Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы Лекция №1


Лекция №14 ҚР қоғамдық-саяси даму және рухани даму



бет29/33
Дата15.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#138860
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы-emirsaba.org

Лекция №14
ҚР қоғамдық-саяси даму және рухани даму
1.Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі – тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі.
2.Азаматтық институттардың дамуы. Азаматтық форумдар және олардың маңызы.
3.«Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері.
4.«Мәңгілік ел» идеясының негіздері. Тарихи сананы жаңғырту.
5. «Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.


1. Қазақстан Ха­л­қы ассамблеясы қоғам­ды топтас­тыру­шы тетіктердің біріне ай­налды. Шын мә­нін­де, ол ұлтаралық келі­сімнің қазақ­стан­дық моделін жүзеге асырудың маңызды те­тігі болатын. 1995 жылы 16 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ұлт­­тық мәдени орталықтардың жетек­ші­лерімен кездесу өткізді. Сонда Елбасы рес­публикадағы ұлтаралық келісімді сақ­тау және оны одан әрі нығайту үшін рес­публикада жаңа қо­ғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қа­зақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін ассамблея құру қажеттілігі туындап отыр­ғандығына назар ау­дарды. Ассамблеяның басты мақсаты: Қа­зақстандағы барлық эт­ностардың ру­хани тұрғыда қайта жан­ғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өрке­ниеттік және демок­ратиялық ұстаным­дарға, мемлекеттік ұлт­тық саясатта барлық этностардың мүд­де­сіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қа­тынас мәдениетін қалыптастыру бо­ла­тындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші ассамблеялар құрылып, олардан сес­сияға 260 делегат сай­ланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өт­ті және оның құра­мына 40 ұлттық-мә­дени орталықтың өкіл­дері енді.Сессияда Қазақстан Президенті Н.На­зар­баев баяндама жасап, ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгі­ленді. Ассамблея құру идеясы қоғамды топтас­тырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде ұсынылған болатын. Ассамблея мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық саясатты жетілдіруге белсенді түрде атса­лысады. Ассамблея Президент жанындағы ұжымдық орган ретіндегі, ал облыстық бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мәртебеге ие. 2007 жылы ассамблея конституциялық орган мәрте­бесін иеленді, кепілді парламенттік өкілдік – ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығын алды. 2008 жылғы 20 қазан­дағы ҚР «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заңы ассамблея қызметі мен құры­лымдарын, еліміздің қоғамдық-саяси жүйесіндегі оның орны мен рөлін норматив­тік-құқықтық реттеуді, конституциялық парламенттік өкілдікті жүзеге асыруды қамтамасыз етті. Ассамблея құрылған кез­ден бастап ұлттық саясаттың барлық бағыт­тары бойынша мемлекеттік шешімдер қа­был­дауға қатысып келеді. Ассамблея этно­мәдени бірлестіктерді құрамына бірік­тіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заң қабылданды. Ассамблея мен этномә­дени орталықтар та­ра­пынан көтерілетін баста­малар мемлекет­тік деңгейдегі қолдауға ие болды.
Ассам­блея­ның ең жоғарғы органы Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы. Ассамблеяның өткізген барлық сессия­ларда Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев Қазақ­станда ұлтара­лық татулық пен келі­сімді нығайта беру бағы­тын­да ізденістер­ді жал­ғас­тырудың қажет­тілігіне баса назар аударып отырады. Қазақ­стан халқы ас­сам­блеясы үлгісінде Ресей Федерация­сын­да, Қырғызстанда халық ассамблеялары құрыл­ды. Бұл жерде тағы бір ерекше атап көрсе­тетін жайт, ол Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, қызметінің ауқымы жағынан да олардан дараланып тұрады. Ассамблея өзінің құрылымы жағы­нан республикалық, облыстық және қала­лық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым.
2. 1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметiнiң кəсiбиленуiмен ерекшелендi, мұның өзi олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттiлiктер мен мұқтаждықтардың түрлi ауқымын шешу жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бердi.1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясына елдiң сайлау жүйесiне партиялық тiзiмдер бойынша сайлау енгiзудi көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi партиялық құрылыс процестерiн жеделдеттi. Сөйтiп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), «Азамат» демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), «Отан» республикалық саяси партиясы, Қазақстан əйелдерiнiң демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды. 2000 жылы мемлекеттiк билiк органдарымен өзара iс-қимыл тетiктерiн жасау үшiн күш-жiгерiн шоғырландыратын Қазақстанның Үкiметтiк емес ұйымдарының (YEҰ) конфедерациясы құрылды.
2000 жылғы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы əлеуметтiк əрiптестiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билiк органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен жұмыскерлердiң бiрлестiктерi арасындағы мүдделердiң келiсiлуiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк саясат дəрежесiне көтердi.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ə.Назарбаевтың қатысуымен бiрiншi Азаматтық форум өткiзiлдi. Ол үкiметтiк емес сектордың саяси танылуын белгiледi жəне азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының жүйелi тетiктерi қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екiншi Азаматтық форум өткiзiлдi, ол елдiң қоғамдық өмiрiне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал еттi. Сөйтiп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары — саяси партиялар, коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, кəсiподақтар, ұлттық-мəдени бiрлестiктер, мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдарының жəне тұтастай алғанда мемлекеттiк емес секторды бiлдiретiн басқа да институттар қалыптасып, қазiргi уақытта мейiлiнше тез дами бастады. Азаматтық қоғам жəне құқықтық мемлекеттің өзара қатынасы белгілі бір дəрежеде көпшілік құқығы нормаларымен реттеледі. Олардың көмегімен мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, азаматтық қоғамның көптеген институттарын қорғауды жүзеге асырады.
3. 2004 жылдан бастап Тұңғыш Президенті,Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті. Оның ең бірінші аспекті халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуге бағыттылған. «Мәдени мұраның» екінші маңызды аспектісі - әлемге бай ұлттық рухани қазынасын ашу. Бағдарламаның үшінші аспектісі – тарих, философия, этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру; «Мәдени мұра» бағдарламасы қазақстандықтармен тек ғана рухани-мәдени ғана емес, еліміздің барлық қоғамдық өмірімен белгілі бір кезең ретінде үлкен жігерлікпен қабыл алынды. «Мәдени мұра» мемлекеттік мұрасы бүгінгі күні кезеңімен жүзеге асырылуда: 2004-2006, 2007-2008, 2009-2011 жылдарға және жақын арадағы жиырма жылға ұзақмерзімді бағдарлама әзірленген.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: тарих және археология ескерткіштерін жүйелендіру, сақтау және қалпына келтіру. Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіш, 2 миллионнан астам құнды мәдени заттар бар деп есептелуде, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі мен Тамғалы шатқалының петроглифтер кешені Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген, ендігі кезекте ЮНЕСКО тізіміне ескі Отырар қалашығын қосу болып табылады. Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздегі ескерткіштерді толық түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша республикада тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімі құрастырылып, оған республикалық маңыздағы 218 объект және жергілікті маңыздағы 11,5 мың объект кірді.
«Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 бастап бүгінгі күнге дейін 73 аса археологиялық және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттемелері жүргізілді.
Бағдарламаның екінші үлкен бағыты – Қазақстан тарихына қатысты, кітаптардың, құжаттардың. қолжазбалардың көшірмелерін алу. «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында 10 мыңнан аса мұрағаттық материалдар, құжаттар, қолжазбалар және жасанды заттар анықталды. Шетелдік мұражайлардағы ең көптеген мәлімет – 3 мың құжат – Қытайда болды. Бқл құжаттар ғылымға бүгінгі күнге дейін белгісіз, олар Қазақстан тарихын жүйелендіруге көмектеседі. Сондай ақ Шығыс Еуропадан, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей, Жапония және Арениядан республикаға 5 мың бірегей тарихи құжаттары қайтарылды. Бағдарламаның үшінші бағыты: ұлттық әдебиеттің бай мұрасын зерттеу, оны жүйелендіру және көптомдылық шығару. Ғылыми-танымал. әдебиет жұмыстарының тұтас сериясы өңделді, тарих, этнография, археология бойынша 400 аса кітап атаулары, сондай ақ жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. «Бабалар сөзі» (Слово предков) жүзтомдық басылымының 66 томы басып шығарылды. Онда ежелгі қазақ ертегілерінен заманауи әдебиет әңгімелеріне дейін бар. 200 томдық «Жүз қазақ романын» шығару жалғасуда. Оған соңғы 100-150 жылдардағы қазақстандық жазушылардың ірі әдеби туындылары енгізілген. Қазақстанның 10 томдық энциклопедиясы, бес том орыс тілінде және анықтама ағылшын тілінде шығарылды. Сондай-ақ ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі қазақ ойшылдарының мұрасын қамтитын жиырматомдықты шығару бойынша ғылыми жобалар жүзеге асырылуда, басқа жобаға дүниежүзілік философиялық мұраны басып шығару кірсе, ал үшіншісі Әл Фараби шығармаларының жиырма томдығын шығаруға арналған. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткен жүзжылдықтың танымал орындаушыларының аудио, фоножазбаларын іздестіру және қалпына келтіру және еліміздегі мұражай және кітапханаларының ақпараттық және телекоммуникационды технологиясына енгізу. Қазақ музыкасын зерттеу бойынша жұмыстар жалғасып, бестомдық музыкалық антология әзірленді. Бағдарламаның ең маңызды бағыттарының бірі оны жүзеге асыру барысында алынған, мәліметтерді жүйелендіру және оқу бағдарламасына және орта және жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына енгізу болып табылады.
1999 жылы Тұңғыш Президенті, ЕлбасыН.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі жарыққа шықты. Кітап маңызы - тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі айтылады. Қазақ болмысының ерекшелігі тарихқа арналған. Қазақ даласы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар, тарихтың терең шеңберлері бұл кітапта кеңінен суреттеліп, жазылған кітап. Тарих біріңғай ақ немесе қара деп бөлікке салатын бұлаңдықты көтермейді. «Тарихтың толқынында» қазақтың сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы ұлттық қасиетін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма.
Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев аталмыш еңбегінде: «Тарихтың тағылымы біреу-ақ: ол ешқандай тағылым бермейді дейтін тұжырымға мен үзілді-кесілді қарсымын. Тарихты жеңіл-желпі аңыз сөздердің жиынтығы деп қарайтын адамдар шынында да тарихтан тағылым ала алмайды... Қазақ руханияты дамуының Ресей отарлығы тұсындағы қайшылықты үрдісінің күрделі де қайғылы сипатын жуып-шаю мүмкін емес» - деп атап көрсетті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген және қазақ зиялыларының ұлттық идеяны қалыптастырудағы рөліне ерекше маңызды орын берді. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталады. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталады. Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған. Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды.
Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабында қазақ халқының өткені мен кеткенін ой елегінен өткізіп, өз болжамдарын, қазақтардың арғы төркіні мен шығу тегін, даму жолдарын әлемдік тарихи құбылыстар шеңберінде, солармен тығыз байланыстыра қарастырған. Кітаптың «Ұлттық келбетті ұлықтайық» деген алғашқы тарауында автор ұлтымыздың қасиетті сипаттары мен қастерлеуге тұрарлық құндылықтарын сараптап, жан-жақты талдайды. Аталған еңбегінде Н.Назарбаев ұлттық рухты қайта түлетудегі және дамытудағы қазақ зиялыларының ролін ерекше атап көрсетеді. Қазақ этносы – мыңдаған ғасырлардың жемісі, өз аумағының ежелгі тұрғыны. Н.Назарбаев осы кітабында қазақ ұлтының қазіргі мекені, ол ежелден ата-бабамыздың бізге қалдырған мол мұрасы екенін атап көрсеткен. Ұлттыұ тарихқа заңды мақтаныш сезімін туғызу үшін оны білу керек. Кітаптың «Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы» деген тарауы осыған қызмет етеді. Яғни, автор қазақтың түркі тілдес халық ретінде оның ежелгі тарихын Евразия құрлығындағы көшпелі ұлы мемлекет – Түркі қағанатының тарихымен байланыстырады. Сондай-ақ аталған кітаптың үшінші «Мәдениет келешегі» деген тарауында Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте мәдениет қандай болу керек деген мәселе ерекше сөз болады. Бұл мәселе жөнінде автор: « Қазақстандағы диаспоралардың өз мәдениетінен қол үзбеуімен қатар қазақ елінің жалпы ұлттық мәдениетін игеруге, оны өзі атсалысып, дамытып отырған ортақ мәдениет деп қарауға дағдылануы қажет. Сонда ғана ұлттық мәдени жүйелердің үндесіп, жақсы ансамбль құрайтыны сөзсіз». Сонымен қатар Елбасы қазіргі жағдайда әлемде болып жатқан ақпараттық үлкен үрдіс кезінде, ағылшын тілінің экспансиясы шапшаң белең алып,тұрмыста күшті сұранысқа ие болып отырғанында, ертеңгі келер ғасырда қазақ мәдениетінің күні не болатынына, нарық дәуірінің мінез-құлқы мәдениет жасаушылардың жаңа буынына нендей ықпал ететініне де алаңдауын жасырмайды. Н.Назарбаев осы кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» тарауын қоғамдағы интеллигенцияның тарихи ролін пайымдауға арнаған. Бүгінгі қазақ зиялыларының бойында сонау бағзы заманнан келе жатқан парасаттылық дәстүрлері барлығын айрықша атап көрсетеді. Кітапта теориялық жағынан кең қарастырылған мәселе –ұлттық бірегейлік жайы. Елбасы баршаны бір тілге, бір идеологияға, бір мәдениетке көшіруге тырысудың өзіміз бастан кешірген сабағы бұл саясаттың зиянды болғанын алға тартады. Сондықтан да ол бірегейлендірудің бұл күштеу әдісін біржола теріске шығарады. Н.Назарбаев қазақтың өзіндік ұлттық өрлеуін қамтамасыз ете отырып, бірегей этникалық санасын қайта жаңғырта, түлете түсуді басты міндет ретінде алға қояды. Сонымен кітапта бірегейлендірудің бірінші деңгейі – біздің азаматтық әрі саяси бірлігіміз деген тұжырым жасалған. Бұл деңгейдің мәнін Н.Назарбаев «өзіміз азаматтық саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдырымен бірдей дәрежеде қорғайтын Қазақстан мемлекетімен ұштастыруда жатыр» деп түсіндіреді. Бірегейліктің екінші деңгейін ол қазақтардың өздерінің ұлттық бірегейлігімен байланыстыра қарастырады. Халқымызлың менталитетінде тоталитарлық жүйе қалыптастырған ерекшеліктер әлі де болса бой көрсетіп, адамдар психологиясында әлі де көрініс беруде. Мұның себебі неде? Осы жайларға кітаптың «Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар» деген тарауында нақты жауап табуға болады. Ал ұлттық идеяға келетін болсақ, оны елбасы өзінше пайымдайды. Ұлттық идея сырттан танылмай, қоғамның өз ішінде пісіп жетіліп, ұлттың тұтастығының мәнін түсінуге қызмететеді. Бір сөзбен Н.Назарбаевша айтқанда, ұлттық идея миллиондаған адамдардың өздерінің ұлттық міндеттерінің түсінуінің жемісі болып табылады (237 б). Империялық құлдықтан азат болып, өздерінің тәуелсіздігін алған тек бұрынғы Кеңес Одағының елдері ғанаемес, өз еркіндіктерін алған басқа да елдерді тарихбіледі. Әлемдегі тарих сабақтарына көз жүгірте отырып, Елбасы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарына зор сенім танытады, әрі оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін нақты қимылдардың қажеттігін еске салады. Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат,бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет, сол тиімді, деп жазады Елбасы. Бұл аймақта интеграциялау үшін негізгі алғышарттардың бәрі бар. Соларды жете пайдалану – басты міндет. Бұл ойларын Н.Назарбаев кітаптың «Орталық Азияның мемлекеттері және тарих тағылымдары» деген тарауында кеңінен сөз етеді. Кітаптың қорытынды тарауы «Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде» деп аталады. Мұнда Н.Назарбаев Қазақстан тарихын он екі кезеңге бөліп қарастырады. Мұндай кезеңдерге тарихымызда бірінші рет ұсынылып отыр. Н:Назарбаев тарихтан тағылым алмайтын саясаттың күні қараң екенін жақсы біледі, сондықтан да ол «тарих ештеңеге үйретпейді» деген қағиданы мүлдем теріске шығарады. Керісінше, тарих-ұстаз, тәлімгер, әділ төреші, ертеңге бағыт сілтейтін өсиет айтушы абыз.Тарих қазынасына терең көз шалғанда әрбір адам, әсіресе, оның ішінде ұлт көсемдері мен саясаткерлер үлкен тәлім алады. Өз ақыл-парасатына, саяси талғамына, іс-әрекетіне қосымша нәр, азық алады. Сондықтан да бұл кітап қазақты тануға қосылған теориялық әрі практикалық тәлімдік мәні күшті тарихи еңбек болып табылады.


4. 2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», – деп атап өтті. Бұл орайда елең еткізген жаңалық – тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл – Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.«Мәңгілік ел – түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» –деп жаздытүркітанушы-ғалым Қ. Сартқожаұлы. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей отырып, Президент тек мәдени кодты сақтай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызға баса назар аударды. «Егер ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады». Тек тағылымды тарих, ата-бабалар даңқы ғана қазіргі уақыт қиындықтарын жеңуге мүмкіндік береді»,–деген құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы парызымызды ақтауға шақырады. Осыған байланысты көптеген ғалымдардың ұлттық идеологиялар ұзақ өмір сүреді және ұлттар сол үшін өзінің жеке «мені» үшін күреседі, онсыз ұлт туралы пікірдің болуы да, оның болашақтағы тарихи өмірі туралы да сөз қозғаудың өзі мүмкін емес деген пікірлері орынды.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (17 қаңтар, 2014 ж.), «Нұрлы жол – болашаққа жол» (11 қараша, 2014 ж.) атты Жолдауларындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыру туралы ой отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар ортасында кеңінен қолдау тапты.
«Мәңгілік Ел» идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды, болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін замана талабына сәйкес қайта жаңғыртудың, елімізді алдыңғы қатарлы қуатты мемлекеттер қатарына жеткізудің идеялық кепілі болып табылады. Нақтырақ айтқанда ол қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, Қазақстанның дамыған елдермен терезе теңестіруіне жол ашатын, халықты ортақ мақсат –мәңгілік ел болуға жұмылдыратын идея. «Мәңгілік Ел» – ұлттық бірлік пен бейбітшілікті, экономиканы нығайту,халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы, патриоттық, отаншылдық сезімнің күшеюі негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні – мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік – ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясы біздің мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет болып қалуымызды қуаттайды, халқымыздың өз тамыр-тегін, ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға, әлем қауымдастығында өз рөлін айқындауға, тарихи-мәдени құндылықтарды мұқият сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге, адамгершілік бағдарды қалыптастыруға, дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейтуге үндейді. Сондай-ақ «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жас ұрпақты өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрге, руханият пен мәдениетке құрмет сезіміне тәрбиелеуді талап етеді. Сол себепті жас ұрпақты «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.
«Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көп ғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген. «Мәңгілік Елдің» жұмылдырушы күш-қуаты келесілерге негізделген:
1) өз барабарлығын, өз тамыр-тегін, өз ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға;
2) әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға;
3) тарихи-мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін сақтауға мүдделілікке;
4) маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа
Оның басымдықтары – дәстүрлі құндылықтарды қолдау; ұлттық барабарлықты анықтайтын адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейту. Негізгі өлшемдер – гуманизм мен әділеттілік, әлеуметтік-адамгершілік прогресс болмақ.
«Мәңгілік Ел»– Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы маңызды құраушыларын (этносты қалыптастырушылық, азаматттық және жалпымемлекеттік), сонымен қатар Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін құруда басшылыққа алынатын «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі алты бағыттарын негізге алады:
Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық патриотизм – бұл этникалық айырмашылықтардан тыс бүкіл қоғамды біріктіруі тиіс барлық мүмкіндік.
Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі. Біз барлығымыз тең құқықты тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштық орнауына біз тікелей жауаптымыз.
Үшінші. Қазақ тілінің дамуы және тілдердің үш тұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.
Төртінші. Мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету. Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды.
Бесінші. Ұлттық зиялы қауым рөлін көтеру. Зиялы қауым қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш болуы керек.
Алтыншы. Мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – бұл Қазақстанның сәтті дамуының маңызды шарты.
Елбасы Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие құжат «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам» атты бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды. Мұндағы «Біртектілік пен бірлік» реформасында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты қадамдар жүзеге асыру көзделді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» болу мұратын көтерген «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел өміріндегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі саяси маңызы зор тарихи құжат ретінде бағалаХалқымыздың ата-бабадан мұраға қалып, елеусіз қалған бұл өсиеті – қазақтың дәстүрі, дәстүрлі дүниетанымы, қазақтың дәстүрлі дүниетанымынан нәр алған қазіргі «Мәңгі ел» идеясы. Бұл идеяның түп мақсаты – қазіргі әлемді дағдарысқа тіреген рационалды идеяларға балама ретінде қазақ халқының тарих сынынан өткен ұлттық дүниетанымын ұлттық, қала берді, барынша гуманистік идея ретінде әлемдік идеяға айналдырып, нәтижесінде тек Қазақстан мемлекетінің ғана емес, әлемдік қауымдастықтың, барша адамзаттың да бағдары болатын рухани темірқазығына айналдыру болып табылады.Мәңгілік Ел идеясы –қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.
«Мәңгілік ел» – Тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасқан, мыңжылдық мәні бар жалпыұлттық, философиялық идея.Егеменді дамудың 22жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ.Бұл құндылықтар- уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. Біріншіден, бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы. Екіншіден, бұл- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл- зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім. Бесіншіден, бұл- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Көпұлтты әрі көпдінді Қазақстанның алған асулары мен жеткен жетістіктерінің бастауы – бейбітсүйгіш халқымыздың ақ-адал пейілі мен қонақжайлылығы, төзімділігі мен еңбекқорлығы, елімізді мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің қазақтың дәстүрлі құндылықтарын қадірлеген дос пейілділігі. Сондай-ақ, жүз отызға жуық ұлттар мен он сегіз конфессиялық топ өкілдерінің береке-бірлігі жарасып, ынтымақтаса өмір сүруі – еліміздің бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы ұтымды саясаты мен ауқымды еңбектерінің жемісі.
Ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы арманы, бүгінгі ұрпақтың ақиқаты болған қасиетті тәуелсіздігімізді, елдігімізді сақтап, дамыған елдердің қатарына қосылу – Мәңгілік ел болудың нысаны. Келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін әрқайсысымыз ортақ құндылыққа үлесімізді қосуымыз шарт. «Мәңгілік ел» идеясы – халықтың мүддесіне, қоғамдағы тыныштық пен ынтымақтастыққа қызмет ететін, бағыты мен бағдары анық жол, бейбітшілік пен келісімді, ұлтaрaлық татулық пен төзімділікті сақтaп, сындарлы сәттерден сүріндірмейтін ұлы мұрат.
5. 2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары (немесе Қанды қаңтар, Қаңтар оқиғасы, Қаңтар трагедиясы)-сұйытылған газдың кенеттен қымбаттауына байланысты Қазақстанда басталған наразылық шаралары. 2 қаңтарда бастау алған бұл оқиғалар тәуелсіз Қазақстанның 30-жылдық тарихындағы ең қарқынды әрі қатал қақтығысқа айналды. Алғашында Жаңаөзен қаласында басталған шеру артынан Қазақстанның басқа қалаларына да таралды.
Халық Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Астана, Шымкент, Көкшетау,Орал және т. б. қалалардың көшелеріне шығып, экономикалық талаптармен қоса саяси өзгерістерді талап ете бастады. Бастапқыда бейбіт басталған наразылық шаралары артынан қарулы қақтығыстар мен тонаушылыққа ұласты (негізінен Алматы қаласында). 5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктер ресми деңгейде мемлекеттік төңкеріс деп аталды.
2022 жылдың 2 қаңтарында Жаңаөзен қаласының наразы тұрғындары сұйытылған табиғи газдың бағасын төмендетуді талап етіп, автокөлік жолын бөгеп тастады. Халық қала және облыс әкімдерінен бағаны тұрақтатуды және көгілдір отынның тапшылығын жоюды талап етті. Бұл талаптар орындалмағасын наразылық шаралары келесі күні де жалғасын тапты. 4 қаңтар күні Қазақстан үкіметі Маңғыстау облысындағы сұйытылған газдың бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендетілгенін мәлімдеді, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, заңсыздықты болдырмауды сұрады.
Жаңаөзенде бастау алған наразылық шараларын Қазақстанның басқа ірі қалаларының тұрғындары қолдап, көшеге шеруге шықты. Алматы қаласында шерушілер полиция көліктерін қиратып, олар өртке оранды. Жүздеген адам қамауға алынып, 4 қаңтар күні түнде ел аймағында Интернет байланысы өшірілді. Маңғыстау облысы мен Алматы қаласының аумағында төтенше жағдай енгізілді. 5 қаңтар күні таңертең Қазақстан үкіметінің отставкаға кеткені белгілі болды.
Елдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты, 5 қаңтарда төтенше жағдай Қазақстанның барлық аумағында енгізілді. Шерушілер маңызды нысандарға шабуыл жасап, Алматы, Талдықорған қалаларындағы әкімдік ғимараттары, Алматы әуежайы наразы халықтың қолына өтті. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) басшыларынан көмек сұрағанын мәлімдеді. 10 қаңтарда ҰҚК тәртіпсіздіктер кезінде басып алынған барлық әкімшілік нысандардың қайтарылғанын, елдегі жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді. 11 қаңтарға дейін тәртіпсіздікке қатысып, қамауға алынған адамдардың саны 10 мыңға жуықтады. Тонаушылық пен бұзақылықтың салдарынан кәсіпкерлерге келтірілген шығынның мөлшері 100 миллиард теңгеден асты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған геосаяси жағдайдың күрт шиеленісуімен байланысты қазіргі заманғы тарихта бұрын-соңды болмаған қаржылық-экономикалық қиындықтармен байланысты жағдаймен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасы ұсынылды және бұл құжат ең алдымен қоғамның қажеттілігіне, сұранысына негізделгені айтылды. Президент Қазақстан азаматтық қоғамы қалыптасқан мемлекетке айналатынын алға тартты. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Біз ұлан-ғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз», – деп атап өтті. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Жаңа Қазақстанның негізі саяси және экономикалық реформалардың үйлесіміне негізделуі керек екені баса айтылды. Ел Президенті «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауында тәуелсіздікті сақтау керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы: «Осы күндерде жұртымыз тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық», – деді. Президент өз жолдауында халқына салмақты ой тастап, дәлелді тұжырым жасай отырып, нақты бағыт ұсынды. Сондай-ақ «Конституцияның 30-дан астам бабына өзгерістер енгізу қажет», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл аса күрделі өзгеріс. Мемлекеттік аппарат цифрлық құралдарды жаппай енгізу кезінде ғана іске асырылады. Осыдан кейін шенеуніктер бюрократиялық өкілеттіктерді қалпына келтіруге тырысып, жаппай реакция жасай бастайды. Осыған жол берілмей, Қ.Тоқаевтың тапсырмалары діттеген жеріне жетсе, алдағы уақытта қағазбастылықтан құтыламыз деп сенемін. Жолдау соңында Президент: «Еліміздің азаматтары ертең емес, бүгін бақытты болғанын қалаймын. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан артық ештеңе жоқ», – деді. Мемлекет басшысы айтқандай, ел-жұрт болып жаңа Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек етейік. Сондықтан білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін оқытушылар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Біздің бүгінгі студенттеріміз – Қазақстанның жарқын болашағы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет