4. Қазақ зиялы қауымының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі ХХ ғасырдың басына қазақтар, орыстар мен украиндар бүкіл өлке халқының 87% -ынан 95% --ына дейін құрады, онда бұладрдан басқа татарлар, өзбектер, дүнгендер, мордвалар және басқалар да тұрады.
1897 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда шамамен 55 мың татар, 55 мың ұйғыр, 30 мың өзбек, 15 мың дүнген, 10,5 мың мордва және т.б. тұрған. ХХ ғасырдың басында олардың саны біршама көбейді, мысалы, 1917 жылы өлкеде енді 93 мыңға жуық татар, 25 мың мордва және т.б. болған. Қазақстан тұрғындарының 90% -ынан астамы ауылдық жерлерде қоныстанды. Олардың басты кәсібі ежелден көшпелі мал шаруашылығы болатын. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында егіншілік халықтың көп бөлігінің негізгі кәсібіне айналды. Онымен қоныс аударушы шаруалардан басқа қазақтар да айналысты. Олар 1897 жылғы санақ бойынша өлкедегі бүкіл егінші халықтың 55,4% -ы болды. Село тұрғындарының басым көпшілігі -2/3 бөлігіне жуығы қазақ шаруалары және қоныс аударушы шаруалар кедейлер мен батырақтар еді.Таптық жіктеліс қоныс аударушылар деревнясында ғана емес, сонымен қатар қазақ ауылында да күшейді: «жер мен мал ірі феодалдардың, байлар мен кулактадың қолында шоғырланды».
Өлкеде село тұрғындары мүлдем басым болған жағдайда дегенмен де қалада халқының өсуге бейімділігі байқалды. 1870-1897 жылдар ішінде барлық қалаларда қала халқы үш есе дерлік, ал 1897-1914 жылдарда бір жарым еседен астам көбейді.
Қалалардың көпшілігі әкімшілік орталықтар ретінде пайда болды. Бірте-бірте, әсіресе ХІХ ғасырдың аяғы –ХХ ғасырдың басында біршама ірі қалаларда –сауда және мал шаруашылығы мен егіншілік өнімдерін ұқсату орталықтарына айналған Оралда, Петропавлда, Верныйда, Семейде, Қостанайда, Шымкентте, Әулиеатада және басқаларында өнеркәсіптік даму үрдісі басталды.
Қалалардың халқы негізінен көші-қон үрдісі есебінен өсті. Қазақстан қалаларында, көбінесе орыстар, қазақтар мен татарлар тұрды. Қала халқының әлеуметтік құрамы да әр түрлі еді. Зерттеушілердің есептеуі бойынша, Орта Азия мен Қазақстанның тоғыз облысындағы қала тұрғындарының 20% -ына жуығы шаруашылығымен және шаруашылық кәсіпшілігімен айналысқан (шаруалар, батырақтар және басқалар).
Әкімшілік, сот және полиция әскери шенділерінің үлес салмағы 7,1% -ға, дін қызметшілері – 1,7% --ға жетті. Ең ірі әлеуметтік топ сауда буржуазиясы болды-20,3% -, бірақ саудада жұмыс істейтіндердің бәрі, соның ішінде жалдама жұмысшылар да енген. Рантьенің үлесі 2,1% - болды. Негізінен өнім өндірмейтін еңбекпен айналысқан бұл әлеуметтік топтар 31% -ды құрады.
Орта Азия мен Қазақстанның қала халқының қалған бөлігі (48,8% ) кәсібінің тегіне қарай былайша бөлінді: тау-кен, кен өндіру және тамақ өнеркәсібінде -33,1% (негізінен жұмысшыларр мен қызметшілер), малайлар, күндіктер -9,6%, ал басқалар -6,1%.
Ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік –демократиялық жағдайға қысқаша талдау жасаудан оның өлкедегі отаршылдық жағдайды бейнелегені көрінеді: халықтың көп ұлтты құрамының қалыптасу үрдісі күшейді, байырғы халықтың үлес салмағы кеміді және сонымен бірге келімсек халықтың, негізінен алғанда орыстар мен украиндардың үлесі ұлғайды; қалалар мен олардағы халықтың бірсыпыра өсуі байқалып, оның құрамында метрополияның басқа аймақтарынан келген қоныс аударушылар және орташылдық әкімшілік пен кәсіпкерлікке байланысты әлеуметтік жіктер мен топтар басым болды.
6. Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен істейтін мектептер мен медреселердің ашылуы
ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде халыққа білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мүсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласындағы Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1865 жылы Омбыда қазақ балаларына арналған тағы бір мектеп ашылды, ал 1869 жылы Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінің тілмәштарын және әскери округтердің хатшыларын даярлайтын бөлімше құрылды. Қазақстанда XIX ғасырдың 60-шы жылдарында бастауыш мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, этнограф-ғалым, қазақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін салушылардың бірі - Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) есімімен тығыз байланысты. ЬІбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліпбиін жасады. Осы әліпби бойынша жүргізілген сабақтар ол ұйымдастырған қолөнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ол қазақ қыздарын өнер-білімге кеңінен тартгы. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Оны бітірген кыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағрафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.
Ресей мемлекеті Қазақстанды өзіне қосып алғаннан кейін, оның табиғи байлықтарын игеру, кен ресурстарын зерттеу мәселелеріне ден қоя бастады. Ол үшін өлке жеріне ғылыми іздену экспедицияларын жіберіп, қазақ халкының жағрафиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеуге кірісті. 1769 жьлы Қазақстанға жасалған алғашқы ғылыми экспедицияларының бірін П.С. Паллас басқарды. Экспедиция Симбирск, Орынбор, Елек, Орск, Гурьев, Жайық, Уфа қалалары аймақтарын аралады. Оның қорытындысы бойнша П. С. Паллас 1773 жылы өзінін «Ресей империясынын әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» - деген еңбегін жариялады.
1769-1772 жылдары Н. Рычков патша әскерлерінің кұрамында Қара Торғай, Терісаққан, Есіл аймағында, Усть-Уйск, Крутояр, Тройцк бекіністері төңірегінде қазақ өлкесі жөнінде мәліметтер жинастыру жұмысын жүргізді. Кейінірек оның «Капитан Н. Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары» - деген еңбегі жарық көрді. Қазақстанның тарихы мен этнографиясын, географиясын зерттеп, бір жүйеге түсіруде белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А. И. Левшинның (1797-1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» деген іргелі еңбегінің зор маңызы болды. Сондай-ақ өлкені жан-жақты зерттеу көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов-Тяньшаньский /1827-1914/, Н. А. Северцев /1827-1885/, И. В. Мушкетов /1850-1902/, В. В. Радлов /1837-1918/ және басқалардың есімдерімен тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулерімен отандық ғылымның еркендеуіне үлкен үлес қосты.
Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Добромысловтың, украин ақыны Т Г. Шевченконың т. б. есімдерін атап өтуге болады. Еліміздің мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы, аса көрнекті демократ-зерттеуші Ш. Ш. Уалиханов /1835-1865/ құрметті орын алады. Оның қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты.
Шоқан 1856-1857 жылдары Алатау қырғыздарының жеріне, Ыстықкөл маңына сапар шекті. Осы сапарда ол қырғыз эпосы «Манастың» жекелеген бөлімдерін жазып алды.
1858-1859 жылдарда Шығыс Түркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда қырғыз елінің тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оның қазақ халқының тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ол орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шоқан Ресейдің ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
Ресей империясы әкімшілігі кең-байтақ Қазақ өлкесін зерттеп игеруде Орыс географиялық қоғамына едәуір мән берді. . Қазақстан жерінде алғаш кұрылған Орыс ғылыми-жағрафиялық қоғамының бөлімшесі 1867 жылы Орынборда ұйымдасты. Онда А. Алектров, Ы. Алтынсарин, А. Добромыслов, И. Крафт және басқалары жұмыс істеді. Бөлімшелердің қызметіне орыс саяхатшысы және Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин белсене қатысты, ол Ш. Ш. Уалихановтың замандасы және досы болған. 1877 жылы Ресей географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі, кейінірек оның Семей бөлімшесі құрылды. Осы бөлімшемен Абай Құнанбаев байланыс жасап тұрды. 1896 жылы Императорлық орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі, ал XX ғасырдың басында Жетісу облысында оның тағы бір бөлімшесі құрылды. Бұл бөлімдердің жетекшілігімен және олардың мушелерінің қатысуымен XIX ғ. екінші жартысы - XX ғ. басында Тянь-Шаньдағы Хантәңірі аймағына, Верныйдан Құлжаға және Ыстықкөлге дейін, Оралдың оңтүстігіндегі қазақ даласына, Жайык өзені, Каспий және Арал теңіздері арасындағы кеңістікке, ал 1899-1902 жылдары Л. С. Бергтің басшылығымен атақты Арал экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедициялардың жұмыстары нәтижесінде кең көлемді материал жиналып ғалымдардың зерттеушілік қызметтерін бағалау орын алды.