Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы



бет47/47
Дата27.02.2023
өлшемі460,42 Kb.
#70402
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар 2022-2023жж docx

Біріншіден, елдегі барлық конфессиялардың теңдігі үлгісі. Мән берілуі керек мәселе ол конфессиялардың заңды және іс жүзіндегі теңдігі.
Екіншіден, оның негізіне бір діннің мемлекеттік болып танылуы салынған үлгі. Мемлекеттік болып танылған дін елдегі басқа да діндердің алдында артықшылықтарға ие болады. Артықшылықтар заң жүзінде және де-факто болуы мүмкін. Бұл үлгінің басқа да нұсқалары бар: мемлекеттік дін ресми мемлекеттік болып танылуы мүмкін, сондай-ақ, қарапайым мемлекетітк мәртебеге ие бола алады.
Үшіншіден, мемлекет бір немесе екі ресми дінге бағдар ұстайтын мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастардың үлгісі құрылады. Мысалы, Германияда мемлекеттік қолдауға, дін қызметшілеріне қаржылай көмек беруге және т.с.с. байланысты басқалардан жоғары деңгейде екі конфессия тұрады – католицизм және протестантизм.
Төртіншіден, мемлекет барлығына (немесе конфессиялардың көпшілігіне) тең заңдық мәртебе береді, бірақ салықтық жеңілдіктер діни бірлестіктердің барлығына бірдей көрсетілмей, тек мемлекеттік тіркеуден өткен және заңды тұлға мәртебесіне ие болғандарға беріледі.
Бесіншіден, шаруашылық және білім беру қызметтерінің құқықтары мәртебесі тек өмір сүру ұзақтығымен және елдің тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесімен мақұлданған конфессияларға рұқсат берілетін үлгіні айтуға болады.
Мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастардың қазақстандық үлгісінің негізіндегі маңызды қағидат болып діни толеранттылық табылады. Нақты осы қағидат Қазақстанға тұрақты және дамушы ел болуға көмектесті және көмектесіп жатыр, сонымен қатар, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың тиімді үлгісі ізделіп жатқан шетелдік мемлекеттерге мысал болуға мүмкіндік беруде. Қазақстан елдің ішіндегі конфессионалдық тұрақтылықты сақтау және нығайтумен қатар, әлемдік бейбітшілікті орнатуға деген өз үлесін қосып отыр.
Лекция №15
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары
1.ҚР сыртқы саясаты қалыптасуының негізгі факторлары.
2. Қазақстан және ЕҚЫҰ. ҚР-ның РФ, АҚШ, ҚХР-мен қарым-қатынастарының қалыптасуы мен бағыттары, нәтижелері.
3. Қазақстан Республикациясының Орталық Азия республикаларымен қарым-қатынастары.
4.Араб елдерімен және түркітілдес мемлекеттердің халақаралық ұйымдарымен қарым-қатынастары.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамаларында (1995, 2000, 2005 жж. қабылданған) еліміздің сыртқы басымдықтары айқындалды. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды: біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Европа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету; екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс орнатып қана қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу; үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.Міне, осы бағытта 90-жылдардан бері еліміздің сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.
Қазақстан бірқатар жағдайларға байланысты әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын тудырады: біріншіден, құрылықтағы геосаяси орналасу ерекшелігі; екіншіден, ұлттық бірігу, толерантты этносаралық диалогтың үлгісі жүзеге асқан ел; үшіншіден, бай минералды ресурстарға ие мемлекет, мұнай, газ, көмір қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдің бірі, ірі астық экспорттаушы.
Ресей Федерациясы, ірі және тарихи шектескен мемлекет ретінде, іс жүзінде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында басты басымдық болып табылады. Елбасының пікірінше, көршілес екі елдің арасында ортақ келісім мен өзара мүддемізді есепке ала отырып шешілмейтін мәселе жоқ. Ресеймен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың тереңдеп дамуына 1998 жылдың 6-сы шілдесінде Мәскеуде қол қойылған «Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы» Декларацияның тарихи маңызы зор. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктер және Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.
2000 ж. Ресей мен Қазақстан қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Дәл осы кезеңде Ресейдегі Қазақстан жылы және Қазақстандағы Ресей жылы сәтті өтті. 2005 ж. қаңтарда Ресей мен Қазақстан арасындағы 7591 шақырымды құрайтын мемлекеттік шекара белгіленген тарихи маңызды құжатқа қол қойылды. 2007 ж. стратегиялық жұмыс жоспарына сай ғарышты бірлесіп игеру, әскери-техникалық ынтымақтастық, отын-энергетикалық кешені саласында бірлескен жұмыстар жалғасын тапты. 2009 жылдан бастап Қазақстан, Белоруссия және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуының заңнамалық мәселелері жетілдіре бастады. Үш мемлекеттің Кеден одағы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан бастау алды. Жалпы, Қазақстан мен Ресей кең ауқымды әріптестік пен одақтастықты қарқынды дамыту жолымен келе жатыр. Екі мемлекет тандемі еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен дамудың факторына айналды.
Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы байланыс та көп қырлы сипатқа ие. Орталық Азия бес мемлекетін біріктіретін фактор олардың ортақ тарихы мен мәдениеті болып табылады. 1994 ж. Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. 1998 жылы Тәжікстан Респуликасы қосылып, сол жылы шілде айында «төрттік» Орталық Азия экономикалық қауымдастықты құруға келісті. Орталық Азия мемлекеттері интеграцияланудың кең әлеуетіне және біріктіруші табиғи байлықтар мен адам ресурстарына, үлкен тұтыну нарығына ие. Бұл факторлар экономикалық және саяси өзара қатынастың тереңдеуі мен жандануына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынас жемісті дамып келеді. Қазақстан – Қытай қатынастары нәтижесінде қол жеткізілген келісімдер жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуын «Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарт» (2002 ж.23 желтоқсан), Қауіптің алдын алу туралы келісім (2002), 2003-2008 жж. арналған «Ынтымақтастық бағдарламасы» (2003 ж. маусым), Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2005) жанжжақты қамтамасыз етуде. Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде байланысын күшейтті.2011 жылы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықтың жаңа сапалы кезеңі – жан-жақты стратегиялық әріптестікке өтті.
Қазақстанның сыртқы саясатында Еуропалық Одақтың алатын орны ерекше. Елімізбен Еуроодақ ынтымақтастығының негізі 1995 ж. қол қойылған «Әріптестік және ынтымақтастық туралы» Келісіммен анықталады. Ал, Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастың құқықтың негізі 1999 жылғы Әріптестік пен ынтымақтастық келісімі болып табылады. Осы кезеңнен бастап елімізде, ЕО -да маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді өткерді, тараптар осы өзгерістерді көрсететін жаңа базалық келісімге келісті.Қазақстан ЕО-ның сенімді әрі жауапты энергетикалық әріптесі болып қала бермек. 2011 ж. Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы сыртқы сауда айналымы 50 млрд. АҚШ долларын құрады. 1993 және 2011 жылдар аралығында ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына салынған инвестицияның мөлшері 65,7 млрд. АҚШ долларына жетті. Негізгі инвесторлар: Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Франция.
Егемен Қазақстанның көп бағытты сыртқы саясатының тағы бір үлгісі Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынас.1991 ж. 25 желтоқсанда АҚШ еліміздің тәуелсіздігін мойындады. Ал, 1992 ж. қыркүйекте АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ашылды. Екіжақты қарым-қатынастың әрі қарай кеңеюіне Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-қа 1994 ж. ақпандағы ресми сапары ықпал етті. Екі мемлекет арасында «Демократиялық әріптестік туралы хартияға» қол қойды. Хартия әлемнің жетекші державасымен әріптестік қатынастың орнағандығын бекітті.
Тәуелсіз Қазақстанның өзара қатынас жүйесінде Түркиямен екіжақты қарым-қатынас ерекше орын алады. 1994 ж. Қазақстан мен Түркия арасында Достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Екіжақты Қазақстан Түрік қатынастарының маңызы зор. 2009 ж. Президент Н.Ә. Назарбаевтың аймақтық құрылым бола алатын түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесін құру бастамасы үлкен еуразиялық мәнге ие. Сондай-ақ, Қазақстан Азия жәнееуропалық және американдық бағыттағы мемлекеттерменекіжақты саяси, экономикалық, мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, экономикалық, ынтымақтастық және Қазақстан экономикасын шетелдік инвестиция үшін алғышарттар туындады.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өткен бітімгерлік қызметті реформалау жөніндегі отырыста Қазақстан тарапы БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларындағы өз үлесін арттыруға ниетті екендігін мәлімдеді. Оған қоса БҰҰ-ның бітімгерлік жүйесін бағалаудың инновациялық тәсілдері мен жаңа критерийлерін қолдану қажеттігі туралы ұсыныс білдірді. Сонымен қатар біздің делегация қақтығыстарды болдыр­мау мен оларды шешуде өңір­лік құрылымдар арасындағы ын­ты­мақ­тастықтың маңыздылығын атап өтіп, дауларды болдырмау мен олардың түбегейлі себеп­терін алдын ала ескеру бойынша Қазақстан ұсынған үшжақты стратегияны еске салды. Халықаралық саяси-әлеуметтік міндеттемелерін жауапкершілікпен орындайтын, небір күрмеуі қиын мәселелерге араласып, бітімгерлік, бейбітсүйгіштік қырынан көрінген біздің елімізге бұндай міндет­тің жүктелуі заңдылық еді. Қазақ­стан БҰҰ бітімгерлік әскеріне Орта­лық Азиядан әскер жіберуші жал­ғыз мемлекет.
Бүгінде Қазақстан әлемдік қоғам­дас­тық алдында тың шешімдері, батыл қадам­дары, әрбір істегі жауапкершілігі ар­қылы қай істе де сенімді серіктес екен­дігін дәлелдеп шықты.
Еліміз халықаралық деңгей­дегі дау-жанжалдардың, шиеленіс­тердің, қарулы қайшылықтар­дың тігісін жатқызып, тараптарды татуластырып, ағайындарға араша болып әлемдік қоғамдас­тық­та өз орнын айшықтап алды. Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың араласуынан кейін бітіспес жауға айналған көршілер, ат құйры­ғын кесіскен мемлекеттер тоқтамға келіп, татуласып жатқан жағдай­лар аз емес. Бұл, әлбетте еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызмет етуіне өзіндік ық­па­лын тигізгені анық.
Қазақ­стан әскерін бітімгерлік мис­­сия­­ларында тәжірибелі жасақ бол­­ды деп айтуға толық негіз бар. Тәжік-Ауған шекара­сын күзет­кен қазақстандық сар­баз­дардың есімдері ел жадынан шықпайды.
Қазақ сарбаздары 2003 жылдан бастап бес жылдай уақыт Иракта қақтығыстар өткен аумақтарды мина­дан тазарту, жергілікті тұр­ғын­­дарды саперлік жұмысқа үйре­ту, халыққа меди­циналық қыз­мет көрсету арқылы жұрт­шы­лықтың ықыласына бөленді. Бұл іс жүзінде абыройлы миссия болатын. Міне «ҚАЗБАТ» атағының дүр­кіреген кезі осы. Айтылған уәж дәйекті болуы үшін, сандарды сөйлетсек, Ирактағы миссия бары­сында қазақстандық сарбаздар 4 млн-нан аса жарылғыш заттың көзін жойды, 6718 текше метр суды тазартып шықты. Ирак әскери академиясының 572 кур­санты жарылғыш заттар­ды жою­ға оқытылды. Бұған қоса лаң­­кестік әрекеттердің кесірінен жара­­ланған 5 мыңнан аса азамат­қа меди­циналық көмек көрсетіл­ді. Олардың көбі әйелдер мен бала-шаға болатын.
Енді берідегі бітімгерлікке тоқ­талсақ, Иран Ислам Респуб­ли­ка­сы­ның ядролық бағдар­ламасы­­на шүйліккен әлемдік қоғам­дас­тық 2013 жылы іске Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың араласуынан кейін кең тыныстай бастады. Сол жылы Алматыда бас қосқан Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия мен Иран тараптары мәселені реттеуге келіскен-ді. Келіс­сөздердің нәтижелі болған­ды­ғын Еуропалық одақтың ара­ға екі жыл салып Қазақстан­­­нан тағы да араағайындық етуді сұра­­ған­­д­ы­ғынан да байқауға болады. Әрине біздің Президент­­тің халықаралық деңгейдегі беде­лі арқылы мүдделі тараптар келісімге келіп, Иранды көптеген жылдар бойы бас көтерт­пей отырған қысымдар бәсеңдеді. Ресей мен Түркия ара­сын­­дағы шиеленістерді шешу­дегі біздің мемлекеттің, Мемлекет бас­шы­сының рөлі аса маңызды болды.
Жоғары деңгейдегі келіссөз­дер өткізу­дің зор жауапкершілігін арқа­лай алатын Қазақстан кеше­гі Сирия дағдарысында да тарап­тар­дың басын қосып, күн-түнге созылған құжаттардың қабылдану сатысына алаңдаған әлемдік қоғам­дастық ел ордаға көз тігіп отырды.
Жалпылай алғанда, БҰҰ 1948 жылдан бері 69 бітімгерлік миссия ұйымдастырған. Қазірдің өзінде жер шарындағы 16 «қауіпті нүктеде» жүз мыңнан аса бітімгер қызмет етуде.

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) -саясидиалогүшінарналғанхалықаралықұйым. Негізгімақсаты-жетілдірілгенбасқарумендемократиялықүрдіснегізіндегіаймақтықтыныштықпенқауіпсіздік. 3500 астамқызметкерлерініңбасымбөлігіжерлердегіістерменайналысып, алоның 10 %-ғажуығыбаспәтердеотырады.


ЕҚЫҰ, БіріккенҰлттарҰйымы астындағыұйым, алдыналаескерту, шиеленістердітоқтату, тоқырау-менеджментінежәнепост-конфликттікреабилитацияістерінеасаназараударады.
Қазақстан бұлұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ымүшеболып Хелсинкидегі СоңғыАктіне шілденің 8-деқолқойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (ГерманияИталия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29-30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.
Төрағалық жөніндегі шешім ЕҚЫҰ мүше мемлекеттерінің Қазақстанның әлемдік процестегі позитивті рөлі , оның құқықтық , демократиялық мемлекет құруға шынайы ұмтылыстарын ресми бағалауы болды. ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түркі азиялық ел басшылық жасауда. ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстан күн тәртібіне мәдениеттер мен діндер арасындағы үндестікті жақсарту,шыдамдылықты нығайту мен дискриминацияның барлық түрлерімен күресу сияқты мәселелерді қосуда. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның реформаларының басты субьектісіне айналды, өйткені ол – ЕҚЫҰ дағы батыстың да , шығыстың да елдерімен жақсы қарым – қатынастағы және ешқайсысымен қайшылығы немесе территориялық таластары жоқ жалғыз және ішкі саясаты ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықпен сипатталатын бірден-бір мемлекет.Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ-на ең алдымен ұлтаралық,дінаралық,тіларалық келісімнің үздік үлгісін береді.Сонымен қатар,Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа да игі ықпал жасауда. ЕҚЫҰ ның төрағасы ретінде Қазақстанның алдында үш бағыттағы мәселелерді шешу міндеті тұр: әскери-саяси , экономика-экологиялық және гуманитарлық бағыт.
Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аталған халықаралық Ұйымға Шығыс Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттерінің сенімін нығайтуды жоспарлауда. Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде, Ауғанстанды қоса алғанда, Орталық Азия проблемаларына назарды күшейтетінін және лаңкестікпен , ұйымдасқан қылмыспен , есірткі трафигімен , адам және қару – жарақ саудасымен күрес бағыттарында белсенді жұмыс жүргізу қажеттігін басты міндеттерінің бірі деп есептейді.Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы үндестікті сақтаушы ретінде Ұйымның рөлін нығайтуға талпынуда7
Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.
Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын және «Ванкуверден Владивостостокке дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының айғағына айналды.
Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Елдер арасындағы өзара сенімге құрылған қарым-қатынас пен ұдайы үнқатысып отыру ұжымдық қауіпсіздіктің заманауи жүйесінің негізін құрайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын түйсіну.
Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын.
Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, т.б бар.
Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық саясатта алдын ала байқалған поляризация нышандарын еңсерудегі және Ұйымға қатысушы елдерінің өзара алыстау бағытына қатысты саяси жігерінің айқын көрінісі болды.Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды.Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді.
Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға,  ұйымның жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге лайықты түрде қарсы тұру мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді.
Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Мәселен, Ұйымның Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал ететінін атап өтті. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет