Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы Лекция №1



бет19/33
Дата15.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#138860
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Байланысты:
Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы-emirsaba.org

Қазақ жүздері. «Жүз» деген атау тарихи шаруашылық-аймақ деген мағынаны береді. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгелдей тарап қоныстанды. Қазақ халқы мекендеген бұл жерлерде 3 түрлі шаруашылық аймақ қалыптасты. Осыған байланысты сол өңірлерді мекендеген халықтар үшін жүзге бөлінді.
Ұлы жүз.
Мекендеген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас).
Тайпалар: дулат, албан, үйсін, қаңлы, суан, жалайыр, шапырашты, сіргелі. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.
Орта жүз.
Мекендеген өңірлері: Орталық және Шығыс Қазақстан (Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойы).
Тайпалар: арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат. Орта жүзі Бекарыс деп те атайды.
Кіші жүз.
Мекендеген өңірлері: Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы).
Тайпалар: әлім, байұлы, жетіру, солардан тарайтын табын, адай, шөмекей, жағалбайлы, шекті, төртқара, тама, серкеш т.б. Кіші жүзді Жанарыс деп те атайды.
2.Қазақ хандығының құрылып, тарих сахнасына көтерілуі қарсаңында, яғни XV ғасырдың орта шенінде бұрынғы Алтын Орда жерінде бірнеше тәуелсіз мемлекеттер - Қазан, Астрахан, Қырым хандықтары пайда болып, Хорезм Темір әулеті мемлекетінің құрамына енді.
Саяси және әлеуметтік-экономикалық талас-тартыстың шиеленісіп шегіне жеткен жері, Әбілхайыр хандығы болды. Билік үшін күрес барысында Дешті Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері Керей және Жәнібек сұлтандар 1456 жылы көшпелі және жартылай көшпелі халықтың өздеріне тәуелді тайпалар топтарын біріктіріп Шу өзенінің бойына көшіп кетті.
Моғолстанда қалыптасқан саяси жағдай қазақ хандары билігінің нығаюына және дербес саяси бірлестіктің құрылуына көмектесті. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына, Жәнібек пен Керейдің билігінің нығаюына бөгет жасауға ұмтылуынан ештеңе шыққан жоқ. 1468 жылы қыста Әбілқайырдың Жетісуға жасаған жорығы оның өліміне байланысты үзілді.
Қазақ хандығының нығаюы ұлғаюына «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырған көрнекті қазақ хандарының бірі Қасымның ролі зор болды. 1509/10 жылдарда Мұрындық хан бола тұрса да, хандықты билеу және бүкіл билік Қасымның қолында болды. 1511 жылда биліктен айрылған Мұрындық Дешті Қыпшақтан кетті де, Самарқандқа барып, сонда өлді. Осы кезден бастап Қазақ хандығындағы жоғары хандық билік Жәнібек ханның ұрпақтарына ауысты.
XVI ғасырдың екінші он жылында Қасымхан қазақ территориясының ұлан-байтақ далалық өңіріне өз үстемдігін түпкілікті орнықтырды. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жақ жағалауына шығып, Түркістан қалаларының көпшілігін қамтыды, оңтүстік-шығыста ол Жетісудың тау баурайы мен алқаптарының едәір бөлегін алып жатты, солтүстікте және солтүстік-шығыста Ұлытау таулары мен Балқаш көлі төңірегі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларына дейін жетті, солтүстік-батыста Жайық өзені бассейніне дейін барды. Қасымханның қол астындағы адамдардың санын замандастары бір миллион адам деп мөлшерлеген.
Қасымхан кезінде Қазақ хандығы едәуір нығайғанына қарамастан, әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады. Мұның өзі Қасымхан өлгеннен кейін бірден байқалды, сұлтандар мен басқа да феодалдардың сеператизмі сезіліп, қырқысу басталды. Өзара қырқысу кезінде Қасымханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасымханның немере інісі Тақыр (1523-1533) хан болды. Өз бодандары жөнінде өте қатал болған оның айрықша дипломатиялық және әскери дарыны да нашар болған. Тақырдың інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқтаған жоқ. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығыйтып, біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) әрекет жасады. Сырдария бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хақназар 70-ші жылдардың аяқ шенінде Абдулла ханның, Ташкент үлестік әміршісі, Бұхара хандығынан бөлінгісі келген Бабасұлтанға қарсы күресін өз мүдделері үшін пайдаландып қалуға тырысты. Хақназардың мұрагері Жәдіктің баласы (Жәнібек ханның немересі - Ә.Ө.) қартайып қалған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598) бірге Бабасұлтанға қарсы күресінде өзбек ханы Абдулланы қолдап отырды, бұл үшін «Хажант жерін иқта ретінде» сыйға алды. 1582 жылдың маусымда Тәуекел Ясы қаласының маңында Баба сұлтанның әскерлерін талқандап, оны өлтірді. Абдулла бұл үшін Самарқанд өңіріндегі Африкент уәлаятын (қазіргі Самарқанд област Жамбай туманы) үлес қылып сыйға тартты.
Қазақ хандарының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі Түркістан мен оның қалаларын және – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды.
3. XVII ғасырда Қазақстан саяси жағынан бытыраңқы ел болды. Қазақ жүздері арасында тұрақты экономикалық және саяси байланыстар қалыптаспаған еді.
Жекелеген ірі қазақ сұлтандары іс жүзінде Есімханнан тәуелсіз болды. Бұлардың ішінен әсіресе Тұрсын Мұхаммед айрықша ерекшеленді. Есім хан Түркістанда билік жүргізіп тұрған кезде ол Ташкентте отырып өзін хан деп жариялады. Қазақ хандығының шығыс және солтүстік шығыс шептерінде ойрат феодалдарының агрессиясын тойтарудан қолы босамаған Есім хан біраз уақыт бойы Тұрсын ханның әрекеттеріне көнуге мәжбүр болды. Бұл кезде қазақтардың екі ханының арасындағы қатынастар бірте-бірте шиеленісіп, әскери қақтығыстарға дейін барып жүрді.
Есімханнан кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қырқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлегін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра тұрса да, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұхара әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасау қажеттігіне оның көзін жеткізді. Жәңгір өз өмірін жоңғарларға қарсы күреспен өткізіп, оларға қарсы жорықта қаза тапты.
1680 жылы хандықтың тағы Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718) көшті. Ол феодалдар табының айтарлықтай тобын құрайтын билер сияқты әлеуметтік тіректің көмегі арқалы өз билігін нығайтуға тырысты. Хан билігін күшейтуде, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық дәстүрлер мен нормаларды регламенттеуде, ішінара жаңартып, бір ізге түсіруде, Тәуке хан үлкен рол атқарды. Бұл жұмыстың нәтижесі «Жеті жарғы» болды.
Бұл кезде руаралық және жүз аралық дауларды шешуге қабілеті бар билер қарсы күресуші тараптардың ымыраға келуіне қол жеткізе отырып, әдетте көшпелілер арасында біршама бедел алып, қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси өмірінде едәуір ықпалға ие болды. Мұның бәрі Қазыбек, Төле, Әйтеке, Есет және тағы басқалары сияқты билердің жоғарғы билікке зор ықпал жасауына мүмкіндік берді; олардың көңіл-күйімен, пікірлерімен және шешімдерімен тіпті ең беделді қазақ хандары (Тәуке, Әбілқайыр, Абылай) санасып отырды.
4. ХVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығынан бастап жоңғарлармен күрестің шиеленісуіне байланысты Қазақ хандығы терең дағдарысқа ұшырады. Бұл соққы Қасым, Хақназар, Есім мен Тәуке хандардың саясаты негізінде орныққан мемлекеттіліктің негізін шайқалтты. Тәуке ханның өлімінен кейін қазақтардың өмірінде тұтастай сәтсіздіктер басталды. 1717-1718 жылдары қазақ әскерлерінің талқандалуы, Тәукені алмастырған Қайып ханның өлімі, 1723-1727 жылдардағы «Ақтабан шұбырындыда» Болат ханның өлімі хандықты әлсіретті. Тек ХVІІ ғасырдың 20-жылдарының аяғына таман «сыртқы қауіп ішкі өзара қырқыстарды ымыраластырып, жауға қарсылық көрсетуге бағыттаған кездерде ғана қазақтар жоңғарларға тойтарыс бере алды» деп жазады А.И.Левшин.
Жоңғар деп ХVІ-ХVІІ ғасырларда Ертістің жоғарғы ағысы, Алтай тауларының етегін мекендеген батыс монғол тайпаларының одағын атайды. «Жоңғар» сөзі қазақшаға аударғанда «Сол қол» дегенді білдіреді және бастапқыда осы одақтағы басты тайпалардың бірі - чоростар мен ішінара дүрбіттердің атына ғана қатысты болды. Шын мәнінде бұл одаққа азды-көпті торғауыттар мен хошоуыттар да кірді. Орталық Азияның түркі тектес халықтары бұл тайпаларды «қалмақ» терминімен атайды. Ал орысша атауы «калмык». Қытай деректерінде оларды «элют» деп те атайды. Батыс монғол тайпаларының шын атауы «ойрат» немесе «дүрбіт-ойрат» - төрт тайпаның одағы дегенді білдіреді.
Жоғарлардың күшеюі чоростардың билеушісі Батурдың билікке келуімен байланысты, ол ойрат көсемдерінің ішінде алғашқы болып «қонтайшы» титулын алды. 1635 жылы оған Тарбағатай аймағында Ұлан-Урга елді мекенінде ойрат тайпаларының көсемдерін құрылтайға жинауға мүмкіндік туды, онда «Дала ережесі» (Цааджин бичиг) деп аталатын заң қабылдады. 1635 жылғы қалмақ ақсүйектерінің құрылтайынан соң Қазақ хандығының шығыс шекарасына шапқыншылықтар жиілеп кетті.
Жоңғарлар қазақтардың солтүстіктегі далаларына белсенді түрде жылжи түсті, ХVІІ ғасырдың 30-40 жылдарының өзінде-ақ Ертіс өзені мен Балқаш көлінің арасындағы аумақ іс жүзінде жоңғарлардың бақылауында болды. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында қонтайшының ордасы орналасты. Қазақ хандығына жоңғар шапқыншылықтарының жаңа толқыны Галдан-Бошохту ханның есімімен байланысты.
ХVІІ ғасырдың 80-жылдары қазақтарды жоңғарлар Жетісудан ығыстырып шығарды. Қазақтар мұнда отырықшы орталықтарын, құнарлы жайылымдарын жоғалтты. Қазақстанның оңтүстігі ойраттарды қатты қызықтырды. Орталық Азияның тарихындағы көне кезеңнің өзінде бұл аймақта орасан көп қалалар пайда болды, олар көшпелі және отырықшы тайпалар сауда байланыстарының орталықтары болатын.
Тараз, Сайрам, Отырар, Түркістан және тағы басқа қалалар Сарыарқаның көшпелі тайпалары үшін игілік көзі еді. Қарапайым тұрмысқа қажетті бұйымдардан бастап, матаға дейін осы қалалардан сатып алынатын. Бұл отырықшы өңірге саяси үстемдік оларға билік құрылымдарының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті алым-салықтарды жинауға мүмкіндік берді.
1717-1718 жылдары жоңғарлардың қазақ хандығына басып кіруі ішкі қайшылықтарға әкеп соқты. 1718 жылы жоңғарлар Жетісудан өтіп, Арыс, Бөген, Шаян өзендеріне дейін жорыққа шықты, басты мақсаты хан орталығы Түркістанды жаулап алу еді.
1722 жылдың аяғында Қытайдың маньчжурлік билеушілерімен бейбіт келісімге келген жоңғарлар 1723 жылы көктемде Қазақстанға жойқын шабуыл жасауды жоспарлады. Бұл жорық қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалды.
1723 жылы Жоңғар шабуылының нәтижесінде қазақ тайпалары өздерінің ғасырлар бойы мекендеген жерлерінен кетуге мәжбүр болды, халық аштықтан қырылды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» - адамдар жаяу жүргеннен табандары қажалған, көлдің жағасында әл-күштері жоқ, құлап, шаршаған деген мағынада сөз қалған. Осы кезде қазақтың зарлы «Елім-ай» әні дүниеге келді.
ХVІІ ғасырдың аяғы - ХVІІІ ғасырдың басында хандықтың ішкі саяси жағдайы өте ауыр болды. Тәуке хан өлгеннен кейін жоғарғы билікті басқаратын лайықты адам болған жоқ. Қайып хан мен Әбілқайыр ханның жоңғарларға қарсы күресі нәтижесіз аяқталды. Екі билеушінің арасында қайшылықтар мен келіспеушіліктер орын алды. Сондай-ақ, хандардың орталықтанған мемлекет құру, ұлыстар мен жүздерді біріктіру жөніндегі ойлары жүзеге аспады.
Қазақ хандығына жоңғарлардан басқа батыс жақтан Еділ қалмақтары, солтүстіктен сібір казактары, башқұрттар, оңтүстіктен ортаазиялық мемлекеттер жиі жорықтар жасап отырды. ХVІІІ ғасырдың 20-жылдары қазақтардың өмірінде өте ауыр кезең басталды. Бұл ауыр жағдайдыңболуы соғыспен және жұтпен байланысты болды. Ол қазақтардың шаруашылығына көп нұқсан келтірді.
Қазақтар жоңғарлардың қысымынан батысқа қарай ығысты. Ұлы жүз Ходжент арқылы оңтүстікке жылжыды. Орта жүз Самарқанға және Бұхараға қарай бет алды. кіші жүз Хиуа мен Еділ бойына ығысты. Ташкент, Түркістан бастаған 32 қала жоңғарлар қолында қалды.
Бұл ауыр жағдайдан шығудың басты жолы ұйымдасқан түрде жауға қарсы төтеп беру, яғни жоңғарлардың батысқа қарай жылжуын тоқтату еді.
XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы шиеленісті. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан — Ресей мемлекетінің, шығыстан — жоңғарлардың, оңтүстіктен — Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп — Жоңғар хандығы тарапынан төнді.
Жоңғар экономикасының негізі мал шаруашылығы болды. Мал басының өсуімен, жер көлемін кеңейту мақсатында жоңғарлар Қазақ хандығы аумағына шапқыншылықты жиілетті, қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-қолөнер орталықтары шоғырланған қалаларды басып алуды көздеді.
Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нура өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Дода-Доржым нойон Шу өзеніне бағыт алса, Цеван-Рабданның өзі Іле өзені арқылы Жетісуды басып алуды көздеді. Бас қолбасшылықты Цеван-Рабданның бауыры Шона-Даба атқарды. Алғашқы соққыны Жетісу мен Ертіс өңірінің қазақтары қабылдады. Жоңғарлардың шапқыншылығын күтпеген, дайындалмаған халық эуел баста оларға еш қарсылық көрсете алмады. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды.
Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Қазақ рулары мекендерін тастап, Сырдарияның арғы бетіне қарай қашты. Сырдариядан өткен Ұлы және Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Ходжентке, Орта жүз қазақтарының біраз бөлігі Самарқанға, ал Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхара аумағына өтті. Ал жоңғарлар қазақ ауылдарын, қалаларын басып алды, халқын қырып, тұтқынға айдады.
Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.
Халық жоңғарларға қарсы күресте ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Сайрам, Түркістан қалаларының тұрғындары да жауға табанды қарсы тұрды. Осындай қарсылықтарды ұйымдастырушы Бөгенбай, Қабанбай, Саңырық, Тайлақ, Жәнібек, Малайсары және т.б. халық батырлары болды.
Осы жылдары Қазақ хандығының батысындағы қалмақтардың да қазақ жеріне шабуылы жиіледі. Әбілқайыр ханның басшылығымен қазак жасақтары бұл бағытта да жауға ұйымдасқан тойтарыс берді. Осынау қиын-қыстау кезде халык сұлтандар мен ру басыларына үміт артпай, өз тарапынан да қарсылық ұйымдастыра бастады. Қазак жасақтарының басында халық батырлары тұрды. Халық рухын көтеруде Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің рөлі зор болды.
Жауға қарсы жаппай қарсылық көрсету 1724 жылдан басталды. Бұл жылы негізгі әскери қақтығыстар Орталық және Ба­тыс Қазақстан аумағында болды. Бұл қақтығыстарда Әбілқайыр хан бастаған қазақ қолдары табысты қимылдады. Әбілқайыр ханды қазақтардың басым бөлігі, қарақалпақтар мойындады. Бұл жылда­ры Әбілқайыр хан соғыс даласында асқан батырлық танытты. 1725 жылы Әбілқайырдың кол астындағы сарбаздардың саны 50000-ға жетіп, қазақтар жаудың басып алған жерлерін азат етуді бастады.
1726—27 жылдары сұлтандар мен билер қазақ жерін жаудан азат етуде қазақ руларының басын біріктіру саясатын қолға алды. Осы бағытта Кіші жүз ханы Әбілқайыр белсенділік танытты. 1726 жылы Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі Ордабасы деген жерде үш жүз өкілдерінің біріккен жиналысы болды. Бұл жиынға үш жүздің хандары — Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс сұлтандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке бастаған билер, батырлар қатысты. Жиналыс барысында үш жүздің басын біріктіріп, жауды Қазақ жерінен қуу мәселесі талқыланды. Жиналысқа келгендер жауға қарсы біріккен майдан құру керек деп шешті. Сонымен қатар қаралған маңызды мәселенің бірі — бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды. Ордабасына Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып сайланды. Қазақ қолының сардарбегі болып атақты батырлардың ішінен Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Жиналыста елімізді жоңғар басқыншыларынан азат ету жолында қазақ халқы бас біріктіріп, бар күшті жоңғарларға қарсы жұмылдыруға шешім қабылдады.
1727 жылдың жаз айларында үш жүздің біріккен қолы әскери дайындықтан өтіп, қару-жарақты жетілдірумен, дайындаумен айналысты. Әбілқайыр Бұхарадан ат, қару-жарақ сатып алып, әскерді соғыс өнеріне жан-жақты дайындайтын батырларды өзі тағайындаған. Сонымен бірге әскери барлау ісіне үлкен мэн берілді. Күзде Сарыарқа даласындағы Бұланты өзенінің маңында жауға үл-кен соққы берілді. Шайқас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Осы маңдағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысындагы Қарамолда деген жерде болды. Бұлшайқаста да жоңғарлар жеңіліс тапты. Кейіннен шайқас болған аймақ «Қалмақ қырылған» деп аталды. Бұлжеңіс қазақтардың рухын көтеріп, болашақ күреске жігерлендірді. Ол қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбүрыс жасауға мүмкіндік берді. Әбілқайыр хан және Бөгенбай батырдың басшылығымен Қаракерей Қабанбай, ошақты Саңырық, тама Тайлақ, Шакшақ Жәнібек, тама Есет, Малайсары, тарақты Байғазы қолдары асқан ерлік көрсетті.
Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі — Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды.
Шайқас барысында жалпы қолбасшылықты Әбілқайыр жүргізді. Шайқас жекпе-жектен басталады. Жоңғар жағынан Шарыш батыр шыққан. Қазақтар жағынан Сабалақ батыр шығады. Жекпе-жек қарсаңында Сабалақ Абылай атасының аруағына сиынып, атын ұран еткен. Жекпе-жекте Сабалақ батыр жеңіске жетеді. Сабалақтың жеңісі қазақ сарбаздарының рухын көтеріп, жеңіске жетеледі. Осы тарихи оқиғадан кейін Сабалақ батыр (шын аты Әбілмансұр) Абылай есіміне ие болды.
Аңырақай шайқасына катысқан қазақ сарбаздары асқан ерлік көрсетті. Қаракерей Қабанбай, Саңырық, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Құдайменді Жібекбай, Сенгірбай, Шүйкебай тағы баска батырлар қанды шайқастардың алдыңғы шептерінде болып, талай рет суырылып шығып, ерлік үлгісін танытты.
Батырлар өзіндік шешім қабылдай алатын, соғыс ісін жан-жақты білетін, әскери стратегия, тактикамен таныс тэжірибелі ерлер еді. Қазыбек, Әйтеке, Төле билер бастаған қазақ билерінің жалынды ұлағаттары халықтың рухын көтеріп, бірлігін нығайтты. Жырларының негізгі тақырыбын қазақ батырларының жоңғарлармен соғыстағы ерлігіне арнаған Бүқар, Актамберді, Үмбетай жыраулар өздері де бұл соғысқа қатысқан. Бұл жырау-лардың еңбектерінде соғыс барысындағы көптеген іс-қимылдар жан-жақты сипатталған. Жыраулардың Отан қорғау тақырыбына арналған жырлары қазақ сарбаздарын жігерлендіріп, жеңіс күнін жақындата түсті.
1730- жылғы жеңістің тарихи маңызы зор болды. Қазақ халқы өз мемлекетінің тэуелсіздігін сақтап, басып кірген жаудың тас-талқанын шығарып жеңіске жетті. Жоңғарлармен соғыста ерлік көрсеткен батырлардың, билердің есімдерін ұрпақтары биікке көтеріп, батырлығын мақтаныш тұтады.
Жоңғарлардың шапқыншылық жылдары қазақ жүздерінің экономикалық және саяси өміріне ұзақ уақытқа терең із қалдырып, қазақ тарихына алапат ауыр жылдар болып енді. Қазақтар мал-мүлкі мен адамдарынан ғана емес, сонымен қоса Жетісудағы шұрайлы жайылымдарынан да уақытша айырылып қалды. Көшіп-қонудың ғасырлар бойы қалыптасқан жолдары бұзылды. Сырдария мен Жетісудағы егіншілік мэдениетінің ошақтарына үлкен нұксан келтірілді. Жоңғарлардың Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды басып алуының қазақ қоғамының экономикалық және мәдени өмірі үшін елеулі зардаптары болды. Қазақ рулары сауда және қолөнер орталықтарынан ажырап қалды. Қазак жүздерінің арасындағы шаруашылық-саяси байланыстар элсіреді.
Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының элеуметтік қаты-настарына да теріс әсерін тигізді. Елдің қүлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді. Өз бетімен шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар малы көп байлардың бақташылары, үйдегі малайлары ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды.
Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сакталып қалды.
Солтүстіктегі қуатты көрші — Орыс мемлекетімен одақтасу қажеттігі туралы пиғыл туындады. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарын нығайтып, Ресейдің қарауына кірудің жолдарын іздеуге деген үйғарым калыптасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет