Мемлекет түрлері мен қызметі Мемлекет бірнеше түрлерге бөлінеді.
Басқару түріне байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік және конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).
Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады.
Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады.
Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис.
Абсолютік монархияның белгілері:
Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.
Конституциялық монархияның белгілері:
Конституция монарх билігін шектейді;
монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ;
үкімет монарх алдында жауапты емес.
Дуалистік монархия белгілері:
билік монарх пен парламент арасында бөлінген;
монарх үкіметті тағайындайды;
монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.
Парламенттік республикаға жататындар: Италия, Германия, Израиль, Индия, Греция, Австрия.
Президенттік республикаға жататындар: АҚШ, Индонезия, Иран, Ирак, Кипр, Швейцария (бұл мемлекетте үкіметтің міндетін президент атқарады, ол Парламент (Федералдық Жиын) арқылы Федералдық Кеңес (Үкімет) мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет).
Президенттік республика белгілері:
Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;
Президент үкіметті құрады;
Үкімет президент алдында жауапты;
Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.
Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.
Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция, Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік болып бөлінеді.
Унитарлық мемлекетті біріктіреді:
федеративті және аймақтық сот және атқарушы билік қатар жұмыс істейді;
территориялық бірліктердің өз бетімен федерациядан шығуға құқығы жоқ;
саяси салада орталыққа бағынған.
Конфедерация белгілері:
ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді;
азаматтық ортақ емес;
ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ.
Діни белгісіне байланысты: зайырлы және діни болып бөлінсе, саяси режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып үшке бөлінеді.
Негізгі приоритетті қызметіне байланысты құқықтық және әлеуметтік деп бөлеміз.
Қазақстан Республикасы осылырдың ішінде қайсына жатады?
Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне жататындар: