Байланысты: Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар 2022-2023жж docx
3. Жер мәселесі. ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі. Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлiгi-қоныстандыру саясаты. Помещиктер мен империалистiк буржуазияның мүдделерiне сай келген қоныс аудару мәселесiне патша өкіметі XIX ғасырдың екiншi жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткенi Ресейдекрепостниктiк хұқықтың жойылуы және әлеуметтiк - әкiмшiлiк жөнiндегi реформалар аграрлық мәселенi толық шешкен жоқ. Ресейдiң орталық аудандарында шаруалар толқулары тоқтамады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшiн бiрқатар шаралар қолданды. Қоныс аудару шаралары сол саясаттың бiрi едi. Сiбiрдi, Қазақстанның солтүстiк, батыс, орталық және оңтүстiк шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Ресейден шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзiне тірек жасамақ болды
Әскери-әкiмшiлiк отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жерiне ағылып келуiне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын iске асыру жолында Жетiсудың бiрiншi - әскери губернаторы Колпаковскийдiң бастауымен 1868 жылы "Жетiсуда шаруаларды қоныстандыру туралы ережелер" бекiтiлдi. Осы ереже бойынша коныстанушыларға 30 десятина жер бөлiндi. Қоныс аударушылар 15 жыл мерiзiмге алым-салықтан, рекруттық әскери мiндеткерлiктен босатылды. Мұқтаж отбасыларға керек-жарақтар алу үшiн ақшалай көмек берiлдi. Патша өкіметі 1889 жылы 13 шiлдеде "Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз epкімен қоныс аударуы туралы" арнаулы ереже бекiттi. Бүл ережеде жердi бекiтiп берудiң тиянақты мөлшерi белгiленген жоқ, жергiлiктi өкімет орындарына өз қалауынша белгiлеуге epiк берiлдi.
Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бiрi - Сiбір темір жол комитетi едi. Елдiң шығысындағы бiрсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейiн, шаруалардың қоныс аударуы кең етек алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетicу, Семей, Орал, Торғай облыстарында жүргiзiлдi.
Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейiн Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартылып алынып, 10940 адам халқы бар 24 жаңа село пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина eгicтік жер тартып алынды. 1884-1892 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкелiп қоныстандыру, Сырдария облысындағы Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерiн кеңiнен қамтыды.
Қоныс аударушылар Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен ғaнa емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келдi. Өйткенi, қазақ даласы ұлан-ғайыр кeңдiгiмeн, кең-байтақ жерде eгiн шаруашылығына да, мал шаруашылығына да жарамдылығымен қызықтырды. Мәселен, 1900 жылғы халық caнағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында / Ақмола, Орал, Торғай, Семей, Жетicу / ғaнa 3463598 адам болса, оның iшiнде Еуропалық Ресейден келгендер 247 мыңдай адам, Сiбiрден - 42119, Орта Азиядан - 23530, Польшадан - 1191, Кавказдан 1672, Финляндиядан - 72, басқа жерлерден 3557 адам келдi. Сөйтiп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушiлер өлкенiң барлық халқының 10,5 процентiн қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.
Патша өкiмeтi Қазақстанның кең даласындағы ен байлықты өзiнiң шикiзат қоймасына, елдi өндipic тауарларын сататын сауда аймағына айналдырды. Мал, жүн, тepiнi cу тeгiнгe сатып алып, өте қымбат бағаға өндiрic тауарларын сатып, қазақ халқын аяусыз қанады. Патша әкiмшiлiк органдарының бастықтары мырзалық жасап, қазақтардың шұрайлы жерлерiнiң әр десятинасын он тиыннан оңды-солды сатты.
Отарлау саясаты қазақтардың тек материалдық жағдайын ғана емес, сонымен бiрге рухани-адамгершiлiк мүддесiн де қысымға салды. Патша өкiметiнiң қолдауымен келген қоныстанушылар, көбiнесе кулактар, қазақтарды шұрайлы өз мекендерiнен қуып шығып отырды. Cонымен бiрге қазақтардың бiр-бiрiмен қатынастарына үлкен кедергi жасап, ауылдастардың экономикалық мүддесiне, адамгершiлiк және рулық қатынастарына нұқсан келтiрдi. Кей жерлерде қазақтардың көшетiн жолдары орыс посёлкаларының үстiнде жатқандықтан қоныстанушылар олардан малын өткiзгенi үшiн мол алым төлеттiрдi. Сонымен бiрге отаршыл әкiмшiлiк бұрыннан қалыптасқан қазақтың отырықшылық ұяларын бұзып, жергiлiктi тұрғындарды шөл және шөлейт аудандарға күшпен көшiру фактiлерi жиiлендi. Бiр ғана Жетiсуда 30 мыңнан астам отырықшылдық ошағы талқандалынды. Осындай зорлық-зомбылық барлық жерде орын алды.Патша өкіметінің отарлау саясатының салдарынан Қазақстанның ауыл шаруашылығы дамудың орнына дағдырысқа ұшырады. Жерді тартып алу, отырықшылық ошақтарын талқандау, жергілікті халықты шөл және шөлейт далаларға қуалау қазақтың егін шаруашылығын, әсіресе, мал шаруашылығын өркейтуге қолайсыз жағдайлар туғызды. Оған мысал, Қазақстанның далалық облыстарында /Жетісуды қоспағанда/ қой-ешкі 1880 жылдан 1905 жылға дейін 24,9 пайыз, ал жылқы 1905 жылдан 1914 жылға 4,1 пайыз кеміді.
Күйзелicке ұшыраған қазақ кедейлерiнiң едәуiр бөлiгi орыс кулактарына, казактарға және ауқатты шаруаларға жалданып жұмыс iстeyre мәжбүр болды.