Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы Лекция №1


Лекция №11 Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы



бет26/33
Дата15.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#138860
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Лекция №11
Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы
1. Қазақстандағы Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары.
2. Қазақстандағы индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар.
Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
3. Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты – қазақтың дәстүрлі қоғамының жойылуы. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны.
4. Кеңестік білім беру жүйесін құру. Қоғамның ұлттық-мәдени негіздерінің жойылуы.
5. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр зардаптары. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау
1. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің нығаюы 1925 жылдың күзінде өлкелік партия ұйымының басшысы болып сайланған Ф.И.Голощекиннің есімімен байланысты еді. Кәсіпқой революционер, патша отбасының атылуын ұйымдастырушылардың бірі болған Голощекин Қазақстанның астанасы Қызылордаға келіп түскен бойда, бірден «қазақ ауылында Кеңес өкіметінің жоқ» екенін, «ауылда Кіші Қазан» өткізу керектігін мәлімдеді. Негізгі міндет ретінде әлеуметтік саралауды жою арқылы дәстүрлі қауымдастықты бұзу жарияланды.
Қазақтарды жаппай отырықшы ету келесі маңызды қадам болуға тиіс еді. Бұндай іс-шаралардың жергілікті коммунистер тарапынан наразылық туғызуы мүмкін екенін айқын түсіне отырып, Голощекин ең алдымен өзінің көзқарасын бөліспеген партия көшбасшыларымен күресуді қолға алды. Көп ұзамай-ақ, 1926 жылы С.Сәдуақасов пен С.Қожанов «ұлтшылдыққа бет бұрған» деп айыпталды. С.Сейфуллин, М.Мырзағалиев, Н.Нұрмақов, С.Меңдешев және басқалары қуғындалды. Олардың көпшілігі республикадан шеттетілді. Ж.Сұлтанов, С.Сәдуақасов және Ж.Мыңбаев қызметтерінен қуылды.
Ф.И.Голощекин ауылдардың әлі күнге дейін «…таптық күрестің лебін сезбегенін», «…қазақ ауылдарында Кеңес өкіметінің жоқтығын», «…ауылда Қазан болмағанын, кедейлер комитеттері мен мал-мүлкі тәркілену дегеннің не екенін білмейтінін», «…ауылда коммунистің атымен болмағанын» қасарыса дәлелдеуге тырысты. Ары қарай Голо¬щекин «осыған дейін бұл жерде 1925 жылдың күзіне дейін болған жайттарды Қазақстанның және оның партия ұйымының алдыңғы тарихы деп атауға болатынын» айтты.
БК(б)П-ның Өлкелік комитетінің екінші хатшысы О.И.Құрамысов Ф.Голощекинді табанды түрде қолдады. Оның құлағына ол: «Қазан дауылы қазақ ауылын сәл ғана жанап өтті», – дегенді құюмен болды. «Қаталырақ айтқанда, – деп жалғастырды ол, – бұл кезеңде Қазақстанда біртұтас және тастай берік партия ұйымы болған жоқ».
Жиырмасыншы жылдардың ортасындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне тән қасіретті ерекшелік – сол уақыттан бастап сталинизмнің идеологиялық аппаратының тарихи сана-сезімді түп-тамырымен құртуға, осы сана-сезімді бойларына жинаған ұлттың зиялы қауымының көрнекті өкілдерінің көзін жоюға бағытталған кең ауқымды іс-шараларды жүргізуі болды.
Тоталитарлық режимнің нығаюына қарай, бірте-бірте «Алаш» партиясының мүшелерін, сондай-ақ өлкедегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қарқындары мен әдістері мәселесінде өз көзқарастарынан танбаған және республиканың шаруашылық-саяси және кадр мәселелерін шешу ісіндегі егемен құқықтарын аяусыз таптап, қорлап отырған, тұрғылықты халықтың ұлттық ерекшеліктерімен, мүдделерімен санасқысы келмейтін Орталықтың саясатының дұрыстығына күмән келтірген республиканың басқарушы қызметкерлерін саяси қуғындау күшейе түсті.
Республикада оппозицияның ықтимал әрекеттерін басып-жаншу үшін идеологиялық негіз осылай құрылып, нәтижесінде, қазақ халқын күштеп ұжымдастырған және 1937-1938 жылдарда жаппай қуғын-сүргінге салған қайғы-қасіреттерде есеп болмады.
БК(б)П-ның Семей губерниясы комитетінің хатшысы қызметіне 1923 жылы Марийск облыстық комитетінен жіберілген, содан кейін өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру-инструкторлық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған Н.И.Ежовтың тұсында ұлтшылдар және ұлтшылдыққа бет бұрғандар туралы үрей туғызу, жергілікті мамандарды қуғындау анағұрлым күшейді.
Бір мезгілде Қазақстанда «өзгерістер» енгізудің Голощекин ұсынған үлгісімен келіспеген жауапты қызметкерлердің қарсылығын басып-жаншу орын алды. Жоғарыда айтылғандай, 1927-1929 жылдарда республикадан әртүрлі себептермен Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері: Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, М.Мырзағалиев шеттетілді. Қазақ Орталық Атқару комитетінің төрағасы Ж.Мыңбаев, халық ағарту комиссары С.Сәдуақасов, жер игерудің халық комиссары Ж.Сұлтанбеков және басқалары лауазымдарынан босатылды.
Қазақтың белгілі қызметкерлерінің үлкен бөлігіне «топтасып күресті» деген айып тағылды. Бірақ басты «топтасқандардың» бірі Сәдуақасовтың ісімен арнайы айналысқан БК(б)П-ның Орталық бақылау комиссиясы Қазақстанда ондай топтың бар екенін дәлелдей алған жоқ. Соған қарамастан, Орталықта оппозициямен күресудің үлгісі бойынша, жекелеген жауапты қазақ қызметкерлері арасындағы дау-дамай, пікірталастар мен келіспеушіліктер топтасқан күрес ретінде, ал олардың республика мүдделерін қорғаған әрекеттері «ұлтшылдыққа бет бұру» деп бағаланды. И.В.Сталинге, В.М.Молотовқа және Л.М.Кагановичке жолдаған хаттарында Н.И.Ежов барлық ұлттық мамандарды, барлық қазақ коммунистерін «ұлтшылдыққа бет бұрғандар» және «топтасып күресушілер» деп айыптап, оған қоса, олардың арасында «сау партиялық күштер жоқ» деп қаралаған. КСРО ішкі істерінің болашақтағы халық комиссары, 1937 жылы жап¬пай қуғын-сүргінді белсенді жүргізген Н.И.Ежов Мәскеуге ауысар алдында өзінің мансабын осылай бекіте түсті.
Сөйтіп өткен ғасырдың 20-шы жылдарының соңында баршаға бірдей күдіктену жағдайы ушығып, шарықтау шегіне жетті. Орталықта Троцкий мен Зиновьев оппозициясымен және ұлттық республикаларда «оңшыл оппортунистермен» күрес революцияға дейінгі кезеңнің ұлт-азаттық қозғалысы өкілдеріне қарсы қудалау, жазалау түрінде жүргізілді. Нәтижесінде, 1928 жылдың соңында «буржуазиялық ұлтшылдар» деп аталғандардың – «Алаш Орданың» бұрынғы қайраткерлерінің арасынан 44 адам, оның ішінде: А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Х.Ғаббасов және басқалары жалған айыппен тұтқындалды.
2. Партияның 1925 жылы (18-31 желтоқсан) өткен ХІY съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды. Кеңестер одағының экономикалық тәуелсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді индустриялды даму жағынан барынша қысқа тарихи мерзімде қуып жетіп, елді индустриялды державаға айналдыру міндетін қойды. Партия мұндай міндетті орындау үшін 136 елдің бүкіл материалдық және өндіргіш күшін толығымен осы мақсатқа бейімдеу қажет деп шешті. Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік индустриялан- дырудан ерекшелігі болды. Капиталистік мемлекеттер өздерінің индустриялды дамуын, әдетте, пайда тез түсетін жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды. Осы салаларға тән болып келетін кәспорындардың шағындылығы мен оған жұмсалатын қаржының (капиталдың) айналымдылығы әуелгі кезде жеңіл өнеркәсіпті өте тиімді салаға айналдырады. Тек уақыт өткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр өнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады. Кеңестік тарихнамаға партияның 15-ші съезі елді индустрияландыру съезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік индустрияландыру саясаты республикалардың ұлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру саясаты шеткері орналасқан ұлттық аймақтар, оның ішінде, әсіресе, Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды. Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің өзінде өте үлкен пікір-таластар туғызды. Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді, яғни қазақтың көшпелі өмір салты ұлттық ерекшелік болып табылады, олай болса елді индустрияландыру бағыты оның осы ұлттық ерешелігін жояды деп есептеді. Мұндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытқушылар, яғни “уклонистер” деп айыптады. Келесі бір топтың өкілі С. Садуақасов өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ, ол мүлде индустрияландыру саясатына қарсы болды деуге болмайды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны ары қарай дамыту қажет. С. Садуақасов шикізат қоры көздеріне өнеркәсіптерді жақындату мақсатын көздеді. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол жақтан дайын өнімді қайта алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға, яғни өлкені тек шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болды. Қазақстанға өнеркәсіпті күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына жат деп есептегендер болды. Олардың пікірінше артта қалған көшпелі халық индустрияландырудың өте жоғарғы қарқынына ілесе алмайды. Сонымен қатар өндіріс орындарына жергілікті ұлт өкілдерін көптеп тарту, яғни жергіліктендіру (коренизация) саясаты өндірісті өте-мөте қымбаттатады, қазақтар жұмыс істей алмайды, олар бәрібір даланы аңсайды деген көзқараста болды. Мұндай пікір айтушы топты большевиктер “ұлыдержавалық шовинистер” деп айыптады. Осылайша большевиктер социалистік индустрияландыру саясатының бағыттары жөнінде пікір айтушыларға әртүрлі айдар тақты. Ал өздері белгілеген елді “социалистік индустрияландыру” бағытын ешбір қатесі жоқ, толық аяқталған саясат деп қарастырды. Большевиктер белгілеген индустрияландыру саясатында Қазақстан Одақтың шикізаттық бөлшегіне айналуы керек болды. Орталық ұсынған бұл көзқарасты осы кезде өлкенің партия ұйымының басшылығына тағайындалған Ф. Голощекин де қолдады. Республика өмірімен мүлде таныс емес Ф. Голощекин өлкенің шаруашылық жүйесіндегі ерекшелікті мойындамады. Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда өте күрделі жағдайда жүргізілді. Біріншіден, өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы Рессейдің орталық аудандарымен салыстырғанда артта қалған еді. Екіншіден, өлкеде соғыстан қираған шаруашылықтарды қайта қалпына келтіру шаралары созылып кетті. Яғни, ол уақыт жағынан бірінші бесжылдықпен сәйкес келді. 137 Осындай жағдайларға қарамай большевиктер Қазақстанды бүкілодақтық көлемдегі елді индустрияландыру бағытында жетекші орынға қойды. Қазақстанды индустрияландырудың ең алғашқы қарлығашы Түркістан–Сібір темір жолы болды. Индустриаландыру жылдарында Қарағанды-Балқаш, Гурьев –Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жолдары салынды. Өлкені индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түрлі-түсті металлургия, көмір және мұнай өндіріс орындары мен теміржол саласын одан әрі өркендету міндеттерін қойды. Осыған байланысты жаңа өндіріс орындарын салу және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын қайта құру үшін тек 1933-34 жылдары 566,6 млн сом қаржы бөлінді. Оның бестен төрті ауыр индустрияны дамытуға жұмсалды. Олардың ішінде Қарағанды шахталары, Шымкент қорғасын және Балхаш мыс қорыту зауыттары, Ақтөбе химия комбинаты болды. Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Республиканың сол кездегі экономикалық ресурстары мұндай күрделі құрлыстарды салуға мүмкіндік бермейтін еді. Алайда соған қарамастан Кеңес үкіметі бұл құрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды. Қарағанды көмір өндіріс орындарын да тез қарқынмен дамыту қажет болды. Себебі түрлі-түсті метал өндіру саласын тез дамыту барысы елде көмір өнімдеріне деген сұранысты ұлғайтты. Ал сол кездегі елдегі көмір өндіріс орындары сұранысты қамтамасыз ете алмады. Осыған байланысты большевиктер төтенше жағдайда Қарағанды көмір өндірісінің бар мүмкіндіктерін жұмылдыруға тырысты. Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы ақпан айында Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар Қазақстанда ғана емес бүкіл ел көлеміндегі түрлі-түсті металдардарды өндіруші өте ірі өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 процентін берді. Осының бәрі Қазақстанды түрлі-түсті металдар шығарудан одақ көлемінде 2 орынға шығарды. Мұнай өндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы мұнай өндірудің көлемі 700 мың тоннаға жетті. Мұнай өндіруден Қазақстан Одақ көлемінде 3 орынға шықты. Эмбі мұнай орны игерілді. Сағыз және Құлсары мұнай орындары ашылды. Қазақстанда химия өндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтөбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды. 1928-1940 жж. темір жолдардың өсуі 50 процентке артып, оның ұзындығы 6581 км. жетті. Қазақстан 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдары, өте қысқа мерзімде аграрлы елден индустриялы елге айналды. Большевиктер өлкені индустрияландыруды өте жоғарғы қарқынмен жүргізді. Мысалы: Одақ көлемінде мұнай өндіру 1926-1940 жж. 3 есе көбейсе, Қазақстанда - 5,9 есе көбейді; көмір өндіру Одақ бойынша 5,7 есе артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге артқан; электр қуатын өндіру Одақ көлемінде 23,7 есе артса, Қазақстанда–486 есе артқан, яғни одақтық көлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда –3,1 есеге артқан. Қазақстанда индустрияландырудың өте кең көлемде және жоғарғы қарқында жүзеге асырылуы инженер-техникалық маман кадрларды қажет етті. Әсіресе, 1933-1934 жылдары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы жаңа құрал-саймандармен, машиналармен қамтамасыз етілді. Оларды игеру үшін маман кадрлар қажет болды. Бұл мәселені шешу үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт мектептері, техникалық минимум кружоктары ашылды. Өнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі маман кадрларды даярлау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-металлургия институты сияқты алғашқы жоғары оқу орындары ашылды. 1933-1937 жылдары жоғары оқу орындары мен техникумдар 13 мың маман кадрларды даярлады. Сонымен қатар республиканың өндіріс орындары үшін маман кадрларды Рессейдің орталық аудандарындағы жоғары оқу орындарында даярлады. Алайда 138 айта кететін бір жәй, Кеңес үкіметі өте күрделі инженер-техникалық маман кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарын республикада ашпады. Бұл мәселеде республика орталыққа тәуелді болды. Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты, оның мынадай жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды. Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін зардабы өте күрделі болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толық өзгерді, өнеркәсіп саласының өркендетілуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркәсіп өнімдері үлесінің көбейюіне әкелді. Екіншіден, қала халқы санының артуына, қалалардың урбанизациялануы мен күшеюіне әкелді. Қала халқының жартысы дерлік (47,5 %) 50 мыңнан астам халқы бар қалаларда жинақталды. 1928-1939 жж. Қазақстан қалалары тұрғындарының санының көші-қонымның нәтижесіндегі механикалық өсуі 1,8 млн адамнан асты. Үшіншіден, көші-қонымның нәтижесінде демографиялық өзгерістер болды, яғни Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Большевиктер өлкеге жұмысқа басқа ұлттардың алдыңғы қатарлы өкілдерін әкелді деуге болмайды. Себебі кеңес үкіметі әртүрлі қылмысы үшін сотталып, түрмеде отырғандардың еңбегін арзан жұмыс күші ретінде пайдаланды. Сонымен қатар индустрияландыру саясаты республикада жергілікті ұлт өкілдерінің санының азаюына да әсер етті. Төртіншіден, индустрияландыру саясаты нәтижесінде өлкедегі ұлтаралық қарым-қатынас шиеленісті. Оның себебі Орталықтан әкелінген европалық ұлт өкілдерінен шыққан партия, кеңес қызметкерлері мен жұмысшылар қазақ қызметкерлері мен жұмысшыларына менмендікпен жоғарыдан қарады. Мұндай көзқарас туралы фактілерді құжаттардан көруге болады. Большевиктер, сонымен қатар ірі өндіріс орындарынның басшылығына жергілікті ұлт өкілдерін жібермеуге тырысты. Орталық үкіметтің нұсқауын бұлжытпай орындайтын адамдарды орталықтан жіберіп отырды. Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын жүзеге асыру нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгеріс әкелді. Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауыл шаруашылығы, әсіресе, көшпелі мал шаруашылығы және оның өнімдері әрі қарай дамытылмай, дағдарысқа ұшырады. Оның себебі большевиктік саяси басқару жүйесі өлкенің экономикалық дамуының бағытын өзгертті, яғни халық шаруашылығының жетекші саласы етіп өнеркәсіп өндірісін белгіледі және оның қарқынын жеделдетті. Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл большевиктік басқару әдісіне бағынышты болды. Өлкенің бұл кездегі өнеркәсіп өндірісінің дамуы шын мәніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді. Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп пайдаланды. Сөйтіп, большевиктер патшалық Ресейдің өлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан әрі жалғастырды.
3. Большевиктер 20-шы жылдары ЖЭС-ті ұзақ мерізімді саяси стратегия деп есептеді. Сондықтан, олар ЖЭС аясында шаруа қожалықтарын біртіндеп кооперативтендіру арқылы ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды көздеді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік тұрғыдан еріксіз күштеу арқылы емес, керісінше экономикалық қажеттіліктен туындайтын қозғалыс болу керек еді. Алайда, большевиктер қазақ ауылында әлеуметтік теңсіздікті жою мақсатында шабындық және жайылымдық жерлерді бөліске салды. Ф. Голощекин: “Жайылымдық жерді бөлу деген не?“ дей отырып, бұл науқанға зор екпін беру үшін және өз төңірегіндегі большевиктерді жігерлендіру үшін “Бұл кіші Қазан“ – деді. 139 Қазақстан Орталық Атқару Комитеті-і (ҚОАК) және Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) 1926 ж. 20 мамырда “Жерге орналаспай жерді пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заң қабылдады. Оған сол кездегі Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы және Орталық Атқару Комитеті төрағасы қызметін уақытша атқарушы Н. Нұрмақов қол қойды. 1927 ж. 3 ақпанда бұл заңға ішінара толықтыру енгізілді. Онда шабындық және жайылымдық жерлер жан басына қарай бөлінетінін, мұндай бөлініс мүмкін болмаған жағдайда үй басына қарай бөлінетіні туралы атап көрсетілді. Бұл жұмысты жоғарыдан жүргізу Қазақстанның Егіншілік халық комиссариатына тапсырылды және бұған жоғарғы қарқын беру үшін губерниялық, уездік және округтік атқару комитеттері жанынан ерекше жедел “бестіктер“, ал болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер жанынан “үштіктер“ ұйымдастырылды. Конституциялық тұрғыдан мұндай заңсыз құрылған бұл “бестіктер“ мен “үштіктер“ құрамдары жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бекітілді. Шабындық және жайылымдық жерлерді бөлу науқанына байланысты құрылған бұл төтенше және заңсыз органдар кеңес үкіметінің басқа да шараларын жүзеге асыруда таптырмас әдіс болды. Қазақстанда большевиктер 1926-1927 жылдары 1250 мың десятина жайылымдық және 1360 мың десятина шабындық жерлерді бөлді. Бөлінген шабындық жердің 61,6 %-ін кедейлер, 8,8%-ін ауқаттылар алды. Ал жайылымдық жердің 59,3% кедейлерге, 31,7% орташаларға және 9% ауқатты қожалықтарға берілді. Ф.Голощекин алғаш “Кіші Қазан“ төңкерісін бір ғана әлеуметтік-саяси науқанмен, яғни шабындық-жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлумен аяқтай аламын деген пікірде болды. Большевиктер жерге орналастыру жөніндегі бұл шара әсіресе ауылдағы байға өте тиімді болып отырған жерді дәстүрлі қауымдық (рулық) пайдалануды жояды деп есептеді. Алайда Ф.Голощекин бастаған Қазақстан большевиктерінің қазақ қоғамына байланысты жүргізген бұл шаралары қазақ ауылында Кеңес өкіметінің жеңісін қамтамасы ете алмады. Оның себебі бұл реформа алғашқы кезден-ақ қате тұжырымдарға негізделген еді. Біріншіден, қазақтың дәстүрлі шаруашылық жүйесі сақталып отырған жағдайда шабындық және жайылымдық жерлерді жәй бөліске салу еш нәтиже бермеді. Екіншіден, шабындық және жайылымдық жерді бөлудің өзі дәстүрлі егін шаруашылығы жүйесіндегі заңдылықтар жетегінде қалып қойды, яғни шабындық және жайылымдық жерлерді бөлу шаруа қожалығындағы отбасы мүшелерінің санына байланысты жүргізілді. Ал қазақтың дәстүрлі шаруашылығында, керісінше, жерді малдың санына қарай иемденді, яғни көшпелілер үшін жайылымға сұраныс мал басының санына және оның құрамына байланысты болды. Үшіншіден, жартылай көшпелі аудандардағы жер бөлінісі нәтижесінде жерге ие болған шаруалар үшін бұл кезеңде ол жерлерден келер пайда жоқ еді. Себебі ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауыл-шаруашылық құрал саймандарына, егетін тұқым және т.б. заттарға өте зәру болды. Мысалы, 1928 жылы республикада 1927 жылғы есеп бойынша 800 мың қазақ шаруа қожалықтары бар болғаны 124 мың өте қарапайым еңбек құралдарына ие болды. Олар 54 мың соқа, 0,5 мың тұқым себетін машина, 13,5 мың шөп шабатын шалғы, 9,4 мың тырма т.б. Бұл еңбек құралдары сан жағынан алғанда көлге тамған тамшыдай ғана еді және оның сапасы да өте төмен болды. Тіпті әлеуметтік тұрғыдан келгенде Петропавл округінде еш құрал-сайманы жоқ щаруа қожалығының мөлшері 95,5%, ал орта шаруа қожалықтары 83,2 % болса, Павлодар округінде 99,45% және 85,8 5%, Қызылорда округінде 72,95% және 69,15% болған. Шаруашылық құралдардың жетіспеуі, әрине, кедей қожалықтарын өз үлесінен бас тартып, бөлінген жерлерді бұрынғы иесіне қайтаруға мәжбүр етті. 1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөніндегі заң жобасын әзірлейтін арнайы комиссия құрылды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылады. Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О. Исаев, Н. 140 Нұрмаков, Г. Тоғжанов, О. Жандосов және т. б. кірді. 1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды. Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді өткізу жөнінде нұсқаулар жіберілді. Заң бойынша малы, дүние-мүлкі тәркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байларға: көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар, жартылай көшпелі аудандарда 300-ден астам малы бар, отырықшы аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды. 1928 жылы тамыздың 30-да Қазақ АКСР ХКК-нің “Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отрықшы аудандарын белгілеу туралы” арнайы қаулысы қабылданып, соған сәйкес аудандар белгіленді. Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды, яғни бір ай ішінде бітіру керек деп шешті. Кейінірек ол тағы 10 күнге ұзартылды. 1928 жылғы 30 тамыздағы қаулыға сәйкес сонымен қатар тәркіленгендерді жер аударуға тиісті аудандар да анықталды. Тәркілеуге байланысты декретте әсіресе, көшпелі аудандардағы шаруа қожалықтарына деген қаталдық айқын болды. Осы көшпелі аудандағылардың малы тәркілеу мөлшерінен аз болған күннің өзінде де, егер бұл адамдар ауылда ықпалды болса, кеңестендіруге қауіпті элемент ретінде жер аударылуға тиіс болды. Тәркілеу туралы ереже бойынша жер аударылғандардың бәрі сайлау құқығынан айырылды. Байларды тәркілеуді жүзеге асыру үшін комиссиялар құрылды. Уәкілдер бастаған комиссия мүшелері тәркілеу барысында кеңес үкіметінің нұсқауларын, яғни байларды тәркілеу туралы ережені өрескел бұрмалады. Ауыл белсенділері жоғарыдан келген уәкілдің қолдауымен тіпті ауқатты адамдарды да қыспаққа түсірді. Республика көлемінде барлығы 696 “бай-феодалдар” тәркіленді. Қазақ қоғамында ірі байлардың көп болмағанын осы 1928 жылғы жүргізілген тәркілеу барысы мен оның нәтижелері көрсетіп берді. Алдын-ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ үміт ақталмады, барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді: бұл белгіленген жоспардың 64%-і ғана. Оның себебі алдынала жасалынған малдың есебі дұрыс емес еді. Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды. Барлық тәркіленген малдың 10,2% отрықшы аудандардан, 83,3% жартылай көшпелі аудандардан және 6,5% көшпелі аудандардан еді. Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға (74,3%) және колхоздарға (25,7%) таратылып берілді. Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды. Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты. Олар қазақ қоғамынның экономикалық деңгейінің төмен екенін, сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай, ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды. Ал большевиктер болса бұл пікірлерге құлақ аспай, таптық принциптерінен ауытқымай, сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды. Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды. Байларды тәркілеуден қазақ кедейлері материалдық жағынан да, рухани жағынан да ештеңе ұтқан жоқ. Керісінше, байлардың малын тәркілеу «қайыршыланған» ауылдар халқының өсуіне әкелді. Қазақстандағы ауқатты шаруа қожалықтарын тәркілеу мал шаруашылығының даму қарқынын тежеді. Қазақстанда большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру тәжірибесінде тәркілеу саясатымен шектелмеді. Шаруа қожалықтарын біртіндеп, ерікті түрде коперативтендіру арқылы социалистік ірі ауыл шаруашылық ұжымына біріктіру туралы 1927 жылы желтоқсанда өткен партияның ХУ съезінің шешімдерін жүзеге асыруға кірісті. Алайда үкімет біртіндеп құрылып жатқан колхоздарға материалдық жағынан көмекті күшейту шарасының орнына, керісінше нұсқаулар беру арқылы күштеу әдістерінің кең етек алуына жол ашты. Орталық билік колхоз құрлысындағы біртіндеп өз-бетінше жүріп жатқан қозғалысты жоспарлы іс-әрекетке ұластырды. Үкімет органдарының жоспарлаған межелерін партия ұйымдары да қайта талқылады, соның нәтижесінде жоспардың өзі 141 бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. Ал енді бес жылдық жоспарды белгілеу кезінде мемлекеттік жоспарлау комитеті бұл жоспардағы санды тағы ұлғайтты. Жергілікті жерлерде жоғары басшылық белгілеген межеден асып түсу үшін күрес басталды. Оның күшеюіне Қазан революциясының 12 жылдық мерекесіне орай «Правда» газетінде жарияланған Сталиннің “Ұлы бетбұрыс жылы” деген мақаласы түрткі болды. Сталин “шаруалар жаппай мақтау тұтып келген жеке меншік туын лақтырып тастап, ұжымдастыру релсіне көшуде” деген пікір айтты. Ал 1929 жылы 10-17 қарашада өткен Б(б)КП Орталық Комитетінің пленумында Молотов та келесі жылы тек “ұжымдастырылған облыстар ғана емес ұжымдастырылған республикалар туралы да айтуға болады” деген көзқарасты білдірді. 1930 жылы 5 қаңтарда БК(б)П Орталық Комитеті «Ұжымдастыру қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек шаралары туралы» қаулы қабылдады. Қаулыда Орталық комитет жаппай ұжымдастыруды жүзеге асыру үшін елдің аудандарын үш топқа бөлді: Бірінші топқа осы ұжымдастыруға белгілі мөлшерде даяр деп есептелінген таза астықты аудандар жатты. Оларға Орта және төменгі Волга, Солтүстік Кавказ аудандары кірді. Ол аудандарда шаруа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931 жылдың көктемінде аяқтау белгіленді; Екінші топқа елдің Украина, Орталық қара топырақты облыстар, Сібір, Орал, Қазақстанның астықты аудандары жатты. Бұл аудандарда ұжымдастыруды аяқтау мерзімі бір жылға ұзартылды, яғни шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1932 жылдың көктемінде аяқтау қажет болды; Елдің бүкіл басқа өлкелері мен облыстары үшінші топқа енді. Бұл жерлерде шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1933 жылдың көктемінде, яғни бірінші бесжылдықтың аяғына қарай аяқтау жоспарланды. Көшпелі қазақ ауылдары осы үшінші топқа жатқызылды. Алайда Қазақстанда ұжымдастыру елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда баяу жүргізілуі тиіс деген пікірге Ф.И.Голощекин мүлде қосылмады. Ол Қазақстанның кенже дамыған аймақ екеніне қарамай, ұжымдастырудың жоғары қарқынын мақтаныш етті. Голощекин Жер халық комиссариатының комиссары Яковлевке (ол Бүкілодақтық ауылшаруашылық ұжымдары кеңесінің төрағасы) және РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т. Рысқұловқа жіберген жеделхатында 1929-1930 жылдары республикада ұжымдастыруды күшейту үшін жоспардың қайта қаралғанын, сөйтіп 1930 жылдың күзіне қарай ұжымдастырумен 350 мың шаруашылықтың қамтылатынын көрсетті. Осыған байланысты бүкіл республикадағы ұжымдастыру жоспары қайта қаралды. Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 проценті ғана ұжымдастырылса, 1930 жылы 50 проценті, 1931 жылдың қазанында 65 проценті ұжымдастырылды, яғни ұжымдастыру қарқыны жеделдетілді. 1931 жылы республикадағы 122 ауданның 78 ауданында ұжымдастырумен 70-тен 100 процентке дейін шаруа қожалықтары қамтылды. Шаруа қожалықтарын ұжымдастырудың жеделдетілген қарқыны күштеп жүзеге асырылды. Ұжымдастыруды жүзеге асыру барысында еріктілік, қоғамдастыру принциптері толық бұрмаланды. Ұжымдастыруға байланысты жүргізілген шараларда кімнің осы шараға қарсы екенін айқындау бірінші орынға қойылды. Кімде-кім қарсы болса, ол тіптен кедей шаруа болса да, тап жауы қатарына жатқызылды. Ұжымдастырылған шаруашылықтарға жұмыс күші болып саналатын малды ғана қоғамдастырудың орнына, барлық малды түгелдей алу шаралары жүргізілді. Күштеу, зорлық-зомбылық көрсету арқылы ұжымдастыру шаралары тездетілді. Күштеп ұжымдастырушылар қазақ қоғамындағы дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігін мүлде еске алмады. “Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын”, “Қайдан тапсаң онан тап, қаптың түбін қақ”, “Социализмде сотқа тартылмаған адам болмайды” деген ұр да жық ұрандар елдің түбіне жетті. Алайда ұжымдастыруды жүзеге асыру барысында жіберілген зорлық-зомбылықтар Орталық Комитеттің 1930 жылы 14 наурызда қабылдаған “Колхоз қозғалысындағы партия бағытын бұрмалаушылықпен күрес туралы” қаулысында партия бағытын бұрмалау деп қана бағаланды. Большевиктік орталық билік ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан шаралардың бәрін дұрыс деп есептеп, кемшіліктерді жіберіп отырғандармен күресу қажет 142 деді. Ол кемшіліктердің жалпы жүргізіп отырылған саясаттың қателігінен екендігі, яғни үкіметтің шешімдері мен солақай нұсқаулары нәтижесінде болып жатқаны мойындалмады. Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қарқынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК-нің 1930 жылы 1 ақпанда қабылдаған “Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы” қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай-кулактарды бөліп алып, оларды тап ретінде жою жүзеге асырылды. Бай-кулактарды үш топқа бөліп жазалады. Бірінші топқа контрреволюцияшыл белсенділер жатқызылды. Ондай топқа енген шаруалар бірден тұтқындалып, олардың ісі сотқа берілді. Екінші топқа ірі кулактар жатқызылды. Бұл топқа енген шаруаларды да бірден ұстап, солтүстікке немесе жаппай ұжымдастыру аудандарынан алыс аудандарға жер аударды. Ал, үшінші топқа кулактар отбасылары жатты. Оларды сол ұжымдастыру аудандарындағы колхоздар бөлген жерлерге қоныстандырды. Енді осы шаралардың жүзеге асырылуы барысында жазалануға белгіленген топтармен қатар сол үкім шығарылып, жазаға тартылғандар арасында орташалар, тіптен кедейлер де болған. 1928-1929 жылдарда бай-кулактар есебіне алынып жазаға тартылғандар, яғни қудаланғандар есебі 54 625 болды. 1931 жылы 5500 шаруа бай-кулак ретінде аласталды. Ал енді 1928 жылғы тәркілеу кезіндегі қазақ қоғамындағы бай-феодалдар саны тек 696 ғана болғанын ескерсек, бұлардың да кімдер екені белгілі. Бұл сандарды нақты деп айту қиын, себебі жауапқа тартатын органдардың саны өте көп болды. Мысалы, 1932 жылы Юстиция Халық Комиссары өзінің өте құпия хатында барлық жауапқа тартылғандардың бар болғаны 37,3 проценті кулактар екенін, ал қалғаны қатардағы еңбекшілер екенін мойындаған. Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аймақты түгел қамтығанын, бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30-дан астам үлкенді-кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара көтерілістері жатады. 1929-1930 жылдар аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Ф. Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929-31 жж. өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтардың негізгі себебін байлар мен дін басыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды. Кеңес үкіметі сонымен қатар көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіріп, бұрын болмаған әлеуметтік тәжірибеге жол берді. Мұның бірден-бір себебі астық мәселесін күрделендірген гипердинамикалық индустриалды даму жоспары болды. Өндірісте істейтін миллиондаған жұмысшылар мен қызметкерлерді тамақпен қамтамасыз ету міндеті тұрды. Ал Қазақстанда астықты аудандарды ұлғайту мәселесі егін егуге қолайлы жерлерді жайылымға пайдаланып отырған көшпелі шаруашылықпен қарама-қайшы келді. Міне, осы кезде көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіру жүзеге асырылды және ол ұжымдастырумен қатар жүрді. Отырықшылыққа көшетін қазақтарды үймен қамтамасыз ету мәселесі өте қажет және бірінші тұрған міндет деп санамады. Керісінше олардың өз киіз үйлерін пайдалануға болады деп есептеді. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен қатар, малдың көп бөлігі үкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды. О. Исаев Қазақстан өлкелік комитетінің YІ Пленумында 1929 жылы Қазақстанда 40 млн. бас мал болғанын, содан 1933 жылы 4 млн. ғана мал қалғанын мойындауға мәжбүр болды. 143 Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Аштықтан өлген адамдарды жинап, көмуге мүмкіндік болмаған. Аштықтың салдарынан адам етін жеу фактілері де өте көп болған. Осындай жантүршігерлік көріністер туралы мәліметтерді зерттеушілер тәуелсіздік алғаннан кейін архив қойнауынан алып жариялады. Аштыққа ұшыраған қазақтар босқын болып, елден шет аймақтарға үдере көшті. Қазақстаннан шет аймақтарға кеткен қазақ босқындарының ауыр да жанкешті тұрмысы туралы да деректер жеткілікті. Зерттеушілер 1930-1932 жылдары шетелге кеткен қазақтар санын, қайтып келгендерді шығарып тастағанда 1,3 млн. адамға жеткізеді. Қазақтардың аштықтан қырылуы және шет аймақтарға үдере көшуі нәтижесінде халық саны күрт азайды, яғни демографиялық апатқа әкелді. Мысалы, 1937 жылдың басында халық шаруашылығы есебінің бастығы М. Саматовтың Л. Мирзоянға берген мәліметі бойынша 1930 жылдың 1 маусымы мен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында халық саны 2 есеге кеміген. Қазақ халқының ауыр жағдайын Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамының баяндама хаттарынан және Ресейдің басшы мемлекет қайраткері ретінде жергілікті жерлерден Мәскеуге келіп түсіп жатқан басқа да мәліметтерден хабардар болған Т. Рысқұлов, көп кешікпей-ақ Сталинге хат жазады. Аштыққа байланысты жоғарғы партия мен үкімет басшыларына жазылған хаттар қатарын О. Исаевтің және “Бесеудің хаты” толықтырады. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте “Ауыл шаруашылығы туралы” қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы “кемшіліктерді түзеу” бағыты белгіленеді. Алайда қаулы өлкелік комитеттің жүргізген саясатын айыптамады, тіпті, ол қаулыда аштық туралы бір сөз жоқ. Қаулы егіншілік аудандарында жеке меншікте 2-3 бас сиыр, 10-20 бас қой, ал мал шаруашылығы аудандарында 100 бас қой, 8-10 бас ірі қара, 3-5 түйе, 8-10 жылқыға дейін ұстауға рұқсат берді. Қазақстанда 624 ферма таратылды. Жойылған товарлы фермалардан 216370 бас мал колхозшылардың өзіндік шаруашылықтарына пайдалануға берілді. Колхоздар мен совхоздардан 680 мың бас мал шаруалардың жеке меншігіне сатылды. Екінші бесжылдық жоспарды орындау кезінде, яғни 1933-37 жылдары Кеңес үкіметі ауыл шаруашылығында ұжымдастыруды аяқтау, ауыл шаруашылығын қайта құру, колхоздарды ұйымдық-шаруашылық жағынан нығайту міндеттерін белгіледі. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін большевиктік партия республика ауыл шаруашылығын саяси нығайту қажет деп, колхоздар жанынан саяси бөлімдер құрды. 1935 жылы үкімет колхоздарға жерді мәңгі пайдалануға берді. Осы жылы ТОЗ-дардан ауылшаруашылық артельдеріне көшіру басталды да, 1937 жылы бұл процесс толық аяқталды. Алайда, бұл жүргізілген шаралар колхоздарды нығайта алмады. Ауылшаруашылық өндірісінің өнімділігін арттырып, мал шаруашылығын өркендете алмады. Керісінше ауылшаруашылық артельдерінің жер пайдалану тәртібін бұзу орын алды. Колхозшылар тарапынан колхоз меншігіндегі жерлерден үй маңындағы жерлерді кеңейту кең өрістеді. Үй маңындағы жерлерді кеңейту көптеген колхоз мүшелерінің кохоз ісіне деген селқостығын күшейтті. Осыған байланысты кеңес үкіметі колхоз жерлерін тиімді иелену мәселесін көтеруге мәжбүр болды. Колхоздарды одан әрі нығайту шарасының бір бөлшегі ретінде ауылшаруашылығы артелдерінің тәртібін бұзушыларға қарсы күресті бастады. Үй маңындағы жерлерді өлшеп, артық жерлерді колхозға қайтарды. Большевиктер шаруашылыққа тікелей араласуды тоқтатпады. Мал шаруашылығының артта қалуын тікелей араласу жолымен шешуді көздеді. 1939 жылы 8 шілдеде БК(б)П Орталық комитеті “Колхоздарда қоғамдық малды дамыту шаралары туралы” қаулы қабылдайды. Осы қаулыда колхоздарда екі-үш товарлы фермалар (оның ішінде біреуі ірі 144 қара мал, екіншісі қой немесе басқа түліктен) құру белгіленеді. Осыған орай колхоздардар мал санын арттыруға ынталанады деген есеппен жаңа ет өткізу жүйесін белгілейді. Алайда, бұл негізінен колхоздарды күштеп малдың ұстауға тиімсіз түрлерін дамытуға итермелеген шаралар болды. Колхоздардың еріктілігі шектелді, әкімшілік басқару жүйесі одан әрі күш алды. Сонымен, Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру жолында жүргізген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарай дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.
4. 20-шы жылдардың екiншi жартысынан бастап И. В. Сталиннiң басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетiнiң дамуына үлкен кеселiн тигiздi. Оның үстемдiк eтyi нәтижесiнде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистiк партияның саясатына сәйкес жұмыс iстeyre тиiс болды. Әcipece, бұл халыққа бiлiм беру саласында ерекше көрінic тапты. Атап айтқанда, бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мiнез-құлқына сталинизмнiң догма­ларын талқылады. Мектептiң қызметi де бұрмаланды.
Бұл кезде халыққа бiлiм беру iсiнде, соның iшiнде оқу орындарында партиялық өмip күшейдi. Оқу-тәрбие про­цестерiн идеологияландырудың үстінде жалпы көрсеткiштi қудалау, оқу процестерiн формальды жүргiзу өрiстедi.
Тоталитарлық жүйенiң күшеюi халыққа жоғары бiлiм беру саласында да өз әcepiн тигiздi. Қазақстанньң жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөнiндегi қажетiн қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергiлiктi халықтың өкiлдерiнiң саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттiк университетiндегi 42 оқытушының 8 ғaнa қазақ болды. 1940 жылы Алматы малдәрiгерлiк-зоотехникалық институты сrуденттерiнiң арасында қазақтардың үлес саны 12-ақ пайызын қамтыған.
Партиялық-мемлекеттiк құрылымның идеологиялан­дырылған саясаты профессионалдық оқу орындарының жағдайына бәрiнен де көп зиян келтiрдi. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерiн қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейiн жургiзiлдi. Осының нәтижесiнде 30-шы жылдардың орта кезiнде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, Х. Досмухамедов, Т.Жүргенов, О.Жандосов және басқа аса көрнекті ғалым, педагогтардың өмірі қиылып кетті.
1928 жылы араб әрпi латын әрпiмен, ал 1940 жылы кириллицамен (орыс әрпiмен) күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бiр ұрпактың өмірі барысында қазақ өзбек, түркімен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшiлiгi араб жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игерiп, пайдалануға қабiлетсiз болып шыкты. Ал мұның өзi көптеген халықтардың тарихи зердесiн көмескiлеп, олардың белгiлi тобының мәңгүрт болуына әкеп соқтырғанының бер жағында, елдегi қазақтар Қытай Халык Республикасы, Aуғанстан, Иран сияқты елдердегi сауаттарын араб жазуымен ашып, кiтаптарды осы графикамен шығарып келген шетелдiк бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды.
1920-1930 жылдарда араб әрпiмен шыққан басылымды пайдаланғандар "пантуркист", "панисламист", тiптi, "халық жауы" деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кiтапхана қорларынан әкiмшiлдiк-төрешiлдiк жүйенiң теориясы мен практикасына мазмұн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың iшiндегi араб әрпiмен басылғандары аластатылды. Сонымен бiрге дiнге қарсы күрес сорақы­лықпен жүргiзiлдi. Шiркеулер мен мешiттердiң мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қopa-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, дiнге сенушiлердiң ар-ожданын аяққа басу, азаматтық сан ғасырлық мәдени және рухани өміріндегі құрамдас бөлiгi болып келген дiндi барша жұртқа құбыжық етiп көрсету халықтың орынды наразылығын туғызды.
Қазан төңкерiсiнен кейiн тоталитарлық жүйенiң үстемдiгiне, оның қайшылықтарына қарамастан Қазақтың мәдени дамуында кейбiр iлгерiлеушiлiктiң болғанын айту керек, оны бiз мәдени төңкерic деп атап келдiк. Бұл төңкерiс қилы-қилы жағдайлардың арқасында мүмкін болды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98 мың кiтабы бар 139 кiтапхана болса, 1925 жылы олардың саны 300-ге жеттi. 1929 жылы республикада 494 оқу үйi, 74 қызыл отау, 11 театр, 9 мұражай болды. Ауылдық жерде 1747 кiтапхана жұмыс iстедi. Бiрақ бұл кiтапханалар мен оқу үйлерi жөндi ғимараты жоқ, қарабайыр жағдайда өмip сүрдi. Олардың жұмысын жүргiзушi адамдардың сауаттары да, кәсiптiк дәрежесi де төмен едi. Тiптi қалалардың өздерiнде мәдени ошақтарда iстейтiн адамдардың бiлiм деңгейi көбiнесе төмен болатын. Бiрақ бiлiмге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта-ықыласы мәдениет ошақтарының қарапайым формада болса да көбейе түсуінe жол ашты.
Республикада мерзiмдi баспасөз және кiтап шығару ici дамып келе жатты. "Степная правда" /қазiргi "Казахстанская правда"/ және "Еңбекшi қазақ" газеттерi, "Қазақстан" жорналы шыға бастады. Кеңес өкiметiнiң алrашқы жылдарында газеттер мен жорналдар көбiнесе мемлекеттiк, кәсiподақтық, кооперативтiк қордың есебiнен жаздырылып алынды және мәдени-ағарту мекемелер желiсiне, кеңестiк және кооперативтiк ұйымдарға келiп тұрды. Газеттер жұрт көп жиналатын жерлерге iлiндi, оларды дауыстап оқып беру ici ұйымдастырылды. Қазақстанның белгiлi көптеген мәдениет қайраткерлерi өздерiнiң шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды.
1925 жылы республикада не бары 31 газет, оның iшiнде қазақ тiлiнде 13 газет шык:ты. Кейiн олардың қатары өсе бердi. 1930 жылы Қазақстанның 27 ауданында өз газеттерi шыға бастады. 1931 жылы республиканың "Еңбекшi қазақ" газетiнiң 900 қоғамдық тiлшiсi iстедi. 1926 жылы не бары 41 газет шықса, бiрiншi бесжылдық жылдарында 120 газет, оның iшiнде қазақ тiлiнде 62 газет шығып тұрды. Олардың қатары жыл санап толығып, екiншi бесжылдықта жалпы саны 280-ге жеттi.
Республикада кiтап бастыру ici едәуiр дамыды. Шыға­рылатын кiтаптардың таралым данасы өстi. 1925 жылы 443 мың дана таралыммен 96 кiтап шықса, 1930 жылдары үш миллион даналық 200-ден аса кiтап шығарылды. Олардың арасында Кеңес өкiметiнiң саясатын насихаттауға байла­нысты басылымдар көп болғанын айтқан жөн.
Сауатсыздықпен күресте орасан зор жұмыс жүргiзiлдi. 1919 жылы 26 желтоқсанда В. И. Ленин РКФСР халқы өкімет орындарына мектеп ұстау үшiн қаржы жинауға, отын мiндеткерлiгiн белгiлеуге рұқсат берiлдi. Халық шаруашы­лығын қалпына келтiрудегi табыстардың нәтижесiнде мектептердiң жағдайы бiрте-бiрте жақсара түстi, Мәдениет мекемелерiне халықтың жәрдемi көбейдi. Бiрқатар жерлерде мұғалiмнiң жалақысы жергiлiктi болыстардың қаражаты есебiнен, ал жарықты пайдалану, оқулықтар алу, мектептi жөндеу ауыл шаруашылық және тұтыну қоғамдарының қаржысы есебiнен жүзеге асырылды.
1923/24 оқу жылында бастауыш және жетi жылдық мектептер 15 пайызға өстi. 1924/25 оқу жылында Қазақстанда 2351 бiрiншi басқыш мектеп (бастауыш мектеп), оның iшiнде 747 қазақ мектебi, 25 мектеп-коммуна және 68 жетi жылдық мектеп пен екiншi басқыш мектеп жұмыс icтедi.
1926 жылы мамыр айында "ҚАКСР-iндегi бірыңғай еңбек мектебiнiң жарғысы" қабылданды. Бұл тұста ресми деректер бойынша Қазақстанда 1600 мектеп болды деген мағлұмат бар. Бiрақ ол мектептердiң жәйі туралы 1927 жылғы "Еңбекшi қазақ" газетiнiң 14 шiлдедегi санында 1600-ге жуық қазақ мектептерi бар, бiрақ олардың iшiнде ғимараты бар мектептердiң саны қырыққа әзер жетедi деп жазылды. Сол жылы қараша айында болған өлкелiк төртiншi партия конференциясында жасалған баяндамада: "Қағазда ауыл­дағы мектептердiң саны көп, ал шындығында ауылда ешқандай да мектеп жоқ. Егер де ауыл мектептерiнiң үйi болса, онда бұл үйлерде орындық жоқ, егер орындық болса, онда оқулықтар жоқ..."- деп көрсетiлдi. Орасан көп цифр есептерге қарамастан ауылдағы мектептердiң жайы 60-шы жылдардың орта шенiне дейiн оңалып кете алмағанын айта кетуiмiз керек. Taғы бiр айта кететін жай, орыс поселкелерi мен ауылдардағы мектептердiң материалдық және басқа жағдайларында үлкен айырмашылық болды. Мұстафа Шоқай "Түркiстанның қилы тағдыpы" деген кiтабында / Алматы, "Жалын" , 1992/ былай деп жазады: "Қазақтар Сырдария губерниясындағы барлық халықтардың 79 процентiн құрай­ды, ол барлық еуропалықтарды /орыстарды, украиндарды, белорустарды, немiстердi және басқаларын қоса есеп­тегенде бар болғаны 9,5 процент, соған қарамастан Сырдария губерниясының мектептерiнде оқитын қазақ баласы бар болғаны 6-ақ процент, орыс балалары-53,6 процент... Басқаша айтқанда, кеңес үкіметі қазақтардың ақшасына орыс келiмсектерiнiң баласын оқытады» Мұндай жағдай Сырдария губерниясынан басқа жерлерде де орын алды.
Ауылдық мектептерде оқу мерзiмi қысқарақ болды, қазақ балаларының орыс тiлiн үйрену үшiн жетi жылдық мектептерге сегiзiншi жыл қосылды. Бiрiншi басқыш мектепте балалар 4 жыл оқыды. Жетi жылдық мектепте eкi түрлi болды: оның төрт жылдығы бiрiншi басқышқа сай келдi, ал екiншici толық емес орта бiлiм бердi. Екiншi басқыш мектеп (тоғыз жылдық мектеп) үш түрлi оқытудан тұрды, бiрiншiсi мен екiншiсi жетi жылдық мектепке сай келдi, ал үшiншiсi толық орта бiлiм бердi. Бiрiншi басқыш мектептерге теңесетiн жасы асқандар мектептерiнде 14-17 жастағы балалар 1-2 жыл, әpi кетсе 3 жыл iшiнде бастауыш бiлiм алды. Әдетте бұлар мемлекет қарауындағы мектеп-'интернаттар болды. Көшпелi және жартылай көшпелi аудандар үшiн интер­наты бар мектептер, мектеп-коммуналар құрылып, олардың бүкiл тұрмысын ұстаздардың, тәрбиешiлердiң бақылауымен оқушылардың өздерi басқарды. Кластағы сабақтарға қоса балалар жаттығу шеберханаларында /ағаш шеберi, етiкшiлiкe үйренетiн, т.б./ немесе қосалқы шаруашылықта жұмыс icтедi, бос уақыттарында табиғатты тамашалап,
спортпен айналысты, көркемөнерпаздар үйiрмелерiне қа­тысты. Әдетте, мектеп-коммуналар сол маңайдағы басқа мектептер үшiн оқу-әдicтемелiк орталыққа айналды.
Республикада қазақ тiлiндегi алғашқы оқулықтар Қазан қаласында бастырылды. Орыс тiлiндегi оқулықтар Мәскеу­ден алдырылды. Қазақ тiлiнiң тұңғыш әлiппесiн жасап, соңынан iз салған жаңашыл ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов елде oқy-ағарту iciн дамытуға үлкен еңбек сiңiрдi. Ол жазған мектеп окулықтары 1927-1928 жылдарға дейiн пайдаланылып келдi. Қазақ оқушыларының ересек буыны сауатын Байтұрсыновтың "Әлiп-биiмен" ашып, ана тiлiн Байтұрсыновтың "Тiл құралы" арқылы оқып үйрендi.
1933 жылдан бастап бастауыш мектеп 4 кластық, орталау мектеп 7 кластық және орта мектеп 10 кластық болып қайта құрылды. Қоғамдық саяси пәндердi оқытуға және оқушы­ларға жаңаша идеялық тәрбие беруге ерекше мән берiлдi. Екiншi бесжылдық жылдарында республикада мұғалiмдер саны eкi еседен астам көбейiп, 14 мыңнан 31 мыңға жеттi.
Қазақ AKCP-i құрылғаннан кейiн ғылым, өнер мәсе­лелерiнiң бәрiн және архивтердi ағарту халық комис­сариатының ғылыми бөлiмi немесе секторы басқарды. Ол 1921 жылғы тамыз айында академиялық орталық болып қайта құрылды. Оның бастамасымен 1924 жылы алғашқы архео­логиялық карталар жасалды, қазақ халқы тарихының жекелеген мәселелерi, оның iшiнде халық-азаттық қозғалысының тарихы зерттеле бастады. 1926 жылы КСРО Fылым Академиясының Қазақстандағы табиғат ресурстарын зерттеу жөнiндегi экспедиция құрылды. 1932 жылғы наурызда Алматыда КСРО Fылым Академиясының тұрақты базасының құрылуы республика ғылымының дамуында маңызды кезең болды.
Бұл тұста ауыл шаруашылық ғылымын өркендету үшiн арнаулы ғылыми орындар: егiншiлiк, ауыл шаруашылығы, экономика, электрлендiру, су шаруашылығы, жемiс-жидек институттары ұйымдастырылды. 30-жылдардың екiншi жартысында Қазақстан ғылымы одан әpi өркендедi. 1940 жылдың қарсаңында Қазақстанда 110 ғылыми-зерттеу мекемeci жұмыс iстедi және оларда 1727 ғылыми қызметкер еңбек eтті. КСРО Fылым Академиясының Қазақстандық базасы 1938 жылы КСРО Fылым Академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылуы республикада ғылымды жаңа белестерге кетеру ушiн мол мүмкіндіктерге жол ашты.
30-шы жылдары Қазақстанның әдебиетi мен өнеріне бiраз өзгерiстер, елеулi оқиғалар болды. 1934 жылғы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының 1 съезi болып, онда халықтардың рухани қазынасынан нәр алған қазақ әдебиетiнiң М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, 1. Жансугiров, Б. Майлии, М. Әуезов, Ж. Аймауытов сияқты саңлақтармен бiрге қазақ әдебиетiнiң қаулап өсiп келе жатқан мол жеткiншектерi бар eкені көрiндi. Келесi жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдың туғанына 90 жыл толуын бүкiл Кеңес елiнiң халықтары атап өттi. 1936 жылы республика еңбекшiлерi Сәкен Сейфуллиннiң әдеби қызметiнiң 20 жылдығын мере­келедi. Қазақстанда қазақ жазушыларымен бiрге осындағы туысқан халықтардың өкiлдерi орыс, ұйғыр, татар қаламгер­лерiнiң шығармашылығы да кең өpiскe шығып келе жатты.
Осындай жетiстiктерге қарамастан 1937 жылы сталиндiк қанды тырнақтың жазықсыз жандарды қудалау, тұтқындап жер аудару, сотсыз содырлық жасап ату, жою процесi кең өpic алды. С. Сейфуллин, 1. Жансүгiров, Б. Майлин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов сияқты қазақ халқының тұлғалы ұлдары "халық жауы" деген айып тағылып, қасiреттi қудалаудың құрбаны болды.
20-шы жылдары қазақ көркем театрының дамуы бас­талды. 1926 жылғы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында қазақтың тұңғыш драма театры ашылып, М. Әуезовтiң"Еңлiк-Кебек" пьесасын қойды.
1932 жылы республикада тұңғыш музыка-драма техникумы, ал 1934 жылы бiрiншi музыкалық театр ашылды. Сол жылы либереттосын М. Әуезов жазған "Айман-­Шолпан" музыкалық комедиясының қойылуы қазақ опера­сының туғанын паш еттi. 1937 жылы қазақтың музыкалық театры опера және балет театры болып қайта құрылды. Қазақ драма театры да айтарлықтай табыстарға жеттi.
Республикадағы маңызды оқиғалардың бiрi кино өнерiнiң дүниеге келуi едi. 1938 жылы "Аманкелдi" фильмi экранға шығып, ұлттық кино өнерiнiң ipreci қаланды.
1936 жылы май айында Москвада өткен Қазақстан әдебиетi мен өнерiнң aлғaшқы онкүндігi қазақ әдебиeтi мен өнер жетiстiктерiнiң айғағы болды. Үкімет қазақ халқының әдебиет пен өнер қайраткерлерiнің таланты мен шеберлiгiн жоғaры бағалады. Жазушылардың, артистердiң" мәдени құрылыс қайраткерлерiнiң үлкен бiр тобы - Ж. Жабаев, С. Сейфул­лин, А. Жұбанов, Т. Жүргенов және басқалар үкiмeт награда­ларына ие болды. К. Байсейiтова КСРО Халық артисi деген жoғaры атақ алды, ал көп адамдаpғa Қазақ КСР-iнiң халық артисi және еңбек сіңірген артисi деген атақтар берiлдi.
Қорытып айтқанда, көптеген қиыншылықтарға, бұрмалау­шылықтapғa, кемшiлiктeрге қарамастан Қазақстанда 20-шы және 30-шы жылдарда мәдени дамуда бiрсыпыра iлгерлеушi­лiктер орын алды. Егер 1937-1938 жылдары «сталиндiк жезтыр­нақ аппарат» қазақ зиялыларын қудаламағaнда бұл табыстар қомақтырақ болуы мүмкiн eдi. Сондай-ақ республика мәдениетiнiң одан әpi кеңiнен дамып, құлаш жаю процесiне 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы да кepi әcepiн тигiздi.
5. Кеңес үкіметі таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды. Жалпы мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондықтан да қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлі мәдени мұралары, ескі феодалдық құрлыстың қалдықтары деп, ұлттық санадан аластатылды. Сонымен бірге халықтың тарихи санасын жоюға бағытталған шараның бірі 20-шы жылдардың аяғында ғасырлар бойы пайдаланып келген араб алфавитін латынға ауыстыру, сосын оны 1940 жылы кириллицаға ауыстыру болды. Соның нәтижесінде бір ұрпақтың ғана ғұмырында қазақтар өзінің төл жазуымен дүниеге келген ұлттық рухани мәдениеттің жетістіктерінен айырылды. Бұл жүргізілген шаралардың бәрі де большевиктік тәртіптің күшейгенін, әкімшіл-әміршіл жүйенің толық орныққанын көрсетеді. Большевиктер партиясы демократиялық мемлекет құрамыз, ұлт мәселесін ұлттардың өзін-өзі билеу принциптерімен шешеміз деп көлгірсігенімен, шын мәнінде, олар партияның ықпалын арттыра отырып, бір орталыққа бағынған мемлекет құрды.Большевиктер құрған қазақ автономиясы дербес автономиялық республика атанғанымен, Ресейдің бөлінбес бөлшегі болды. Өлкені басқару мәселесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолына толық берілмеді. Шын мәнінде, бұл Қазақстанды кеңестік саяси отарлау еді. Большевиктердің ұлттық аймақтарда жүргізіп отырған саясатын ашық айыптап, оның бет пердесін айқындаған М. Шоқай болды. Ол XX ғасырдағы қазақ саяси эмиграциясының тарихын бастаушы болды. Эмиграция сөзінің мағынасы экономикалық, саяси және діни себептерге байланысты өз еркімен немесе еріксіз басқа мемлекетке қоныс аударуды көрсетеді. Түркістан саяси эмиграциясы тарихи көрініс ретінде 1917 жылғы Ресейдегі революциялық сілкіністер нәтижесінде пайда болды. Қоқан автономиясы қуылған соң М. Шоқай Францияға қоныс аударады. Онда ол Париждің “Дни”, “Последние новости“ газеттерінде Түркістандағы ішкі саяси жағдайға талдау жасаған мақалаларын жариялайды. 1929-39 жылдары ол “Яш Туркестан“ журналын (117 нөмірі жарық көрді) шығарып, оның беттерінде кеңестік Түркістан мен дүние жүзіндегі оқиғаларға кең сыни талдау жасайды. Большевиктердің елде кеңес үкіметін орнату жолдары мен әлеуметтік саладағы социалистік қайта құру саясаты қазақ зиялыларының қарсылығын туғызды. Алайда, осы социалистік қайта құру саясатын жүзеге асыру үшін белгіленген реформаларды пікір-талас негізінде талқылап, олардың дұрыс-бұрыстығын анықтаудың орнына партия басшылары, өз көзқарастарын білдірген қазақ партия және кеңес қайраткерлерін айыптады. Өлкедегі жалпы большевиктік айыптау және қуғындау саясатының ең алғашқысы түрікшілдікті айыптау болды. 1920 жылдың 20-26 қаңтарында Ташкент қаласында Түркістан коммунистік партиясының конференциясы өтеді. Онда мұсылмандар бюросының төрағасы Т.Рысқұлов “Ұлт мәселесі және ұлттық коммунистік секциялар” туралы баяндама жасады. Онда Түркістан республикасында Ресейден түбірлі айырмашылығы бар ұлт саясатын жүргізу үшін ең алдымен негізі берік саяси ұйым құру қажеттілігі туралы айтылды. Конференция Т. Рысқұлов ұсынысымен жаңа саяси ұйымды “Түрік халықтарының коммунистік партиясы” деп атауға шешім қабылдады. Т. Рысқұловтың түрікшілдік идеяны жүзеге асырудағы ең батыл қадамы Мұсбюроның төтенше ІІІ конференциясында (1920 жылы 25 қаңтар) “Түркістан автономиялылығы туралы” тезистерін қабылдау болды. Т. Рысқұловтың Түрік республикасын құру туралы идеясы келешектегі түрік мемлекеттерінің конфедерациясын құруға апаратын жол еді. 1917 жылы Түркістан (Қоқан) автономиясын ұйымдастырған Мұстафа Шоқайдың арманы да осындай конфедерациялық мемлекет құру еді. Алайда, большевиктер Т.Рысқұловтың “Түрік республикасын құру” туралы идеясына қарсы шығып, ұлтшыл деп айыптады. Сталин басшылығымен қазақ зиялыларына тағылған айыптау айдарлары “ұлтшылдықпен” шектелмеді. Сонымен қатар қазақ байларын тәркілеу саясатын қолдамай, керісінше қазақ қоғамы сілкіністен гөрі көмекке зәру деген көзқарастағы қазақ 147 қайраткерлерінің пікірлерін айыптау кең етек алды. 1929 жылы партиялық үштіктер арыз айту бюросының қызметін күшейтіп, барлық салада партия нұсқауымен “оңшыл және солшыл оппортунистік уклонмен” күресу жұмыстарын өте қарқынды түрде жүргізді. 7 партия конференциясында “солшыл жалаудың тасасына жиі-жиі жасырынатын оңшылбайшыл ағым делінетінмен” күресуге партия ұйымдарын шақырады. Қазақстанда “оңшыл ағымға” Голощекиннің ауылда ”Кіші Қазан” төңкерісі қажет деген пікіріне қарсы шыққан С. Сәдуақасов және оның пікірлестері жатқызылды. Ал енді Қазақстанда қазақ кеңес және партия қайраткерлерін троцкизмге айыптау Троцкийдің 1928 жылы Алматыға жер аударылуына байланысты деуге болады. Алайда троцкистік оппозицияға қазақ қайраткерлерін жатқызу көңілге мүлде қонымсыз еді. Себебі, қазақстандық саяси қайраткерлер троцкизм тұрмақ әлі толық марксизм-ленинизм идеяларын толық меңгермеген еді. Осыған қарамастан 7-партия конференциясында С. Сәдуақасов, Сұлтанбеков және Мұстамбаевтар “троцкистік оппозицияның төңірегіне топтасқан негізгі ядро” ретінде айыпталды. Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күресі ең қатал және ымырасыз болды. Егерде 1920 жылдардың орта кезіне дейін большевиктер Алаш зиялыларына қарсы күресте әртүрлі айыптаулармен ғана шектелсе, одан кейінгі кезеңде ол өте-мөте қатал жаппай саяси қуғынға ұласты. Алаш зиялыларына қарсы күрестің жандануына 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросына өлкелік “Ақ жол” газетінің ұстанған бағытын айыптап арнайы жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жарияланған мақалалардың бұл кезде шет елде эммиграцияда жүрген М. Шоқайдың ойымен “үндес және пікірлес екенін, яғни алашордашыл, ұлшыл идеяларды жаңғыртатыны” атап көрсетілді. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай көзқарастағы партияда жоқ зиялы қауым өкілдерін жастарды тәрбиелеуге жібермеу ескертілді. Көп кешікпей-ақ, 1926 жылы болған партия конференциясында Ф. Голощекин басында А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов сияқты қазақ зиялылары тұрған ұлттық қозғалысты “реакцияшыл, тіптен контрреволюцияшыл” деп бағалады. Кеңес өкіметінің өлкедегі әртүрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталсақ, ол мынандай жағдайға байланысты болды. Большевиктер ірі байларды тәркілеуге байланысты бас көтерулерді ұйымдастырушылар деп қазақ интеллигенциясын айыптап, оларға қарсы шабуылды бастады. Соның нәтижесінде 1928-шы жылдың аяғында қазақтың ірі ағартушылары, әдебиетшілері, әртүрлі саладағы зиялылары және Алашорда қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Габбасов және т.б., барлығы 44 адам қуғындалып, тұтқындалды. 1930 жылдың қыркүйек қазан айларында ұлттық интеллингенцияның екінші бір тобы (40 - қа жуық адам), құрамында Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышпаев, Ж. Ақпаев, Ә. Ермеков және өзге де зиялы қауым өкілдері бар, тұтқындалды. Көп кешікпей олардың 15- і (Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышпаев, Ж. Ақпаев, К. Кемеңгеров және басқалары) Ресейдің Орталық қара топырақты ауданына жер аударылды. Мұндай іс-әрекеттердің барлығы большевиктердің өздеріне идеялық жағынан қарсылық көрсете алатын зиялылардан құтылу жолы екенін байқатады. Болшевиктік тәртіп нығайған сайын қоғамдық өмірді толық бақылауға алу күшейді. 1930 жылдардың ортасындағы қоғам мүшелеріне қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргінрепрессия саясатын жаппай халыққа қарсы бағытталған террор деуге болады. Жаппай қуғын-сүргінді ұйымдастыру үшін большевиктер социализм жеңісі күш алған сайын тап күресі шиеленіседі деген тұжырымды желеу етті. Елді жаулардан тазарту процесі кезінде большевиктер неше түрлі “террористік ұйымдардың” бетін ашты. Әр түрлі қыспақ пен қысым жасау нәтижесінде террористік ұйым мүшелері өздерінің күнәларын мойындап шыға келді. Мысалы, 1936 жылы тамызда троцкистік-зиновьевтік террористік орталық жөнінде 148 ашық процесс болды. Бұл іс бойынша Г. Е. Зиновьев, Б. Каменев, Г. Е. Евдокимов, барлығы 16 адам жауапқа тартылды. Жауапқа тартылғандарға С. М. Кировты өлтіруді ұйымдастырды және оны жүзеге асырды, Сталиннің өміріне қастандық даярлады, диверсия, шпиондық әрекет жасады деген кінәлар тағылды. Жаппай репрессия толқыны Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда бір жылдың ішінде үш іс қарастырылды. Олар Үржар, Пресновка және Қарағандыдағы “контрреволюциялық ұлшыл-фашистік залалдық ұйымдардың” істері болды. Ең алғашқы іс Қарағандыдағы сот ісі болды. Ондағы айыпталушылар тізімінде округтік партия ұйымының хатшысы М. Гатаулин, мүшелері А. Асылбеков, Н. Нұрсейітов болды. Олардың негізгі кінәсі – батылдылығы мен принципшілдігі. Сонымен қатар Гатаулин 1932 жылы Сталинге жазылған “Бесеудің хаты” авторларының біреуі болып табылады. Олар 1937 жылы қарашада өткен сот процесінде өздерінің “Мәскеудегі “троцкистік орталықпен” қалай байланыс орнатып, олардың тапсырмасын Қазақстанда қалай жүзеге асырғандарын” мойындады. Кейін халық жауларын түсті металлургиядан, темір жол транспортынан, жерхалкомынан, байланысхалкомынан және т. б. жерлерден анықтап, жауапқа тарта бастады. Партия кеңес қайраткерлерінің тізімін Н. Нұрмақов (БОАК президиумының жауапты қызметкері), Т. Рысқұлов (РКФСР ХКК төрағасының орынбасары) Мәскеуде ұсталып бастаса, кейін ол тізімді Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы А. Асылбеков, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы Н. Нұрсейітов жалғастырды. Өлкенің партия және кеңес қызметкерлерін айыптап жауапқа тарту шаралары нәтижесінде көрнекті қайраткерлер: К. Сарымолдаев, У. Кұлымбетов, Г. Тоғжанов, А. Лекеров, А. Розыбакиев, Ж. Садвакасов, И. Құрамысов және т.б. ұсталып ату жазасына немесе лагерлерге ұзақ мерізімге айдалды. Тіпті орталықта не болып жатқанын білмейтіндер тағылған айыптардың еш дәлелсіздігіне қарамай жазаланды. Мәселен, 1938 жылы 27 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрамдық бес азамат “Киров жолдасқа қастандық жасаушылармен ауыз жаласқан саяси қылмыскерлер” болып шығады. Жауап алу барысында Сайрамда “буржуазияшыл-ұлтшыл топтың” 12 мүшесі анықталып, ол топ “облыстық ұйыммен”, облыс “республикалық топпен байланысты”, ал олардың барлығы “Мәскеумен тоғысты” деген қорытынды жасалады және үштіктің шешімімен “қылмыскерлер” атылады. Тергеу ісінің материалдары көрсеткендей айыпталушыларға байланысты қылмыстықпроцессуалдық кодекс дөрекі бұрмаланған. Оның бұрмаланғанын төмендегідей дәлелдер көрсетеді: тергеу жұмысы қылмыстық іс қозғау туралы қаулысыз жүргізілген және айыпталушылар ешбір негізсіз және прокурордың рұқсатынсыз қамалған. Айыпталушыдан жауап алдын ала кінәлі адам ретіндегі көзқарас тұрғысынан алынған және көптеген айыпталушыларға ешбір белгілі кінә тағылмай, олар айлап тергеусіз ОГПУ-дің түрмелерінде жатқан. Ал тергеу аяқталған соң айыпталушылар тергеу материалдарымен таныстырылмаған. Айыпталушылар қорғаушы пайдалану құқығынан айырылған. Іс осындай деңгейде, ешбір бекітілусіз, сот емес органдарға жіберілген және олар сырттан үкім шығарған. Жаппай репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы азаматтары, тіпті, олардың ішінде кеңес өкіметін орнатуға қатысқан А. Айтиев, С. Арғаншеев, Т. Рысқұлов, Н. Сырғабеков сияқты қайраткерлер де атылып кетті. Жалпы сталиндік қуғын-сүргін көлемі әлі толық анықтала қойған жоқ. Кей деректерде 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмелерге түсіп, 22 мыңы атылды десе, басқа деректер 1930-50 жылдары 100 мыңнан астам адам репрессияға ұшырады, оның ішінде 20 мыңнан астамы атылғанын айтады. Большевиктік жаппай репрессия саясаты кезінде жекелеген адамдар ғана емес, кішігірім халықтар да қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа шекті. Ондай жапа шеккен халыққа корейлер жатады. Қазақстандық корейлердің негізгі бөлігі кезінде Қиыр Шығыс өлкесінен жер аударылды. Олардың жер аударылу себептерін КСРО ХКК-і мен БК(б)П Орталық комитеті бірігіп шығарған “Корей халқын Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық 149 аудандарынан көшіру туралы” қаулысы бір ауыз сөзбен: “Қиыр Шығыс өлкесіне жапон шпионажының еніп кетуіне жол бермеу мақсатында…” – деп жауап береді. Қаулыда оларға өздерімен бірге заттарын, дүние-мүліктерін ала кетуге рұқсат етілді. Тіпті, оларға шет елге кетуді қалайтындарға кедергі жасамау, шекарадан өтуді оңайлату тәртібіне жол беру қажеттілігін де көрсетті. Көшкенде қалдырып кетуге мәжбүр болған дүние-мүліктің және егіс алқабының шығынын оларға қайтару шарасы да атап көрсетілді. Алайда айтылғандар тек сөз жүзінде қалды. Көшкен корейлер тек киім-кешек пен азық-түліктерін ғана алып шыға алды. Олар сонымен бірге шекара әскерлерінің және НКВД-нің тікелей бақылауында болды. Корейлер Қазақстанға келген соң да күдікті саналып, бақылауға алынды және қуғынсүргінге ұшырады. Қазақстан картасында Карлаг деген ерекше тәртіптегі Қарағанды еңбекпен түзеу лагері пайда болды. Тоталитарлық тәртіп туындатқан тағы бір лагер – Алжир деп аталды. Жаппай репрессияға ұшырағандардың от-басы да қуғындалды. Алжир лагерінде осы қуғынға ұшырағандардың әйелдері ұзақ жылдар бойы мерзімдерін өтеп отыруға мәжбүр болды. Кеңес үкіметі жүргізген қуғын-сүргін саясаты нәтижесінде осы қуғынға ұшырағандарды орналастырып, оларды бақылайтын басқару органы ГУЛАГ пайда болды. Елдегі осындай қуғын-сүргін мен қорқыныш күш алып тұрған жағдайда КСРО жаңа Конституциясының жобасы талқыланып, 1936 жылы 5 желтоқсанда қабылданды. Конституция елде социализм орнағанын жария етті. КСРО жаңа Конституциясы одақтас республикалар санын көбейту мүмкіндігін арттырды. Соған сәйкес Закавказ республикасы таратылды. Азербайжан, Армян, Грузин республикалары енді КСРО құрамына тікелей енді. Қазақ және Қырғыз автономиялық республикалары одақтас республикаларға айналды. Қазақ республикасының статусының өзгеруіне байланысты жаңа Конституция жасау қажет болды. 1937 жылы 3 ақпанда жаңа Конституция жобасын ҚазОАК-нің Президиумы қолдады. 1937 жылы 21-26 наурызда Алматыда Қазақстан кеңестерінің X съезі өтті. 1937 жылы 26 наурызда съезд Қазақ КСР-ның Конституциясын бекітті. Мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органы төрт жылға сайланатын Қазақ КСР Жоғары Кеңесі болды. Жоғары Кеңес өзінің Президиумын сайлады және республика үкіметі - Халық Комиссарлар Кеңесін (ХКК) құрды. Конституцияда республика территориясының тұтастығы негізделді. Қазақ КСР-ның әрбір азаматы КСРО азаматы болып табылды. Сонымен, қорыта айтқанда, 20 жылдардың аяғы мен 30 жылдары әкімшіл-әміршіл большевиктік тәртіп қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында үстем болды. Әсіресе, Қазақстанда бұл тәртіптің өте ұсқынсыз, қатыгез формалары ұжымдастыру мен 1937-1938 жылдардағы саяси репрессия кезеңдерінде күш алды. Кеңес үкіметі, яғни халықтың үкіметі, сол халықтың өзіне қарсы қуғын-сүргінді ұйымдастырып, жазықсыз ату-асу жазаларын қолданды. Елде большевиктер басшылығымен халыққа қарсы жаппай “үлкен террор” ұйымдастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет