыланұлы деген жігітімен дос болады. Медресені бітіріп етіп еліне қайтарда Айбасқалимен бірге келіп, Қабылан бидің үйіне қонақ болады. Бидің бой жетіп отырған Айша есімді қызын ұнатып, уәделесіп, көңіл қосады да, өз еліне барып әке, ағаларына айтып, Қарабас деген ағасын ертіп келіп жүздеген жылқы, түйе қалыңмал беріп, құда түсіп, қызды отаулатып алып қайтады. 1681 жылы Айшаның келін боп түскеніне бір жыл толғанда әкесі Толыбай сыншы да, шешесі Ақбілек те дүние салып, Қожаберген мен Айша ағасы Қарабас батырдың қамқорында болады.
Қожаберген араб, парсы тілін жетік білгендігіне байланысты ол Әз-Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болған. Әз Тәуке хан тұсында 1683-1688 жылдары елшілік қызмет атқарған. Әз-Тәукенің Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді ақылшы билері оны көршілес Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтарына, парсы еліне, түрікпенге елшілікке жіберіп, дипломатиялық жұмысқа белсене араласқанын көреміз. Оны жыраудың мына өлеңі дәлелдейді:
Тіліне араб-парсы болдым жетік,
Оны да қолданбадым өнер етіп.
Көрші елге елшілікке ылғи барып,
Мен жүрдім қазағыма қызмет етіп.
Жырау деректерге қарағанда 1688 жылдан бастап үш жүздің жасағына бас қолбасшы болған. Ол тек қазақ жасақтарына қолбасшы болып қоймай, қалмақ басқыншыларына қарсы ұзақ жылдарға созылған соғыстарда жаулардан қысым көрген Ноғай, Сібір татарлары, Қарақалпақ халықтарының әскерлерін де соңынан ерткен. Ол туралы өзінің өлеңінде:
Басқарып Үш жүз қолын жиырма үш жыл,
Орнымды Бөгенбайға бердім биыл.
Еш сардар қалт қылған жоқ жарлығымды,
Кезінде ұзақ соғыс күндер қиын -
деп айтылады.
Ол жайында Бұқар жырау былай жырлаған екен:
Қожаберген ғадыл ер,
Қадірін білген қалың ел.
Бөгенбайдай батырға,
Билігін берген ардагер.
Қожа-екеме Бөгенбай –
Шәкірт болған жан еді, –
десе, Бұқардың өзі де Қожабергенді ұстаз санаған. Оны әйгілі Бұқар жыраудың “Ұстазым” атты дастанындағы мына шумақтардан анық аңғаруға болады:
Жалаулы найза, қобызды,
Домбырасын қолға алған.
Қамалға шабар алдында,
Шығарып өлең толғаған.
Қиын-қыстау кезеңде,
Намысын қозғап өлеңмен.
Батыр, ақын ұстазым,
Қалың қолға дем берген, –
дейді.
Қожаберген батыр - жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды. Солтүстiк өңiрде Керей шежiресiн алғаш рет ұрпаққа мұра етiп қалдырушы Ашамайлы Керейдiң Көшебе руынан шыққан атақты қолбасшы батыр, Қожаберген жыраудың ұлы атасы Дәулен Таузарұлы болған. Бұл үлкен шежiре содан қолдан-қолға өтiп жүрiп, ақыры Сегiз Серi Баһрам ұлына (Дәуленнiң жетiншi ұрпағы) келiп жеткен. Сегiз Серi өзге өнерiмен қоса үлкен шежiрешi - жылнамашы да болған деп айтылады. Керей шежiресiн Сегiзден кейiн жалғастырған, жинастырған, хаттаған, архивке тапсырған Тәшмұхамед (Тәштит) Тәбейұлы Барлыбаев болған. Шежiренi жалғастырушылар: Толыбай - Қожаберген - Сегiз Серi - Тәбей және Тәштит Барлыбаевтар.
Көшебенiң он бiрiншi ұрпағы Қожаберген жырау былай дейдi:
Арғы атам ту ұстаған ер Көшебе
Қай батыр тең келiптi Көшебеге,
Қазақтың кейiнгi жас батырлары
Жұрт ұстап, Көшебедей меңгере ме?
Шежiреге, тарихи деректерге, Қожаберген жыраудың “Ата тек”, “Баба тiл”, “Елiм-ай!” дастандарына сүйенсек, Көшебе атасынан тараған жұрттың ата мекенi Омбы, Ертiс өзендерiнiң бойында болған.
Таузардың үлкен баласы Дәулен баһадур XVI ғасырдың екiншi жартысы мен XVII ғасырдың бiрiншi ширегiнде өмiр сүрген, ол көп жыл бойы қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының бiрiккен әскерiн басқарып, ордабасы тархан деген әскери атақтар алған кiсi екен. Дәуленнен - 15 бала: Малыбай, Аулабай, Жақсыбай, Садақбай, Тұрсынбай, Наурызбай, Арғынбай, Қыпшақбай, Уақбай, Толыбай сыншы, Ертiсбай, Жарқынбай, Қарқынбай, Барқынбай, Арыстанбай.
Толыбай сыншы арқадағы Керей руының басшысы, атақты әскер басшысы болған. Сонымен бiрге ол алдағыны болжайтын көреген, адамды да, атты да, құсты да сынайтын сыншы, қара қылды қаң жарған әдiл би, айыр көмей, жез таңдай шешен, ат сүрiнгенше ақыл табатын дейтiн адам болған деседі деректерде. Гүлтөбеде көп жыл бойы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының бiрiккен әскерiн басқарып, ордабасы-баһадүр деп атанған. Шешендiгiн, әдiлдiгiн, сыншылдығын кезiнде бүкiл қазақ халқы қадiр тұтқан деп жазады зерттеушілер..
Толыбай сыншының 2 әйелінен 23 бала болған екен делінеді. Қожабергеннің анасы Ақбілек – Орта жүз, арғын Айдабол бидің қызы. Қожаберген «Елім-ай» дастанының бас жағында өзінің туған анасы Ақбілек жайында былай дейді:
Орта жүз арғындағы асыл тектен,
Анамның шыққан заты Сүйіндіктен.
Жиырма ұлдың көкжал туған сүт кенжесі ем,
Тұңғыш қызы Айдаболдың Ақбілектен.
Сол ұлдарының ең үлкені Майлы би, ең кенжесі Қожаберген екен.
Балаларының ат-жөні туралы шежіреде былай деп айтылады: Майлы би, Өтежан, Өтеген, Өтебай, Өтеулi, Өтебек, Өтегелдi, Қарабас, Өмiр, Әмiр, Темiр, Батыр, Бабыр, Бадыр, Едiл, Жайық, Оралбек, Тобыш, Барқыт, Өтеғұл, Өтепберген, Өтемiс, Қожаберген жырау.
Қожаберген жырау ағасы Қарабастың тәрбиесiнде болған адам. Сегiз Серi осы Қарабастан тарайды. Салқам Жәнгiрдiң орнына хан болған Шығай хан iнiсi Әз Тәукенi әскери азамат етiп шығару үшiн жас кезiннен үлкен әскербасы, батыр Қарабас Толыбай сыншыұлының (1633-1723) тәрбиесiне бередi. Қарабас баһадүр жас Тәукенi қолына алып жауынгерлiкке тәрбиелейдi. Тәуке онбасыдан түменбасыға дейiнгi дәрежедегi әскери атақтарға ие болған уақыттарда қалмақ басқыншыларына қарсы соғыстарда әскер бастап жауларға талай рет соққы берiп, ерлiктер көрсеткен екен. Тәуке өмiрiнiң соңына дейiн Қарабас баһадүрдi ұстаз тұтып сыйлап өткен екен. Хан болғасын оны бас уәзiр етiп сайлапты.
Толыбай сыншының осы ең кенже ұлына Қожаберген есімі қалай берілді дегенге тоқталып өтсек, ол жайында шежіре деректері былай дейді: Толыбай сыншы Кіші жүз Әлім, төртқара әулетінің Ақша би, Жалаңтөс батыр, Сейітқұл ұлдарының апасы Жамалдан туған, Самарқанд төңірегіндегі Нұрата, Қызбибі тауын мекендейтін туған нағашылары Толыбай сыншыны қонаққа шақырып жүреді екен. Жиені әне барам, міне бараммен жүріп бара алмай уақыт өткізіп алады. 1661 жылдың мамыр айында ғана сол шақырудың сәті түсіп Толыбай сыншы Ақбілек бәйбішесі екеуі нөкерлерін ертіп сапарға шығады. Жолшыбай қыпшақ Қойлыбай әулиенің басына зиярат қылып мал шалып, құран оқиды. Одан кейін Толыбай сыншы Қожа Ахмет Иассауи мазарына келіп құран оқиды, мал шалып, түнейді. Әулиеге бір қонады, екі қонады, үшінші күні ұйықтап жатып таң алдында түс көреді. Түсінде ақ түйеге мінген, қолында асатаяғы, басында ақ сәлдесі, үстінде ақ шекпені бар ақсақалды адам Толыбай сыншына келіп: «Балам, сапарың оң болсын» дейді де, қоржынынан алып бұған найзаның ұшын, қылыш, қанжар, садақ, қобыз, қамшы, қалам, дәуіт, бүркіттің тұғырын, қойдың жауырыны мен бір уыс құмалақ және бір шоқ шөп береді. Содан кейін әлгі адам «қош, есен бол» деп жоқ болып кетеді. Толыбай сыншы ерте тұрып таң намазын оқиды да, таңертеңгі тамақ алдында бәйбішесіне, нөкерлеріне көрген түсін айтады. Қасындағы нөкерлерінің ең үлкені Нияз мырза Қожекеұлы түсін пайғамбар болып жориды. «Көсем аға, көрген түсіңіз, керемет екен. Найзаның ұшы, қылыш, қанжар – батырлық белгісі, садақ – мергендіктің, бүркіт тұғыры – құсбегілік пен аңшылық белгісі, қобыз – күйшіліктің, қалам мен дәуіт – ақындық пен ғұламалықтың, қойдың жауырыны мен құмалақ – сәуегейліктің, бір уыс шөп – емшілік белгісі. Иншалла, құдай жар болып жеңгемізден тағы бір жақсы ұл көресіз. Ол өзіңізге ұқсап әрі көсем, әрі батыр болады. Әлгі қасиеттің бәрі соның бойына қонады дей бергенде, Нияздың немере інісі Қантай сардар Толыбай сыншыға: «Тархан аға, бұл түсті Қожа Ахмет Иассауи әулиенің басында көрдіңіз ғой, болашақ келетін ұлыныздың атын Қожаберген қойыңыз» дейді. Отырғандар түгел, «иә, иә, солай» деп құптасып қалады. Сол ырым қабыл болып, нағашысына барып қайтқан соң, жарты жылдан кейін Толыбай сыншының Ақбілек бәйбішісі жүкті болып, 1663 жылы наурыз айының басында босанып, ұл туады. Дос-жарандары мен ел-жұрты жиналып баяғы уағда бойынша жас нәрестеге Қожаберген деп ат қойған екен...
Қожаберген жыраудың бәйбішесі Айшадан - 17 бала: Әли, Әди, Әсет, Есет, Әбет, Мәди, Нәби, Науан, Бекет, Ақыл, Ноғай, Мамай, Бағыда, Сағынбек, Бектемiс, Тоқтамыс, Балқан (бәрi де Айша бәйбiшеден туған). Осы 17 баласынан көпшiлiгi қазақ - қалмақ соғысында қайтыс болды. Кенже ұлы Балқаннан ғана ұрпақ қалған екен. Балқан батырдың сегiзiншi ұрпағы - Қаражiгiт үш баласымен бiрге Ресейге қарасты Қорған облысының Макушин ауданында тұрады. Қаражiгiт 1929 жылы туған кiсi екен деп айтылады.
Жазушы Н.Әбутәлиев «Ордабасы Қожаберген» (Алматы, «Жеті жарғы», 1995) атты еңбегінде жыраудың өмірі жөнінде мынанадай деректер келтірген. Бұл дерекке сүйенсек, 1745 жылы 82 жастағы Қожаберген жыраудың бастауымен керейлер жаудан өз жерін босатып, Қызылжар, Гүлтөбедегі жер-суына, атамекеніне қайтадан қоныстанады. Қожаберген атамекеніне келген соң, өз ауылында мешіт-медресе ашып, бала оқытып, ісләм дінін насихаттайды. Шеберхана салдырып, елді қолөнеріне баулиды, егін салуды қолға алады.
1763 жылы қазан айында жүз жастан асқан шағында Қожаберген жырау туған жері Гүлтөбеде қайтыс болады. Әкесінің атымен аталатын сол жердегі Толыбай сыншы қорымына жерленеді. Жыраудың ағасы Қарабастың жоғарыда айтылған Асқап деген ұлынан туған белгілі Көшек батыр 1764 жылы Қожаберген бабасының жылына арнап ас береді. Ол асқа Абылай хан, Бұқар жырау, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, Ақтамберді, Үмбетей жыраулар мен Тәтіқара, Көтеш ақындар қатысады. Көтеш Қожабергеннің асына арнап өлең шығарады. Ол өз өлеңінде аста бәйгеге үшке бөлініп 1500 ат шапқанын айтады. Өз ұрпағы ақын Жанкісі Көшекұлы (1738-1817 жж.) осы аста Қожаберген жырауға арнап үлкен жоқтау өлең шығарған.
Қожаберген кезінде Ордабасы Қожаберген деген атаққа ие болған. Ордабасы – көне түрік сөзі. Ол ұғым, бүгінгіше айтқанда бас қолбасшы деген мағынаны білдіреді. Қазақта бас қолбасшы сайланған жердің аты - Ордабасы деп аталған. Мұндай атаулар туған республика-мыздың әр өңірінде кездеседі. Әдетте, қазақ салтында ханды, бас уәзірді, ордабасын, төбе биді сайлағанда халық оларды боз биенің сүтіне шомылдырып, шымқай ақ киім кигізіп, ақ киізге орап, жоғары көтеріп, құрмет көрсетеді. 1688 жылдың маусым айында Түркістан шаһары маңында Әз-Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары жиырма бес жастағы Қожабергенді Ордабасы етіп сайлап, ақ киізге көтергенде оған Орта жүз, арғын Әнет би бата берген екен дейді. Ауызекі айтылған ол бата біздің бүгінгі күнімізге жетпеген, аңыз күйінде ғана қалған. Қожаберген Ордабасы, яғни хан ордасының бас қолбасшысы болған сәтте тікесінен тік тұрып көкірегіне құран ұстап, қылыш сүйіп, халық алдында серт береді. Қожаберген жырау “Баба тiл” дастанында өзiнiң шежiресi жайлы былай дейдi:
Бiздiң жайды сұрасаң,
Қызылжар өңiрi мекенiм.
Мұсылманға белгiлi
Менiң де кiм екенiм.
Орта жүз Керей iшiнде,
Ашамайлы деген елiнде,
Ақылына сай боп күшi де
Көсем болған кезiнде
Ер Фархадтың баласы
Танаш биден жаралдық
Мекендеп Батыс Сiбiрдi,
Қалың ел боп таралдық.
Танаштың ұғылы - Көшебе,
Бiздiң арғы бабамыз.
Өсiп-өндiк сол ерден,
Кемiмес бедел бағамыз.
Көшебенiң тұңғышы
Жауынгер бабам ер болған.
Темiрдiң қолын басқарып,
Мұсылманға бел болған.
Жауынгерден өрбiген,
Үлкен Көшебе Керейде
Қамалын бұзып кәпiрдiң,
Бөленген ерлiк мерейге.
Толыбай сыншы ұлымын,
Тұлпар мiнiп, ту алған
Тыныштық кезең болғанда,
Мағына айтқан құраннан.
Қожаберген жырау қазақ халқының басына ауыр күндер түске сол бір «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған жоңғар шапқыншылығының кездерiнде қазақ қолына қолбасшылық етіп жеңістерге ұйтқы болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет