Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyiiі ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Хандық дәуірдегі ақын-жыраулар шығармашылығының ежелгі түркі әдебиетімен байланысы



бет4/103
Дата26.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#87335
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Хандық дәуірдегі ақын-жыраулар шығармашылығының ежелгі түркі әдебиетімен байланысы жөнінде Н.Келімбетов: «Х-ХІІ ғасырларда өзінің шарықтау шегіне жеткен дидактикалық сарындағы әдебиет қазақ хандығы тұсында (ХҮ-ХІХ ғасырлар) жыраулар поэзиясы арқылы өзінің тарихи, әлеуметтік, көркемдік дәстүр жалғастығын тапты. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүрген қазақ жыраулары өздеріне дейінгі нақылды, тақпақты, үгіт-насихст, уағыз айту түріндегі, шешендік-дидакикалық поэзияны мазмұны мен формасы тұрғысынан жетілдірді» десе, ғалым Х.Сүйіншәлиев: «Ауыз әдебиеті туындыларын ілкі жасашылар да, ескі әдеби дәстүрлерді кейінгіге жалғастырушылар да шешендер мен жыраулар еді. …ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы көне түркі ескерткіштерінен бастау алған әдебиетіміз ХҮ-ХҮІІ ғасырларда өзінің ауыр даму кезеңдерін басынан кешті», - деген тұжырымды ойлар айтады..
Қазipri кезде, яғни еліміздің тәуесіздігін алғаннан кейінгі кезде әдеби мұраларды тану, зерттеуде жаңа бағыт қалыптасып, дами бастады.


3. Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы, алғашқы кезеңіндегі әдебиет үлгілері.
Бұл кезеңдегі әдебиет үлгілерін, түрлі ұлыс-тайпалардың тарихына негізделіп туған әдебиетті жыраулар поэзиясы және жазба әдебиет деп екі салаға бөліп қарастыруға болады. Өйткені бұл дәуірде ауызша шығарылған әдебиетпен қатар жазба әдебиет үлгілері де бар. Қазақ хандығының туу, орнығу кезеңдеріндегі түрлі оқиғалар жыраулық поэзиямен қатар тарих, шежіре элементтері аралас жазба әдебиет үлгілеріне де молынан түсіп отырған (тарихи көркем шежірелер).
Қазақ хандығының құрылу қарсаңында туып, біздің дәуірімізге жеткен рухани мұралар:
Күйлер: “Ноғай-қазақтың айырылуы”, “Орманбет хан өлгенде, он сан ноғай бүлгенде”, т.б.
Ноғайлы заманы жырауларының поэзиясы.
Эпостық жырлар: «Қырымның қырық батыры», «Тоқтамыс» жыры, «Ер Тарғын», «Едіге», т.б.
Қазақ жыраулары шығармашылығының даму кезеңдерін ғалымдар үш кезеңге бөліп қарастырып жүр. Оның алғашқы кезеңінің бастауын ғалым М.Жолдасбеков Түркі қағаната дәуіріндегі Тоныкөктен бастайды. Бұл дәстүрді онықтырып дамытқан келесі өкілдері ретінде Қорқыт, Аталық, (Кетбұға), Жұма-Құл, Қодан-Тайшы, Сыпыра жыраулар аталады. Бұл дәуір ҮI-XIV ғасырларды қамтиды. Қазақ хандығының алғашқы кезеңіндегі жыраулық дәстүрдің дамуында Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет шығармалары үлкен орын алады. Бұл кезең – XV-XVIІ ғасырлар.
ХҮІІІ ғасыр жыраулық өнердің толысып, кемелденген кезеңі. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері: Қожаберген, Ақтамберді, Бұқар, Тәтіқара, Үмбетей жыраулар.
Бiзre аттары белгілі ауызша әдебиетіміздің калыптасуына әсерін тигізген әдебиет өкілдері – Кет-Бұға, Жұма-Құл, Қодан-Тайшы, Сыпыра жырау сияқты жыраулардың өмipi мен шығармашылығы туралы жеткен деректер мен аңыздар көп емес.
XV-XVII ғасырларда өмip сүрген жыраулар шығармашылығының қазақ әдебиетінің қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Жиренше сияқты шешендердің өмipi мен шығармалары туралы деректер мен аңыз-әңгімелер де біршама. Осы кезеңде жасалған ауыз әдебиеті үлгілері мен аттары аңызға айналған жырау, шешен, т.б. әдебиет өкілдерінің, олардан қалған әдеби мұралардың қазақ әдебиеті тарихында алатын өзіндік орны бар.
Хандық дәуірде елдік, қоғамдық маңызды мәселелерді шешуде би-шешендердің үлкен роль атқарғандығы белгілі. Олар маңызды мәселелерді шешумен қатар рухани мұра – шешендік сөз үлгілерін де қалдырды. Би-шешендердің қоғамдық қызметі мен тапқырлық пен ойлылықтан құрылған нақыл, өсиет сөздері кеңес дәуіріндегі саясаттың әсерінен көп жылдар бойы жете зерттелмей келді. Бұл мәселе еліміздің тәуелсіздік алуына орай кейінгі кездері қолға алынып, оқу бағдарламаларына енгізіліп, әдебиет тарихының құрамында оқытыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет