Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы Лекция №1


Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті



бет16/33
Дата15.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#138860
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Байланысты:
Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы-emirsaba.org

4. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті.
Ақ Орданың құлауы нәтижесінде Қазақстанның далалық аймағында Әбілхайыр мемлекеті құрылды. 1428 жылы хан тағына Әбілхайыр отырды. Әбілхайыр Шыңғыс ханның ұрпағы Шайбан әулетінен шыққан. Оның әкесі Дәулет Шайх Оғлан. Әбілхайыр хандығының құрамында түрік тайпалары көп болды.Олар өзбектер деп аталды. Бұл мемлекет тарихта «көшпелі өзбектер» деп аталады.
Хандық территориясы негізінен, Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін қамтыған. Батысында Жайықтан, шығысында Балқаш көліне дейінгі, Солтүстігінде Ертіс, Тобыл өзендерінен оңтүстіктегі Сырдарияның Арал құяр тұсына дейінгі ұлан-ғайыр аймақты алып жатты. Бұл жерлерде қыпшақтар, керейлер, наймандар, арғындар, қоңыраттар және басқа түркі тілдес тайпалар өмір сүрген. Әбілхайыр осы хандықты қырық жыл басқарды. Әбілхайыр хандығының астанасы Сығанақ қаласы болды. Негізі, Сығанақ қаласының маңында Шайбан әулетінен шыққан хандар жерленген. Осы жерлердегі кесенелердің бірінде Әбілхайыр хан жерленген. Осы жерлердегі кесенелердің бірінде Әбілхайыр хан жерленген. Ол-Көк кесене.
Хандық құрамына Сығанақтан басқа Ясы, Отырар, Өзгент қалалары кірді. Бұл жерлерде қолөнер, сауда және егін шаруашылығы дамыды. Қалалық тұрғындар көшпелі халықты азық-түлікпен, үй жиһазымен, киім-кешек және басқа да керекті заттармен қамтамасыз етіп тұрды. Әбілхайыр хандығы туралы Осман Кухистанидің шығармасында кездеседі. Ол «Тарихи-Әбілхайырхани» деп аталады. 1457 жылы Әбілхайыр хан Сығанақ түбінде ойраттардан жеңіліс тапты. ХV ғасырдың 50 жылдарында Жошының ұрпақтары Керей мен Жәнібектің Әбілхайырға бағынғылары келмей, одан бөлініп артына ерткен көптеген халықпен Моғолстан жеріне көшіп кетті.
Ал, Әбілхайыр хандығының құлауына мемлекет ішіндегі жеке ұлыстар арасындағы алауыздық себеп болды. Шыңғысхан ұрпақтары арасында билік үшін болған ішкі қақтығыстар мен тартыстар және қатардағы көшпенділердің феодалдық қанауға қарсы наразылығы себеп болды. Сонымен қатар сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер де өз ролін атқарды. 1468 жылы Әбілхайыр Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда қайтыс болды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның мемлекеті құлады. Соның нәтижесінде бұрынғы қуатты Алтын Орданың ізі жойылды, енді оның аумағында Қазақ, Ноғай, Сібір деп аталатын жаңа мемлекеттер пайда болды.
Сонымен ХVІ ғасырдың басында «қазақ» пен «өзбек» атауларының аражігі ажыратылды. Бұрынғы өзбек ұлысының тұрғындары қазақтар деп аталып, Қазақ хандығына бағынышты болды. Ал, Орта Азияның түркі тілдес халықтарының ішіне сіңіп кеткен Әбілхайыр ханның ұрпақтары өзбектер деп аталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет